Әйел асыл болады төзімменен,
Он теңгесі қасиеттің түгелімен.
Мариямдай анадан үлгі қалып,
Зікірядай еркекке шәкірт ерген.
Жеңгелері қазақтың асыл деген,
Еріне, дәстүріне жоқ қарсы келген.
Етегі таза, ақ жаулықтан қуаты боп,
Ерінің рұқын егінін өсіргеннен.
Аян болып жемісін жанмен көрген,
Құдайдың ризалығы жоба берген.
Тағдырынан болашақтан хабар алып,
Нәзіктер көп қазақта Құдай сүйген.
Тазалықты ерден артық әйел білген,
Аяғының астында жаннат деген.
Бүгінде жаны таза, асыл әйел,
Естелікке айналған кім бар көрген?
Аққу деп асылдыққа қасиет берген,
Мариямдай тақуалықты меңгер деген.
Жын-Періге айналған қыз қатындар,
Көз шығарып бас жарар қарсы келсең!
Менде бір байғұстың бірі жүрген,
Машайықтай перілерден қашып жүрген.
Заманға лайық, арсыз қыз қатынды,
Дәстүріне ата-баба үгіттеп шақырумен.
Шайтаннан жын «аққулардан» зәбір көргем,
Жалған бата, артымнан сөз өсек ерткен.
Таба алмай намысты тақуа ер серікті,
Жалғыздықтың сырларын айтып жүрген.
Жынды деген сөз естимін білімдіден,
Ел билік қудалайды сынай берсем.
Соқыр мылқау, текті өзін атағандар,
Атасын жолын алмас үгіт берсең.
Абайдың жалғыздығын есті білген,
Шәкәрімдей жалғыз жүріп ой іздесең.
Тылсымның көшелерін сыпыратын,
Дәуріш бол ақирет қаласын кезуменен.
Сыпырам түнде ой қаланың көшелерін,
Іздерін бабалар жүрген көместенген.
Тылсымның жол-есігін ашып жүрмін,
Жеткіншек жастар есті жүрсін деумен.
Жалғанның дүниесін көзге ілмен,
Той, думан қызық емес жұрт елірген.
Қалдыратын ақиреттен басқан із бар,
Туыс жақын, қатын бала жек көргенмен.
Жалғаннан жалықпаған үлкендерден,
Асылын тастап қойған «әже» көрсем.
Қасіретін қазағымның жанмен сезіп,
Қайғыдан қан жылайды жүрек деген.
(Қаңтар 2017 жыл)