Пайғамбарымыз өсиетімен махаббатты;
Дегенді;«Алла тағала жүз сипатын жаратты
Бір сипатын көрсетіп, барша адамзатқа
Ал жасырын 99 сипатын меңгеру мақсатты.
Адамзатты жаратқан деп махаббаттан,
Абай атаң 45 сөзбен өсиет жазған.
Ар білімін меңгеру керек деп әулие атаң,
Шәкәрімдей данадан түрлі үлгі өсиет қалған.
Махаббат бұл бір сый, рахмет болған,
Махаббатпен құлшылығың жақсылықтан.
Ал ғашықтық рахымына жаратқанның,
Иманның ісін біліп, меңгерсең адамдықтан.
Жүз досың бар, біл адам нұр сипатты,
99 сипаты Алла тағала есімі, болған заты.
Малым- жанға, жаным- арға садақа деп
Даналар бұл сырды Арың деп атапты.
Сүю, күю, құмар, құштар, ғашық болу,
Ғашық жарға мал, жаныңды және қиюу
Есті ғашық, ессіз ғашық түрі көп адамзатқа,
Ал жақсылыққа айналса болғаны махаббатта.
Әке-шеше, баламен бір арадағы махаббатты,
Адамзатқа берген сый бұл бір бақты.
Таза жүрек, әке-шеше бала мен махаббатты
«Шын бақтың айнасы» деп Шәкәрім дана атапты.
Бір мысал үгіт жазсам махаббаттан,
Ата-ананың ұрпағына берер жақсылықтан.
Жары өлгенмен әкесі баласын өсіргенді,
Бетін қақпай ерке қылып әуел жастан.
Кез келді, қартайды әке, қоштасарлық,
Аманаттап дүние мүлкін, хаттап жазып.
Сезеді әке баласының үмітін ақтамасын,
Сондықтан айтты аманатын астарлатып;
«Мен өлем, артымда саған мол дүние қалды,
Сен бұған әр қаладан үйлер салшы.
Жетісіне бір қатынды және алып,
Қызығын бұл жалғанның көріп қалшы.
Басылып желігің бұл той думаннан,
Өсірген ағашым тұр менің жасымнан
Айналасына сен үшін жиған қазынам бар,
Қазып алып қажетіңе сен жаратсаң.
Бұны да орындай алмайсың, сені білсем,
Онда саған ой келеді өлсем деген.
Тезірек өлгің келсе, асыл онда бел ағашқа,
Алдын-ала оны да дайындап қойдым»,- деген.
Әке өлді, өсиетін баласына аманаттап,
Жалғызына мол байлықты кетті тастап.
Баласы көп қаладан үйлер салып,
Жетісіне бір қатын алды тойын жасап.
Қызық думан құрды бала дүние шашып,
Көп ұзамай қу дүниені алды тауысып.
Әкенің аманатын әрі қарай орындауға,
Тоқтатпай той жасамақ қатын алып.
Әр қаладан салған үйін қайта сатты,
Ақшасына әдет қылған қатын алды.
Ішім жемін мол қылып, киіндіріп,
Жеті сайын қайтадан жаңалапты.
Байлық та той думанмен таусылады,
Жалғыз қалып ағашты айнала жер қазады.
Қанша қазса да, қазынаны таба алмай,
Жалғыздықтан енді өлмекке бел буады.
Әкесінің көрсеткен бел ағашқа арқан салды,
Осылай бұл жалғанмен қоштасады.
Салмағына жас жігіттің шыдай алмай,
Бел ағаш ортасынан морт сынады.
Естен танып бала жерге құлап түскен,
Бел ағаштың ортасы қуыс екен.
Ортасына толтырған алтын, ақша,
Жігіттің үстіне шашылып еді түскен.
Бір жолаушы қарт мұны көріп,
Жақын келді жігіке сауал беріп.
Есін жиған жігіт те баяндаған,
Әкесінің аманатын кеткен беріп.
«Сөз астарын әкеңнің ұқпағансың,
Байлығыңды, аманатты босқа шаштың,
Әр қалада үй сал деген жолдас тауып,
Жетісіне бір рет қосыл деген қатын алып.
Түсінбей деді қарт, аманатың сөз астарын
Білген әкең бұл байлықтың таусыларын.
Өзі өсірген ағаштың айнала егін егіп,
Деген екен шашқан дүниені қайтып алсын.
Оған сенің ақыл, жігеріңнің жетпейді деп
Жалғыздықтан, аштықтан сен өлмесін деп.
Алдын-ала саған сақтап қазынаны,
Әкеңнің бұл саған деген махаббаты.
Құранда бар үкімі, аятты жаратқаннан,
Жамандықсыз, күнәсіз болмас адам.
Жамандықты жақсылықпен кетірсеңдер,
Арадағы аруағы өзіңе жолдас болған.
Бұл сый болар ерекше сабырлыға,
Ар білімін меңгерген мүмін құлға.
Арсыз ғашық болып, уақ-нәпсі саусаң,
Махаббат жоқ, ол жерде сен де тұрма!
(Т.Б.К Желтоқсан 2013)