Қазақтың қанындағы бар әдеті ескі ақылға, қайғыға шырмалып алып онан шыға алмай кекшілдік, ызақорлықпен негізделуден қазақ халқын ашық қырғынға ұшыратқан ел билеуші хандар, батырлар, билер болғаны да хақ. Өзара жерге таласу немесе бір жесірге бола бірін-бірі өмірі көрместей жауға айналу. Таққа талас, баққа таласпен қазақтың үнемі бірін-бірі өзара араз қылған ел билеушілерінің мұндай әрекеттерін сыртқы жаулар оңай пайдаланған. Қазақты жаулау үшін осындай дау-дамайды тудыратын сатқындар өз арамыздан шығып, сыртқы жаулармен ауыз жаласып жасырын пайда тауып отырғаны да хақ. Сонымен бірге дін тұрғысында да арамыздан үнемі сатқындар молда, ишандар шығып араптың салтын тықпалап өзіміздің ұлттық рухани даналықтарымызды, дәстүрге айналып бекіген дінімізді, тарихи шежіремізді мүлде жасырып жоғалтуға тырысып отырып бұл да талай замандар ғасырлар нәтижесін беріп отырғаны да сөзсіз.
Сол сияқты тек мал бағумен ғана айналысумен жалқаулық, ойын сауықтың, тойшылдықтың да әдеті қанымызға сіңген әдеттердің осы кезде де қайта бой көтерген салтымыздың да негізі екені де сөзсіз. Халықтың басым бөлігі малмен ғана шұғылданып, ал қол өнермен, егін шаруасымен, басқа да әлемнің жүздеген жыл алға озып кеткен өркениетімен қазақ халқының араласуына, меңгеруіне де іштен шыққан ұлтшыл хандар, билер тосқауыл болып керісінше мұндай әрекетке бой ұрғандарды жазалап қарсы шығып отырғаны да сөзсіз. Тарихтағы мұндай оқиғаларды ұйымдастырғандарды нағыз ұлтшыл, ерен ерлік санап жырға қосып, қазақ халқын бейкүнә жәбір көруші ретінде көрсете білумен оның соңы; мүлде жабайы, америкалық индейецтер сияқты тайпаға айналып бара жатқандықтан тегіміз тозып, нәсіліміз әлсіреуінен Құдайдан рухани сынақтың да келуінің маңызы да зор еді. Сондықтан ерікті түрде орыс елімен қоян-қолтық араласудың да маңызы мұндай сынақтан халықты басы бүтін аман сақтаудың төте жолы болған еді. Бірақ мұны қазақтың жалған намысшыл, ескіліктің қайғысына байланып қалған ақылын түзетуге мүмкін де емес еді. Мұндай қандағы теріс белгі бүгінгі күні де ашық өзін білімді қоғамның өкілдерінің арасында да қуаттылығын көрсетіп жатқанынан да аңғаруға болады. Әлемде бәрі жұп болуы сияқты америкалық индейецтердің көшіп жүріп тек мал бағып, ал өркениетті мойындаудан мүлде бас тартқан жабайылығы бергі бетте қазақ елінде жүзеге асқан еді. Біздер үшін америкалық ұлт орыс елі болып шыққаны да осындай себептен болғаны да хақ. Сонымен аз да болса орыс халқының түк игерілмей жатқан, қазынаға толы қазақ жерін меңгеруге де құштарлығы артуы да өркениеттің бұлжымас заңдылығы екені де сөзсіз. Егер орыс көршісін өзі қарауына алмаса, онда европа елдерінің мұны орындауы, біздердің индия елдері сияқты ағылшындардың рухани боданында болуымыз да сөзсіз еді. Мұндай жағдайға ұшыраған қазақ елі ғана емес, бұл құдайдың көрсеткен жолы әлемнің бар елі мұнан өткені де хақ. Әлі өтіп жатқандар да жеткілікті. Бұндай оқиғалардың ұқсастық белгісі әлемдік даму тарихында қалғаны сөзсіз. Сондықтанда кейде күшпен, кейде қазақ арасыннан шыққан көрген би, хандармен бәрібір қазақ ұлты да мысық табандап әлемдік өркениеттің есігін аша бастағаны да қазақ елінен шыққан Жәңгірхан бастаған көргендік істермен бірге рухани әлемде де араласудың болып; Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай аталарымыз тарих сахнасына шыққаны да, олардың қалдырған мұралары, насихаттары да бұған куәлік болады. Бірақ арамыздан шыққан даналарға да үнемі ұлтшыл, еркіндік сүйгіш, бұрынғы заманын аңсаған «демократ» төре, қожа, хан, билердің қарсы шығумен білімді меңгеруге орыс еліне барып оқуға да, отырықшылықпен айналысып зауыт, фабрика салуға да құлқы жоқ қазақтың негізгі ауқатты байлары мен ел билеушілерінің надандығымен, өз халқын Құдайдың замандық түсірген үкіміне аяттарын қарсы қойып қарсы болуымен, нәтижесінде соғыспен еріксіз жаулау арқылы да сынақ салып мәжбүрлегені да хақ. Бірақ бұл істің артын болжаған Мәшһүр Жүсіп сияқты талай әулиелердің де сөзін; «Айыр күрекпен, зеңбірекке қарсы шығып босқа қырылмай онан да орыспен сырттай дос болып, дәстүріңді сақтай отыра өнер-білімін меңгеріңдер, сабырлық сақтаңдар..» деген өсиеттерін құлағына қыстырмаған ұлтшыл аталғандар елді үнемі бұл саясатқа өркениетті меңгеруге қарсы қоя білгеннен қазақ халқын зұлымдыққа ұшырауына бірден-бір себеп болғаны да сөзсіз. Орыспен жақын болсаң кәпір болып бір көрпенің астында жатасың деп қу тақыр кедейді де оқтың астына, еңбек еткізбей, өнер үйренуге мүмкіндік бермей жаппай аштыққа, надандыққа, тұқымы тозып жоғалуға немесе қытай асырып қырғызғанда осындай надан «оппозиция» болатын. Енді қазақты Құдай жазықсыз еш күнәсіз қырғызған екен, біз мұнан кек алуымыз керек деп, тарихтың оқиғасы қазақ үшін әділетсіз болған деген Құдайдың замандық түрлену, бейімдеу, нәсілдерді араластыру, ұлттың қанын жаңғырту, өркениетке ғылым-білім меңгеруге, жалпы біліктілікке баулу, ұлттарды араластырып гендік сапасын, тұрақтылығын көтеру, қуатын өзге нәсілдермен қосып арттыру сияқты рухани саясатын да ой жорумен білімсіз елді азғырып, демократия деген ұранмен өздерінің тозақтық болып тұқымы құруына ғана арпалысып жатқаны да хақ. Бұлардың мақсаты не? Қазақтың тектілігін арттыру болса онда дін, дәстүрсіз, құдайдың еркін орындаусыз мүмкін емес екенін, әрбір елдің ақылы бар тұрғынына аян нәрсе. Ал қазақты мүлде бөлек ұлт қылмақ ойлары болса, ол Құдайға ашық қарсылық. Әлеммен сауда, өнер, біліммен, шаруашылық әдістермен араласудан тыйым салу деген нағыз надандық. Жер байлығын халыққа үлестіріп беріп, барлық халықты еңбексіз бай қылу деген шайтандық және бұл жоғалуға, құрдымға қарай апаратын төте жол. Аш халық тойшыл болмайды. Халық әр нәрсеге құштар, құмар болып ата салтынан қашықтай бастаса, ол тойынғаннан, қолдың бостығанан ғана пайда болады. Мұндай жағдайда нәпсісін, құштарлығын басу үшін Құдай аштықпен сынайды. Аш халық қанағат, еңбек деген ұғымды рухани тұрғыда еріксіз түсінуге мәжбүр болады. Еңбек ете білген, өз ризығын адал еңбек маңдай термен тауып жеген адам баласы қанағатылшыл, рухани таза болып, ешқашан бос сөзбен айналысып жұртқа қолын жайып, кедеймін маған ел билік бермеді деп айтпайды. Жерден, маңдай терінен сұрайды. Ал ар намысы жоқ қандайда бір адам баласының белгісі ызақор, кекшіл, өзінің рухани кемістігін жасыру үшін тексіздігін, жалқаулығын өзгеден, ел билеушіден, айналасындағы ортадан көріп, бос сөзбен, шығармашылықпен ғана айналысады. Бұл да ел кезбелік, тілмен күн көру қазақтың қанына сіңген әдетінің бірі. Ал мұндай істермен қырыққа толып ақылы жетілмеген жастардың айналысуы қоғамның азуы мен тектің тозғындыққа ұшырауының да белгісі. Әйел заты туралы мүлде сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Ал халықтың ақылын өсірмей қарнын тоқ қылудан ешқандай нәтиже де шықпайды, халық бақытты бола алмайды, жаппай бойкүйездікпен, нәпсіқұмарлық, ойын-сауық құмарлықпен жандарын күйдіріп, жоғалтумен айналысып кетеді. Сондықтан ұят жоқ жерде ақылдың болуы да мүмкін емес. Қатындары арсыз халықтың текті аталып, өзін өзге халықтан, Құдайдың өзінің мүлкімен, жерімен, онан шыққан байлығымен; «біз өзге халықтан артықпыз, бұл тек біздікі ғана болу керек» деп айтудың өзі Құдайға ашық жала. Құдайдың еркіне жүгінбей жасалған қандайда бір саясаттың арты жоқ, түбі құрдым, артыңмен емес АҚЫЛМЕН ойлап көр, демократ ағайын.