Әлемдік еркіндік- айуандық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 202

Ақылы ел биліктің негізделген,

Білімді қауым еркі еліктеген.

Әділетті билікті құрмақ бүгін,

Заңдарды қайта жазып өзгертумен.

Бұл да бір жындылықтың ізі жүрген,

Құдайға қарсылық тұр білдірмеген.

Ата жол, дәстүріне келтірмеудің,

Амалы тағы шықты ел биліктен.

Арсыз ел қол соғады дұрыс көрген,

Дін туралы сөз болмаса арды іздеткен.

Білімді жындыларға мұнан артық,

Керек пе құдайшылдық жанды өндірген?

Ел басы ізін басқан дінсіздікпен,

Білдірмей өшірмекші күнтізбеден.

Ұйқыдағы қазақты алдау оңай,

Дүние-байлық, сауыққа ілестірсең.

Ертегі білімдіге айтып берсем,

Есегім қоян болды мініп жүрген.

Қояннан мысыққа айналғанды,

Мысықтан өсіп шықты аю деген.

Аюдың сипаты адам екен,

Ажыратпақ мұны қиын десем.

Кітабын арқалаған есек еді,

Қоян жүрек қорқақтық секемденген.

Ел билік діннен қашып жүрген,

Қорқады жастарынан дін ізденген.

Заңменен шектеп бағып жазалайды,

Білімін ақыл қылған есек өңшең.

Мысық тілеу жылы жер іздеген,

Халықтың қалауы боп дәрежемен.

Еңбексіз қолдың кірі, маңдай терін,

Аю болмақ  ел үстінен күн көргеннен.

Жақсы тұрмыс, еңбексіз ішіп жеумен,

Жылы жер жайлы орын берген.

Мысықтай арамдығын ішке бүгіп,

Жарамсақ егесіне мұны берген.

Байлықты қазынадан ұрлай білген,

Аюдай омартаға тегін кірген.

Күшейіп өсіп алар қайрат жинап,

Ақылда өзінен артық болса адам жеген.

Аюға айналған көп ел билеген,

Заңмен қысып сындырар қарсы келсең.

Сөз түсінбес хайуанның өзі емес пе,

Өзі біліп, ел үшін өзі шешкен.

Білімді ілімсіз меңгеруден,

Мал-жының өседі біліммен.

Жаныңа ақиреттен қуат келмей,

Ғылымсыз хайуан болмақ түнектіктен

(Қаңтар 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *