АЛҒЫ СӨЗ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 172

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

«Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік» (Нахыл-64).

       «Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат! Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер» (Сад 87,88). «Олай емес негізінде құран өздеріне ғылым берілгендердің көңілінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді».(Ғанкәбүт-49).

     Жаратушымызды осы ескертуімен бастап отырған себебім, қазір екі ғасырдың тоғысқан шағы. Қазақта «тоқырау»деген ұғым бар. Қазір көкірегінде шамалы сәулесі бар адам ғылым мен білімін жетілдіруге тырысады. Қазіргі таңда ғылым жетілді, техника қарыштап алға басты. Кезінде ғұлама ғалымдардың түсіне де кірмеген ғажайыптарға мектеп оқушысын да таң қалдыра алмайсың. Бірақ адам баласы (адамзат) тығырыққа тірелдік, себебі жазылмайтын жарадан бастап түсінбейтін аурулар, жүйкенің жұқаруы, кенеттен келген  апаттар және қаншама халықты өлім есірігі жұтып жатыр. Қиындыққа түскенде жеке адамнан бастап ел болып жаратушысын іздей бастайтыны ақиқат! Кейбір елдер неше түрлі жұлдызнамалар ойлап тауып, кейбір халықтар неше түрлі ырымдар жасап құтылу қамын іздестіріп жатса, ал қазақ елінде емші де көбейді, құмалақшы  да, балгер де діннің қай түрі керек есік ашық, «ми ашудың» қай түрі табылады. Мешітке және мешіт маңындағы дін танушыларға құлақ ассаң тек намазға жығылсаң қай бәледен де құтыласың десе, бірақ қаншама адам құлағына сыбырлаған, артына ерген, ұйқысынан шошытып оятатын түрлі елестерден құтыла алмай намаз оқымақ түгіл басымен қайғы болып жүр. Тығырыққа тірелген адамдарға тән ерекшелік белгі артына қарайды. «Осы әке-шешем осындайда не істейді» деп.  «Аруақ» деп Құран оқып зираттасаң «шерік қостың» деп діни ғұламаларымыз азар да  безер болады. Зікір салдың «гипноз» деп мешіттеріміз бен «Яссауи» тобын арасындағы даулы пәтуаны бүкіл теледидарымыз, газетіміз ерінбей жариялап жатыр. «Ақ ана» тобындағылар «Ақ ұл» тобын дұрыс емес, бата деген болмайды аруақтан  деп, дін танушыларды өз білгеніне ұйытып жатыр. Кімнің ғұлама, ғалым, кімдікі дұрыс халық ажыратудан қалып барады. «Адасқанның алды жол, арты соқпақ»  деген бабаларымыз.

     Құрметті оқырман енді шегініс жасап, Әзірет Сұлтан  Яссауи бабамыздың еңбегін ақыл таразысына салып ой електен өткізіп көрсек. Ол үшін ешқандай тәпсір де, болмаса сопылық жол негіздерін де пайдаланбай тек  жаратушымыздың үгіт насихатына Құранға байыппен шолу жасауды ұсынамын! «Ақиқат бастауы» аты кітаптың алғашқы бөлімінде бата туралы, дәстүр, аруақ, жалпы имандылық негіздері туралы әңгіме еткенмін. Арасында сын да жазылды, өкінішке орай «шындық тәуекелге қарыздар болғанмен», байқамай біреулердің аяғын  да басып кетесің. Сондықтан бұл кітапта нақты ешкімнің атын атамай халықтың өзі дұрыс бұрысын таразыға салып әділ бағасын беруге шақырамын. Бұл кітап жазылмастан қолға түскен суфизм, тәпсірлер, Абай, Шәкәрім еңбектері, жын-шайтан туралы, Әл-Фараби бабамыздың еңбектері, тибет, Ибн-Сина еңбектері мен Шығыс медицинасы ғүламаларының еңбектерін, Өтейбойдақ аталарымыздың «Шипагерлік баян» атты ғылыми сараптамасын және Сәни дәптермен салыстыра отырып, бүкіл қазақтың дәстүр танымы осы «ақыл дәптермен» тамыры бір жерден нәр алатынына көз жетті. Сондықтан;

Отыз үш мың шариғатта қайран болып,

Отыз үш мың тарихатта сайран болып,

Отыз үш мың хақиқатқа  қайран болып,

Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.

Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім

Тарихатта «Ғайнул-иақын» (дерек көздерін) сөйлеп кеттім

Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.

Сәни дәптерді түсіну үшін құран аяттарынан ұғу керек деген ғұлама бабамыз. Сол бабамыздың медицина, жаратылыс тану ғылымы, тіптен астрономия саласында қалдырған еңбегі әлі зерттелмеген де, дүние жүзінің ғалымдарының ойына да кірмепті. Таң қаласыз әрине. Алғашқы «Ақиқат бастауы» кітабын оқып түсінген оқырманға қиын соқпайды. Себебі әлем жұртын таң қалдыратын аят құпиялары Яссауи бабамыз салып кеткен ізде, яғни түркі тілі оның ішінде қазақ тілі негізі шағатай тілінен нәр алады және бар сөздің немесе бір істің түсінігі, тамыры қазақ дәстүріне тіреліп отырады. Бар керемет жаратушымыздың әр халыққа берген тілінен басталады екен. Мысалы менің жасыратыны жоқ, арап тілінен сауатым жоқ. Шағатай тілін аянмен оқытты. Бала кезден қалыптастырмаған тілді сындырмағандықтан  болар, «Арап тілін» тез ұмытам. Кейін түсіндім, ол әр адамға жаратушымыздан берілетін белгілі жүйеде есте сақтау жоспары болады екен. Оның да кілті бата менен аянда. Барлық негізгі сөздік қоры құранда. Сондықтан өз тіліне жан ашитын, жаратушымызды нағыз өз дәрежесінде танығысы келетін қазақ бауырларымызды әзірге құранды тек Халифа Алтай атамыздың аудармасын пайдалануға шақырамыз. Себебі арап тілінен өзің аударып, құран үгітін түсіну кез келген пенденің шаруасы емес екенін алда түсіндіріп көреміз. Ал құран насихатын меңгеру көп салалы ғылым көздерінен мағлұмат болуды және үнемі ізденісті қажет етеді. Және де белгілі бір ғылыми есеп жүйесіне бағынады, түсінік заңдылығына тәуелді. Таным немесе дін танушы болу үшін жалпы үгітті меңгерсе болды, ал түсіну үшін Алла тағаладан ашық белгі алу (дәлел) қажет. Ол белгі тек ана тілді жетік меңгеріп және құранды да өз тіліңде толық түсінуді қажет етеді. Сондықтан әр нәрсенің өлшемі болатыны ақиқат болса, оқудың да тербеліс қайталану өлшемі мен мөлшері бар және ол өлшем әр пендеге тиісті қайталап оқу жиілігі болу шарт. Демек сізге мысалға айына бір рет құранды түсініп оқу керек болса, оны арап тілінен аударып оқимын деп түсіну ақымақтықты тудырады. Құран құпияларының түсіне алмай шариғатта кереғар пікірлердің болып, дау-дамайдың туындауына негізгі себеп қарапайым ғана үгітті меңгере алмаудан деп түсініңіз. Енді оқушым сізбен бірге сол құпиялар сырына сүңгіп көрелік немесе Яссауи бабамыздың көрсеткен ізін іздеп көрелік!

    «Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?»  (Фуссилат-53) Жоғарғыда ескерткендей Құран әлем халқына ортақ насихат және ислам дінінің тура жол екенін тек ғалымдар мойындап қана әлем халқына түсіндіретінін ескертеді. Ол заманда жерге ерекше белгілер түседі, демек ақыл жетпейтін өзгерістер болу керек.

Жалпы адамзат жаратылысындағы жер бетіне түскен кітаптардың негізгі саны төртеу болса, өзгерістер осы төрт кітаптар насихаттары ішінен табылуы шарт! Қазақ атты ұлтың даму барысында осы төрт кітаптың да сөздік белгісі бар екендігі ақиқат. Демек бар кілт тілде және сөз астарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *