Алла жолы және дін жолы.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 302

    Көптеген жазушылар мен әрқилы кітаптарды оқу қаңғыбастық пен желөкпелік сияқты. Ал жаныңда қалатындай бірдеңе қалу үшін оны суарып, үлкен ойшылдардың біреуімен ұзақ уақыт жеке қалуың керек. Бірақ қазіргі таңда кімге сеніп кімнен оқу керек деген сауал бірінші орынға шықты. Әр халықтың осындай жағдайда тығырықтан шығу үшін оқитын ортақ кітабы болу керек. Абай ше?- демексіз әрине. Абайды түсіну үшін қазақ тілін терең меңгеру керек екен. Және Сау-ат та керек. Қазіргі таңда орыстан келген, араптан келге ылғи үндестік заңы бұзылған ауру Ат-тар мен атаулардан сауатың ашылмақ түгіл білгеніңді ұмытып қаласың. Тақ сандар жиынтығы. Оған көзім жетті. Ал қазақ тілін, ана тілін «САУАТ»-ты қалай терең білуге болады. Әрине бар! Ол жаратушымыздың өз іштеріңнен елшілер жіберемін деген аят үкімімен Халифа Алтай атамыздың аударма Құраны тілді дамытудың бірден-бір қазақ халқына ортақ оқитын кітап болатынына алда әлі дәлелдер келтіреміз. Әзірше жоғарыда ескерткен жобамен қайта-қайта оқи беру керек. Әйтеуір бір уақытта «Рұх» тан «Сад» келетіні даусыз. Сондықтан Құран үгітін өз тіліңде біліп оқу – өзіңмен-өзің сөйлесу. Өйткені әңгімелесушіңнің жаратушыңның өзі екенін білесің, демек тура жолдасың. Алла жолының ірге тасы ана тілінен ана сүтінен «Сау-ат»-тарды көбірек білсеңіз ғана жаратушыңызбен Раббыңызбен әңгімелесуге мүмкіндік туады. Ал қалған әңгімесушілерден сақ болған абзал.

     Енді күнделікті көп кездесетін жалпы көпшіліктің сауалын туғызып әр түрлі жауаптардан бас айналатын даулы мәселе дін деген не? Егер дін сенім десек онда сенбейтіндер де халықпен бірдей ризығын теріп өмір сүріп жатыр дейсіз. Құдай жоқ, дін – апиын деген коммунистік кезеңде де халық өсіп-өніп ғылым білім алып дамыған жоқ па? Онда мүмкін жаратушымыздың діннен де басқа басқару себептері де бар шығар? Дінді сеніммен бағалау, өлшеу қателік. Аятта; «Адамдар ,,Сендік,, деумен сыналмай қойып қойылатындықтан ойламай ма?(2) Рас олардан бұрынғыларды сынаған едік. Сондай-ақ Алла әлбетте шыншылдарды да біледі.» (29-3) Сенім тауып алған ұтыс билеті сияқты да, ұтсаңыз пайда ұтпасаңыз ешқандай шығын шықпайды. Сондықтан жаратушымыздың жер бетіндегі 200 елге ортақ өмір сүру қағидасы бар, сол үшін өлімді жаратқан. Дұрыс өмір сүрсең дұрыс қартайып өлесің болмаса ауру, қайғы-қасірет, апаттар, соғыстарды себеп қылып сынайды, шыншылдарды анықтайды. Сондықтан қандай дін қағидасын біл-білме бәрібір Алланың үкімінен, сынынан қашып құтыла алмаймыз. «Әрине сендерді хауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед) сабыр етушілерді қуандыр!» (Бақара -155) Қандай ел немесе қай жағдайда өмір сүрсең де адамзат әр түрлі қайшылыққа тоқмейілдік немесе берілген жақсылықтарға, өркениетті өмірдің соңына түсіп азғындыққа түспеу үшін сынақтар міндетті түрде түсіп тұрады. Сондықтан да сондай қиындық сынақтардан өту үшін әр елдің өмір сүрген ортасы, сыртқы ортамен байланыс ерекшелігі, тәндік, жандық, қандық ерекшеліктеріне қарай салты, әдет-ғұрпы мен өзара қатынас өмір сүру ережесі, ерекшелігі болу шарт. Ал әлемге ортақ адамгершілік қағидалар жиынтығын және әр елдің өзіндік әдеттік, салтық өмір сүру ерекшеліктерін Алла жолы деп атаймыз. Өмірге келдің бе Алла жолындасың. «Адамның басы Алланың добы» деген аталарымыз. Сондықтан бұрын тәңірге сиынған, алдында мәжусилік болды, өздері ойлап тапты деген ақымақтықты тудырады, бұл жаратушымыздың жанды өсіру заңдылығы. Біреулер мәжусилік, бір елдер әрбір қуат белгісін құдай жасап, ал тағы біреулер ғылымды меңгеріп тәкаппарланды, енді біреулері қару-жарақ ойлап тауып тәкаппар елдерді құлдану керек болды. Яғни қарсылықтар арқылы даму заңы. Сондықтан да жоғарыдан бұйрықсыз, себепсіз ешқандай елдің өзгеруі дамуы түгіл, ағаш басындағы жапырақ та орнынан қозғалмайды. «Жел тұрмаса шөптің де басы қозғалмайды». Алла жолы өмір үшін күрес қағидалары болып әр елдің ішкен тамағы мен ортасына тәуелді салты бар. Алла жолының негізгі ұстанымдары болып; «Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырыласыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды.» (47-38) Адамзатты ұлттарға, ұлыстарға, руларға бөліп біріне-бірі тіршілік ету барысында өсіп-өну үшін қайырымдылық, ізгі істермен өмір сүрген ортаңды сақтап, жерді өңдеп, шекараңды қорғап, жақсылыққа жарысуды бұйырған. Алла жолында мал жұмсау мен қайырымдылықтан, отанын қорғап, жесірін жатқа бермей, таспен атқанды аспен де ата білген дархандықтан, қонақ жайлықтан қазақтан өткен халық аз шығар жер бетінде. «Күдіксіз Алла(т) өзінің жолында мықты қаланған дуардай сап болып, соғысқандарды жақсы көреді.» (Саф-4) Елін, жерін қорғау үшін жанын пида етіп соғысу да Алла жолы болып табылады. Енді тіршілікте жақсылыққа жету үшін; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла(Т) оны толық біледі.»(Әли-Ғымыран 92) «Олар Алла жолында үлкен кіші бір нәрсе сарып қылса, бір ойпатты басып өтсе, (тәуап ету) Алла олардың көркем ғамалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады.» (Тәубе-121) «Алла жолында өлтірілгендерді өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.» (Бақара-154).

      Алла жолында қиыншылықтар мен сынақтарды жеңілдету амалдарының негізі сауап жасап; артық хайыр, мал жұмсап, өле білу де керек екен. Ал Алла жолында өлу керек екен деп өзін-өзі өлімге қиып немесе оңды-солды дүние шашып тағы да Алла жолында күресу үшін әр түрлі топтарғап, ағымдарға бөлініп ел кезіп кеткендерді қалай түсіну керек? Енді қайда қалай нені беру керек, кімге қандай жағдайда беру керек деген сияқты амалдарды намаз деп аталып сол намаздарды орындау үшін амалдар жобасы керек. «Әй мүміндер сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т) сабыр етушілермен бірге.» (Бақара-153) Әр халықтың ерекшелігіне «малдар» айырмашылығына байланысты намаздармен (белгіленген істер) жәрдем беріледі немесе сынақтар жеңілдетіледі. Сондықтан адамзаттың даму барысында 4 кітап түсіріліп, әр елдерге шамасына қарай пайғамбарлар, елшілер арқылы түсіндіріліп, өздеріне тән діни жолдардың қағидасын дәстүр қылып берген.
Негізінен үш кітап қағидасынан; Тәурат, Інжіл, Құран қағидаларынан діни жол болып саналады. Забур қағидасы әкімшілік істерге жатып, Алла жолының жаратушымыздың бақылау және әкімшілік, ахирет заңдылығы болып, адамзатқа құпия түрде түсіріліп отырады. Сондықтан Забур тек ауыз әдебиеті болып жоғалуға тиісті болды. Алла жолы істері жердің жүзі, көктің жүзі болып, ал діни жол үш кітаптағы нұсқаулар жеке ұлттарға, елге келген елшілерге жаратушы тарапынан көрсетілген, дәлелдермен берілген аян, уахи, бата арқылы Забур амалдарымен бірігіп үшінші жүзге айналып, төртінші жүз ұлттық ерекшелікпен байланысты болмақ. «Төртеу түгел болса төбеден келер» деген дана қазақ. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік амалдары үш жүзбен басқарылса төртінші жүз құпия қиямет-қайымға дейін үкім болып жер бетіне сынақтар түрінде түсіп тұрады. Алла жолының қағидасын ата-бабаларымыз елді үш жүзге бөліп, басқара біліп және дәстүрге айналдыра біліп жол көрсеткен елшілер әулие атанып Алланың ардақты құлдары болып, әлі кезге дейін ұрпақтарына шапағатын тигізіп жатса, жаңа діншілдер Алланың жолының негізгі қағидасы (аруақ заңдылығы) ұмыттырғанын былай қойғанда діни жолды бөлшектеп, енді Құран аяттары түгіл Алланың көркем есімдерін мазаққа (аллаһым немесе аллахым-қақырыну, аллаһ тағала-шүкіріңе шүкір т.б.) айналдырып Аллаға серік қосып (АЛЛА+Һ – төрттің ішіне 5 қылып отырғызу) күдіксіз ортақ қосып, зор зұлымдық жасап, тілдік тербелісті бұзып үнді (күнді) түнге айналдырып жатыр. Ондай ішінде күнінен түні көбейген пенде баласы ғылым десе жиіркеніп, пәленше «ибн» айтты десе құдайындай сенетін, ақылына ноқта түскен мәңгүртке айналары даусыз.
«Олар, өздеріне ескертуші (іштерінен) келсе, әлде бір үмметтен көрі (араптардан) тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант (шындықты көрген әулиелер болған) қылған. Бірақ, оларға ескертуші келген заман, (өліктермен сөйлескен қазіргі уақыт) олардың жиренулерін ғана қоздырды. (42) (42-таңба заман белгісі) Олар (ілімділері) жер жүзінде (тіршілікте) паңсып жаман тәсіл жасады (аруақты жоққа шығарды). Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың (ата-бабаларының) жолынан басқаны күте ме? Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың. (Фатыр-43) Жалпы мұсылман халқы бір үммет болса әрбір ел өз тілдік, салттық ерекшелігімен бір үммет, ел ішіндегі рулық белгі бір үммет болып әрі қарай жанұя, ата-баба бір үммет болып саналады. Сол саналған бірлерді ұлттық ерекшелігімен біріктіріп жақсылыққа жарысу амалдарын діни жол деп атаймыз. Діни жол негізінен Нұх, Ибрагим пайғамбарлардан бастап екіге сосын тағы әрі қарай 72 топқа келіп тіреледі. Негізінен төрт кітаптан төрт топ тура жол белгісімен салттық ерекшелігімен бөлектеніп қалған екіге айырылып 8 топ болса, қалған 64 топ туралықты іздеуші қылып әртүрлі салт ұстанымды жалғастырушылар болып табылады. Енді 73-топ пайда болып өліктермен сөйлесіп кері қарай бірлену дін саясатын жүргізетінін пайғамбарымыз да өз өсиетімен ескерткен. Оған аяттарда; (Енді 42-ші сүремен) «(Мұхаммед) Алла Нұхқа нұсқау (аян) берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді (сүннеттер) сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғисаға нұсқау (өлілермен сөйлесіп, емшілік, тазару) сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшіріктерге (ишарасын ғана білетіндер) ауыр келеді. Алла оған кімді қаласа, оны сайлайды.(Болашақта бір елден таңдайды.) Кім Оған (сол елші, әулиеге) бейімдесе оны тура жолға салады.» (13) (Сәни дәптерде 13 бөлікке бөлінген).

      Мүмкін осы аяттан болар әр елдің өз дін танытушылары өз әулиелерін марапаттап біз арқылы тура жолды табасың деп қазақта да неше түрлі ағымдардың көбеюі. Сондықтан да; «Олар (түріктер, қазақтар) өздеріне білім келгеннен кейін араларындағы көре алмастықтың салдарынан ғана бөлінді. Егер Раббың тарапынан сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларындағы іс (шариғат) біткен болар еді. Расында олардан кейін (орташалар) Кітапқа мұрагер етілгендер де (араптар) әлбетте одан шәк ішінде күдіктенуде.» (Шура-14) Бұл аяттар арқылы жаратушымыз тура жолдың Алла жолына пайғамбарларға берілген нұсқаулардан және кітап берілген пайғамбарлар орындаған амалдар жиынтығынан тұратынын ескертеді. Енді тек мешітке барып намаз оқи салу тіптен араптарға да емес, олардың ішіндегі шала иман келтіретін мүшіріктерге тән іс екен. Раббымыз тарапынан берілетін бекіген сөзге тіптен Құранға мұрагер болған араптар да күмәнданады деп ескерткен. Бекіген сөз Құран аяты болып; «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар.» (3-104) «Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер (араптар) күйзелген болсаңдар, расында олар да (түріктер) сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер олардың үміт етпеген (тура жолды) нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (т) толық білуші, хикмет иесі.» (4-104) Тура жол негізінен ерекше хикмет арқылы болатынын ескертеді де және оларға; «Қашан оларға Құранға және Пайғамбарға келіңдер делінсе, олар: -Аталарымыз тапқан жол өзімізге жетеді дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» (5-104). Яғни ол ел бұрынғы ата-бабаларының ұстанған жолынан (Тәңірлік) айырылғысы келмегендерден болады екен. Тура жол Алла жолының ұлттық, рулық, топтық ерекшелігін меңгеріп, діни жолдың қағидасымен біріктіргенде ғана пайда болады. Сондықтан да бұл аяттардың сүрелерінің белгісін санмен көрсетіп отырғанда да мән бар. Болашақта осы сандар арқылы елдердің ділдік белгісін анықтауға болатынына көз жеткіземіз. Сүре санының екінші құпия белгісі насихатының мәндік белгісі болып, діни жолдың қағидасының көрсеткіш белгісі болып табылады. Құран сүрелеріндегі ашық сандық белгілер Құран үгіті Алла жолының түсінігі болады. Сондықтан; «Егер оларға періштелерді түсірсек те (аян, уахи) оларға өліктерді сөйлестірсек те, сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111)

      Бұл сандар негізінен жалпы мұсылман қауымының бірлеу нәтижесінің соңғы белгісі болып, мұсылман болғанның бәрі бірдей аянға да, өліктердің сөйлейтініне сенбейтінін ескертеді. «Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші.» (9-115) Демек осы уақытқа дейін аруаққа сеніп, әулиелерден бата алып, осыншама байлықты берген елді аяқ астынан бұрынғы дәстүріміз өтірік деуге ашық дәлел (хикмет, Құран ғылымының ашылуы) түсірмейінше сенбеңдер деп бұйырған емес пе? Осындай қайшылықтардың болатынын ескерген жаратушымыз; «Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін (өліктерді тірілтеді, перде артынан сөйлестіреді.)» ( Нахыл-39) (30 параға тоғыз таңба-үн арттырды). Сондықтан да Құранға иман келтірген пенде, аятта бос сөз болмайтынын біліп, өзінің қандай қайшылықта немесе тура жолда екенін білгісі келсе, әулиелер батасын алып көру, ғылыммен жүйелеп тексеру шарт. Бірақ шайтанның әдемі көрсеткені соншалық Құранды арапша оқыған пенде өзін Халифа Алтай атамыздан білімді санап немесе оңай, қысқа, шала аударылған немесе тәпсірлерге сенеді де шариғатты ислам әлеміне ортақ жол қылып алады. Құранның аяттары түгіл сүре саны мен таңбаларына мән берген қазіргі таңда қазақ дін танытушысы жоқ деп анық айтуға болады. Жоғарыда көрсеткендей жолдар белгісі Бақара сүресі 177-аятпен тұрақты белгі болып есептеледі. Көктегі тұрақты 7 жол, жер бетінде тозақтың дәрежеленетін 7 жолы жүзге қосылу үшін діни жолдың нұсқауларын орындау үшін, Алла жолы мен діни жолды біріктіру іс-қимылдар амалын шариғат деп атаймыз да, белгілі бір нәсілдік уәдемен сыйыну амалдарымен байланысты оқылатын емес, орындалатын заманға мезгілге тәуелді намаздар амалдары деп білеміз.

     Шариғат жүзге тәуелді болып, әр халықтың жүзі өз нәсіліне, жеріне, ішкен тамағына, сөйлеген сөзіне байланысты қалыптасады. Демек шариғат ісінен бұрын қазақта ұлы жүз бен орта жүздің, кіші жүздің ерекшеліктері болған. Сондықтан да қазақта; « Ұлы жүзді қауға бер де малға қой, орта жүзді қалам бер де дауға қой, кіші жүзді найза бер де жауға қой» деп бекер айтпаған. Ал енді дін танытушыларымыздың тау асып өзге жұрттың әдебін тасып жүргендерге не айтамыз? Алла жолының жер бетіндегі көрінісі болып елдің өркениеті дамып, гүлденіп, ғылым, білім дамуының белгісінен көрсек, ал діни жолдың белгісі елдің ішкі мәдинеті мен әдебиетінің шығармашылық және өнердің дамуымен өлшенеді. Тарих заңдылығына зер салсақ өркениетті дамыған елдерді діни ұстанымы мықты дамыған елдер үнемі жаулап алып кейде жер бетінен ұлт түрінде жоғалтып жіберуге дейін барып отырған. Сондықтан ұлттық, елдік қасиеттерді толық сақтап таразы басын тең ұстау үшін салт-ғұрыпты ескісін жамап тозғанын ауыстырып өркениетке заманға сай өмір сүру үшін әр халықтың өзіне тән (дене) боларлық шариғаты болу шарт! Енді ғылыммен жүйелесек Ньютонның екінші заңы бойынша қозғалу үшін екі нәрсе біріне-бірі кері әсер етуі тиісті болса, бірақ сол қозғалыс тегі үшінші қандай ортада болуына байланысты болса, жоғалтып алмай немесе өлшеу үшін шек болу керек. Ньютон заңы барлық ортадағы қозғалыс сипатын бере алмайды. Демек қозғалыс туралы біздің түсінігімізде Құраннан қателіктер бар. Әрбір қозғалыс үдеудің 4 белгісі болу шарт. Екі нәрсе біріне-бірі кері әсермен ғана тіршілікті тудырса шектен шығып, жойылып немесе белгілі мақсатын жоғалтады. Әрбір екі себептің үшіншісі мақсаты, әрбір мақсаттың да орындалу төртінші шегі, шекарасы болу шарт. Сондықтан Алла жолы мен дін жолы қашанда біріне-бірі кері әсер беріп белгілі бір қозғалысты тудырса сол қозғалыс пайдалы, мақсатты болу үшін шариғат заңдылығы қоршаған ортаға тәуелді болып, негізгі шегі дін болмақ. Дін үнемі өзгерісте дамуда түрленуге тән жаратылыстың қозғалыс басы және соңы болады. Қозғалыс басы да соңы да ислам діні. «(Мұхаммед) бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.» (Рұм-30) Алла жолының сандық мәні 43 болса, діни жолдың сандық мәні 13, ал ислам дінінің сандық мәні 30 болып 43+13+30=86 саны ислам елдері үшін орта белгісі болып әр елдің шариғат амалдарының мәндерін қосу арқылы ділдік ерекшелігімен жаннат, тозақ белгілерін анықтауға болады. Сондықтан әзірше діннің анықтамасын Шәкәрім атамыздан басқа, қазіргі таңда толық сипатын білген тірі ислам ғалымы жоқ деп айтуға негіз бар.

     Діннен бөлекпін деген пенде де, мемлекет те жындымын деген ұғымды білдіреді. Енді шариғат – намаздардың орындалу амалдары болса, онда мерзімге, ортаға және сол өмір сүрген кезеңдегі өзгеріске тәуелді болу шарт. Шариғат Алла жолы мен діни жолды теңдестіру үшін керекті төреші болмақ. Алла жолы – ілім, діни жол – білім, шариғат – ғылым. Ғылым қашанда бір орында өзгеріссіз қалуға болмайды, заманға байланысты жетіліп отыру керек. «Ілім мен білім ортасын ұстай алмасаң бүлін» деген дана қазақ. Сондықтан төрт кітаптың қағидаларымен діни жолдардың ұстанымдарын біріктіріп, Бір Алланың жолына әкеліп біріктіру үшін шариғат амалдарын түсіндіру үшін ел ішінен тек елшілер арқылы Құраннан құпия аяттардың үкімдерін түсіріп, Алла жолының сынақтары арқылы ескертіп, діни жолдың турасын жаратушымыз ғана көрсетеді. Ғылыммен иман келтірген адамзатқа қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *