АЛЛАНЫҢ ЖІБІ-ҰЛТТЫҚ МАХАББАТ, ИМАН ЖҮЙЕСІ 

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 145

Ібілістің әрекеті қалайда Алланың жібін үзу. Адамзаттың тарихына, мирасқа алған құндылықтарына, адамдық туысқандық, нәсілдік белгілеріне деген сүйіспеншілік, махаббатын жою. Оның орнына бір-біріне деген өшпенділік, кекшілдік, қатыгездікті арттырып оны заңмен қорғап, ел билеудің саясатына айналдыру болмақ. Ал оны қолдап, орындайтын сол қоғамның ішінен шыққан ақылдары белгілі бір жындылық біліммен, іліммен негізделгендер талантты ел билеуші, атқарушылыққа тұрған білімді қоғамның өкілдері болмақ. 

Бұл жағынан қазақ елі әлемдегі ең жоғарғы өз арасынан шыққан ібілістің ұрпақтарын дайындайтын елге айналғанымыз да сөзсіз. Мұны күнделікті қоғамдағы ақпараттық жүйеден, ай сайын шығып жатқан заң мен жолдаулардан анық аңғаруға болады. Бірақ ол үшінде сөздің құнын, қасиетін және жер рұқының үнін естушілік жете, саналық текпен жалғанып тұру керек. Мұндай пенделер өте аз қазақ қоғамында.

Сондықтан жетесіз бірақ кісілікте атақ, шенге, өзінің белгілі бір білім мен біліктілікке ғана негізделіп алған тобындағы абырой беделге жетіп алғандар, қалайда қазақ ұлтының рухани биік дәрежесін меңгеруге шыққандардың жолын кесудің түрлі әрекеттерін ойлап табумен болады. Себебі олардың мойындарын жалаңбас жүрумен бастарын жаулап алған, арсыз қатындардың қолынан арам аспен, төсекпен жұқтыратын ібілістің шеріктері жәрдем береді даналық қылып үнін салып отырады.

Енді қарапайым күнделікті олардың қолымен атқарылып жатқан мысалдарға жүгінсек: Бірінші қазақ тілінің мәртебесі өзінің төл таңбасына деген махаббатымен байланысты болуы керек. Бұл кирилица болып, Кер бабадан бері келе жатқан мирасымыз еді. Бірақ мұны зерттеп танып білмей жатып-ақ терістеп, әбден тозығы жеткен бүкіл әлемнің азғындығында қоса ертіп жүретін латын таңбасына көшеміз деген де ібілістің жобасы болмақ. Өзінің таңбасы болмаған елдің ана тіліне деген де махаббаты әлсіз болмақ.

Енді нәсілдік тұрғыда орыс ұлтымен ортақ таңбада болғанда қалай, әлде бүкіл әлеммен ортақ таңбада болумен қандай рухани байланыс мықты болмақ. Білімнің де нәсілдік тұрғыда өз егелері мирасы болу керек. Сонымен Менделеев орыс ұлтынан, химия білімінің пірі болса, оны ағылшын арқылы меңгеруге байлап қоюдан ессіз пендеге ғана түсініксіз зұлымдық шығады. Жер анамен жалғану химия білімімен байланысты болса, оны ұрпақтарға ағылшын тілінде түсіндіріп сіңіруден өзінің ұлтына жақын киелігінен ажыратудан артық қалай нәсілін өзгертудің тиімді тәсілін ойлап табасыз?

Сонымен біргі біздің ақиреттегі ата-аналарымыздың тектілік жүйелері, қан тектік ағашы, қызыл қуаттық әруақтақ ғылымы, тағдыры арқылы ғана біздер әлемдік қуаттарға жалғануға, әлемнің бар елінен ғылым-білімін алуға мүмкіндік болады. Олай болса орыс елі арқылы ғана білім-өнерін меңгерген, ақиреттік 100 жылдық тарихтың кезеңінсіз біз ағылшын да басқа да тіптен көрші қытай еліне де жалғануға жол кесілгенді. Мұны алып тастап енді әлемге тікелей жалғану үшін еріксіз түрде қытайлық қара нәсілдердің қызметіне жүгінуге, яғни олардың екі араға көпір болып, қазақтың ата тегін үзумен болмақ.

Енді мұнан артық ұлтты жоюға, махаббатын жоғалтуға деген қандай шараны ұйымдастыруға болады? Ал шынында Кер бабамыздың таңбасының табылатынына оны ерінбей іздеумен, мұрағаттарды ақтаруға және қазақ еліндегі әлі ашылмай жатқан жағалы әулиелер мен мирастардың, тарихтағы бұрмаланған қателіктерді түзеуге тылсымнан біздер арқылы берілген хабарды естімеуге тырысып, ал естігендер ертегідей қабылдап жатқан қоғамда ібілістің ықпалы орнағанына да кепілдік емес пе?

Ұлтты жоюдың ең тиімді тәсілі жандық ағашын өсірмей, діл өзегін өртеудің ең тиімді тәсілі үш тілді тықпалап сіңіру екені де хақ. Белі қатаймаған 13 жастық толысу кезеңін меңгермеген бесіктен әлі белі шықпаған балаға балабақшадан бастап өзге тілді үйретудің зардабын түбінде қазақ ұлтына зұлымдық болып бейнеленуін әзірге жетесіздерге түсіну қиынның қиыны. Бірақ мұны білім министрі мен ел басының тілдер саясаты қызметкерлері де рухани кереңдікке жалғанып алғасын қалай түсіндіре аламыз?

Жалпы халықты рухани оятумен ғана ел билеушілердің алдына сауалдарды қоюмен олардың да рухани оянуына Құдайдың өзі ғана ықпал етуі керек. Бірақ, ол үшін қазақ ұлтына ата дәстүрін дін салтын меңгеруге де дін істері мен муфтият және түрлі тобырлық дін топтарының ұлтты бөлшектеумен, ата жолын, дәстүрі мен ғұрпын меңгеріп рухани оянудың жолын кесумен ғана айналысып жатқанын аңғарудан қалғанбыз.

Бұрынғы жылдары ата жолының білімі жоқ деген сылтау болса, бүгінгі таңда әлемге де ұялмай көрсетіп тәжірибеден өткізуге болатын амалдары қалыптасса да естімеген, білмегендей болып, халыққа түсіндіруден бас тартқан ел биліктің бұл өздерінің жалғандықтарын қалайда жасыруды атақ-дәрежелерін сақтап уақытты созуға деген ғана саясаты екені даусыз.

Мұндай жағдайды, рухани ояну мен ұлттық құндылықтардың қасиетін түсіне бастауды болдырмау үшін алдын ала халықты рухани қисық жағына бұрып отыруға да, ел басымыздың құрғақ сезімге негізделген жолдауының атқарушы қолшоқпарларға да ықпалы зор болып, мұнан жалпы қазақ халқына Құдайдың лағнетін арттырумен, азап апаттармен елдің еріксіз оянуымен ғана себеп болып, ел биліктің өзіне ор қазып жатқаны да негізінде ібілістің жобасы екені де сөзсіз.

Бұндай жағдайда ұзақ уақыт қазақ ұлтының бір-бірімен өштесіп, қудалап, кек қайтарумен өзара дүние тұрғысына есеп айырысумен ғана тегін, иман махаббатын жоюға ғана қызмет етеді. Бұл жолды ел басшыларының, білімді қауымдықтардың, өздерін кісі қылуға
тыраштанушылардың, діншілердің, жетесіз ғалымдардың өздері таңдап алғанын, түбінде жамандық арқылы халықты рухани оятудың жолына түсіп алғанын, арты өздеріне деген тарихтағы таңбаланумен, масқараланумен аяқталатынын әзірге аңғара алмайды да….(Тамыз айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *