Аманат насихат(211)

Бөлім: Зікір өлеңдер 109

Асыққан ісі шайтанның,

Байыпты бол қашанда.

Ғалымның сөзін салмақтап,

Үңіл оның астарына.

Есіл сөз босқа еленбей,

Қалмасын насихат жайына.

Сөз түзелмей қазақта,

Өзі де қалды жапанда.

Сырлы сөздің астарын,

Меңгеретін шешен жоқ.

Әділетті сөйлейтін,

Құдайдан қорқар биің жоқ.

Ақсақалың сақалсыз,

Қасиеті қашқан өн бойдан.

Мұны түзер төре жоқ.

Ескерусіз қалды аманат,

Қожалықтың иісі жоқ.

Сәкәкүл, сауық, даңғаза

Жұрттан озу арманда.

Сөзі түгіл ойынан

Шын сасасың, о тоба.

Жан мен рұқты бір деген,

Дінімен ислам бүлдірген.

Аманат- нақыл ұлтыңнан,

Насихаты жоқ меңгерген.

Білімді білімін санаса,

Білім сана ашпаса.

Білім қайда ұштасар

Жан көбеймей азғанда.

Дініңде асқақ шыңы жоқ,

Айналды жастар данаға.

Кінә артасың заманға

Байланып ақыл жалғанға.

Елдігің жоқ ұлтыңда,

Көк тәңірі жүз бұрып

Құдай елді ұрды ма?

(Желтоқсан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *