Анаңның тілі арыңменен  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 107

Адамның адамдығы тіліменен,

Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.

Ақылға ғылым билік жүргізуге,

Ой қуатын мінезбен меңгер деген.

Тіліне жан ашырлар күресумен,

Ана тілін сөйле деп үндеп жүрген.

Сөзін қазақ тілімен сөйлесеңдер,

Текті аталып ар-ұятың түгел деген.

Ақылы ғылым таппай жынды жүрген,

Ойсыз тілден елің болмас түгелденген.

Ойды дінсіз, ілімсіз табады деп,

Аузы бармас айтуға есін білген.

Ар түгіл ұяты жоқ түгелденген,

Қыз, қатының аз қалды діл меңгерген.

Тілі сайрап қанында діл жоғалса,

Тотыдай құс болар сөйлей білген.

Дәстүрін бар ма ұлтшыл сақтап жүрген?

Ілімінен Ясауи баба ақыл көрген.

Патша мен қойшы киімі бірдей болып,

Ақылдың бұл шарты дәстүр білсең.

Төрт ақылдан хабар жоқ тіл ізденген,

Ар сауытың баста жоқ, білімдіден.

Ақыл толмай иманың қалай болмақ,

Төртеуің түгел болса, төбеден келер деген.

Көтін ашып, шаш жайып тіл безеген,

Қол, аяқ, кеудесі ашық арсыз жүрген.

Тіліне жаны ашымақ тажалдар ғой,

Қазақ тілі-ар тілін жерлеп жүрген.

Ұлттық бірлік сақтауға елді үндеген,

Дәстүр-салтын сақтайық тегін елден.

Зиялы қауым ұлтжанды жүр аталған,

Ойсыз тілді, дінсіз дәстүр ақ жол деген.

Тажалдар 30 түрлі білім білген,

Қияметте дегенді пайғамбар өсиетпен.

Адамзаттың  білімін өзіне қарсы қояр,

Ғылымды меңгертпеуге ілімменен.

Ар білімін ел билік тыйды заңмен,

Құдай ісін қудалап жоба іздеген.

Ой мен тілдің жарығы ойпат деген,

Әулиелі орындар қалды күтілмеген.

Сұрау жоқ ардан ел бүлінген,

Қияметтің сыны азап, ауру келген.

Төрт мың дінмен, осынша құдайың  бар,

Осы емес пе сөзіңмен қазақ дін бүлдірген?

Дін тазасын дәстүріңмен меңгермесең,

Арсыз тілің не болады сөйлей білген?

Құдайдың уахи, бата аятына бой ұсынбай,

Тілің азар құдайдың қалауына ілінбеген.

Тажалдар ғой ел жүрегін жауып жүрген,

Ықыласын ел дәстүрінен бұра білген.

Академик, ел билеуші ғалым болып,

Дін ғалымы сөз ұғымын көп бүлдірген.

Бөлшектеуші ғұрпын елдің таңдап алған,

Ұлттық намыс осы дейді ұстана алсаң.

Намысың ар емес пе бойыңа жарық қылған

Түгел тұт дәстүр салтты арлы болсаң.

Бірлігін ілім, білім түгелдеген,

Ортасынан уахи, аян көре білген.

«Единица» еліңнен басшы шықпай,

Тажалдардың құлдығында елің жүрген.

(қыркүйек 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *