Әңгүдік пенде секемшіл,
Қос көрінер көзіне.
Кіріп алып шыға алмас,
Секемшілдік түнекке.
Сасқалақтап, қорқақтап,
Қағыс естір құлағы.
Жан-жағынан жалтақтап,
Берекесін қуады.
Дұрыс сөзі аузына,
Түспей қатты сасады.
Жиып алып бойына,
Таныта алмас қайратты.
Қызғаныш пен ашкөздік,
Іш тарылтып, қар тұрар.
Өзінен басқа жақсы жоқ,
Білімімен жиған мақтанар.
Мұндай міні кімде бар,
Құдайдан алмас еш хабар.
Қорқыныш уты жайлаған,
Қара шекпен бой болар.
Ісі түссе басқа жорғалар,
Байлық, дәулет кімде бар.
Беруге жоқ аларман,
Азабымен түбі сыналар.
Қорқақтықты бойыңнан,
Қуып шығып қайтарсаң.
Тайсалма меңгер дініңді,
Жолымен ата қолға алсаң.
Бой дәретті дұрыстап,
Киімен қорғап тыныстат.
Өз исіңді өзің жақ,
Зейнет болсын ол қуат.
Қорқыныш көп жалғанда,
Істері дүние бұл таңда.
Ақиреттен сыр іздеп,
Қорқыныш болсын азапқа.
Кездемеңді кеңге жай,
Білімге болсын ілім сай.
Сараңдық деген қорқыныш,
Қашсын сенен жай таппай.
Әңгүдік мінез шайтаннан,
Қорқынышпен байланған.
Ақиретті ойлап еске алсаң,
Қорқа білсең құдайдан.
Мал етіңді тазартсаң,
Ақ қуат алып қамшыдан.
Қашады шығып иіс боп,
Босанып жаның қамаудан.
Әңгүдіктік салт болған,
Әлемнен қылық жиналған.
Адамдықпен қазақ ұлт тегің,
Ғылым ғой сана жалғансаң.
Әңгүдікті салт қылған,
Орта жолдық топ құрған.
Дінші болма сыңар жақ,
Бес парызды қылықтан.
Әңгүдік көп билеуші,
Әлемге ұқсап күйлеуші.
Жаңаның бәрі жақсы деп,
Тозаққа елді сүйреуші.
Білімдіден шықты әңгүдік,
Ұлтынан орыс қорқытып.
Қазақшала, деп есімді,
Ов, евасын ныспы қырқытып.
Қос көрінген көзіне,
Тарқатып Алла жібінде.
Латынға қайта оралып,
Қысқартып таңба үнінде.
Ілімді қылмай керексіз,
Арқалап білім есепсіз.
Әңгүдік мінез есек көп,
Болғанмен ғалым жетесіз.
Әңгүдік дінші білімді,
Алмаған Құдайдан ілімді.
Тіліңде бар құдай, ісі жоқ,
Имансыз, пәнмен сенімді.
Әңгүдіктің түрі көп,
Көрінген сырттай ірі боп.
72 белгі қорқыныш,
Мойыннан енген пері боп.
Өзін-өзі ақтаған,
Жолым деп тура мақтанған.
Перінің салған ойларын,
Ақиқат деп мықты ұстанған!
(Шілде 2018 жыл)