Тамылжытып ән салып,
Қымбат қылған жар салып
Жұлдыз атап қадірлі,
Қарасын жұрт тамсанып.
Ар, ұяттан амандық,
Қалмаса да бой жарық.
Жас жүректе жалтаңдық,
Жоғалған бастан ойшаңдық.
Саудаға салма әнді бар,
Атаң Абай қылған зар.
Ендігі бүгін салтың бар,
Әнді менен сатып ал.
Құдайдан тегін алдыңдар,
Жаныңнан қуат жоғалар.
Тегіңді жүрсің саудалап,
Жан өспей тұқым аздырар.
Ұрпағыңа қайғы зар,
Жанына жара салғызар.
Не басыңа күн туды?
Саудаң болып ұлттық ар.
Өмірдің бар арманы,
Жалғанның бар базары.
Қасиет қуат егетін,
Көбейсе адам жандары.
Ақиретке барар көңілдің,
Қуатын бер сезімнің.
Сауапқа жұмса өзінің,
Өсіріп құдай егінін.
(қыркүйек 2014 жыл)
*** ****