Аққу, сұңқарларды қалыптастыру мен міндеттері туралы.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 125

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ата жолының ең басты рухани бұлағы жүректердегі пердені, яғни мөр ашу болып саналады да,  оның  бар жұмыстардың атқарушысы мен ата жолының ғылым-білімдік, тура жолдық шараларын қалыптастырушы болып, әрбір ата жолына келген пендеге иманын іздеуге жетекшілік ететін аққу сұңқарлардың тақуалық бейнесін қалыптастырумен ғана атқарылады. Сондықтан осындай қасиет, дарындылықтарды меңгере білген әрбір аққу, сұңқар өзінің білімділік, ілімділік шамасына қарай белгілі бір қасиеттің пірлері болған әулиелер аруағы мен пенде арасындағы аяттарды, хабарларды жеткізуші елші болып саналады. Ол үшін де әуелі 9 жыл сынақ мерзіміндегі тән мен рух, жан, сезім арасындағы 3 түрлі қараңғылық пердесін тазартумен, жарыққа айналдыру арқылы иманның 60 бұтақты дәрежесін меңгеру шарт.

Бұл негізінен ата жолының орта топтық қағидалары болып бекиді. Ал кім иман қуатын жинауда, дін істерін меңгеруде озық болып, тақуалығын жетілдіре білсе, онда 70 бұтақты иманның тәубелік сатысын меңгеруіне қарай ғана елшіліктің де түрлі деңгейлерде дәрежесін меңгере алады. Ал иман қуаттарының да дәрежелері аққу, сұқарлардың әрбір жетекшілік еткен пендесінің жеке-жеке жобасы мен тура жолына аманат алып, қасиет, дарындылықтарын меңгерудегі амалдарын, тіршілік намазы қылып орындаумен,  мазхабтық шариғат намаздармен біріктіре отыра уахилармен, бата, аяндармен көрсетуі бойынша қателіктерін түзеп, толық намаз орындауларымен, ата жолында меңгерген, шыққан жетістіктермен ғана өлшенеді. Сондықтан әрбір аққу, сұңқар қандай шәкірт дайындай білсе және ол шәкірті өзінен де биіктен көрінетіндей қасиеттерді меңгере білсе, онда имандылығына, қасиеттілік дәрежесіне және  толық өз атына да лайық болушы болып есептеледі.

Негізінен бәріміз де мөр мұғжизасына, яғни ата жол ақ бұлағының бастауына жалғанған болып, сол бұлақтан әркім өз суатын алып, халқымыздың тұрмыс өмір және ақиретті ақпараттар алу саласының, сөз ғылымының, ілімдердің барлық саласын қамтитын мектебі болып, болашақта өз еліміз түгіл, бүкіл әлем халқына да танымал болып, барлық діндердің де ортасы болып қаланатыны да хақ.  

Енді ата жолының ақ бастауының тарихына тоқталып, хабар бере кетсек; Ата жолының алғашқы басталған уақыттарында намаз орындаудың алғашқы шарттарын ғана қалыптастырумен тек дәрет, киім жабық болса болды, әулиелер батасымен жетектеліп, бұл істерді атқаруға қабілеті пайда болғандарды немесе жаратылыстан мықты тағдырмен келіп, түрлі жағдайларда өмірдің сынағына түскен қазақ қыздары мен ұлдары арасынан тағдырында қасиетті аруақтардың белгісі болғандар, жаппай мөр мұғжизасынан өту міндетті болды.  Ал, Ақ ұлдың аруақтармен тікелей тілдесуі ерекшелік қасиеті болып: «Мен дінді, ілімді меңгеруден сауатым аз, қалай болады?» деп сұрақ қойғанда, аруақтар тарапынан: «Саған тек мөр ашуды меңгеру және жоғалтпай ұстап тұру ғана әзірше жүктеледі, қалғанын аруақтар өзі жетелеп көрсетіп отырады.» деген жауап болған. Ақ ұлдың өз естелігінде: «Біреу сенер, біреу сенбес шындығымды айтайын, Су сияқты келеді екен талай аруақ байқадым. Бабаларға басымды иіп, сәлем беріп жатқанда, Аруақты көзбен көрген «бақыттымын мына мен»,-деп айта алдым.» «Алла барын ұрпаққа мойындатып, Батасымен пендеге жолын ашып, Көш келген мұнар тау шыңдарына, Пенде менен аруақ араласып. Биіктіктің жолдарына ойлы-қырлы, Өткелі көп пендеге жұмбақ сырлы. Көпірі ол-ниет пен ақыл-ойдың, Шалыс кетсең түсесің түбіне ордың…» деген үндеумен Алланың барлығын, растығын хикметтермен мойындатумен, адамзат ақыл-ойы мен ниетінің көпірі болған және заманымыздың тозған екіжүзділік білімінен, дін құлшылығынан тазалайтын керуен көші екенін ескертеді.  

Сонымен алғашқы кезеңдерде жеке Ақ ұлдың ұстаздық етуімен, жол бастаушы топ та жүздеген адамдардың атын атап, түстемей-ақ шаршамай, шалдықпай бата беріп және әрбірінің тағдырындағы жетістік қабілеттерімен бірге кейбір күнәлі істерін ескертіп, тәубеге шақырған пайғамбарлық сөздерді батамен жеткізіп, түрлі дарындылық, қасиеттіліктердің көрініс беруімен де ерекшеленді. Мұндай жағдайдағы адам баласының тағдырын, жақсы жамандығын және болашағына жол сілтеген ашық хикметке жалпы халықтың лап қойғаны да даусыз. Және көптеген жасырын, ұрлық істерді әшкерелеу немесе көліктердің де бұзылатын жерін алдын ала ескерту, болашақтағы тосып тұрған жағдайды қаз қалпынша сөзбен бейнелеп беріп және алдағы тағдырдағы жақсылық, жаманшылықтарды да алдын-ала ескертумен, бұл жағдайлардың дәл сондай белгімен қайталануымен, зияраттау барысында кездесетін хикметтермен, ертегі сияқты оқиғалармен, ата жолының негізі қаланғаны да даусыз.

 Бұндай қазақтың басына бақ болып келген  керуен көшін Ақ ұлымыз «Аруақ заманы» деген өлеңінде: «Ақ шуақ күннің нұры бір, Бу менен судың түбі бір. Ақылдан туар парасат, Надандық жолы бұлыңғыр. Әкесіз бала тумайды, Бабасыз ұрпақ болмайды. Өткеннің тарих бедері, Бүгіннің шуақ желдері. Өзендер теңіз құрайды, Бастауы болып бұлақ та, Өлгендер тілеу сұрайды, Сенімін артып ұрпаққа Кешесіз бүгін, ертең жоқ, Жүргеннен гөрі жатқан көп. Өткенге айтқан салауат, Болашақ бізге аманат. Заманнан заман көшеді, Ғасырмен санап есебі, Бұйрық салып тылсымнан, Аруақ заман кезегі.» деген насихатпен қазақ халқының тарихат жолы аруақ заманы басталғанын ұрандап, Айша ананың ақ туын, құранның 21-сүресін, Алланың құдірет қолының кітабын ақ ту қылып, талай киелі жерлерде желбіреткен еді. Ал бұл тарихат жолы — ата жол болып басталып, түбінде ғылым-білімнің бұлағы ақ жол болады деп те болжап кетіпті: «Бабалар жерде қала ма? Жатқандар тыныш жата ма? Кенелген ұрпақ бүгінде, Аруақ берген батаға. Аруақ заман бастауға, Ұрпағын ақ жол ұстауға. Алланың нұры, үкімі, Бағына қазақ ілінді. Үн қатты баба тылсымнан, Табылып ұрпақ қасынан. Ұстарға кілтін бұлақтың, ұрпағына қазақтың Айша ана болып жол басы, Арыстан бап баба патшасы, Ясауи баба көсемі, Ұрпаққа ақ жол төседі.».

 Сонымен әлемге ақ жол болып, Алланың үкімі болып түскен қазақтың ата жолы бақ жолына, пайғамбарымыздың миғраждан алып келген аяттарына, «Бақара» сүресіне аяғымен жер арқылы жалғануға келген халықтың және осы жолда қызмет еткен аққу, сұңқарлардың аяқ астынан жетістіктерге жетіп, түрлі жағдайда жолдары ашылып, халықтың да тек үлкен керуен арқылы әулиелер батасын алса болды, жағдайлары түзеліп шыға келетінінен, халықтың мұндай құдіретті  хикметтерді, терең білімді жын-шайтаннан емес екеніне көздері жетіп, бірақ құран арқылы немесе басқалай дәлелдеуге ілім, біліміміз болмаса да, белгілі уақыттарда ата жолының аяғына нық тұрып және бүкіл қазақ елі құлақтанып болып, оған сауатты, жоғарғы дәрежелі ел басшылары, көш басшылары да қызмет етіп, хақиқаттығына көздері жетіп, тіптен арнаулы шет елдерден де келіп, ара қатынас орнағаны да хақ.

Бірақ мұндай жағдайды ақпарат басында, қазақтың көш басшылығына сайланған екіжүзді пенделердің де іштей қаупін, қорқынышын тудырумен,  қазақтың мұндай бағын, жақсылық істерін баспасөз беттерінде жариялау мүлде болмады. Керісінше қандай бір надандықты, әлі жетілмеген ата жолдық орда жүргізушілерінің қателіктерін тауып алып, оған куәлікке тұрып жамандайтын пендесі де әзір болып, ата жолын жек көрінішті етіп көрсету ол уақыттарда кең өріс алғаны да сөзсіз. Яғни, көшеден келген жастардың, ұлттық тәрбиесі жоқ қалалықтардың, діннен  тәлім-тәрбие, тәжірибесіз болғанын шайтан жамағаттары өз мүдделеріне ашық пайдалана білгені де хақ. Ал бұл жолдың негізгі мақсаты бүкіл сауатты аталған қоғам мүшелерін де қатарға тартып, зерттеп, құран аяттарымен өлшеу арқылы халықтың санасын ашып, батыстың білімін де меңгеріп, шығыстың ар білімінің үлгісін әлемге паш етіп, ақпараттық негізде әлемдегі төніп келе жатқан қияметтік ақпараттық түрленудің алдында тылсым қара күштеріне мылтықсыз майдан ашу, Алла жолында мал-жаныңмен соғысу «жиһад»-тың заманға сай, ғылым-білімдік тәсілдерін меңгеру тиіс болатын.

Қазақ халқының бұл майданға жетекшілік ететін, алдын ала сенімнің батырларын дайындайтын дін мектебі болып, қазақ елі барлық діндер үлгісінің бірлігін қалыптастыру керек еді. Сондықтан қазақ еліне нығметтердің де есігі ашылып, барлық әлем дін топтарының да, мәдениеттің де, салттарының да, діни азғындықтың да есігін ашып қойып, жаратқанның үлкен сынағына түскен елдің негізі болып саналдық. Бұл майданға шақырып ұрандаған Ақ ұлымыз: «Алла атымен ұран ғып, Аруақ біткен тұр алда. Әулие, батыр, анасы, Ақын, дана, дарасы. Түркістан болып кіндігі, Шығысқа туы тігілді. Батыстан бұлақ ағылып, Кіндікке құлап сермелді. Қазақтың байтақ кең жері, Аруақ заман кіргелі. Болашақ ұрпақ бағы үшін, Мылтықсыз майдан жүргені.».

 «Жиһад» дегеніміз қара түнек күнәлі қылықтарға, діндегі екіжүзділік, шайтандық әрекеттер мен жындылық әдет, салттарға қарсы ашылған мылтықсыз майдан ата жолы, ақ жол болып басталды.

Сонымен Інжіл жазбаларындағы: шығыста 7 елдің діннің таза үлгісін қалыптастырып, ал оның ішінде «Алашеһір» деген қалада діннің тәжі болатынын ескерткен әлемдік үлкен уақиға Алматы қаласынан басталып, батыстан келген білім бұлағы Түркістаннан бағасын алу, түйінделу керек болды. Сонымен дінде мұндай мезгілдің туатынын Міржақып Дулатұлы атамыз да «Таза бұлақ» деген өлеңмен суреттеп кетіпті: «Бар екен таудан аққан таза бұлақ, Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ. Жағалай біткен ағаш жапырақты, Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап…Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай; Жапанда жазуы бар неткен тақтай?! Жазылған, оқып көрсе, сөзі мынау: «Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!» …Бұл жігіт берді жауап сонда тұрып: «Орнында ақпай бұлақ тұрса тұнып, Шөп шалам, шаң-топырақ, селеу басып, Сарқылып қалар еді әлі-ақ құрып. Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан, Жазудан мағынам сол менің ұққан. Көңіліңді бойың менен таза сақта, Пәктікпен артыларсың сонда жұрттан. Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын, Секілді мөлдір бұлақ суы салқын. Болғандай дертке шипа жаны сүйіп, Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың».

Атамыз болашақта тәураттың тақтайымен түскен үкіммен, үш діннің бірлігі бұлақ болып ағып, оның ислам дінмен қосылып пайдалатын заманның келетінін астарлап көрсетіп кетіпті. Бұл бұлақтың және үш сипаты болып: Біріншісі, білімді меңгеріп, ата кәсібін жетілдіріп, еңбек етіп «Батаменен көгеріп көктеу» тарихат жолымыз болса; Екінші сипаты, ғылымның көзі болып халықты парасаттылыққа апаратын ұлттық құндылығымыз тарихат жолын меңгеру болса; Үшіншісі, осы басылымдарда жазылып жатқан жан ғылымымыздың, тура жолымыздың қағидалары болған, әулие аталарымыз меңгерген, Құран ғылымынан заманына қарай хикметтерінен терең білімінен, кітаптарынан нығметін алу қағидалары мен мағрипат жолын меңгеру арқылы хақиқатқа жетіп, әлемдік рухани сананы жаңарту, тазарту еді.

Бұл енді Ақ ұлға келген мұғжизамен толық ақ бұлақтан тараған, аруақтың ақ бастауы болып басталған еді. Сондықтан да Ақ ұлға берілген мөрдің тек жүрек ашу мұғжизасы емес, тақуалықты меңгеруде пайғамбарлар істеріне жалғанумен және құранның ғылымын меңгеріп, құпия аяттардың кітаптарын алып, әлем діндерінің басын біріктіретін ерекше қабілетті аққу, сұңқарларды, дарынды, қасиетті, жоғары парасатты тақуа, таза білімді адамдарды да қалыптастыру болып, мөрдің үш дәрежелі сипаты болғанын менің өзім жақында Ақ ұлдың тылсымнан батамен ескертуінен кейін ғана білдім. Осы уақытқа дейін мөрдің тек екі сипаты бар деп жазғанмын.

Сонымен алдыңғы біліммен кәсіпті меңгеріп, тұрмыстық намаздарды орындау сияқты бір сипатын меңгергенмен соңғы екі сипаты дүниелік істерге алданған жеңілдік берілген қасиетті әулие аталып, ата жолының негізгі бағыты мен өнегесін көрсетуге бұйырылған, Ақ ұлдың жанына топтастырылғандардың қолдарынан келмеді емес, алғашқы кездерде белгілерін алып бастағанымен, кейіннен дүние қызығы басым түсіп, мойындары жар бермей, керісінше енді ата жолының екі жүзділік «мұнафықтық» иманын дәріптеушілер болып, әлі кезге дейін олардың арасында тұрақты әдетке айналып жалғасып келе жатқаны да даусыз.

Ақ ұл негізінен өзінің бастаған ісінің артына ерген сарбаздарына риясыз сеніп, жеңіске жететініне нық сенімді болды: «Жеңіске жетер күн жақын, Жеңіспен баба қуанғын. Тылсымда болар тойыңа, Осы өлең болсын сый шашу. Ақ шуақ күннің нұры бір, Бу менен судың түбі бір. Екі дүние заңдылық, Жаратқан Алла бір.». Таза бұлақтың судың негізгі асылы болған будан, яғни аруақтық денелерден «Бір»-ден тарайтын ақ бұлақты Ақ ұлымыз да Міржақып атамыздың өсиетін қайталап, насихаттап өткені де хақ.

 Қазіргі таңдағы муфтияттық ғалымдарымыздың: «Бір Аллаға құлшылық қыламын» деп бірдің негізін білмей жүргенде, Ақ ұлымыз сол кездерде-ақ қарапайым сөзбен бірдің заңдылығын Мұса пайғамбарымыздың: «тасты асамен ұрып 12 бұлақ ағызды» деген астарлы аяттың шешімін және Інжілдегі Ғиса пайғамбарымыздың аруағы екі дүние бірі болып, аруақпен көпір жалғанып Құдайдың тойы болатын, Інжілді, Құранды оқымай-ақ 12 бұлақ бірленіп, көктік белгісі 21-санды белгімен үкім болып түскенін, Айша ана туының  ғылымын түсіндіріп кетіпті. Тазалық, жанның шуағы да, махаббат негізі де қашанда аналардан басталатынына, Алланың сөзі бұлақ болып, Мәриям анамыз арқылы рухтың адамдық бейнесі болған Ғиса пайғамбарымызға қазақ басына да келген тарихи оқиғаның ақиқатын да растап тұрғаны сөзсіз.

Мұндай халықтың жалпы басына келген баққа өздерін ақылдылар санатына қосып, халықтың ортақ қазанынан несібе үлестірушілікке тұрған дүниеқоңыз, екіжүзді ағайындарымызға, әрине мұндай жаңалық тиімсіз болды. Сондықтан алдын-ала Ғиса пайғамбарымыздың  көктен түсетін уақытында болатын жағдайды, яғни Ақ ұлға келген үкіметтің екіжүзді ел, дін басқарушылар тарапынан болған аруаққа екі дүние тойына шақырушыларды мазақ қылатын рухани сынақты сол замандарда-ақ астарлап түсіндіріп кетіпті: «Құдай Патшалындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: Бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалып, қызметшілерін шақырған кісілерін алып келуге жібереді. Алайда сол адамдар келгілері келмейді. Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақылаған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер!-дегізеді. Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреулері саудасына кетіп қалады. Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып қорлап, өлтіріп тастайды. Мұны естіген патша каһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді. Сонан кейін қызметшілеріне: -Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты. Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып алып келіңдер!-деген жарлық береді. Жан-жаққа атанған қызметкерлер кімді кездестірсе-жаманын да жақсысын да бәрін жинап алып келеді. Той болған жер адамдарға лық толады. Патша келгендерді көруге  кіргенде тойға сай киім кимеген біреулерді көріп, одан: -Достым, мұнда той киімінсіз қалай кірдің?-деп сұрайды. Ол үнсіз қалады. Патша нөкерлеріне:-Мынаны аяқ-қолын байлап, сыртқа қара түнекке лақтырыңдар!- деп бұйырады. Сол жерде зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады. Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз» (22-тарау 1-14).

 Енді бұл астарлы насихаттың хаж сүресімен сандық мәнінің, аяттарының насихат білімінің де сәйкес келуінен де біздің дін имамдарымыздың: інжіл нұсқаулары күшін жойған деген әлемдік өтіріктерін де әшкере қылып тұрғаны даусыз. Мысалға, «…Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдыр. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. (1) Ол күні, әр емізушінің (балалы әйелдердің) емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің (екі қабат шалбарланған, жәндікті бейнелеген буаз қатындардың) іш тастағанын көресің. Адамдарды (ел, көш басқарушыларын) мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты. (2)…Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сыйынады (мүсіндер жасап, гүл қойып, дүниеге шоқынып, білімдеріне мардамсу, діншілердің бір-біріне, пірлеріне, хазіреттеріне табынуы) Міне сол ұзақ адасу.» (22 1-13)  Және әрі қарай жалғастырып оқысаңыз, бұл жағдайға түскендердің және енді қазақ елінде қандай сынақтармен аяқталатыны да, осы үкімге шақыруға келмегендердің соңы, жандарының қауымдық үйлерінің қиратылып өртелумен, жер бетінен тұқымсыз жоғалатынын да Інжілде қайталап, Құран аяттары да ашық  ескертіп тұр.  Ал, Ата жолының алғашқы 9 жылдық сынағына Ақ ұлдың тағдырындағы елшілік істерді жоғарыдан төмен қарай орындап, өз міндетін атқарып өтуімен, ал қалғандарына керісінше төменнен жоғары қарай сатылап көтерілетін тақуалық, иман шарттарын толық қалыптастырып, той киімін ар білімінің зейнетін қалыптастырып барып өту міндеттелді.

 Бірақ бұл жағдай керісінше болып, алдыңғы топтың шариғат шарттары мен масхаб дін істерін меңгеріп, ар сауытын «той киімін» алып, толық бой ұсынушы болғандар аз болды. Және «той киімі», ар білімі кейбір жеке ордаларда ғана қалыптасумен, ал қалған негізгі топтың қасиеттерін жетілдіру барысындағы міндетті болған намаздарды да теріске алып,  ата жолдың ата-баба ғұрпын, тылсым соғысына арналған қорғандарын, ар сауытын қалыптастыра алмағаны да сөзсіз. Сондықтан «той киімінсіз» жаннат есігінен қарай да алмай, аяндары жабылып, батаның құпия сыры, тереңдігі де жетілмеді. Әрине бұл жағдай әулиелер тарапынан батамен ашықтай қайта-қайта ескертілумен және әрбір ескертудің белгілі бір өлшемі болып, алдыңғы кезде қандай да бір істі қайта-қайта көрсетуге қалыптасқан жеңілдігіне әдеттенуден «аруақтың екі рет айтпайтын» шарты ескерусіз қалды. Сонымен жеңілдікпен сауап жасау барысында жинаған иман қуатының дүние қызығына айырбасталып таусылуымен, ондай адам баласына жеке тағдырына байланысты сақтандыратын, ақиреттен Құдай дастарханынан, жоғарғы дәрежелі әулиелер тарапынан болатын қолдауы, сыйы түріндегі негізгі ақирет білімін көрсететін ақпараттардың да тоқтайтынын ешқайсысы білмеді немесе білсе де мойындауға екіжүзділік тәубелері жібермеді.

Ата жолында мұндай сынақтарды жеңілдетуге тек Ақ ұлдың жүрек ашу мұғжизасымен ғана жаңадан тойға шақырылған  топтарға жеңілдікпен берілетін сый хикмет несібелердің көрінісімен ата жолы керуені тоқтаған жоқ.  Бірақ 9 жылдық сынақтан өткендер және жолға қатарға қарай қосылғандар арасында тақуалықтардың, тазалықтың тоқтауымен, ақиретке өтіп Құдай дастарханынан дәм татып келетін аққу, сұқарлардың, қасиетті пенделердің (аура, ісра-«скафандр») жан киімдерінің «қаб», ар сауыты болмауынан да, көктен түсіріп, жердегі аруағымен қосылып бейнеленетін хикметті белгілердің аруақтар арқылы жеткізіп беріп жатқан несібе нығметінің азаюымен, ақ бұлақтың көзіне шөп-шаламдар түсіп, батаның да терең сырының тазалығының да тоқтап, тек үгіттік ақыл сипаты қалып және  арттағы жаңадан қосылғандардың; «Арбаның алдыңғы шанағы қалай бұрылса, артқы шанағы де солай бұрылатыны» сияқты тура жолдың қисығына қарай түсіп алдық.

Аққуларымыз ата жолының көңіл-арбасын тәкаппарлықпен көкке қарай сүйреп үлгі көрсетсе, сұңқарлар жайлы мекеннен шықпайтын шортан болып, өздерінің ойын-сауық және тегін азық жейтін мекеніне қарай тартып, ал бұларға көмекке тұрған сарбаздарымыз көбінесе жерден басын алмайтын бақа-шаянға айналып алды да, бұл негізгі керуеннің көңіл-арбасының жалпы ұждандық қабілеті, тазалық періштелігімен бірге тура жолды меңгеруге бағытталған хикметті жүрісі де баяулағаны да даусыз. Ата жолына келген әрбір пенденің қандай да бір білім, қасиеттілік дәрежесіне қарамастан, негізгі шариғат тазалықтарын масхаб білімін меңгерумен- тән, рух тазалығын меңгеруде көркем сөзді және Құран білімін, астарлы сырларын меңгерумен ғұмырлық, тағдырлық күнәлі екіжүзді болмыстарын тазартып, сонан кейін ақирет білімінің құпия сырын, рухани дарындылық, қасиеттерді меңгеріп жетілдіру арқылы ғана жан тазалығын қалыптастыруға көк жолдарымен, өзінің екі жолын тұрақты жалғану тақуалықтарын да меңгеру шартты болды. Және тарихаттық жобаны меңгеруге байланысты, аруақтардың аттары аталып, құран арқылы шежіреге қайта жалғанып, басы көтерілген аруақтардың жүрекке, көздерге айналып, соңдарына еруімен ғана арттағы тағдыр істерін көрсетіп ескертуімен, сақтандыруымен соған байланысты адам баласының қарсы амал қылып орындаған, оқыған намаздары арқылы тазарып, меңгерген құран білімдері арқылы күш-қуат алумен ғана алдыңғы жаққа, болашаққа қарай өтіп, жол көрсетуші қызметке сапқа тұрғызу міндетті болды. Сондықтан да тән тазалығы дәретті толық қалыптастыру мен бірге ар сауытын бейнелейтін денені, яғни бойды жетілдіру үшін аққу, сұңқарлар мен барлық ата жолының 9 жылдық сынағынан өтуге міндеттелгендер де қазақтың заманға сай ғұрыптық және тақуалық киімінің де үлгісін қалыптастыру міндетті болды және батаменен жеке-жеке ескертіліп те отырды. Бұндай жағдай негізінен әрбір ата жолына келген пендеге алғашқы кезде батамен ескертіліп, насихатталып, кейіннен аянмен үлгілері көрсетіліп отырғанмен, кейіннен бойы үйреніп, қайта ескі әдеттеріне оралумен, оны меңгеріп толық орындағандар санаулы-ақ болып, ал орындағандардың өзі көбіне дұрыс меңгере де алмады.

Негізінен жалпы қазақ еліне келген қасірет сөз астарын, батаның маңызын жете меңгермеуден және аруақтың бір ескертуді қайта-қайта қайталмайтын сөз, бата-аят заңдылығы ескерілмеді. Жалпы ата жолында алғашқы келген пендеге бірден тақуалық киімді ескертпейтін, тек дәрет және тәні жабық болса аруақ тарапынан мақтау келіп,  жол-жобасын көрсетіп жетекке алына бастайды. Ал енді алғашқы 3 жылдық кезеңнен өтіп бойы үйреніп, сенімі бекіген жағдайда ғана тақуалық киімді түрлі жағдайда аянмен немесе жалпы көпшілік батасымен ғана ескертіліп: «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» деген ұстаным болды. Бірақ ата жолына әбден бой үйреніп және арамнан тазарып, күнәдан ақталуға сынаққа уақытша берілген күнәдан ақталуға берілген жеңілдікпен сыйға берілген қасиеттің буына мас болғандар, мұндай астарлы батаға ақылмен иман келтіру түгіл, керісінше «енді маған керек болса, аталарым өзіме арнаулы жүрекке салып айтып отырады» дегендей надандықтың, мақтанның жетегінде, өз ойына келгенін істеу  жалпы әдетке айналып та үлгірді. Ал, алдыңғы қатарда өздерін ұстаз атап және шәкірттеріне көрсеткен теріс қылықтары қамысқа түскен өрттей тез тарап, үлгіге айналып, кейінгі келген жастардың ұқсауға тырысуымен, ал оған тыйым салғандарға, әсірсе иманды, білімді арамыздан шыққан текті, арлылардың артынан жала, өсек сөздерді ертіп, аққу қатындарға дем берген жоғары топтағы қатынбасты еркектердің де көмегімен жабылып қудалап, ата жолын тастап кетуіне дейін жағдай жасағаны да болды.

Ата жолының негізгі салты болып, әйел затына ұзын етекті көйлекпен және аяқты және қол мойынға дейін толық  жауып тұратын киімі міндетті болып, орамал да екі қабат және толық шашты жауып тұру шартты болды. Және үнемі дәретті үзбей сақтап отыру үшін де аяққа мәсі киіп, тәндегі тер бездерінен суға айналып шықпаған иістердің аяқ арқылы толық тазару үшін жылы ұстау да 3 жыл кезеңнен өткендерге міндетті бола бастады. Бірінші 3 жыл тәнді толық тазартумен ар сауытының қалыптасуы болса, екінші 3 жыл рухани тазалықтың сөз, тіл мінезінің де тазалығымен, тәндегі өлген мал-еттердің қайта тіріліп тазаруын, ал соңғы 3 жыл қан тазалығының діл білімінің, жан тазалығының толық қалыптасуын қалыптастыру шартты еді. Бірақ кейбіреулер етегін жапса, қолы, мойын, иығы, яғни аруағы жалаңаш болып, басындағы дене мүшелерін де тазартып, күте білмей, балтыр, аяқ еттерін, малдарын тылсым және сұқ көздерден теріс қуат алып араларын бөлшектеумен, өлтірумен, немесе басы толық жабылмағандықан қолы қанат аруағы да жетілмей, соған байланысты ар сауыты, ден-ақыл саулығы да жетілмей қалып кедергілерден, сынақтардан топ-топ болып сүрініп жатты. Ал аяққа мәсі киюді меңгеріп, жынын, сөз, қылық — мінезін ауыздықтағандар, сезімін шайтаннан тазартқандар, және деннің, ар сауытының толық тақуалық киімін  қалыптастырғандарды, бой ұсынып намаз оқушыларды көптеген жүздеген аққулардың, сұңқарлардың ішінен ол кездерде санаулы ғана кездестіруге болатын еді.

Ал еркектер жайына келсек, мәсі түгіл жынды сары суынан тазарту үшін, еркектер үшін ой бұлағы болған негізгі «чакра», бұлақ көзін су буын шашыратпай бой қуатына айналдыратын басты киесі бөрікті болуды, бас киімді меңгергендердің және толық бой ұсынып, намазын толық орындағандары да аз ғана болды. Және еркектер үшін ақ бақсылық қуаттарды меңгеру жолында қамшымен тазарту әдістерін меңгеру де міндетті болды. Бірақ бұл жағдай алғашқы кезде ата жолы ішінде кең таралағанымен, кейіннен үкімет тарапынан бақылау, тыйым салумен мұндай қашайын деп тұрған қоян жүректерге жақсы сылтау да болғаны да даусыз. Сонымен мұндай еркектердің бақсылық қасиеттері арқылы тазарудан өте білмеген, сондай еркектердің бақылауында жетекшілігінде болмаған қандай да керемет дарынды әулие атанған аққудың да ар сауыты осындай адалдан арам көп және жастайынан ата ғұрпын толық меңгеріп, таза қылып өсірмеген әйел затының тазарып, ар сауытының толық бекуі тіпті мүмкін де емес екенін де білгеніңіз жөн. Және мұндай тазартушы жоғарғы дәрежелі ақ бақсы ер азаматын жетілдіру үшін де әйел тақуалығынсыз «Ауру астан, дау қарындастан» дегендей, қолы ағарған, аруағы қалыптасқан әйел қолынан ғана тамақ ішуді меңгермейінше мүмкін де емес екенін де естен шығармаңыз. Енді рухани қасиеттерді меңгеру барысында әйел затының егер де тақуалық  киіммен ар сауыты қалыптасқан болмаса, оның тазару жолына түскен жұбайына және маңындағы дастархандас болған, тура жолға салынғандардың бәріне де тамақ арқылы теріс қуаттардың, он саулығының, малының тазармай, сезімнен пайда болатын мандық сенім қуатының, керісінше у болып ену қаупі еселеп артатынын біле бермейміз. Сонымен  үнемі ақ бақсылықты меңгерген еркектің қамшысынсыз, әйел заты тақуалықты, тазалықты толық сақтап тұруы да мұндай арамның жетілген заманада мүмкін де емес. Және де қасиетті еркектің тақуа әйелмен ғана неке арқылы таза өз үлесін, киімін, рухани азығын алып үнемі тазарып отыруымен және әйелінің жыныстық қуаттылығы да қалыпты таза болып, ерінің етін, қанын тазартушы бола алмаса, ондай ердің ата жолының негізгі биігіне көтеріліп, ақ бақсылық үлгіні қалыптастыру да мүмкін емес. Ал жеке-жеке жағдайдағы ерлер мен әйел заттарының қандай да бір дарынды, қасиетті болғанымен бәрібір ібілістің тұзағынан өтіп кету де құран философиясына, Алла үкімдеріне де, пайғамбарлар сүнеттеріне де қайшы болады. Бұған негізгі себеп жүрек көзін ашу мұғжизасы бойынша келіп жатқан нұрдың әсерінен, ата жолына келген қандай да бір пенде баласының рух пен тән, тән мен жан және жан мен сезім қуаттарының арасындағы ескі күнәлі қараңғылық перделерінің нұрланып ашыла бастауымен, бүкіл денеде қуаттардың ағысы болып, кейде дауыл соғып бұрқанған көлдей толқынды, кейде сарқыраған өзендей адуынды қуаттардың алмасуымен, алақанның бір ысып, бір суып, түрлі пайдалы, пайдасыз өрістерді шығарумен, тәндік зат алмасуын да, түрлі иістердің тәннен бұрқырап шығуына да әсер беретін еді. Сондықтан мұндай жағдайда қасиетті әйел мен ер арасындағы неке төсегі арқылы да және ордаларда тазарту емшілік істерін меңгеру де тиісті болып, ескі қуаттарды, отынды уақытылы жағып, алақан жылуын, діл қуатын да өзара алмасуымен, пенделер арасында да бір-бірлерін тазартуға қуаттар алмасуын қажет ететін. Бірақ, көптеген ордаларда мұндай жағдайдың қалыптаспай, білімі де болмай және кейінгі кездерде тәнді күнәлі рухтардан тазартудың негізі болған қамшыға да, ата жолының басқарушылары тарапынан да тыйым салынды.

Ата жолында тек батаның ғана кереметін жеткізе білудің арқасында ғана халықты жалпы керуенге шақырумен атқарылып, ал негізінде әрбір ата жолына келген пенденің әулие басынан шығатын нұрдан қандай шипа және рахмет алуына ғана байланысты болып қалды. Бірақ бұл шаралардың да азғындыққа түсуіне жәрдемге  шайтан араласып, өз жамағаттары арқылы дәретсіз, арсыздықпен зияраттарды аралаудан, әлі ештеменің мәнісін түсінбейтін пенделер түгіл, енді ондай арсыз істерді аққу, сұңқарлар және өз бетінше зияраттаушы емшілер, қатындар да болып, оған «шортымен» яғни шайтан дамбалмен, жалаңбас жүретін ерлердің азғындары, аузы боқтан босамайтын, жүректері сезбейтін хайуанға айналғандары да  үлгі көрсетіп, мұндай көк суының ақ бұлақтарының қазақ елінде шөп-шалам түсіп былғанбаған әулие басы қалмағаны да хақ. Енді осындай зияраттардан нұр, ар суын ала да білмейтін ер, әйел затының да бой киімін сақтамаудан неке төсегі арқылы бір-біріне беретін сыйы, зейнет киімі, яғни жыныстық ұрығының ар киімі де ластанып, жұбайларына төсек арқылы азық болып енумен ар сауытының арамдануы да сөзсіз.

Мұндай жағдайда әуелі әйел затының шайтанын өсірумен,  жынды мінезді қылығын да, ойлау қабілетін де, діл білімін, сезім қуатын тазартып жетілдірмей керісінше еркекке беретін теріс қуаттары да жетіліп, ерінің  қанын да аздыратыны да даусыз. Ал Ақ ұлдың жеке басына жұбайларының мұндай қасиеттермен тақуалықты сақтамауы мүлде қауіпті және жаратылыстан тағдыры мықты болып, жоғарыдан келген  әулиелік, періштелік дәрежедегі аманат жанға қатерлі де еді.

Негізінен қарапайым қасиетті меңгерген сұңқарлардың 9 жыл сынақтан өтуіне қарай ғана жан мен сезім және сезім мен көк нәрселерінің, мүліктерінің арасындағы перделердің толық ашылуы қандай дәрежеде мөрмен байланысты хикметтерді меңгеру рух, тән, жан тазалығына байланысты өлшеніп берілу тиісті болды. Ал Ақ ұлдың негізгі мөрдің сақтаушысына мұндай перденің бастан ашық болып, қуатты, тазармаған жанға қауіпті ақпараттардың келуі де мөр мұғжизасына байланысты, маңдайдағы басқарушы жанның періштелік дәрежесі «жұлдыз»-насыр болып, Раббымыздан белгілі бір кезеңдерге дейін қорғалған еді. Және 9 жылдық сынақтардан өту барысында тән, рух, жан тақуалығын, ар сауытын толық қалыптастырып үлгеру тиісті болды. Енді Ақ ұлдың 9 жыл сынақтан өтуге байланысты, бұл перделердің толық ашылып және бастапқы аманаттарды «насыр» жанды, күзетші періштелерді өз орнына қайтарып,  ата-анамен тәнмен, рухпен тіршілік барысында  қалыптасқан мал қуаттарын меңгеруге және соған байланысты туылған аруақтың да жоғары періштелікке дәрежелікке қарай толық тазартуға арналған сынақ кезеңі басталған да еді.

Негізінен діннің сопылық жолындағы барлық адам баласына берілетін, мұндай сынақтардан өтуге арналған ішкі жан сағаты 3 кезеңнен, 10 күннен, 6 айлық рухани малдық, қуаттық түрлерінен және 4 мезгілді сынақтардан да тұрып Шәкәрім атамыз оның негізгі ортасы маңызды әрі қауіпті деп ескерткен. Сол орта өмірдің екінші сағаттың зейнеттелуі 48 жаспен аяқталып, 49 жастан бастап адам баласының рухани қажылығы яғни 97-санды қабілеті пайда болу керек.

Бұрынғы замандарда мұндай белестерді толық меңгермей және аруақтардан жол салмаса өз бетінше қажылыққа да, дүние шашып та бармаған. Егер аянмен қажылыққа шақыру келмесе құлшылығым әлі жеткіліксіз деген аталарымызда ар білімі болған. Сондықтан да бұл сатыны Інжіл кітабында; «Назареттік ант» деп бастағы періште жанмен қоштасу, мойын мен дененің толық жалғануымен де қауіпті кезең болып және бұл сыннан, рухани дәрежедегі қажылық өліммен кездесу сатысынан өткен жағдайда шашты сыпырып алдырып, «басым ақиреттік болды» дегендей және денені, мойынды да толық жауып тұратын арнаулы киім де киген. Осы жастан ғана бастап сопылық істерді меңгеру және бұрынғы адал нәрселердің күмәнға айналып, тамақтың да өзін сол замандарда абайлап ішу дағдысы да қалыптасқаны сөзсіз. Және ендігі масхабтық «халал стандарт» дегеннің өзі құран аяттарына қарсы, барлық дінде де жалған пәтуа. Негізінен шерік қатып, дінді бөлшектеу амалына, шайтан жамағатының әрекеттеріне жатады.  Енді осындай қатерлі тура жолға шығуға байланысты пайда болатын сынақтардан кезінде барлық әулие аталарымыз өткендігі және ондай жағдайда Абай атамыз: «Сопылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған бір тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған сопылық?» деп дін бақташысы шопан болып, сезім қуаттарын жетілдіріп, сопы-дәуріштік хикметтерді меңгеру үшін, әуелде көңіл қуатын тек тақуа әйел затының жанынан келетін сенім қуатын және жүректе толық тыныштық қоғамдағы, ортадағы тұрмыстық жағдайдың да бірқалыпты болуымен міндетті  екенін ескерткен.

Бірақ Абай атамыздың сондай ала сапырын уақыттарда да сопылықтың ғылымын бағып, құранды тәпсірлеп кетуінің өзі жар, жұбайларының сенім қуатының неке, көңіл суының, от басылық тұрмысының тақуалығы тазалығы да болғандығын көрсетеді. Ал Ясауи бабамыздың жер астына кіру хикметі мен көптеген әулие бабаларымыздың Шопан ата, Пір Бекет аталарымыздың елден жырақта таудан мешіт салып өмір сүруімен және Шәкәрім атамыздың мүлде қатын, баласын да тастап, жырақта тау кезіп кеткендігі осы сопылықтың жанға қатерлі дәуріштік хикметтерін меңгерумен, жан қуатының жаңа сапаға дәрежеленіп жетілумен байланысты болған. Бірақ ата жолының ерекшелігі де мұндай сынақтардан халық арасында жүріп, ерекшеленбей-ақ қарапайым жағдайда да өтуге болатын.

Мұндай дәрежеге жету жолындағы діл білімі болған, еркек иманының қуатының жартысы болған, тура жолдың сопылық дәрежелердің бұрынғы замандарда үлкен сынағы болып саналатын әйелдердің де жүрек ашу мұғжизасына байланысты күнәларынан тазаруға қасиет те, нұр да тегін сыйға берілуімен аққу, сұңқар жұп болып, мұндай хикметті істерді меңгеру ата жолында тіптен оңай болды. Және осындай ата-бабамыздан қалған үлгі-өнегені қайта заманға сай қалыптастыру үшін де, Ақ ұлдың жанындағы жоғарғы дәрежемен сый берілгендерге де осындай ділдік қуаттарын жетілдіру үшін де, алдын-ала ондай еркектерге ескертілумен және тек аққулар арасынан ғана өздеріне екінші әйел, көмекшілікке тоқал алуға да міндеттелген еді. Бірақ қашанда пендешіліктің басым болатынынан,  мұндай жеңілдікті олар керісінше, дүние қызығымен алмастырып, сабырмен аян арқылы құпия көрсетілумен, Алланың бұйрығымен ғана некеленуді өздерінің сезіміне бой алдырумен алмастырып алғаны да сөзсіз. Сондықтан енді мұндай жағдайда діл тазалығы сақталмай, сана қуаты да толық жетілмей,  жоғары тазалықты, сенім қуатын, иман дәрежесін, тақуалықты ғана қажет ететін хикмет несібелерінің, аят үкімдерінің шындықтың аян, уахи болып көріне де алмауына байланысты берілетін сый, хикмет көрсететін ақ бақсылық қалыптасуы да, ерекше қасиеттердің көктен берілуі де, ата жолындағы ондай пенделерге мүлде тоқтағаны да даусыз. Және ата жолына бұрыннан түсіріліп, көрсетіліп жатқан хикметтермен бата, аян болып оқылып жатқан аяттар мен аруақ кітаптарының ашылуына қарай, оған қарсы күнәлі қара күштердің де жетілуі болып, көмекшілері сахабалық қасиеттерді меңгеруге тиістілердің, сенім артқан иықтастарының мұндай хикмет күштерін меңгере алмау себебінен де, Ақ ұлға да мұғжиза қуатын сақтап күтуге де қауіп төнумен, әулиелер тарапынан ескерту бата беріліп; Көпшілікпен бірге тамақтануға тыйым да салынды. Бұған негізігі себеп, енді Ақ ұлдың 9 жылдық сынақтан өтуімен сезім қуатының тазарып, негізгі әулиелікке жеткізген жанның өз міндетін атқарумен аманатты өз орнына тапсыру сағаты да соққан еді. Яғни екінші өмір сағаты да аяқталып, үшінші сағатқа ауысу сынағы да басталған еді. Аятта; «Сендер бір жағдайдан екіші бір жағдайға өтесіңдер» деген аяттың үкімі де ата жолында және жалпы қазақ елінде рухани дамудың, қиямет мезгілінің, тура жолдың дәрежесіне бірінші болып Ақ ұл көтерілуі тиісті болды. Сонымен бірге ата-анадан берілген рухани жанның өз еншісін алып; бірге көкке періштелерге, кітаптарға, уақиларға, жаңадан түсетін ата жолының үкімдеріне тікелей жалғану кезеңі басталған еді.

Осындай жағдайларға байланысты да, ата жолының мөр мұғжизасына байланысты да қазақ елінде ақпараттық, аруақтық жетілудің де жалпыға бірдей екінші дәрежелі қуаттарды толық  меңгеру сынақ кезеңі басталып, тарихаттың терең қойнауынан пайғамбарлық дәрежедегі жағалы бабаларымыздың бастары көтеріліп, әлемдік кеңістікті де ақпараттық жаулаумен, көптеген тарихи құпиялардың да өз сырын, хақиқатын көрсететін кезеңі де басталған еді. Бұл біздің шаруашылық істерде жүрген ел, көш басшыларының да рухани жетілуін қалыптастырумен бірге, қазақ елінің жалпы өркениетінің дамуын ілгерілеткені де хақ. Ал дін ілімі саласындағы мұндай жағдайдағы теңіздің терең түбінен келетін сырларды, қуаттарды меңгеру жолындағы тақуалықты меңгермегендер және аманат қасиеттерді дүниемен айырбастап алғандар үшін, керісінше жүректердің жабылуы, батаның ақпараттық дәрежесінің азайып, аян, уахилардың да көмескіленіп, оқылып жатқан кітаптар да құпияланып жабылуы да болды. Сондықтан бұрынғыдай ашық ескертуге үнемі батамен жетелеп отыруға жеңілдік алғандар да, енді мұндай хикметтердің тоқтауымен жолынан адасу басталып, кейбіреулеріміз бағытынан мүлде басқа жаққа қарай, тура жолдың қисығын таңдап, дүниелік істермен ғана шұғылданып кетуі де заңдылық болды. Сонымен бірге, Ақ ұлдың мағрипаттық, хақиқаттық ақпараттарға жалғануымен, мөрдің үшінші сатысы толық күшіне еніп, енді мағрипаттық білім жалпы қазақ еліне аян болып оқылып, білім-ғылымның да бұлақтары ашылуға, жағалы дана бабаларымыздың аруақтарының бастары көтеріліп, ұрпақтарын ерекше дарынды қасиеттерді меңгеруге негізделген құранның құпия сырлары, аяттары  айқын болып көрінумен, жалпы біздерге әлі жұмбақ болған хикметтері де көрсетіліп, ата жолын әлем алдына көрсетуге дайындық кезеңі басталып еді. Енді мұндай құпия сырлардың ашылуымен бірге, оны көктен жеткізетін жанның да қорғаныс қабілетіне, жанына қосымша нұрдың келуімен, бұрынғы жалпыға бірдей болған істер мен әрекеттердің кейбіреулері, енді мұндай іске шақырылғандар үшін күмәнді, әрі ескермесе қауіпті жағдайға апаратын сынақтармен де байланысты болды.

Мұндай жоғары дәрежелік елшілік қабілет, қасиеттерді Алланың қадірін, құпия жан білімін меңгеру барысында тек үнемі ораза ұстап, жұртқа адал болғанмен, саған күмәнді болған барлық тағамнан бас тартумен тазарған, қолы ағарған, намаз оқушы, ар сауыты жетілген некелі әйел затының ғана қолынан жеке тамақ ішіп, үнемі нәпсіні күзетумен және ондай көмекші әйелдің қырағылымен, күзетшілігімен, жәрдемімен ғана іске асатыны сөзсіз еді. Болмаса ас, тағамдар арқылы шерік қосылу қаупі зор болмақ. Бұл жағдайдың пайғамбарымыздың да басында болып, жары болған аналарымыздың тақуалықтарының арқасында ғана ислам дінінің қазынасы толық түсірілуге, кітаптарының оқылуына септігін тигізген ислам дініндегі аналар еңбегі мен қадірін де өз орнымен бағалай да білген жөн.

Бұндай жағдайда адам баласы ақиретке кітабының жалғануымен, пір болған әулиелер жетегімен ғана өзін жетілдіру әрекеті ғана сынақтан, кедергіден сүрінбей өткізе алатын еді. Бұған байланысты масхаб діншілері және хазіреттері ұсынған шариғат білімі де, «намазхандығы» да жеткіліксіз және Құдай ісі болған пайғамбар шапағатына жалғанып, тікелей бағдар, бағыт алып отырмаса адасып кету де қауіпті болмақ. Сондықтан діншілердің қаралай әулиелерді зираттағанан шерік, жын қосылады деген сөздері жалған болып, керісінше тазарған жын періштелік қуаттарын үнемі киелі жерлерді, ойпаттарды тылсым пірлерінің көрсетуімен зияраттап, жанға қосымша қуат алып, рухын жаңалап, ескіргенін тазалап отырмаса, хаж-нұрмансыз тағы да қауіпті болмақ. Ал, ата жолының шеріктер қағидасы да, ар сауытын қалыптастыруы мен мектептік, бағыттық, дүниелік, ақиреттік, сауаптық намаз сабақтары масхаб діншілері ұсынған шарттарынан мүлде басқа және күрделі де.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *