Ақылдың еркін меңгерген

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 167

Тағдырдан бар көп сынақ,

Талайлар жүр құлап.

Құдайын бар таныған,

Сүрінгеннен ес жинап.

Есті пенде жүр сынап,

Өзін-өзі кіналап.

Ешкімді сыртай жазғырмас,

Артын білер болжамдап.

Ақылға бұл тұзақ,

Өзгені жүр жамандап.

Жындылықтың көп түрі,

Тектімін деп амалдап.

Екі күннен жоқ сұрақ,

Жете, сана ой тұрақ.

Ардан сауыт кимеген,

Бес сезіммен ой құрап.

Құдайынан жоба алмақ,

Ақ қарасын айырмақ.

Жоғалды тектік қазақтан,

Жан ғылыммен дін бақпақ.

Жар нұрына жалғанбақ,

Алла досын дос қылмақ.

Асылдарын ұлықтап,

Раббына өзін ұсынбақ.

Ақылдан бойға сыр тарап,

Үміттің отын тұтпақ.

Ескі иманды тазартып,

Заманнан қуат алдырмақ.

Естілікпен ой толғап,

Артын, алдын болжатпақ.

Саяз ойлы көп «шыншыл»

Жынды деген ат қоймақ!

Тура жолым деп масһаб,

Діншілерің өңкей мас.

Құдайсыз жолды білмейтін,

Ғылымсыз-хайуан ақымақ.

Ақыл кейде жел құсап,

Алмағанда тез ұстап.

Жоғалады із түзсіз,

Судан шыққан бу құсап.

Тәнің жанға боп тұрақ,

Жанға ақыл байланбақ.

Өрнегі жанның бой өріс,

Зейнетпен киім бір болмақ.

Сасық иіс тұмшалап,

Ұятынан жоқ сұрақ.

Жалаңашқа өріссіз,

Ақыл қалай жұғыспақ?

Киімге қарап қарсы алмақ,

Кебін өріс кімде ақ.

Кебенегі даналық,

Тозақтан да құтқармақ.

Арын сатқан көп қазақ,

Ата жолын мазақтап.

Жете, сана таба алмай,

Ұлт тегінен жоқ сұрақ.

Дүние ісіне білімді ақ,

Кітабын жүр арқалап.

Есектерге есепсіз,

Ақыл артық, ес жимақ.

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *