Ақылға айырбастап күлкіңді…

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 174

«Ақылыңа айырбаста күлкіңді
Қайтесің сол күлкі деген шіркінді
Бейқам күліп өспеген соң өз басым
Сол күлкіні ұнатпаймын біртүрлі».

***  ****

Қысқа ақыл еркектерде бұл күнгі,

Жас баладай әдет қылған күлкіні.

Жас пен әйел мастыққа тән дегенді,

Пайғамбардың өсиетін кім білді?

Күлкі мастық ақылды да қысқартар,

Шолақ ойлы жас пен әйелге тән болар.

Ендігі күлкіменен өмір сүрген,

Еркектердің тегі азған- құнсыздар.

Абай дана күлкіні де сөз қылған,

Күлсең күл деген тек ызадан.

Дарақы боп босқа күліп мазақтап,

Арсыздыққа түспе деген тым арзан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *