Ақымақтық пен надандық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 226

Есті мен ақымақты ажыраталық,

Әр ұлттың бар әдебі жасына лайық.

Жат елдің арсыздық салтын алған,

Қой дер қожа, әй дер әже болмағандық.

Қазақтың тектігі кітабы барлық,

Құранның жеті үніне жалғанарлық.

Бұл заманың надандары білімді боп,

Ел басқарып, ақыл айтып берген жарлық.

 

Білімдіден шығып жатыр көп надандық,

Ақылға ойдың үні қоспағандық.

Даналар білімдерін қалдырғанды,

Ілімді меңгерумен ғылым алып.

Білімді көшірумен ақылға алып,

Әр заманың қарсылығын қосты анық.

Теріс ойын ібілістің меңгергендер,

Жасырын арасына ойын салып.

Білім ақыл болғанды заманда анық,

Адамзат азғындады білім жазып.

Ілімнен білім туған ақ бұлағын,

Жалғанбай жер мен көкке есік жауып.

Ақылға рұқтың күшін шындық алып,

Тастаған Құдай ісін нұрын жарық.

Ақылың жетпегеннің бәрі қорқу,

Сезімге шайтан жынды жалғап алып.

Қорқыныш Құдайды ұнатарлық,

Құраннан ақылға ой үлгі алып.

Құдайды ұнатқаннан қорқып жүрген,

Ел билеген надандар тиым салып.

Қорқамыз ата жолдан заңға нанып,

Серік қосу деген сөзді білімге алып.

Ата-ананы ақиреттік керек қылмай,

Құран оқып, құрбан шалу босқа қалып.

Ажалды айта көрме, қорқу анық,

Өлмейтіндей сөз айтар естен танып.

Кедейлік, жақсы көрмеу, бар мен жоқтан,

Қорқамыз таусылудан дүние байлық.

Ренжіту, мазақ болу жұрттан қалып,

Ұнамай қалам ба деп көптен қалып.

Сәттіліктен қорқамыз көз тиеді деп,

Қорқыныш қызың жүрсе жаулық тартып.

Ар, ұят, ынсап, ұждан бойға сауыт,

Қорқыныш болды елге келген қауіп.

Діннен қорқып, зайырлы елміз деген,

Саясат ұстанды билік жынды анық.

Құдайдай ел биліке сенім артып,

Жолдау шықса қуанамыз көріп бақыт.

Бас киімнен қорқатын ел биліктер,

Сор маңдайлық әдетті әдепке алып.

Өз халқынан қорқатыны болды анық,

Бүлікшіні арадан тіркеп алып.

Махаббатын жоғалтқан елің надан,

Ыза, кек, ашу, қызғанышпен намыстанып.

Ата-анаң сүймегеннің бәрін алып,

Махаббатың ұлттық дәстүр қалып.

Қанағат, береке, сенім, шаттық,

Ынсап, мейірім, бейбіт өмір қайдан алдық?

Әлемнің арсыз салтын жинап алып,

Гендірлікпен ұлттың тегі кеткен жанып.

Мәңгілік өмір сүрмек ұждансыз-ақ,

Ел биліктің ар намысы жоғы анық!

Қудалауға қорықпасты заңмен бағып,

Іздегенді махаббатты соттауы анық.

Болмаса итше талап қудалайды,

Ақымақ көп сөзіңнің сыртын алып.

Ілімді іздеп білімнен басын тартып,

Ақымақ дінші жүр масаттанып.

Масһаб, тарихаттар тура жол деп,

Ақиқаттан хабары жоқ аян, уақи алып.

Ажалдан қорықпайды дінші анық,

Масһабпен жанаттық болмақ анық.

Мың өліп мың тірілген қазақ болмай,

Мың күнәдан тазармас Алланы еске алып.

Ақтала алмай дінші де өлері анық,

Шайтан жын болады ақирет барып.

Адам – Құран кітабы тағдырға алған,

Жын сүресін тастаған көп қой тантық.

Түгелдемей кітабын құранды алып,

Табыныңмен жалғанбай, жыннан қауіп.

Жерден тесік, көктен саты таба алмасаң,

Жаныңнан қорқу кетпес жүрек тауып.

Шын жүрегің әулие-әмбие досты тауып,

Жаннаттық өмірге жалғанбақ қуат алып.

Аллаға мадақ, досына сәлем деген

Құранның аяты бар ғылымы анық.

Шын жүректен, шын қуаныш шығар анық,

Жалғыздығын Абай дана ақылға алып.

Қуана алмас бұл дүниенің қызығына,

Жынды атандым мен бүгін көптен қалып.

(Қаңтар 2017 жыл)

***  ****

2 thoughts on “Ақымақтық пен надандық  

  1. Мен де туған туыс, жақын таныстарымнан жалпы көптен шеттеп жалғыз қалып бара жатырмын. Жынданып кететін шығармын скоро.

    1. Ербол онда сабырлығың жетімсіз. Жалғыздықтан пайда табуды меңгеру керек. Шәкәрім атамыздың тау тасты кезіп жалғыз қалуында ғылымның сыры бар. Менде де ешқандай туыс, қатын бала-шағаның өзі қалмады түсінетін. Бірақ керсінше Құдайға жақындап келе жатқаныма жүректе қуаныш бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *