Ақын қасиет пайғамбарлық,
Дәуіттей даналыққа жалғанарлық.
Абыз, би, шешендердер жол көрсеткен,
Ар ісін қазақ тегін жанға аларлық.
Абай дана өлеңмен өрнектеген,
Ой мен тілді бір жүйемен есеппенен.
Сөз түзелді елім сен түзел деп,
Дәстүр, дінін қазақтың үгіттеген.
Ақындық қасиет келген дарып,
Жаратқаннан бұл да сынақ анық.
Пайғамбарды кезінде мазақ қылған,
Ақын еді дінге қарсы шыққан налып.
Ақындар көп сезіммен өлең жазып,
Дүние байлық елді азаптан құтқарарлық
Ел басшысын қарғап сынап жатыр,
Дәстүрін, салтын, ақын атын боққа малып.
Мал түгіл жаннан арың деген артық,
Ар жоғалса, жан өсіре ме дүние байлық.
Пайғамбардың өсиетіне қарсы ақын,
Дәстүрі мен Абайын санасы жоқ ұғынарлық.
Құдайдың оғы атады ол да анық,
Дәстүрі мен аманатын жоқ ақтағандық.
Ары, сана түгіл бір ақыл жетесі жоқ,
Жалаң бас, суық ми, арсызданып.
Нағыз ақын әулие ғой сөзі жарық,
Жарықты кім сыйламас, ақылға алып.
Ар, ұятын елдің дүниемен бағалаған,
Жындылықпен ақын атын боққа малып.
**** ****
Ақыны азған елдің сөзі оңа ма,
Ар-намысы қазақтың малыңда ма?
Халық қандай, ханы солай болмақ,
Құдайға қарсыласып пайда бар ма?
Ар-намысың мал дүние емес,
Жаның азған, байлығың мәңгі емес.
Арың түгіл жаныңды ойламаған,
Қазақта бір ақыл, естілік болды елес.
Көтін, төсін ашып қыз етексіз,
Төменгі санаң жоқ ұл жетесіз.
Дүниемен малға сатып өз арыңды,
Ел билікті қарғайды өңшең тексіз.
Дәстүріңді заң емес қорғайтұғұн,
Мал, дүние байлық емес сақтайтүғұн.
Сана түгіл жетеңді өсіре алмай,
Арсыздар көп аталы сөзді былғайтұғұн.
Аталы сөзге ақын жоқ тоқтайтұғұн,
Халықты оянуға насихатын арнайтұғұн.
Ақынында әулиелік, тақуалық тегі болса,
Ондай ел сөз ғылымында азбайтұғұн.
Ақын қайда дәстүрін сақтайтұғұн,
Ата жолын аманатын ақтайтұғұн.
Ұжданды ақындары текті елдің,
Ел билеушіні де адасып азбайтұғұн!
(маусым 2015 жыл)
*** ****