Ақырзаман белгілеріне қазақ ел билігінің қарсылықтарының нәтижелері
Былтырғы жылы желтоқсан айында әдеттегідей қазақ елінің рухани азғындауына құдайдан түсірілетін шындық үкімдерін жариялаған едік. Енді бұл шындықтың құдайлық хақиқатпен шынға айналуының қаншалықты пайызға орындалғанына әркім өз халінше сараптап көрсін.
Қаңтар айы; Көк байрақ толысады. Жеті бөлікке бөлінеді. Аймақтарда сараптау жүйесі басталады.
Ақпан айы; Көктен түсетін, айтпай, сезбей түсетін апаттар болады. Жол ережелерін мұқият қадағалау керек.
Наурыз айы; Әйел кіндіктілерге үлкен өзгеріс басталады. Тылсым құпияларына мән бермегенде қияметтік сынақтардың өріс алуы болмақ.
Сәуір айы; Қазақтың көптеген білімді қауым өкілдерінің рухани оянуы басталып, жетесінің қалыптасуымен арамза діншілермен, надан ғалымдармен арада ашық ақпараттық тұрғыда шайқасу, пікір таласу басталады.
Мамыр айы; Ата жолына, ата дәстүріне қарсы болған ер азаматтарының аяқтан ұсталып, мешеулікке түсуімен түрлі дерттердің жайылуы және ұлағатты сөздің құнын түсіну арта бастайды.
Маусым айы; Теңге-пұл-тиын-қағаз-су-жарық-азық құндылықтарының өзгеруі, ауысуы болады. Халықтың сабырлығы сынаққа түседі. 7 түрлі рухани өзгеріс басталып, адам бойынан көрінісін тауып, ата жолында таң қаларлық хикметтер де басталады.
Сонымен алғашқы бес айдың белгілері де ел билігінің, зиялы қауымның, дінші ғалымдарының пәтуаларына, ата дәстүрін халыққа насихаттап алға қарай қадам басуымен де көптеген ескертулердің жеке пенделер болмаса, халық арасында жаппай көрініс беруі де аса байқалған жоқ. Бірақ қазақтың жағалы бабалардың зияраттарын іздеп басын көтеруге біздерге берілген аруақтардың аманаттарын жариялағанмен, оған ашық қарсылық жасауға су апатымен әсіресе сарыарқа өңірінің дүрбелеңге түсуімен мәлім болды. Сонда бұл ескертулерге құдайдан келген белгі деп қабылдап, діннің ісіне, құдайлық парыздарға мойынсұнудан бас тартып, керісінше исламды терістеп кез келген жерде әулиелердің, батырлардың ескерткішін тұрғызып, гүл қойып шоқынумен және масхаб білімін тура жол атап, ата жолын соттап, қудалап, айыптау шешімдерін жалғастырумен зиялы қауым мен ел билігінің ашық қолдауына байланысты, ақырзаманның үкімі мамыр айында түсіп, ақ бөкендердің жаппай қырылуы мен және оның ірі қара, ұсақ малдарға ауысыумен де көрінісін тапқаны белгілі болды. Әлі де жалғасып жатқаны да жалғаса да берері сөзсіз. Соңғы маусым айының ескерту сынағының тамыз айында орындалып ел билігінің бұл іске мәжбүр болғаны да хақ.
Бізге берілген, аруақтар арқылы құдайдың ескертуімен мәліметтерді сайттар бетінде мүмкіндігімізше жариялап таныстырғанмен ел билеушілер мен ақпараттық қоғам және діншілердің қасарысып мойындауға илікпейтінін ашық білдіріп жатқанына қарай, енді жыл аяғына дейінгі қосымша түсетін ақырзамандық сынақ белгілерін де тағы баяндап көрейік; Керейхан мен Жәнібек сұлтан зиярат бастарын көтермей қазақ мемлекетінің 550 жылдық тойын атап өтуге байланысты көк жарылып, ерекше құбылыстар басталып, найзағаймен ескерту түседі. Ел билеушілер арасына бұл істі ұйымдастырған екі пендеге ажал үкімі түседі. Және қыз қатындардаң етексіз шалбар киген арсыздықтарына байланысты жаңа туған балалардың көптеп шетінеуі мен құрт ауруы да артады. Белсіздік белең алып, ажырасу көбейіп, наурыз айындағы ескертілгендей, әйелзаттарына енген нұрға байланысты жатыр аурулары, жатырдың кесілуі де артады. Сонымен бірге мамыр айындағы ер азаматтарға ескертілген белгі бойынша да үкімдері орындалып, тосын ажалдар мен ер пенделердің мүгедекке айналуы да күрт артады.
Біздің ел басшымыздың пәрменімен Калачи мен Батыс Қазақстандағы болған жағдайды адамдардың немесе табиғаттың өзгерісімен байланысты деп құдайдың ескертуі деп қабылдамай, құдайды түзетпек болғандықтан, осы іс басында шешім шығаруға қатысты жеті жоғарғы лауазымды пенделердің ажал құшуымен ескертіледі. Және ел билігінің құдайға қарсылық білдіруіне байланысты жер қара қуатының тосыннан артуымен Маңғыстау немесе Қызылорда өңірінде ошағы пайда болып, малдардың жаппай қырылуы басталады. Сонымен бірге жоғарғы жетесі бар, бірақ рухани жетілуге, ата дәстүрін меңгеруге құлқы жоқ лауазымдылар арасында жеті пендеге жүрек ауруының белгісі түседі. Кенеттен жүрек тоқтап қалуы да мүмкін.
Нұр отан партиясының түлегі Алматы қаласының әкімі болып қазақ дәстүрінің ел билеушілерінің ақылдың толып жетілуі, рухани кітабына жалғануға, қарекеттік ақылды меңгеру үшін өмірлік тәжірибесінің де маңыздылығына және құдайлық ескертуге, көріпкелдік болжамдардан, ел басшысының аруақтың білімнен бас тартып, партияны руханияттан биік қоюына да сынақ түсіп, нәтижесінде жеті айдың шамасында қайтадан қара су апатының қайталанумен зор шығынмен аяқталады. Ел билеуші мен дінші, зиялы қауымның ата дәстүрін сыртқы бейнесін алып, ал ар білімін терістеп бөлшектеп, бұқара халыққа өз ата жолын ұстануға заңмен кедергі қойып екі күнін жетілдіретін орамал, киімге тыйым салынып, керісінше арсыздықтың қандай түрін де ашық ақпараттық жүйеден дәріптеуге ұлықсат беріліп қойғаны да жалған емес. Астана қаласын ақылды қала атап, тұрғындарын европалық азғындық салтымен ақымақтыққа, ар, ұятсыздыққа байлап қойғанына өрт апатымен жауап келіп, келесі жыл мамыр айларына сынақ түсуі мүмкін.
Енді ібілістің ұрпағына айналып алып, жапай халықты шайтанның жамағатына айналдырушыларға беріліп жатқан ашық ескертулердің осындай іс басындағылардың жан ұяларына да сынақтардың, азаптардың, қайғы-қасіреттің басталғанын білген жөн. Сонымен бірге желтоқсан айы жол апатымен кенетен ажал құшумен еркешеленеді. Ата жорлының ордаларын жауып, қудалап, жазбаларды тартқандарды айып пұл салып, сотап өздерінің ойдан шығарған заңының құдіретілігін, құдайдың қаһарынан қорықпайтындарын көрсете білген сот, прокуратура, қаупсіздік қызмет атқарушыларның бәріне де қайғы-қасірет, өліммен ажалмен жауап келе бастайды.
Былтырғы жылғы астыққа сынақтың түсуін тез ұмытып кеткен ел билігімен, бұқара халыққа да егінің биыл 45-пайызы жоғалумен көрнісін табады. Және қазан айында ел қазанының ортайатына да ескерту берілді. Мұндай құдайдан алдын-ала берілетін ескертулер міндетті түрде орындалады деп түсінбеген жөн. Бұл ескертулер алдын-ала амал қылуға, құтқарылуға беріледі. Тәубеге келіп, жақсылыққа қарай амал қылғанда сынақтардың да орындалу пайызы азайуы да сөзсіз. Сондықтан енді діншілердің де ата жолының да хақиқат тұрғысында сыналатын мезгілі де келді. Қазақ дәстүрі, ақ бақсылықты меңгерумен, құдайдан сұрап табиғаттың мінезін басқара алуымен, уақтылы жауын-шашынды реттеумен және жер қазынасын артыруға, ықылымды қолайлы тұрмысқа бейімдеумен де байланысты.
Өкініштісі де ата жолындамыз дегендердің ел биліктің қудалануына, масхабшылардың азғыруына көнбегендердің басым бөлігі ібілістің ұрпақтарына, шайтан жамағатына айналып алды. Сондықтан ата жолының негізгі қадір қасиетін, құлшылығын дұрыс меңгере алғандар аз ғана. Ата жолын теріске бұрмалап, зиярат бастарын арсыздық әдеппенен ластап, өздері де екі жүзді шариғатың үкімдерін ұстанудан бас тартып, батаның қасиетін жоғалтып, түйсік батаға жол ашып, жүрек ашу тәсілін ойлап тауып, ата баба аманатын ақтай алмағандарға да қайғы-қасірет сынақтардың басталғанын және жуық арада 10 –аққу, сұңқардың ажал құшатынын, көптеген аты бар заты жоқ аққу, сұңқарларға азап үкімі түскенін де білген жөн. Құдайдың қазақ халқына берген бағын бағалап, түсініп зертеп меңгеруге, білімін ашуға қарсы болған лауазымды, зиялы қауымға, дін ғалымдарына болсын обалдары. Сонда да болса аздаған топтың тақуалықпен аруақтардың батасын, ақпараттық жүйені сақтай алғандардың ата жолының ақиқатын көрсететін күнде туды.
Масхабтың әлде түрлі тарихаттарды өздерінің дұғаларының қаншалықты құдаймен қабылданатын немесе біздердің ата жолдықтардың секта ма әлде әлемдік діндердің көш басында тұруға лайық па, таразыға түсуге де мүмкіндік бар. Бірақ ақыл неге жетпесе адамзат ол әрекеттерге барудан қорқады, құлықтары өздері меңгерген жындық өрістермен шектеліп қалады. Сондықтан біздің бұл ұсынысымыз ел билеуші, зиялы қауымның жетесіздіктеріне байланысты қабылдап, сынап көрейік деген пиғылы да болмасы, жүректеріне шайтан қорқыныш салып, олардың арасынан текті, намысты рухани батырлардың шығуы да екі талай іс. Сонда да болса түрлі екі жүзді заңдар шығарып, қалайда ата жолының жарыққа шығуына, халық алдында ақиқатын ашқызбауға кедергі жасап бағары да сөзсіз. Бұл деректерді болашақтағы біздердің түбінде ата жолының хикметін, ата-баба аруақтарының қолдауымен құдайдың қалауына жеткізе алатынымызды дәлелдеп және осы заман ел билеушілері мен зиялы, дінші қауымның ібілістің ұрпақтары, шайтаның жамағаттары болғанын дәлдеу үшін ғана ақырзаманның болғанына, ұрпақтарымызға тарихы мәлімет болып қалуға да керек болар деген мақсатпен жарияланып отырғанын да біліңіздер. (тамыз 2015 жыл)