Сағаты соғып қиямет,
Үш жыл белгі келген ед.
Мойынсұнбай ел билік,
Діншілер мазақ қылған ед.
Ақырған арыстан мамырда,
Үрілген сүр өлім салуға.
Ескертті Астана халқына,
Толассыз жаңбыр жауды да.
Ақбөкен жатыр қырылып,
Киесі дала сүрініп.
Ей адамдар, қараңдар!
Жығылды неге бұл аңдар?
Ендігі киең жылқың бар,
Қуатың тектік жалғанар.
Індеті келіп малыңа,
Киелі жануар қырылар.
Аманаты ұлттың сұралған,
Өлісін риза қылмаған.
Дәстүріңді елің алмаған,
Үш байлығың сонан жоғалған.
Жауабы келіп құдайдан,
Аруағыңнан қазақ сұралған.
Жаныңды енді құтқар деп,
Шыбын, шіркейден қан сорған.
Киесін қазақ ұмытқан,
Жер ана рұқын тазартқан.
Ойпатың бұлақ ашылмай,
Қуатың жоқ жанға қосылған.
Ел билеген көп надан,
Ғалымың болды залымнан.
Имансыз дінің масһабпен,
Жолынан құдай бас тартқан.
Достарын Алла «басқа» ататты,
Жалғанбай киеден бас тартты.
Ескерткіш жасап гүл қойып,
Аруағыңды ғұмыр тастатты.
Ата жол екі күніңді,
Жете мен сана үніңді.
Тылсымнан хабар алатын,
Соттаттың тура дініңді.
Ғылымын мирас алмадың,
Білімге алған малдандың.
Ғылымсыз хайуан көп елдің,
Әдетімен арсыз жалғандың.
Арсыз, ұятсыз салт алдың,
Сасық иіс тұман бауралдың.
Келді енді құдай азабы,
Аруағың жоқ қалай қорғандың?
Ақ жаулық, етек қорланды,
Қыз, қатын жынға зорланды.
Қан азып жандар жетілмей,
Дертті ұрпақ іштен туған-ды.
Ажалдың оғы атылды,
Ал құтқар енді жаныңды.
Кітабың аруақ ашылған,
Ұмытқан тектік жақынды.
Атаңның жолы тарихың,
Тура жол дінің дәстүрің.
Көре алмас дүние қоңыздар,
Азғырғанда бас идің.
Серік, шерік қосқандар,
Қияметпен сынап жазалар.
Таразысы Құдай тартылды,
Кімде ажал, кімге жаза бар.
Ұрпағың тексіз жоғалар,
Белдерден нәсіл алынар.
Еркекпен теңдік алғандар,
Құтырған қатын қор болар.
Дәулетке мас көптер бар,
Тұқымы құрып шөп болар.
Хайуанға жаны айналып,
Ит, шошқа болып қорланар.
Әулие аруағын қорлаған,
Шайтаннан жын атаған.
Ендірер Раббым өзіңе,
Азабың осы бір Алладан!
Тозақтың есігі ашылды,
Хақиқаты жерге шашылды.
Әділдігіне құдай қараңдар,
Кімге сор, кімге бақ қонар!
Тәпсірің бар, заңың бар,
Жинаған мүлік, малың бар.
Дұғасында кімнің пайда бар,
Ал куә халқым болыңдар!
(Мамыр 2015 жыл)
*** **