Ар білімі ескіден  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 112

Атаңнан Абай сөз білген,

Насихат қалған естіден.

Ретімен дене жаралып,

Ар деген қуат жетілген.

Басқа беріп тәж дәулет,

Беріпті Құдай бес қасиет.

Естіп, көріп, иіскеп,

Тілмен дәмін керек ет.

Асылын сөздің біліп өт,

Құлақты бұған жұмсап өт.

Құлақтың пірі Мұхаммед,

Пайғамбардан ал сүннет.

Көзіңді сұқтан сақта деп,

Аманатын құдай ақтап өт.

Ерінді күтсең арамнан

Жүректен сөзді сөйлетет.

Мұрныңда қабілет денемен,

Сезімдік қуат теріден.

Ырзығың еді жаннаттан

Адалдың исін меңгерген.

Бетіңде нұр ішіңнен,

Бойыңнан хабар білдірген.

Жаныңның белгі қуаты

Ибамен әдеп беттерден.

Төбеңде сана қуаты,

Теріден алмақ суатты.

Басыңды жауып қымтасаң,

Әділдік арың болмақшы.

Ақ жаулық тәжі нәзіктен,

Иісі жұпар еліткен.

Тәж киген патша қадірлі,

Жалаңды; Аш аң деген.

Кеудеңде жүрек көздері,

Жаныңа хабар береді.

Кеудесін бүркеп қымтаған,

Нәзіктерде жанның қорегі.

Аманаты жанның етектен,

Киіз үй қазық өсірген.

Босағаң екі аяғы,

Есігін ұят күзеткен.

Қыз өсіп арлы бойжеткен,

Махаббат дәні жүректен.

Дәні бар иманның нәзіктер,

Бақшасын ділдің өсірген.

Талабы дидар тілекпен,

Зікірін айтып жүрекпен

Шапағат нұрын расулден

Жалғайтын қасиет ерлерден.

Нәпсі ортақ әйел, ерлерден,

Біріне-бірі себеппен.

Азғыру әдет нәзіктен,

Көрсетіп сырын әуреттен.

Көз етін ердің өлтірген,

Жалаңаш арсыз әйелден.

Азса әйел әлем азғындап,

Жоғалар қасиет тегіңнен.

Мейіріммен қызын өсірген,

Қазақтың тегі дәстүрден.

Нәзікте мейірім нұр болса,

Қанағат сабыр күзеткен.

Мейірімді әйел бәйбішең,

Ерімен елмен бөліскен.

Әйелдер сыйлап бір-бірін,

Жүректер азбай ұлт жетілген.

Қыз өссе елдің көркі деп,

Ұл өссе тегі есті боп.

Болашағы ұлттың уайымсыз

Жүруші ед қазақ желпініп.

Ендігі дүние мақтаның,

Мәз болып арам татқаның.

Азғындап жастар мас болып,

Аңғармай кіммен жатқанын.

Білімін ардың жоғалтып,

Мақтанып намыс ұялтып

Кеудеңді соғып есірдің,

Ұлтпыз деп болған біз артық.

Құдайдың үнін тыңдамай,

Масһабың болды құдайдай.

Ел билік өзі тәңір боп,

Заңмен заман құрмақ-ай.

Алты жыл алда азабың,

Қайғыны түрлі татасың.

Әр күнің, сағат санаулы,

Арсыздық ажал жауабын

Күн келді елге алатын.

Іздемей түбі арыңды

Қазағым қайда барасың?

(тамыз 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *