Ар білімінің мектебі немесе масхаб өмір мектебі ме?

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 124

     Енді Абай атамызға жүгінсек ғашықтық, сүйіспеншілік, бауырмалдық, махаббат деген адамдық қасиеттердің бәрі жоғарыдағыдай имансыздыққа апаратын арман емес, тәрбиемен, дұрыс біліммен және дін заңдылығына сәйкес армандай білудің сапасына және сол арманына жетуге талаптанудан пайда болған ерік күшіне, қайратқа жүгінгенде ғана мүмкін болады екен.     Ондай да адам баласының жақсы-жаманды белгілі мақсат, мүддесіне жету үшін бағытталған іс-әрекеттерінің бәрі ар білімінің шамасына, намыстылығына тәуелді болмақ. Олай болса Ар білімі дегеніміздің өзі армандай біліп және сол арманыңа жету мақсатындағы әрекеттердің көрінісі болып қалыптасады да және қандай өмір мектебінен, яғни тұрмыстық әдет-ғұрпын, заман талабына сай салт-дәстүрін меңгеруге, яғни иманының байлығына байланысты болады. Ал, иман дегеніміздің өзі жақсылыққа қарай бағытталған әрекеттермен, істермен, ақыл-ой, сөзбен бейнеленген Арманның айнасы, жанның азығы, киімі, зейнеті және мақсатты арманның бейнелі жарықтық қуаты болып шығады.

Бұрынғы замандарда барлық адам баласының ғұмыр мектебі болып, тек дін құлшылықтарының яғни намаздарын үйрену  негізінде ғана дін мектебі болып аталып және бұл мектепте адамзатқа өмір сүру барысында керекті білім, ғылым, шаруашылық әдістері мен өнердің барлық кәсіптік салаларын да меңгеріп шығуға болатын еді. Қазіргі заман шаруашылық та, өнеркәсіптік және түрлі білімдердің ілімін үйренуді дін жолының намаздары арқылы қамту мүлде мүмкін емес және ақылға да сыйымсыз ұғым. Сондықтан  бұл өмір мектебін енді адамзаттың түрлі саладағы білім-ғылым, кәсіптік, өнерлік мамандықтарын жетілдірумен, түрлі соған байланысты шаруашылық ұйымдармен және ұлттық тәрбие, ана тілі негізінде жүргізілуге тиісті мектептердің бәрін ғұмыр мектебі деп атағанымыз жөн. Яғни, адам баласының бүкіл тағдырының қалыптасуы мен оған қажетті ұстаздар да осы мектептер арқылы дайындалып, бұл біртұтас дініміздің негізгі тіршілік арқылы намаздарды орындауды үйретуші өмір мектебі болып саналады.

Біздердің түркілік тарихи шежіремізде Һұд, Мәлік Сыдық, Салих, Ыбырайым, Ысқақ, Шұғайып, Жүніс, Мұса, Жақып, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар тұсында бүкіл өмір мектебіміз тек тылсым арқылы басқарылуда болуымен көр3нісін табады.  Енді шаруашылық әдістерінің жетіліп, барлық ілімдердің білімдік пәндік салаларының өзіндік сипаттарының пайда болуымен, адамзат дін-жанының білімділігінің жетілуімен де, біртұтас діни ғұмырлық тағдыр болып қалыптасып, оны ақирет және Раббымыздан заман өзгерістеріне қарай оқылып, көрсетіліп тұратын аяттары-аяндарын меңгеру арқылы ғана тазартып отырумен, адам баласының тағдырын белгілі бір жақсылық, ізгілікті жағына қарай тәрбиелеп және соған байланысты түсіріліп, көрсетіліп, сынақтар түрінде берілетін, тұрмыс жағдайында пайда болатын түрлі қиындықтар мен сынақтарды жеңіп шығып бақытты өмір сүруге тәрбиелейтін ғұмыр мектебіміздің қағидаларын тек дін жалбарыну, сыйыну амалдарын меңгеру арқылы жетістікке жету мүмкін емес және мұндай пікір ақымақтық болып саналады.

Бірақ бұрынғы біртұтас дін мектебі болған біл3мдер мен ілімдер тәлімдері заманның жетілуіне байланысты көптеген жеке пәндерге бөлінумен біртұтас ілімдердің өзіндік білімдік сипаттағы мектебі бөлініп шықты. Ал сәжде,  жаратқанға жалбарыну және ар білімінің амалдарын үйрететін дін жолының мектебі  діни ілім болып еншісін алумен екі түрлі көзқарастағы философиялық даналықтардың пайда болуын және өзара үнемі пікірталастардың туындауын қалыптастырды. Сондықтан бұл енді дін жолының мектебі аталған масхабымыз адамзатқа бұйырылған құлшылық істерінің 3\1 ғана қамти алып, оны атқару үшін мешіттер және шіркеулер сияқты құлшылық орындарының қызметшілері, ұстаздары, пайғамбарлар ізбасарлары имамдар, рухани әкелер болып саналады. Осы дін жолының мектебі болып халыққа пайдалы ілімді үйрету барысында түрлі ағымдар, топтардың өзара бәсеке таласы пайда болып, адам баласына енді өз дінінің тазалығын сақтау, жанын тазарту үшін рухани таңдау еріктілігі және діни ұстаным құқығы да беріліп қойған.

Қазақ елі бойынша исламдық мүфтият масхаб ұстанымымыз ұлттық негіздегі осы дін жолының мектебі болып саналып, сондықтан олар өздерін әуелі масхаб-мектеп деп атайды. Енді масхабымыз діни жолымыздың мектебі деп мойындасақ; онда, діни философиялық нұрландырушы кітабы болып, мемлекет тұрғындарының барлық саладағы ғұмырлық өмір мектебінің де, яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізбен барлық жағдайда халықпен бірге және сол мектептердің ортасы және ақирет өмірімен арадағы керуен сарайы болып, 9 жолдың торабында және барлық өмір мектептерінің ғылым, білім ордаларының ортасында ғана тұру керек еді. Енді шындығында біздің масхабымыздың барлық философиялық көзқарасы халықтың тұтастай мүддесіне сай және ақирет өмірі негізінен біздердің ата-аналарымыздың тағдыры рухани шежіремізбен біртұтас болып және барлық заман оқиғаларының кітаптарына жалғануға, өткеннен өнеге ғибрат алып, алдағы болашақ ұрпақтарымызға жарқын өмір мектебінің біртұтас ізгілікті шаралар бағыты мен тарихи ар-білімімізді заманға сай жетілдіріп, болашақтағы ұрпақтарымыздың тазартушы, нұрландырушы кітабын қалыптастыра алды ма? Немесе барлық ілімдер саласын бірлендірумен, жоғарыдағы баяндалған негізгі үш түрлі ілімдердің негізін қалап, яғни кәсіпке байланысты ілім, ілімге байланысты кәсіптер және қайырымдылық пен ата-бабалардан келе жатқан қисынды дәлелдерге байланысты; әдеттер мен ғұмырлық, тағдыр істерінің діни ілімі болып, барлық ілім мен білімдердің ортасы 4-шісі болып түгелдеуші, ар-намыс, ұяттың ілімі, ар білімінің мектебі болып қалыптаса  алды ма? Әрине таза ақылыңыз, естілігіңіз қалыпты болса, онда жоқ дейтініңіз де сөзсіз. Олай болса ар білімінің негізі ғұмыр мектебі қандай болу керек?-деген сауал өзінен-өзі сұранып тұрғаны хақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *