Ар және ман қуаттарын меңгеру құлшылықтары немесе бой ұсыну.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 122

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ар білімін және адам баласының рухани ақ сауыты бойын қалыптастырудың басты шарты әрбір адам баласының және сол өзі өмір сүріп жатқан отанының барлық тұрғындарымен және өмірден өткен ата-ана, әке-шеше дін қандастарың ар және ман қуаттарының біртектілігі, яғни ақыл-ойдың белгілі бір ортақ тарихи мақсат, мүддеде тоғысуымен көрінісін береді. Адамзаттың белгілі қоғамдағы алатын орны, қызметі т.б. қасиет ерекшелігі мен жыныстық, ұлттық, таптық белгілеріне және заман өзгерісіне құбылысына қарай армандары, (Ар; Ман азықтары) ойлау қасиеттері ұқсас болған жағдайда ғана әділетті қоғам, мемлекет құруға болады.

Енді әрбір жаратылыстың қозғалыс себептерінің белгілі бір қозғалыстық, әрекеттік, түрлік, жарықтық, сезімдік, қозғалыстық, иістік т.б. түрлі жаратылыстық ерекшеліктеріне байланысты кеңістікте алатын орны, яғни денесі болу шартты нәрсе. Осындай түрлі денелерден тұратын, белгілі күрделі іс егесі және жанның уақытша сарайы, тұрағы болатын тән пайда болады. Бұндай тәнді белгілі бір қозғалыс және уақытқа себепшіні Құран философиясы бойынша кісі деп атайды. Енді қазақта алыстан бір келе жатқан адам баласының сұлбасын көрсе: мысалға атқа мініп келе жатты делік, онда әуелі көлікті сипаттап сосын үстіндегі денені «Атты кісі келе жатқанын көрдім» деп сипаттайды. Сондықтан «Кісі» адам баласының жалпы қаракеттік түрлі денелерден тұратын күрделі белгі болып және оның денелік ерекшелігін «Аллаға тән» деп атаймыз. Олай болса, кісі қуат, яғни адамдық қасиеттердің денесі болған бойдың ақирет өміріндегі арлылық көрінісі. Сондықтанда әрбір жер бетіндегі пенденің тәндік құрылымына байланысты сыртқы өрістік қабы болып, оны кісілігі немесе Құранда «Бой»-деп атайды және бойдан барып өлгеннен кейін кісілік бейнесі, мәңгі өлмейтін түрлі сипаттағы рухани бейнесі пайда болу керек.

Енді әйел затының қуаттық жиілігі нөлден төменгі жиілікте және қызыл түсті сандар жинағын құрайтын болғандықтан, оның бейнесі періштелік, яғни су перілік сипатта болып, ұзын етекпен аяқ арасында ашықтық, қараңғылық болмай, керісінше нұрланып жарықтық  (киіз қазық) сипатта болып, сондықтан ондай қыздарымызды бойжеткен немесе періште деп атаймыз. Бой негізінен періштелік қасиеттің, тазалықтың пайда болуымен байланысты болып, әйел затының екі аяқтың арасындағы тақымдық өрістің жетілуімен, нұрлануымен байланысты болады.

Ал еркектің періштелігі жынмен байланысты, сыртқы қоршаған ортамен тәуелділікте болғандықтан, бойының жетілуі тек отбасын құрып, неке төсегінен әйел затынан алатын үлесіне ар киіміне, рухани егініне тәуелді болғандықтан «Бойдақ» яғни бойына үнемі қара дақтардың пайда болып, оны дұрыс жаға білуіне де тәуелді. Сондықтан еркектерге тек бой суытушы, яғни яғни тұрақты қатынасқа арналмаған, некесіз жыныстық қатынасты зинақорлық деп ескерткен.

 Әйел затының бойы, сезімдік, кісілік жиілігі шайтан періштесіне жақын және тән болғандықтан, көруші яғни төменгі жиілікте және ұзын толқынды болғандықтан әйел жолы жіңішке, әрі «Шашы-тіл жолы, тылсымды көріп қабылдау жетілген де, бірақ тылсымдық алыстан ақылы-есту қабілеті қысқа» деп атайды. Керісінше еркек шалбар киіп, жын періштелігін, күн, көк қуатын меңгеруге бағытталғандықтан, бас құрлысының ерекшелігімен есту қабілеті жетілген, яғни қысқа толқынды (укв) және жуан тербелістерді қабылдауға қабілетті болып; сондықтан естуші, көру қабілеті әйел затынан төмен, яғни салыстырмалы түрде еркек соқыр, әйел таза ақылды қағыс, жаңылыс  еститін саңырау болып келеді.

 Бұл қабілет қасиеттерді бойға сіңіру үшін жаратылыстан әйел төмен етекті, шайтандық қуаттарды тазартушы, меңгеруші қылықты «қатын» болса, ал еркек затын шалбарлы, яғни жын қуатын меңгеруге, тазартуға қабілетті ер (кісі) мінезді болу керек. Сондықтан да «Ар» қуатының да жыныстық ерекшелігі болып, сыртқы боймен байланысты қалыптасады да, ішкі сезімдік ерекшеліктен де ұяттық ерекшеліктің де сипатымен, әурет жерді жынысына сай қорғауды жаратушымыз парыз қылып, үкім түсіріп, ондай еркек және әйел жынысты құлдарын, өз кәсіптік, жыныстық ерекшелігін сақтаушы болғандарды «Бой ұсынушы» деп атайды. Бой негізінен ішкі рухани қаралықтардың жану әсерінен пайда болатын иістердің, сырттан келетін сәулелердің өзара әрекетімен жарыққа айналуымен қалыптасады. Сондықтан әрбір пенденің тәнінен шығатын иісі оның бойындағы жарықтық сипаты немесе арлылық белгісін де ескертеді.

 Жаратылыстағы адамзатқа ең жақын ұқсас хайуан маймыл мен шошқа болғандықтан, адам кісілігінің төменгі бейнесі осындай сасық иісті доңыз бен жындылықтың жоғарғы пенделік бейнесі маймыл болып үгіттеледі. Сондықтан еркек бой-кісілігі әйел сияқты қылықтарды кәсіпке айналдырумен, өрістік шегін меңгере алмаудан маймылға, ал әйел арам мен адалдың шегін білмей және еркекке ұқсағысы келсе, мүлде бойсыз, ар сауытынсыз, денесіз жалаңаш қалумен доңызға айналып, өз баласын, рухани өнімін өзі жейтіні даусыз.

Діннің негізгі мақсаты осы ар білімін үнемі жетілдіріп, адам баласының заманына қарай табиғи сырттан келетін әсерлерден және қарсылық тіршілік егелерінің адам денесінен, бойынан, рухани сезімдерінен, тәнінен, жанынан өз орнын алуымен байланысты, күн-түн демей үнемі жасалатын шабуылынан қорғана білетін ар-ақ сауытын қалыптастыру мақсатында, білім ғылымның да дамуына және заман өзгерістеріне күнәлі нәрселердің көбейіп отыруына қарай ар білімін жетілдіріп отыру шартты үкім болған.  Аталарымыздың меңгерген құран аяттарының насихаттарының ұрпақтарына көрініп, аян болып ашылумен, соған байланысты қарсылық, күнәлік кері теріс аяттардың да пайда болып, өрісінің кеңіп отыруы да шартты жағдай. Мысалға «Аяқтарыңнан, табандарыңнан жейсіңдер» деген аяттың бұрынғы замандарда тәндік білімі де болмай, аталарымыз аяқ киім мен бас киімнің маңызын түсініп, оны әдет-ғұрыпқа, ар біліміне айналдырумен жал-аң-бас, жал-аң аяқ деген сөздермен, яғни «хайуан» иісті деп ғылымын белгілеп қойған. Сондықтан жалаң бас, жалаң аяқ деген сөз ұғымы көлеңке серігің «АҢ»-басты, аяқты болып қалыптасты деген мағынаны көрсетіп тұрғаны сөзсіз.

 Негізінен бой ұсыну және осыған байланысты тылсым қуаттарын меңгерудің ғылымы: Зәбур кітабымен, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға беріліп, оның негізгі кітап егелері түркілер болғандықтан, діннің бұл тармағының исламда тек пайғамбарымызға берілген, Құранның кітаптары хадистермен, аямен көрсетіліп орындалған сүннеттік істерде ғана көрініп, көп қағида, аяттары қағазға жазылғандары жоғалып, ғұрыптары ұмытылып, сондықтан Құранға теріс аяттардың күші басым болып, исламдықтардың да, христиандықтардың негізінен жалаң бас, жалаң аяқтықпен, жалаңаштықпен қара тазармаған қуаттарды, иістерді сіңіруге, тозақтық сипатқа айналуға азғырылуға түскендіктерін білеміз.

Зәбурлік қағидалардың яхуди, еврей т.б. қызылбас елдеріне түркілер арқылы барғандықтан сүйекке сіңбеген, тек жанға жазылған әдеттің ислам діні келумен тез ұмытылып немесе арамза ғалымдардың ол кітаптард, құран келуіне байланысты үкімдері күшін жойды деп түсіндірумен жан ғылымы мүлде ұмытылған. Ал керісінше: «Сендерге араптар жан сыры туралы аз мәлімет берілді» деп, бұл кітаптардың Тәурат, Зәбур, Інжіл нұсқауларын терең меңгеріп, әдет-ғұрыпқа айналдырған біздер үшін ғана ғұмырлық амал болып, ал исламнның соңғы діни нұсқауларын ғана намаз оқу ерекшеліктерін сіңіру де жалпы халықтық жағдайда қиынға түскені де сөзсіз.

Бірақ жан ғылымын терең меңгергендіктен арлы халық біздердің осындай негізінен христиандық, тәураттық ілімін жоғалтқан исламдық, қызылбастық жолдың замандар өте қайта бас көтеріп, надан ғалымдардың, ел басқарушылардың өз арамыздан шығып азғыруымен, тек бір жақты біліммен сусындаудан мұндай әрекеттердің ұят деген мағынасы мүлде жойылып, ар қуатын жоғалтып, санамыз жабылып, қарапайым жақсылыққа бастайтын нәрселерді аңғарудан қалып, керісінше өзгенің жамандығын дереу көре қоятын тозақтық тіршілікке ауысып алғанымызды біле бермейміз. Ібіліс-шайтанның да негізгі мақсаты: тылсымнан берілетін хақиқат кітаптарын, аяндарын көріп, оқып түсініп қоймауы үшін де жамандыққа апаратын нәрселерді жақсы қылып, ал жақсылықты үнемі жаман көрсетіп, ішкен тамақ арқылы, жыныстық қатынас та арқылы бейнеленіп, тіптен түске еніп, ақылды да адастырып алдау басты қызметі болып табылады.

Енді бұндай теріс аяттарға жәрдемге тұрып шайтан жамағатына айналған дін ғалымдары, философ т.б. көш басшылары керісінше теріс пікірлерімен тозған білімдеріне жәрдем беріп, халыққа білгіш, ғұлама қылып көрсетумен, түс көру, аян, уахи алудың маңызын жойып, Раббыларымыздан түсіріліп, оқылып тұратын нұсқау кітаптарды әлем дін саласынан, соңғы бірлеуші дін ислам ғылымынан да мүлде жоғалтып жеңіске жеткені де хақ.

Осындай жағдайдың тарихи оқиға болып, адамдар арасында айналып жүруін жаратушымыз құранда ескертіп кетіпті. Ал бұл жағдайдың бұрын да тәураттықтар мен інжілдіктер арасында болып, оның болашақта да қайталануын Ғиса пайғамбарымыз алдын ала болжап ескерткен екен.  «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зираттау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б.) төрде отыруды әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметтеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар).

 Осындай жағдайдың қазақ елінде қаншама соғыстар мен аштық қырғындардан өткен кең байтақ жерімізде кез келген жерде қабірдің бар екені де даусыз. Пайғамбарымыз: «Мұсылман болған адам баласының 700 жылдан соң өз ұрпақтарына жәрдем беруге ұлықсатын алады» деген өсиетінің үкімі жүріп, әулие-әмби, ел қорғаған батырлар, ғалымдар түгіл, қарапайым өмір сүрген адам баласының да қабірлері нұрланып, егер ондай жерлер қоршалып, белгі қойылып құран арқылы тазартылып тұрмаса, адам баласының жаппай табандарының, аяқтарының, тәндерінің арамданып, түрлі аурулардың тарайтынын ашық ескерткен. Бірақ арамыздан пайда болған  ібілістің әскеріне айналған сауатты аталған ел, дін басқарушы қауымдарымыздың сезімнің сыртқы әрекеттік бейнесі «түйсікті», шеріктерді теріс, керексіз бір күндік білім-ойлармен дамытып, енді ғалымдарымыз да, өнер, мәдениет және ел басқарушылары да тек сыртқы әсерлердің көмегіне жүгініп, түйсіктік білім арқылы ойлану үшін жалаңаш, жалаңбас жүргенді, арсыз әдеттерді әдемі «зайырлық», «бекзаттықтың», еркіндіктің бейнесі қылып заңмен қалыптастырып та үлгірді. Және әлем халқы да бұл жағдайды еркіндіктің туы қылып, енді қалыпты санайтын арсыздықтың, ұятсыздықтың заң арқылы «демократиялық», «гендерлік» теңдік заманында өмір сүріп жатқанымыз да даусыз. Сондықтан парыз қылған, сезімдік білімді діншілердің меңгеруімен, ал діннің екінші жағы тек түйсіктік біліммен ғана пайымдау маңызды болуы ғылым-білімді меңгерген ел басқарушыларының, білімді сауатты аталған топтың кәсібі болып, діл білімін меңгеруге талаптанғандарды секта, азғындар деп атауды жөн көрдік. Ал енді кейбір сопылық дінді меңгеруші топтағылардың түйсіктік әрекеттерді меңгеру, білім-ғылыммен ілімді қосып ойлану әрекетінен және табиғи әсерлердің де сезімдік бейнелерін білмеуден, тек ішкі бес сезімдік қуатқа негізделген дін ұстанымы іліміміздің қалыптасуымен түрлі топтарға бөлініп, ал ең таза исламдық дін ұстанымыз Имам Ағзам масхабының өзі Құранды ашықтай теріске алумен сектаға айналып, құдыққа құлағанын мүлде аңғарар емес.

Раббымыздан оқылатын шындықтан дәлел келтірсек; Бірде аян көрдім: Құдыққа төрт тең бума тасталыпты да, сот үкімі болып, енді бір бумасын шығарып, қайта сотқа ақталуға ұсынып жатқандардың арасында жүр екенмін. Оянып кетіп төрт масхабтың да құдай үкімімен сотталып, енді Имам Ағзам масхабын ақтап алуға қайта тазартыңдар деген пайғамбарымыздан келген аян, үкім деп жорыдым.  Егер де діннің ортасын анық білімге, яғни Раббымыздан түсірілген кітаптарға, шындыққа иман келтіргендер болса, арамызда және пайғамбарымыздың: «Кім түсінде көрмегенді көрдім деген хабар таратса, өзін тозаққа дайындай берсін» деген өсиетіне де сенім білдірсе, онда бұл бір ғана хабардан, аяннан ақылына лайық «Ман» қуатын, насихатын алары сөзсіз еді.

Осындай Раббымыздан келетін аяттарды дұрыс жорып, іс-әрекетімізді соған байланысты қалыптастырсақ; ислам әлемі түгіл, бүкіл жер тұрғындарының дінінде бірлену мен өзара келісім болып, күнәлі істердің білімінің айқын болуымен, соған қарай ар білімінің ортақ қағидалары қалыптасып, әділетті қоғам және түрлі апаттар мен шаруашылықтың күйреу толқынынан, сынақтардан да көп шығынсыз шығар едік. Әлем дін көш басшыларының ортақ мәмілеге келудің бірінші де шарты болып; «Үш ұйықтап түсіне алудың» ғылымы болған ортақ діни заңымыз да пайда болар еді.

Енді бұл жағдайдың хақиқаттығын дәлелдеу үшін де, тек жаратушымыз тарапынан түсірілген ашық шындыққа ғана жүгінген абзал, сондықтан аятта: «Расында Дәуітке өз жанымыздан ізгілік бердік: «Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар» дедік. Және темірді жұмсарттық. (10) «Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін.» (34-11) (45)  Бұл аятпен Раббымыз адам тәніндегі темір ертіндісінің   Алланы еске алумен құстар, таулар үнімен қосылып мақамға үнге айналып, жұмсарып буға айналуымен адам баласының ізгілікті істері арқылы оң бағыттағы ақ сауытқа, жарыққа айналса, ал теріс бағытта қараңғылыққа айналуымен де адамзаттың негізгі кітабы, ар сауытының шамасы болатынын ескертеді. Егер сан ғылымынан, «инсаннан» білімі барлардың адам баласының жалпы темірмен тәнде жүктелуі 34 жаста тоқтап, онан әрі қарай жинаған, сүйектерге де сіңірген темір буын жағып, қалған өміріне оны зейнет киіміне, керісінше 40-тан кейін ет, сүйегінің тазарып салмағының азаюын қалыптастыратын, қызыл түсті, әйелдік, жандық тақ сандарды меңгерудің, тақуалықтың «ихсанын» меңгеруге тиісті екенін біліп және 11 санының да қандағы 11 жұлдыз темір буының алтынға, жарыққа айналуымен ерекшеленетінін білер еді. Және бұл аят жеке сандық мәні 45 болып, мизан таразыны, адам баласының ақирет кітабын көрсетіп ескертіп тұр. Егер теріс істермен бой сауыты тоқылса, онда кітап теріс жағынан беріледі, ал оң істермен тоқылса оң жақтан келеді. Сондықтан да: «Аяқ, қолдарыңнан, терілеріңнен сұраласыңдар» деп ескертуімен бірге; «Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады; (51) Бақшаларда бұлақтарда, (52) Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.» (44-53) деген киімнің несібе, нығмет және тек осындай тақуалық бой киімін қалыптастыру арқылы ғана Алла досына айналатынын ашық ескерткен.

Сонымен негізінен тақуалық зейнет киімдерін қалыптастыру түркілік дін ұстанымға жатып, оның негізі сөз ғылымының берілу қағидасы, құпия сөз астарын меңгеріп, тылсым арқылы барлық жаратылыс себепшілерімен байланыста тұрып және оларды басқаруды меңгерудің діннің бір кітабы Зәбур арқылы толықтырылып, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген абыздық қасиеттерді меңгеру, түрлі дауларға төрелік, билік беру сияқты түркілік дін ұстанымымыз, ар білімінің негізгі шарттары болып саналады. Дәуіт пайғамбарымыздың, яғни Құлтегін бабамыздың тікелей ұрпағы болған Укаша сахабаның осы хақиқат-ар кітабын Мұхаммед пайғамбарымызға апарып көрсетіп таныстырғанда Мұхаммед пайғамбарымыз: «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»— деп толғаныпты. Және енді біздің арап танушы дін ғалымдарымыздың өтіріктерін әшкерелейтін бір жағдай, Мұхаммед пайғамбарымыздың Мәдине қаласына көшіп келіп, ислам діні кең тарала бастаған кезде, енді әйелдерге орамал тартуды парыз қылған аят түсіп, сонда әйелдер етектерін жыртып, бастарына орамал қылып тартқандарын ашық мойындаған тәпсір үгіттер бар. Сондықтан хижап дегеніміздің өзі түркілік кимешектің арапша үлгісі болып, ал мәсі мен шалбар киімдерінің өзі біздерден барғанын және оны кейінгі араптар қайта ғұрыптық әдеттерінен, салтынан шығарып тастағанын да біле бермейді. Мұндай киімнің ар сауытын Есік қаласынан табылған алтын адам болған Ұлсай Емер анамыздың әйел затының ар сауытын көруге болады.

Бұл жағдайдың масхаб ғалымдарының араптарға дін келгенде: «әлем жұрты да надандықта, қараңғылықта, дінсіз болды» дегенін археологиялық біліміміз мүлде өтірікке шығарып тұрғаны даусыз. Сондықтан бірыңғай ыстық жерде өмір сүретіндердің мәсі және кимешек т.б. тақуалық киімдерді дін үкімдерінсіз, аяндармен ескертусіз меңгеру мүлде мүмкін емес. Пайғамбарымыздың кезінде мәсі киіп, оны тұрақты әдетке айналдырудан аяққа мәсіх тарту қалыптасқанын және оны қазіргі таңда мүлде теріске алып, шұлық сыртынан мәсіх тартуға болмайтынын, сондықтан мәсі киімісіз тақуалықтың да болмайтынын да, тура жолы ғұмыр болып бекіген, осы шариғат тазалығының негізгі отаны болған біздер де ұмыта бастадық. Олай болса ғұмыр дегеніміздің өзі бекіген дін істері болып шариғаттың яғни тән, рух, жан тазалығын сақтау, тазарту амалдарының қағидасы мен намаз орындау шарттары болып, әдет-ғұрып болып саналады.

Сондықтан ғұмырлық ұстанымдар әр халықтың үмметтік еркшелігін білдіріп, біздердің шариғатымыз, масхабымыз арап елдерінен әлдеқайда күрделі кең ауқымда және тарихат намаздарын да толық қамтып, қазақ елінде ғұмырлық салтынан, біртұтас дін дәстүрінен бөлек тарихаттық жол болу да мүмкін емес екені де сөзсіз. Ал енді мағрипат жолы Тәурат білімін меңгерумен, мүміндік қасиет болып саналса, онда жоғарыдағы Ғиса пайғамбарымыз ескерткен бірін істеп, екіншісін Құдай ісін, тарихатымызды қалай бөлек намаз қылып аламыз? Қош шариғат, тариғат, мағрипатымыздың арасын ажыратуға болмайтын масхабымыз бар екені, хақиқаттығын дәлелдейтін әулие-әмбилеріміз бен кітаптары болса, онда мағрипатты яғни заманға байланысты ілім, білімді меңгерумен, ақиқаттың жолы да ашылып 11 санды «Құт-аб» жолы болып, 11-сүре «Һұд» сүресімен және аятта: «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғаны құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) деген Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың сонау бабамыз Һұдтан бері келе жатқан дін істерін меңгерудің: «Алладан басқа  тәңірлік жоқ» деген сипаттағы, исламға дейінгі де таза дін ұстанымыздың сүйегімізге сіңген «қармалық» әдет-ғұрыптарымыздың барлығын қалай бос ырым деп атаймыз? Егер Раббымыз аятпен ақиқатын көрсетіп және осындай сақ-түркілік ата-баба аруағына табыну арқылы меңгеруді пайғамбарымыздың: «Һұд сүресін меңгеремін дегенше шашым ағарды» деген өсиетінен де, сол заманда да тіптен сахабалардан да аруақ, зияраттау, табаннан, төбеден жеу заңдылығына үлкен қарсылық болып, оны түсіндіріп орындатуға үлкен сабырлық пен қажыр, қайрат жұмсауға мәжбүр болған пайғамбарымыздың шашы ағарғаны да хақ.

 Бұл жағдайдың Һұд сүресін меңгерудің «мың өліп, мың тіріліп, шаштың ағаруын» түркілік ежелгі дін қағидаларының ғұрыпқа айналмау себебімен, тек сопылық ұстанымдар жүзінде ғана белгілі болғандықтан, пайғамбарымыздан кейін мүлде ұмыт болып және тек көрсеткен сыртқы бейнесі «Умра» қажылықтың, араптық сипатын ғана дәріптеумен аруақ заңдылығы, нәпсімен, шайтаныңмен күресіп, Алла жолында мал-жаныңмен соғысуға негізделген хаж ғылымының жоғалуымен; Абай атамыздың «Қызылбастан келген жол имансыздыққа бастайды» деген ескертуінен қазіргі таңдағы масхаб дін ұстанатындардың әуелі ар білімін үйретпей, тек намаз оқумен «намазхан», яғни бойсыз, ой түземей тақуа-арлы аталу себептерінің білімін өздері де түсіндіре алмайтынын, осы жағдайда аяттың сандық тағлымы да хақиқатын растап тұрғаны даусыз.

 Енді барлық әлемге түсірілген сөздердің құпия түсініктері үн арқылы арап тілінде санмен белгіленіп жасырылғандықтан, ондай өзге тілге аударылумен ғана құпиясы ашылатын сөз атауларын да араптардан бастап пайда болған және қазақ елі негізінен сөздерді арап, парсылардан алған деп, жаратушымызға тікелей қарсылық білдірумен, қазақ еліне мүлде пайғамбарлар, елшілер жіберілмей, сондықтан ұлттық сөз ғылымы, жаратылысқа, ғұмырға байланысты жан ахуалының  философиясы да, діні қалыптаспай тек ислам діні араптарға келгеннен кейін ғана дініміз, сөзіміз, яғни ақылымыз жетілген, жансыздықтан, надандықтан құтылғанбыз деп түсіндіріп; Аллаға, кітаптарына, пайғамбарларына, елшілеріне, Құранға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушы зұлымдыққа түсушілер масхабшы парызшылдардың өзі болып табылады.

Ал негізінен исламдық шариғат негізін қалаған негізгі сөздер атауларының философиялық түсінігі болған 5-ші Құран кітап «Ізбөрі» аталған, адамзаттың негізгі шежіресінің құранда көрсетілген «теріге жазылған кітаптың» мұрагері, кітап берілген тектілер ұрпағының мирасқорлары екенімізді мойындау былай тұрсын, арапқа ұқсай алмай қалудан артық арлылық, намыстылық жоқ дінші атаулыда. Негізінен Құран жалпы әлемдерге түсіріліп,  дін істері, үмметтік тіршілік намаздары бекіген барлық діндердің үмметтердің басын қосу шарт. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз енді барлық дін намаздарының өте қарапайым ортасын тауып, біріктіріп бірлеуді үйретуге келген соңғы пайғамбар болып және  пайғамбарымызға жеке берілген кітаптарға, аруақ шапағатына жалғану арқылы ғана заманына қарай діндерді бірлеу намаздарын жетілдіріп отыруға арамыздан елшілер тағайындап, өзіндік үметтік тіл, сөз даналықтарын, философиялық көзқарастарды сақтау арқылы жақсылыққа бір-бірлеріңмен жарысыңдар деп бұйырған.

Жалпы ар білімінің зейнетін табиғи ортаға, ықылым өзгерістері мен «Уақтық» қуаттарды меңгеруге, ар сауытын қалыптастырушы киім туралы және оның нығметі мен зейнеті туралы  талай кітаптар жазуға болатын нақты деректер Құранда да, пайғамбарымыздың өсиеті мен әулие бабаларымыздың еңбегінде де жеткілікті. Бұл несібені «Ар»-дың ақ сауыты, яғни адам баласының «жаннат үйі» болып, «Уақ» қуаттары қозғалыс дене мүшелері болып, ал көктің, жердің, екі аралық білімдердің себептік нәрселері (элементтері) жанның азығы; «Ман» қуаттары, оның ішкі тектік сипаттары мен орталық басқарушы ағзасы, ақылы болып қалыптасады. Сондықтан адамзаттың «Ар-Маны» еркіндік және мәңгі өмір мен бақыт болса, оның сауыты-Ар, тәні-Ман, денесі-У+ ағаш Ақ-сары жарық болып зейнеттеледі.

Енді адамзаттың әуелі ар сауытын қалыптастыру үшін әрбір қоғамдағы істерді, қасиет, дүние қызықтарын, ақыл байлығын да т.б. түрлі әрекеттердің арманы оң және теріс бағытта болып, діннің де негізгі мақсаты дұрыс армандай білуге, яғни түпкі нәтиже теріс ойларды, қарсылық қуаттарды жеңіп, меңгеруге негізделген. Шәкәрім атамыз тақуалықтың сырын ар сауытымен байланыстырып: «Білу қиын сырласпай біздің жайды, Көлеңкеге (кісілік тәндік бейнеге, киіммен қалыптасқан өріске емес) пішкен тон жараспайды. Адам үшін арымен ойламаған Жүксіз, ойсыз жүктімен санаспайды.» деп әуелі «Уақ» қуаттарымен жүктеліп, аруақты қалыптастырмаған пендеде дұрыс ой арман да болмайды деп ескертсе; « …Дін тазасын діннен ізде, Дін шатағын сынға сал, Анық айна өзіңізде, Айда ақылды қаттырақ. Шала дінді пәнде (білім түрлері) таппас Дін тазасын ой табар, Еркін ақыл тіпті адаспас, Кезсе кірсіз жарқырап..» деген өсиетпен, бой тазалығы ақыл еркіндігін, ойдың ұшқырлығын, арманның дұрыс қалыптасуын туындатады, ал оның айнасы сөзіңде деп түсіндіреді. «Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол-арамдықпен жан сақтайды. Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.» Ар қуатының ақирет азығы, жаратқанмен ортадағы сауда ақшасы екенін аталарымыздың: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген мақалы ескертеді.

Жанның ақиретте де, бұл дүние тіршілігіндегі де киімі дене болып, оны «Ар» сауыты деп атайтыны да: «…Анық қара; жан-өзің, дене — киім, Мақтан бояу-денеге берген сыйың. Жанға мұндай бояуың азық емес, Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?» деген өсиетпен қазіргі таңдағы басты, аяқты қадірлемеген және он саулық байлықты, қолдағы аруақты дұрыс қалыптастырмаған келбетімізден ар сауытың арамданады деп; «Атадан қалған ақ сауыт, Арамға әбден былғанды. Басшысы (дін хазірет, сұлтаны) жоқ сорлы елдің Малы (аяғы) мен басы былғанды,(жын суы-сары су) таспих тастап тас алып, Сәлде аяққа шұлғанды…Еліріп, еріп көп ел жүр, Білмейді құдай ұрғанды. Түпсіз жауға санайды Түзу жолға бұрғанды.».

 «Атадан қалған ақ сауыт» деп атамыз Тоны Көк білікті Қаһан-Жүніс пайғамбар мен Дәуіт пайғамбарымыздан бері келе жатқан ар білімінің шариғат деген сылтаумен өзгеріске түскенін ескертеді. Енді бұндай елірме жындылыққа да адам баласының Ар мен ман қуатын меңгерудегі ар білімнің әлсіздігінен пайда болатын теріс Ман қуаттарын меңгерумен, яғни дұрыс армандай білмеуден, қайғы-қасіретке соқтыратын рухани дағдарыстың салдарынан түрлі әлемдік шаруашылық дағдарыстарының, сынақтарының туындауына себеп те болады. Сондықтан ой қуаты арманымыздың да сипатын: «..Адамда санай берсең, көп арманда, «Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда, Жанның бәрін жалмайтын күш не керек, Айлакеске алдайтын еп арманда. Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда, Мергенге түзу мылтық, оқ арманда. Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арманда. Жалаңашқа киімнің жоғы арманда, тоңғанға отын менен шоқ арманда. Талап қылса, табылар соның бәрі, Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да. Жасты көксеп кемпір мен шал арманда, Өсіп үлкен бола алмай бала арманда, Еркектей еркін өмір сүрмедім деп, Әйелдер болады және арманда. Тамам жанға бақ пенен мал арманда, Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда. Жердің жүзін жесе де көзі тоймай, Патшалар да болып жүр әлі арманда. Кербезге киімнің сәні арманда, Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда. Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге Жұтатын дұшпанының қаны арманда. Бағаласам адамның бәрі арманда, Санай берсем, табылар сан арман да. Өзі білмес, білгеннің тілін алмас, Анық ойлап қарасам, әне, арманда.»  

Аталарымыздың қарғыстың ең жаманы «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деп ескерткен екен. Қазақ елі де осындай енді Құдайдың да айтқанын, ақылын, түсірген белгісін, көрсеткен хикметтері мен мұғжизасын да ескермей: «Елу елдің қатарына қосылсақ, мінсіз бақ, сансыз дәулет егісі болсақ» деген арманмен Құдайдың лағнетіне, азабы мен тозақтық сынағына топ-топ енетінімізді аңғарудан қалып, жалған арманмен ібіліс торына түсіргенін кім ескеріп, әділ заңдар шығарып, елін мұндай зұлымдықтан арашалайтын ерлер, рухани жетілген нағыз кемеңгерлер шығар ма екен арамыздан дегендей ата жолдық біздер де армандамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *