АРДЫ САТСАҢ ЕЛДІГІҢ БОЛАДЫ МА?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 117

Құдай өлді қазақтың ұрпағында,

Ақылы жоқ жарық берер саналыға.

Құдайсыз құрай сынбас, деген нақыл,

Аманаты қалдырған қазағымда.

Дінші көп амалы намазында,

Иман көбейту жоқ сабағында.

Елдігін жоғалтқан салтың болды,

Ұлтшылдығы сөзің мен ұраныңда.

Ар-ұяттың маңызы жоғалуда,

Біліммен ендігі жұрт саналы ма?

Ұлттық сана атауы қайдан шыққан,

Үш байлықсыз тілің сана болады ма?

Жұпсыз мүлкі әлемнің жаралды ма?

Бөріксіз ерде ар-намысы толады ма?

Ханында тәжі түгіл бөркі де жоқ,

Төбесінен тоғыз кісі -тектілік қонады ма?

Еріңде бөркі болмай қыз, қатын оңады ма?

Ақ жаулық қорғансыз қалғанында.

Ерден намыс жоғалса, қыздан ұят кетер,

Шамға майды құймаса жанады ма?

Құдайдың түсірген белгі, хабарына,

Білімді мен діншісі қазақ нанады ма?

Тексізденген ұрпағың ғылым сөніп,

Шырағың жоқ ішіңде иманың тұрады ма?

Рухани жаңғыртумен сана алуға,

Үш тілмен ғылым іздеп жаңаруға.

Елдігі жоқ бүлінген бүлдіргісін,

Латыннан таңба алып нәсілмен жалғануға.

Қияметің сын сағаты келген заманыңа,

Жеті жыл түсті ашық Құдайдың хабары да.

Мазақтаған нәрсеңді кіргізбек жүрегіңе,

Тәкаппар мақтаншаққа түсіріп азабын да!

Болады бар нәрсенің мезгілі жауабы да,

Ата жолын қудалап қарсылық аруағыңа.

Жетім-жесір зары елде көбейеді,

Қара нәсіл жындар еніп ұрпағыңа!

Ел билеген басшылар нанады ма?

Басына қайғы түспей жан алуға.

Дүниесін күн санап елді алдап,

Арын сатып, ібілістің жалғап жүр жобасына!

(Қаңтар 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *