Арсыз қыз — ұлттың қасіреті

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 187

Қызға қырық үйден тыйым берген,

Дәстүріне ұлтыңның бой идірген.

Бұрынғының бұл жолын кеткен тастап,

Ендігі қыз тәрбиесін жын меңгерген.

Ұятсыз қыз болады сорлы байғұс,

Ала бөтен өзгеден тиген қарғыс.

Обалына ата-анасы қыздың қалып,

Имансыз қыз, опасыз болар жалғыз.

Қара суға қан құйсаң-ағар кетер,

Тексіз қыздан үн жоғалып, сөзің өшер.

Қанша жақсы болғанмен тиген жарын,

Санасын улап, ғазиз басын төмендетер.

Қаны азса қыз болады ләззәт құмар,

Байға тисе есеппен бала туар.

Өз үйінде үйренген жатып ішіп,

Қылығын жаман әдет жалғастырар.

Әдепсіз, ибасыз қыз тік қадап көзді,

Қайтарар саған жауап тоспай сөзді.

Сынаптай мінезі боп, ылпып тұрар,

Шайтандай қашан көрсең екіжүзді.

Жанында нұры жоқ, болмайды қызыл бетті,

Көрінген арсыздығы, қылығы қызға ерсі.

Әйелдік шаруаларға болмас ебі

Ал аузы  мысқылдауға, мазаққа болар епті.

Сипаты жаман әйел айтып бітпес,

Белгісі ондай әйел ерін күтпес.

Тапқанын ерінің құрай білмей,

Жоқшылықты байдан көріп тыным бермес.

Бәлен жоқ, түген жоқ деп беттен алып,

Сөзге шебер мысалдар, дәлел тауып.

Үлгісінен шариғаттан ақыл берсең,

Өз ойын тықпалайды араға алдарқатып.

Болмайды адал ниет мұндай қатын,

Түсінбес қанша айтқанмен дәстүр-салтын.

Ыржаңдап еркек көрсе күле сөйлеп,

Көрсеткен төсін ашып, бұт пен артын.

Бала туса міндетін ерге артып,

Әбжыландый ысқырып, ақыл айтып.

Ұрпағының тәрбиесін берген сиқы,

Шаңқылдап сабай берер шырылдытып.

Қыздар да көп бай іздеген жанталасып,

Абайлаңдар жігіттер, жүрмеңдер қара басып.

Арсыз қызға құштар болсаң өзің арам,

Қаның азған, өзге елдің салтын алып.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *