Аруақ- өлім даусы Арыстан!

Бөлім: Өлім періштесі-Аруақ 238

   «Ар»—Қуат; ыс— «У»;  тан— «Ақ»-жарық. АР— ЫС-«Ағаш-У»-ТАН-«Ақ жарық» Аятта; «Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды? (49) Олар мүлде үріккен құлан сияқты; (50) Арыстаннан қашқан. (51) Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды.» (74-52) (126) Бұл сүре Мұхаммед пайғамбарымызға Жәбірейіл періште арқылы келетін уахи, үкімдермен және өліктерді тірілту, жер бетінің хикметті істері мен Әзірейіл періштесі арқылы келетін рухани өлім және қайта тірілу мен қиямет мезгілі Исрафил періштесі арқылы сүр үрілу, дауыстың, күш-қайраттың, Алладан қорқудың, 5 тәңірлік қуаттың толық бейнеленген мұғжизалы, хикметті көріністері болып, бұл сүренің жұбы 47-сүре Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен парасаттылық сана қуатының негізі және тура жолдың ғылымы болып түсіндіріледі. Сондықтан 10«Жүніс»+11«Һұд»+12«Жүсіп»+14 «Ибраһим»=47 «Мұхаммед». Осы бес сүренің сандық мәндерінің Құран ішінде көлденең және тігінен «Хатте»(диван) бұрыштарын құрау арқылы пайда болатын жасырын насихат, үгітінен ғана тура жолдың ғылыми үгіті пайда болады. Енді аяттағы сандық мәндегі; 49, 50; 51-санды аяттардың мағынасы мен «Арыстан»-«Аруақ» (рухани өлім) ұғымының астарлы сырын іздеп көрсек; Бұл санды мағынаны аяттарды көлденеңінен 7-санды сүре өлімнен кейінгі тылсым өмірін «Ағраф»-«Ақ» деп атап «Аруақ» тіршілігі және әр түрлі қуаттардың белгілерін, түрленуін, жаннат, тозақ сипаттарын үгіттейтін 206 =(8) аяттан, белгіден тұрады. Енді аятта: «Тозақтағылар, ұжмақтағыларға; «Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер» деп айғайлайды. Олар: «Расында Алла, ол екеуін де кәпірлерге арам еткен» дейді. (50) Олар, діндерін ойын-сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар, осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін Біз оларды ұмытамыз.» (7-51) Енді құландар тозақтық пенделердің аруақтары болып, ал «арыстан» бір жағдайдан келесі жағдайға өту кедергісі, көпірі яғни өлім және есеп күнінің меңгеруші және шапағатшы ұжмақтық періштелер, Алланың достары болып есептеледі. Енді 51-аятты «хатте» ұғымымен насихатын тексерсек; «Мұхаммед құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін. (49) Шын мәнінде азабым да күйзелтуші. (50) Оларға Ыбырайымның қонақтарының да жайын айт.(51) Сол уақытта періштелер Ыбырайымның жанына кіріп: «Сәлем» дегенде, Ыбырайым: «Біз сендерден қорқамыз»  деді.» (15-52) Бұл аяттардан Раббымыз бен пенделерінің арасындағы хабардың, елшіліктің, шапағат берумен және түрлі апат, өлімнің орындаушы періштелерінің сипатын береді және жоғарыда көрсетілген екі нығметтің де белгісін осын сандардың үгіті көрсетіп тұр.

     Енді Абай атамыз 51-санды нығметтің жағдайын өлеңмен; «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулық, қалыпты шыдамдылық-Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол-үшеуінің жөнін білмек.» деген насихатпен ғылым яғни кітап алумен байланыстырады да екінші нығметті; «Ғашықтық, құмарлықпен-ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, Мен не болсам, болайын, сен аман бол…»деген 52-санымен Алла жолында соғысып, нәпсіні, құмарлықты тәрбиелеу арқылы және сопылық, тақуалықты меңгеру арқылы жарға ғашықтықпен жан негізінен ақирет дүниесінен нығметті, иман қуатын зейнеттелуін ескертеді. Ата жолының; «Арыстан бабаға түне де рухани өліп, яғни өлімді жеңіп, жарықты, кісіні қайратты ал, Түмен баптан тіле де жұпар иісті нұрды ақылды құранның насихатын ал, Айша анадан жүрекке махаббат жылуын, қызыл түрді ал!» деген қағиданы атамыз онсыз «Жол да жоқ» бұл үшеуінсіз (жарық, жылу, таза иіс қуаты, қозғалыс) ғылым да жоқ екенін сол замандарда насихат етіп кетіпті.

     Сондықтан Арыстан баба өлілер патшасы, рухани өлімнің есігі болып, Ясауи баба, Айша ана бастапқы қозғалыс қуаттарының Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатын және Раббымыздың үкімдерін жеткізуші, орындаушы аруақтары болып саналады. Енді Құран насихаты бойынша ғылым берілу және құс тілі осы бірінші игілік; 15; 51 сандарымен зейнелеттелетінін ескертеді. Аятта: «Алла (Т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Бұл аятпен 5 тәңірлік қуаттың шапағатшысы; 5 әулиенің бірлігі және  «Бір»-ге толық иман келтіре білген елшісі арқылы түрлі жағдайда құс тілі үйретіледі. Бұл қазақ еліне иманы жолдас болғай; Қыдыралы Момбайұлы арқылы жүректердің мөрін ашу арқылы болған, әлі жалғасын тауып жатқан; «Аққу, Сұңқар» арқылы аруақтан хабарды жеткізіп бата беру және соған байланысты елімізге келген  хикметті істердің хақиқатын растайды. Ар ісі бес қуаттың тәңір ісінің көктік несібе мен періштелердің түсуімен; 10 арқылы бейнеленуінің нәтижесі болып оны пайғамбарымыз; «Көктен жауған май мен бал» деп астарлап ескертіпті. Бұл ұлтымыздың санасы-діл біліміміз, «Ой бақшасы» деп те атаймыз. Ар, сана қуатының, естіліктің жетімсіздігінен пайда болатын жағдайды Абай атамыз; «..Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін…Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.» деп адам баласының әсіресе еркек затының сөз ұғу қабілеті ар қуатын қалыптастырып, ар-дың негізі ақтан басталатынын ескертеді де: «..Батырдан барымташы туар даңғой, Қызылшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз тілді, кел, тіл ал, қой!…Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге?» Барлық арсыздықтың түп тамыры тілден және «Сексуальды»- ойнасшыл, күйшіл, күйлегіш, күйлеткіш, қазіргі замандағы батыр, даңғой (спортшыл) жастарымыздан тек мастардың-жындардың ғана санын көбейтумен ұлттық сана-сезіміміздің жоғалуын ескертеді.

      Сондықтан бұл жағдайды Омар Хаям атамыз: «Сұм тағдыр, көп талқыңды көрген атам, Бар ма екен пейілі тар сендей қатаң! Сен осы есенсің бе, есуассың ба?-Дап-дайын езге шыпаң, ерге – жапаң?» «Не пайда өзімді-өзім тия алғанан? Не пайда есті кейін жия алғаннан! Кінәмді кешер Құдай, аяп, мүмкін, Не пайда бүлдіріп боп ұялғаннан?». Түбінде тағдырға жазылған нәпсінің жетегіне ерсең, нәтижесінде Құдайдың құрығына түсіп онан кейін діншіл, намазхан болып, шариғатпен тек өзіңді тия бергеннен пайда жоқ, білімсіздікпен өз дін қандастарыңа жапа беріп, артынан ұялғанмен бәрібір жазаланасың, сондықтан тағдырдағы алғашқы екі сөзді түзеп, орнына қойып аманатты қайтару керек деп ескертеді. Бірақ бұндай аманатты ескермейтін тек пірге қол беріп, орта үммет болуды қалайтындар яғни мешіттен шықпай «намазхан» аталып отырушылар да жеткілікті арамызда. Сондықтан ондай екінші берілетін жол-жобасын елемейтіндер үшін;«Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды.» (74-52) (126)  Енді адам баласынан келетін дайын нұсқаны заманға қарай уахиды кітабын алмайтындар масаһабшылар туралы 126-санды аяттардың сырынан іздеп көрсек; «Сол уақытта Ыбырайым: «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! …» Кім қарсы болса, оны да аз күн дүниеде пайдаландырамын, сонан соң оны ақиретте от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы.» (2-126) «..Раббыларың сендерге бес мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді. (125) Алла (Т) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.» (3-126) Бұл аяттардан негізінде Мекке қаласымен және Ыбырайым пайғамбарымыздың жолымен байланысты дүние, ақирет және өлім үкімдерінің таразыға тартылатын, жүректердегі тағдыр жазуларының оқылып, хикметті істердің көрінуін білдіреді. Олай болса Арыстан баба басынан әрбір пендесіне ашық нұсқа кітабы ашылып, әрі қарай тағдыр істеріне құран аяттарынан үкімдердің берілуін аруақтардың, көлеңкелердің бір жағдайдан келесі жағдайға өту істері атқарылады. Ал әрбір пенденің жасаған хайырлары, сауаптары бойынша тілектері қабыл болуы Алла Тағаланың алдына әрбір пендесінің кітабын-кісісін, аруағын ұсыну Ясауи баба басынан Түркістаннан орындалатын болса, ал жанға қуат, дертке шипа және діл білімінен өзгерістер, неке және көңіл кітабы, ұждан қуаты Айша анамыздың басынан Тараздан таразыға тартылатынына сеніп иман келтірген жөн. Ал мұсылмандар үшін жүрек істерінің таразыға тартылып оқылуы тек «ғұмыра» жасап арап елдеріне бару арқылы орындалады деген пайымдау, пәтуаның жалған екенін сол елдерге барып 10 рет қажы болғандар енді жүректері тазарып, мөрлерінің ашылуымен пайғамбарлық 24 түрлі қасиеттерді толық меңгерген, даналықтың, құлшылықтың жоғары сатысына жеткен «Лұқман» болу керек еді. Олай болса арап елі тек пайғамбарлар отаны болып, әлем ғылымының, философиясының жетекшісі болып танылуға тиіс еді. Бірақ 14-ғасырдан бері болмаған жағдайды енді қолдан құрастыру да мүмкін емес және барлық нәрсені жұбымен және парымен жараттым деген жаратқанның үкіміне ашық қарсылық білдіру де кәпірлік болып саналады. Жүрек ісі кіндікпен және жермен байланысты аспанымыз Отан анаға тәуелді. Сондықтанда; «Қашпаңдар бақ берілген жерде!» деп қатаң ескерткен.

Құс тілі-бата, ардан-хабар туралы ғибрат.

   Ертеректе Құс ілімінің қазіргі білімді замандағы серік қосу», «шерік қосу» деп аталмай, дін ілімінің ең маңызды биік дәрежесі болып тұрған заманда, бір кісі жаратқанға жалбарынып; «Маған ғылым бер, құс тілін үйрет!» деп жалбарынып қоймаған екен. Сонан Раббымыздан уахи келіп; «Құс тілін меңгергенде не қажетіңе жаратасың?» деген сұрауға; «Өзім туралы, болашақ туралы хабарды біліп жүрсем» деген жауабынан құс тілінің сырын түсінетін қасиет беріліпті. Сонан бір күні екі қарға бір-бірімен сөйлесіп отырғанын естіпті. Олар; «Мына үйдің сиыры бұзауын өлі туатын болды, содан енді егесі сиырын  қоса сойып, біз де сонымен бірге өлексеге қарық боламыз» деп мақтанып отыр екен. Бұл жағдайды естіген кісі дереу сиырын сатып жіберіпті. Енді бірде екі қарлығаш бір-бірімен сөйлесіп; «Қожайынымыздың үйі жақында өртенетін болды, біздің де ұямыз өртте қалап, баларымызды да құтқара алмайтын болдық» деп шырылдап жаратушыға сәзжде жасап зарын төгеді. Бұны естіген қожайын үйін де дереу сатып, артынша үй алып және бұзаулы сиыр да сатып алыпты. Сонан тағы біраз уақыт өткеннен кейін екі сауысқан төбеде қонақтап отырып; «Мына үйдің қожайыны жуық арада өлетін болды, оның жаназасына сиырын соятын болады, одан біз де содан қан-жынға қарық болып тояттайтын болдық» деп сөйлесіп отырғанын естиді де назаланып, құдайға жалбарынып; «Уа, Раббым менің құс тілін білгенімде, өзімнің осындай өлімімді естиін дегенім қалай, маған бұдан шығар жолды хабар жіберіп неге алдын-ала білдіртпедің?» деп жалбарыныпты. Сонда Раббымыздан: «Сенің  өткен күнәңді жеңілдету үшін бұзауыңды садақаға алайын деп едім, оны қимадың, сиырыңды да сатып жібердің. Сонан хабарды ести тұра амал жасамағандықтан күнәң ауырлап, үйіңмен орнын толтырмақ болдым. Бірақ онан да қашып шықтың. Енді амал жоқ өзіңді де, оған қоса сиырыңды да күнәңнің өтеуіне, ақирет сұрауының жеңілдеуіне жаныңды да құрбандыққа алуға шештім.» деген уахи келген екен.

      Бұл біздің елдің ел басқарушы, дін басқарушыларына, жалпы халықтың бақытына келген жеңілдіктен қашқаннан кейін өз бастарына, болмаса жан ұялары мен малдарынан амал жоқ өтейтін, құдайдың құдірет қолы арыстаннан-аруақтан қашқан қылықтарына ұқсап, және аятта: «Тағы Біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық. (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып кетті де. «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды.» (7-95) Бұл аятпен барзақ (ағраф жері) әлеміндегі тылсым құпиясы аруақтардың өлімнің, азаптың үкімін де жеткізуші болатын дәрежесі туралы ғылымын көрсетіп және бұл сүренің насихаты біздің елімізге келген дін сынақтарын заманның оқиғасы және орыс мемлекетіне бодан болғаннан көріп, ал діннің жаңадан үкімдерін жеткізіп, халыққа жол көрсетуге өз ұлтымыздан, арамыздан тағайындалған елшіні де, дәстүр сипаттағы дінімізді де, бұрынғы араптарда немесе араптан келген дін істерін білген аталарымызда болмаған деген сылтаумен мазақ қылғандардың жан ұяларының бақшасы мен қораларына (дене қабына) кенеттен түсетін азап, ауру, өлімді білдіреді. Абай атамыз бұл санның насихатын; «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. Жеңіменен көз сүртіп, Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдайға! Өлең айт, Үйге қайт! Атаңды анаң азғырып, Тұрғызбаған бейішке. Алласы оны жазғырып, Әкелді бастап кейіске. Әйелде ешбір опа жоқ, Бүгін — жалын ертең- шоқ, Белді бу, Бетті жу!» деп бұндай сынақтың басты себепшісі әйел халқының азғындауымен, шайтанға айналуымен және тектің азуымен, әйел жүзі-бет пен еркек жүзі, нәсілі белдің азғындығынан пайда болған, ел арасынан шығатын жынды ел басқарушылары мен ағайындарымыздың да болатынын және балтырлардың ашылып, Құдай ісі, құлшылық істерін теріске алумен; «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» деп бұндай пенделерің түбінде нәсілдерінен Құдай атқан, атасын, анасын сатқан сатқындардың да шығатынын ескертіпті. Ал бұл жағдайдың «Бет» пен «Белдің» азуымен кейін аруаққа, руға, нәсілге айналып, ел кезіп кететіндерді Омар Хаям атамыз; «Баяғы көрдім сұлу ғаламатты, Мейірман бүгін қайта бола ғапты. Дегендей «Жақсылығың зая кетпес»,-Жаутаңдап жанай өтіп бара жатты.» деген астарлы өлеңмен осындай ел басқарған, халыққа ақыл беруші өз арамыздан шыққан ағайндарымыздың аруақтарының жағдайын, бастары көтерілмей, өз ұрпақтарына жалғана алмай, ел кезіп тіленіп жүргенін және бұл ағайындарымыздың керісінше өзге елдің нәсілдеріне жалғанумен ұлттық, арлық намыстарының өзгеріске түсіп; «Іштен шыққан жау жаман» деген аталарымыздың астарлы ескерткен аруақ білімін, жан ғылымын да түсіндіріп тұр.

Сандыбад  сарайы – арман кірпіші-жан сарайы.

      Ертегінің данышпаны Сандыбад туралы мынандай аңыз бар. Баяғы бір заманда бір данышпанның жеті уәзірі болады. Олардың бәрі де бірінен-бірі өнерлі, білімді даналардан. Солардың ішінде әсіресе біреуі даналардың данасы асқан данышпан бас уәзір Сандыбад еді. Патшадан жалғыз ұл бала болды. Патша тағының болашақ мұрагері даналықтың көзінен жас басынан-ақ сусындай беру қажет. Сол үшін оны жасы жетіге толысымен Сандыбатқа оқуға, тәлім-тәрбиеге береді. Зор ынта, асқан шеберлік, үлкен үмітпен тәрбие ісіне кіріскен ұстаз біраз уақыттан соң торыға бастады. Ұстаз қанша тырысса да Шаһзадаға оқу-білім дегеніңіз қонбай қойды. Әліп-бидің қарасын танудың өзіне бірнеше жылдар кетті. Ондық санды білдіру онан да қиынға түсті. Өмір дегеніңіз күннен- күнге көшкен керуендей өте берді. Үйретуге ұстаз жалыққан жоқ, бірақ мандымы аздықтан жігері құм болуда. Алғашқы жылдары есейе келе ақылы кірермен жүрді, бертін келе онан сайын білместікке үйреніп алып, тіпті оқу дегенге жоламауға айналды. Бұл халді естіген патша қатты қапаланады. Сандыбад онан жаман қысылды. Патша баланы тәртіпке шақырып, ұстаздың айтқанын екі етпеуге әмір берді. Енді үйретуге, үйренуге екеуі де ынталанды, бірақ, бәрібір ешбір оқу миға қонбады. Сөйтіп жүргенде баланың хан сарайының ұлы мәжілісі алдында сынға түсіп, емтихан беріп, өзінің патшалыққа мұрагерлік қабілетін көрсететін күні де жетіп қалды яғни бала 22 жасқа шықты, жігіт болды. Шартты мезгіл жеткен күні, белгіленген сағатта Сандыбад пен Шаһзада сарайға қадам басты. Екеуі де қысылып, аяқтарын әрең басып келеді. Келмеске амалы жоқ, әмір солай. Патша тақта, сарай нөкерлері өздерінің орындарын алған. Ішінде неше түрлі  ғалымның білгірлері отыр: ғұлама, софы, би, дәрігер-тәуіп, философ, жұлдызшы, сауықшы, шешен, тағысын тағылар. Әрқайсысы тәртіп бойынша, өзіне келген кезегімен Шаһзадаға сұраулар қоя бастады. «Біздің мемлекетімізде қоғамның құрылыс тәртібі қалай деп білесің, құрметті Шаһзадам?», Отырғандар құлағын тігіп көп күтті, бірақ адам түсінерліктей жауап болмады. «Ел билеуде әділеттілікті-инсаф немен сақтауға болады?» деген сұрақ та солай аяқталды. «Адамның жанын еріткен, көктің күмбезін күңіренткен сарайдың көркі музыка өнері туралы не айтасыз?». Бұл сауал да жауапсыз қалды. «Дертке дауа іздеген, адам жанына араша түскен тиб-дәрігерлік туралы айтсаңыз екен?». Шаһизада бұл жөнінде де бір нәрселерді айтты. Алайда, оның жауабы толық болып шықпады. Мұнан кейін оған тағы екі сауал берілді, біреуі жұлдыз ғылымы һаят (аян)- астрономия туралы, екіншісі һандисат (сызықпен өлшеу) – геометрия ғылымы туралы. Бұларға әрине, жөнді жауап болмады. Отырғандар біріне-бірі қарап, бұл қалай дегендей бастарын шайқасады. Сандыбадта үн жоқ. Әңгіменің осылай боларын ол бұрыннан-ақ білген еді. Өзі өз болғалы Сандыбад данышпанның өзінің дәрменсіздігін мойындағаны да осы болар. Соны сезген жұрт оған жаны ашып, сыйлап, ешнәрсе айтқан жоқ. Араларында әрине Сандыбадтың патша алдындағы зор дәрежесін қызғанатындар да жоқ емес. Олардың қымы қанып, «болса болсын, бола түссін» дегендей. Шаһзада үй ішіндегі бір нүктеге қарап, тесірейді де қалыпты. Ыза мен намыс қатар кернеп, үндей алмай патша отыр. Бағанадан бері Шаһзаданың қиянатын аңдып, бақылап отырған бір қарт ғұлама сонда былай депті: «Бабын тапса түлкі алмас бүркіт болмас» деген. «Шаһзаданың тәрбиесінде қырық бір тетік бар ғой. Соның қырқын тапқан қайран ер бірін таба алмай отыр-ау! Па, шіркін салмақты құлақтан көрі көзге салар ма еді». Бағанадан тұнжырап үндемей отырған Сандыбад орнынан атып тұрып: «Иә тақсыр, маған Шаһзада екумізге тағы алты ай уақыт беріңіз, соның ішінде біз міндетімізді орындай алмасақ, мені уәзірліктен, мұны мұрагерліктен ажыратыңыз. Қарияның айтқан ойы менің өзіме де келіп жүрген еді. Енді оның шындығына көзім жеткен сияқты. Ақырғы рет бағымды тағы сынап көрейін»,-депті. Сол күннен бастап Сандыбад оңаша алаңға бір сарай салдырды. Сарайдың формасы –төрт бұрышты текше. Оның ішін әкпен, ақ балшықпен қағаздай етіп сылатты. Сонан кейін оның төрт қабырғасына төрт ғылымды суреттейтін нақыш бейнелер салдырды. Ол ғылымдар мыналар: жамиғат (қоғам), тиб (дәрігерлік), музыка, һандисат (геометрия). Үйдің төбесіне Һаят(1) (астрономия) ғылымын бейнелетті, еденіне ғадалат (2)(инсаф-шариғат) туралы өрнектер салғызды. Сонымен текше сарайдың алты жағы алты түрлі ғылым тарауын көрсететін болды. Бұл бейнеленудің мағынасы мынада болса керек. Шаһзада әртүрлі ғылымдарды жеке-жеке оқып білгенімен, оның бәрінің басын қосып көз алдына бейнесін келтіріп, ол бейнелердің бірімен-бірінің қарым-қатынасын шеше алмайды. Сол себептен ол, білімнің бір тұтас түп тамырына мәні жетпей тұрып, шешіліп шешен бола алмайды. Барлық даналық пен ғылымның басын қосатын түп тамырының бейнесін текше (куб) болу керек, өйткені ол табан тірек, жердің бейнесі, топырақтан жаралған адамның тән бейнесі. Осы текшенің алты жағына алты негізгі ғылым тарауын бейнелеп орналастыру керек. Сол текшенің қабырға қырлары мен төбе бұрыштары арқылы айтылған ғылымдардың өзара қарым-қатынастарын көрсету керек. Тұйыққа келіп кептеліп, тығырыққа тығылып қалған ойдың түйіні бір шешілсе осыдан шешілу керек. Осы оймен сәтті күннің сәтті сағатын есептеп шығарып, сол бойынша Шаһзаданы сарайға кіргізді де, есігін жауып кетті. Сарай ішінде жатар, отырар орын да, ішіп-жем, тамағы да сай-ды. Күтушілікті Сандыбад өз мойына алды. Шаһзада үйге кірген күннен бастап жан-жағына көзін салып, дүниенің хикметін түсіне бастады. Бір жағынан екінші жаққа, бір қырынан екінші қыр, бір бұрышынан екінші бұрышқа жағалаған сайын оның дүниеге көзі ашылып, көкірегі кеңейіп сала берді. Бұрынғы жеке-жеке білгендері жан бітіп, денесіне қан жүгірген сияқты, тебіреніп, тербеліп бір-біріне үн қосқандай. Сол үнге Шаһзаданың рухы қосылып бір ғана сабаққа барып құятын сияқты. Қандай қиын, қандай шытырман күрделі деп жүрген ғылым салалары мынау ғажап сарай ішінде өзінен-өзі жанданып, сөйлеп, тіл қатып тұрғандай. Қысқасын айтқанда, алты ай ішінде Шаһзада текше сарайдың алты жағындағы алты беттегі алты түрлі ғылымның сырын айқын түсінді. Уағдалы сағат жеткенде Сандыбад енді жолым болар-ақ деп жаңа қадам баса бергенде Шаһзаданың бал кітабына (тағдыр) көзі түсті, алдында қуаныш пен реніш хатер тұр. Қатер жеті күнге дейін, онан өтсе тағы да ұзақ жақсылық. Тәуекелге бел байлап Шаһзада сарайға келіп кірді. Баяғы ұлы мәжіліс сол қалпында. Сауалдар сол ретінде қойылып жатыр. Шаһзада сұрауларға жауапты терең талдап, мағыналы мәнермен, ханзадаларға лайықты ырғағымен береді. Тыңдаушылардың естіген сайын құлағының құрышы қанып, рахметін жаудырып, баталарын беруде. Мәжіліс аяқталды, сарай қауымы ұлы мәртебелі падишаны да құттықтап жатыр. Мәжіліс арты тойға айналды… Патша сарайында сұрқия сұлу барды (Нәпсі-шайтан). Сол келіп Шаһзаданы азғырып, өзіне тартпақ болды. Оған көнбеген соң, ол барып патшаға баласын шағыстырды. Патша ашу үстінде балаға өлім жазасын кеседі. Оны орындаушы жендетті бір уәзір (Ақыл) тоқтата тұрып патшаға барып бір мысал айтып, істі тексеруге кеңес береді. Ол бір күнге мұрсат етеді. Сөйтіп отырғанда әлгі сұрқия қайтып келіп, патшаға өтірік шағым етіп жылайды. Патша тағы ашуланып жендетке әмір береді. Оны тағы бір уәзір себеп болып алып қалады. Сонымен жеті рет төнген қатерден жеті уәзір (аруақ) себеп болып алып қалады. Қатерлі күндердің шарты біткен соң, сегізінші күні қарабет болған сайқал әйел өзі келіп патшаның аяғына жығылып, шынын айтады: жазасын тартады. Шаһзада өзінің мұрагерлік орнын алады. Сандыбадтың данышпандық қадірі бұрынғысынан да артады.

      Мүмкін оқырман бұл ертектің басылымға қандай қатысы бар деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Әрбір ертектің артында үлкен құпия ақиқат тұрады. Құрандағы 12-ші сүре желісі осы негізде берілген. Яғни Жүсіп пайғамбар тағдыры. Ал енді алда жан ғылымының және Ғиса пайғамбарымыздың астарлы әңгімелерін шешуге бірден-бір үлгі болары сөзсіз. Және осы оқиғаның нақты көрінісі Сайрам қаласы болып, кезінде қырық қақпасымен аты шығып және жеті дарбазасы болған. Сол дарбазаның бесіншісі «Намаз» деп аталып, Арыстан бабамыз орнатқан. Алғашқы ағашын (Бірді) егіп белгі қойған Сандыбад аталған Сансыз атты бабамыз (Бір-Пір бір адам)  Мұхаммед пайғамбарымыз өмірге келместен бұрын өмір сүрген. 47-санының яғни жан сарайының қақпа құрылысы яғни «Мұхаммед» сүресінің ғылым сипаты белгісі біздің өмір сүрген эрамыздан бұрын да белгілі болған екен. Және де бұл құрЫлыс жан сырының қаласында аруақ заңдылығын яғни тағдырдың жетімен сыналатынын осындай үлгімен, жеті жарғымен және өмір қамының жеті…? құпиясын да ескерген. Және «5 күнге жалғану» осы сандыбат сарайы «Қағбаның» бес жағын (төбесінен басқа) меңгеріп, көктің сырын (аят-астрономия) Ыбырайым пайғамбарымыздың орнынан Қажылық жасап, хажбен қосқанда алты ай түнеп 6-шы күнді аламыз. Сондықтан екінші күн ғылымы өз жеріңнің хажын меңгермей яғни 5 ай, 20 күнге амалдарын толтыру үшін аянмен, кеңістіктен несібеңді алмай бірден Қажы, қажырлы тақуа бола салудан; көкке, айға шауып мерт болған «Арыстан» болудың артында сынағы да бар. Бұдан пайда болатын үлгі әуелі 6-қабырғалы жан сарайын салумен және оның үстіне Қорқыт ата басындағы тілеухананың яғни текше үстіне тұрғызылған төрт қабырғалы мұнараның, 8 қыры бір сыры төбесі 9-шы, бастағы орай, тәубенің нәтижесі арқылы алғашқы  көктің есігі «көздерге» жалғанумен ғана көкке жеті аспанның тұрақты көздеріне «Жеті қарақшыға», шөміш несібеге жалғанып, жеті жолды яғни Құранның жеті үнін яғни жеті мөрінің және тылсымнан оқылу құпиясының насихатын шешу адамзатқа берілген жұмбақ! Сондықтан бұл жұлдыздар, көздер шоғырын әлемде «Үлкен аю» яғни ну тоғай орманның ішінде болатын өлім есігі деп атайды. Енді жан сарайы бұл мұнараның табаны жер мен аралық мойынын құрайтын екі көрінбейтін қабырғаның екі «Меннің» кітабы, перде деп біліңіз. Осы екі перденің «терезенің» ғана тазаруымен жүрек көзінің немесе қазақ халқына «Ақ ұл» арқылы келген мұғжиза жүрек ашудың да сырын білуге болады. Алдағы басылымдарда құлшылық сырын құран, киелі кітаптар арқылы дәлелдермен насихатын баяндай жатармыз, әзірге бұл мөрдің есігі адам жанының ана құрсағында үрлеген 4 сөзбен аманатпен және 142; 38 сандардың ғылымымен байланысты болатынын ислам дін ғалымдары түгіл, әлем ғалымына сыры мәлім болары хақ. Ал осы екі санға тәуелді балтыр пердесі; «Сұңқармен», ал мойын пердесі; «Аққумен» байланысты болып, ақ ұлымызға келген алғашқы мөрдің екі сипатын білдіріп, ал Ғиса пайғамбарымыз арқылы келген мөрдің тек көкпен, рұхпен байланысты 1-ші дәрежелі болғанын, елшілердің «хауарилердің» адам баласының төбесіне қол қою арқылы жүрек көздерінің ашылуын інжіл кітабында айқын баяндаған. Негізінен бұл жеті мөрдің адамзатқа тән сипаты «Мариям» анамызбен 19-сүремен баяндалып, толық бейнеленген әйел затының кеуде, төс мүшелерінде орналасқан жеті безбен, жеті қол сүйектерімен және осындай үш жеті ішкі ағзаларының періштелердің қызметімен көрінісін берді. Қарапайым мысал келтірсек төсін, қолын ғана жалаңаштаған әйел затының да шайтанның қызметіне тұрған, осы жеті мөр қасиетті, әурет орындары арқылы күн сәулесінен, тылсым қара күштерінен тікелей сәулесін алумен жын қуаттарымен тікелей жыныстық қатынасқа түсу болып, гендерінің өзгеріп, қаталдық, еркектен өзін артық санап әйелдік сезімдерінің тұрпайыланып, хайуандық қылықтарға құмарлықтың және сөз түсінбейтін, таза ақылды керісінше жауыздық санайтын сипаттардың пайда болуымен және осыған байланысты тұрақты 7 ісіктің және табан мен төбеге байланысты тағы екі ісік «кісі»-нің еркек арқылы келетін шауқатпен қан тазалығын сақтамаған жағдайда пайда болатын барлығы  «10»-«Қа» (натрий хлор қосындысы) жазылмайтын қасіретті «онко» ауруларының көрінісін береді. Тілді шұбарлап, сөз қуатын меңгере білмеуден 11-ші қасіретті ауру қан азуы мен жүрек ауруларын қоссаңыз толық ділдің азғындығынан пайда болған халқымыздың басына келген екінің бірінде кездесетін күнәлардың білімі шығады. Ал бір ғана мөрдің белгісі шынтақ арқылы әйелде жатырға, ал еркектердегі белдегі нәсіл ұясына тікелей күн сәулесінің енумен және осы мүшелері арқылы жыныс тазалығының «шыны» інжіл, маржанының тазалық көрінісін анықтауға болады. Қазіргі таңда көше толған қара, қызыл, немесе күстенген шынтақтардың, бедерлі, бедерсіз жағдайынан-ақ зинақорлықтың, нәпсілік тойымсыздықтың белгілерін және таза шынтақтардың құрылысы мен бедер іздерінен жыныстық, нәсілдік тектілігін, намыстылығын да анықтауға болады. Ал жоғарғы бұлшық етті сүйекті «қар» (натрий, роди түзілмдері) деп атаудың өзінде де ішкі жеті ішектегі ақпаратпен және асқазанмен байланысты, діл бақшасының көрінісін де білуге болады. Алдағы басылымдарда бұл жағдайларға кеңінен тоқтала жатармыз, әзірге ұят-намысы болғандар мүмкін ғибрат алып, Құдайдан қорқып, әурет жерлерінің қасиетін, қорғаудың маңызын біліп, сақтанар деген үмітпен аз ғана мысалдар келтірдік.

Хажылық өмір қуаты-намыс туралы ғибратты әңгіме.

      Атақты халифа Арун Рашид заманында арап тілінің маманы Асмағи деген адам өз ғылымына зор жетік екен. Халифа оны өзінің балаларын оқытуға ұстаз етіп тағайындайды. Халифалық үлкен мәжілістерінде оны Арун Рашид өз қасына отырғызып, өзі түсінбеген сөздерді сұрап отырған екен. Дүние жүзіне жайылған ұлы халифалықта талай тілде сөйлейтін халықтар тұрады. Соның ішінде тіпті ұлты арап болған күннің өзінде әр жердің арабы әр түрлі сөйлейтіні бар. Солардан келген адамдарды қабылдағанда халифаға тілді жақсы білетін кісі керек. Міне, сол керек кісінің ең бастысы осы Асмағи болыпты. «Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» деген ғой. Сол Асмағидың да түсінбеген сөздері болған екен. Әсіресе үш сөздің мәнісін таба алмай-ақ қояды. Ол сөздер құранда кездесетін өте жауапты сөздер: «табарака, ар-рахым, матаға». Осы сөздердің мағынасын іздеп Асмағи сапар шегеді. Елден елге өтіп, ол үш жыл бойы тыным таппай саяхатта болады. Азып-тозып шаршайды. Енді табудан да күдер үзуге жақын келеді. Сөйтіп келе жатқанда бір ауылға кездеседі. Шеткері тұрған бір үйге келсе бір жас қыз бала ғана отыр. Ол шешесінің отынға кеткенін, кешікпей келетінін айтады. Шаршап келген жолаушы есік алдына қисая кетеді. Бір мезгілде келе жатқан шешесінің алдынан жүгіре шыққан қыз бала бір сөздерді шапшаң-шапшаң айта бастайды. Оның айтқандарының ішінде Асмағидың іздеп таба алмай жүрген сөздері бар сияқты. Асмағи түсінен шошып оянған адамдай атып тұрып:-«Әлгі сөздеріңді қайта айтшы?»-деп сұрайды. Бала қайталайды. Асмағи ежіктеп сұрастыра келсе, ол сөздің мағынасы мынаған келеді екен. «Бір ит келіп майлы орамалды алып, таудың басына шығып кетті.» Осы арада Асмағи өзінің ұзаққа созылған сапарын аяқтап, іздегенін тауып Бағдатқа оралады. Бұдан шығатын қарапайым қорытынды; Әлемнің ұлы ғаламы мен адамның кіші ғаламы арасында бала мен үлкен адамның арасындағыдай қатынас бар. Бүкіл әлем сыры алдында біздің білгеніміз баланың ойыншығындай, былдырлаған тіліндей ғана. Сондықтан құран сол әлем сырын насихаттайтын кітап болса, онда заманына қарай баласы және тіл де түсінік сөзі де сол балалардың тілімен бірге дамып отыруы хақ. «Әлемде даналық бар, адамда балалық бар.» Балаларымыз болашағымыз, тілдік қазынамыз. Ал тіліміз бен сөзіміздің жетістігінен ғана ұлттық ар-намыстылығымыз пайда болып, ұрпақ тазалығының бірден-бір жаратқанның бізге берген уәдесі мен кепілдігі болып саналады. Ал олай болса; «Тіл қазынасын халықтан іздеу керек!» және қазақтың әйел затының майлы орамалын тау басына алып қашып кеткен иттерді, нәпсілерді ұстап өлтірумен, екінші байлық «ақ жаулықтарымызды» ата салт-дәстүріміздің негізін арнаулы заң шығару арқылы рухани байлығымызды ар-намысымызды қайта қалыптастыруға ат салысу керек.

Еңбектің зейнеті үшінші байлық- он саулық туралы ғибратты әңгіме.

Бір адам он жасар  баласын ертіп егіннен келе жатса, жолда аттың (көркем есім) қалған бір ескі тағасын (асылдың сынығы-зейнет, айшық) көріп баласына; «Балам, ана тағаны ала жүр!»-дейді. Бала әкесіне: «Сынып қалған тағаны алып не қыламын?»-дейді. Әкесі үндемей тағаны өзі іліп алады да, жүре береді. Қаланың шетінде ұстаның дүкені бар екен. Сонда жеткен соң әкесі қайырылып, әлгі тағаны үш тиынға сатады. Онан біраз өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Шиені орамалына түйіп, өзі шетінен бір-бірден алып жеп, баласына қарамай аяндап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, оның артынан тағы бір шие, сөйтіп, әкесінің қолынан әр жерге түскен шиені он шақты рет еңкейіп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып; «Көрдің бе, балам, мына тағаны жамансынып, жерден бір ғана еңкейіп алуға ерініп едің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін алуға он қабат еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынып, көп жұмысқа кез келерсің. Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың!»-дейді. Бұдан нені ұқтыңыз оқушым? «Ақылды жастан үйрет, асыл тастан ізде!» деген аталарымыздың өсиетінен; жастайынан баланы еңбекке, ақылға үйрету керек және «Керек тастың аурлығы жоқ» деген мақалының түсінігі шығады. Білім тас, ал тас та болса әйтеуір керек болады өмір қамында. Ал бұл әңгіменің тағы астарлы сыры бар. Үш тиының үш қуат (үш күн-арқау), оны алу үшін тағаның сынығын «асылдың сынығын» -Алла Тағала!-деп жолға шығып жобасын «тағасын» іздеу керек те табан арқылы таңбалану керек. Сонда балтырдағы көздің ашылумен жыныстық 10 саулық қуаттың тазаруы басталады. Бұл жағдайды жер ана рухына жалғану деп немесе ойпаттарды басып өтіп, қатындардың майлы жаулығын ұрлайтын кәпір иттердің ызасын келтіріп, аузындағы алып қашып кеткен майлы орамалды алып, тазартып жан жарыңа киім қылып сыйлаумен жан сырының ғылымы айқындалады. Сондықтан «Әйел еркек бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер» деп ескерткен Раббымыз. Ол үшінде құрсағындағы шиелері піспей, құс шоқып немесе жыныс ағашына құрт түспес үшін әйел затының етегін жаптыратын ата заңымызға қайта оралу керек те болады. Әйтпес бұл өмірден шиенің дәмін де білмей өмір сүріп жатқан қатыны би, қаншама бөріксіз (намыс қуаты-қайрат) ер азаматтарымыздың жерге қарай егіндіктеріне еңкейген «Еңбектері еш, қатыннан алған тұзы сор» болып тектері азып жандары тозақтық болып, ұрпақтарының ағаштарына құрт түсіп жатқандары қаншама. Бұл жағдайлардың және діл білімі ақылды іздеу амалына-намазына  алдағы басылымдарда құран құпия сырлары арқылы  қайта ораламыз. Шәкәрім атамыз бұл жан сырының құпиясын, «Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан, Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан. Бойың жалдап (нәпсі, жыныс арқылы) қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай (бесті-шауқат беріп, алтыны алу) жүріп алған қойдан (әйелден келетін көңіл суы). Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де…»

Талап пен ақыл — жол мұраты.

«Жастықта бір күлгенің-бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық. ..Уайым-ер қоғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық, «Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар, Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық...Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табалмаса ой саларлық, Қалжыңдасып өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?..» (Абай ата)

Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!                    Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.                  Оянып жан-мақұлық түнде қонған.

Шақырып әтеш мана әлде қашан,                   Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.               Сайдағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,              Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Жұмыссыз тек жүрген жоқ ешбір жан да.      Тоғайда орақ даусы шаң-шұң ұрған.

Кішкене қоңыздар жүр жүгін сүйреп,             Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!-

Барады аралар да ұшып балға                          Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

(Міржақып Дулатұлы)

«Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді? Талап шапса ақылға мініп алып, Жақсы жаман бәріне бірдей салып. Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып...Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық…Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық!…Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық… Бұл елде түк ақыл жоқ жарасарлық, Рахым ғып бір-біріне қарасарлық. Өз Абайын өздері ұнатпайды Шын надан осылар ғой біз қашарлық...Надандар төрт аяқты малға ұқсайды, Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды. Өз бетімен табатын өнері жоқ, Талапсыз, өлі сүйек жанға ұқсайды. Бұлар –мәлім сатып жүр, көрдің мұны, Болмайды кімге залал мұның түбі? Өздері біреуіне бірі сатсын, Алмалық біз қызығын енді осыны! Сатады өтірігін шынға жастап, Жүрміз деп жарасымды өнер бастап, Айналасы белгілі, аз ақша ғой, Пәленшесін тауысайық жыртып тастап! ..Өнер қылма ар сатып, жалданбақты! Ұлық болып, елді жеп малданбақты! Біреуді жеп, біреуді табамыз ба, Қашан жақсы көруші ек алданбақты? Өлсең де ондай сөзге құлақ салма! Ардан күсіп, ақылдан құры қалма! Әкең түгіл, арғы атаң айтса -дағы, Білімі жоқ наданның тілін алма!…Арамдықтан шығады кім сытылып? Бірі желіксе, кетеді тым құтырып, «Жығылған жан күреске тоймас» деген, Қарта ойнаған кісідей күнде ұтылып. Абай жүр соны мазақ өлең қылып, Біреуі ұғар ма деп көзі ашылып, Бізге де біразыр-ақ айтқаны бар, Құр қылжақтай берме деп босқа күліп. Ұқсатып, ұнасымды сыйыстырып, Жасты да жамандапты қиыстырып. Ойын-күлкі –бар қылған мінезіміз, Біреуін де қалдырмай жиыстырып… Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп, Алсын деп керектісін өзі теріп..» (Шәкәрім ата)

Жол мен жоба және намыс туралы.

    Ертеде бір пайғамбарға уахи түсіпті; «Сенен де өткен дана адам бар сонымен таныс» деген үкім түседі. Ол пайғамбар «Мені жаратушымыз пайғамбар қылып осы елге, пенделерге жол көрсетуге жер бетіне жіберсе сонда менен қалай дана болады» деген оймен әлгі көрсеткен кісіні сұрай, сұрай үйіне де жетіпті. Сонан үй алдында сақалы белге түскен, тырнағы өсіп кеткен бір кісі қарсы алыпты. «Өз бойын күте алмаған тазалықтан мақұрым адам қалай менен дана болар» деген таңданумен үйге кірсе, үй ішінде екі шошқа байлаулы тұр екен. Сонан жөн сұрасуды жөн көрген пайғамбарға әлгі кісі; «Қонағым ойыңды түсіндім мені кәпір көріп тұрғаныңды» деп өз тарихын баяндапты. «Анау тұрған екі шошқа менің ата-анам, Алланның қарғысына ұшырап сондай күйге түсті.  Кейде әкем  арқамды қасышы деп өтініш айтады мен арқасына қол тигізсем тәніме қаралық кіреді сонан жүрегім кірлеп құлшылығым бұзылып Аллаға деген сенімім жоғалады, бірақ шошқа да болса әкем ғой қалай бұйрығын орындамаймын деп тырнағымды өсірдім. Тырнағыммен арқасын қасимын тәніме тәні тимейді. Ал арғысы тұрған анам кейде мейірімі түсіп «бетіңнен сүйейін» деп сұрайды, бетіме тұмсығы тисе жүрегім кірлейді, сондықтан сақалды бей-берекет өсіріп қойдым шошқа болса да анам ғой, бетімді тосып сақалымнан сүйгіземін, сонда бетіме дақ түспейді» деп жауап берген екен. Сол пайғамбар ол адамның даналығын мойындап басын иген екен. Ал аталарымыз; «Әке-шешең жынды болса байлап бақ!» деген нақыл қалдырыпты. Ал пайғамбарымыз; «Кімде кім ата-анасына жақсылық жасаса оған Алла Тағала жақсылық етсін.» (811-өсиет)(10) Ал қазақ халқының Құдай патшалығын, ісін меңгеру аруақ заңдылығының жемісін көрген, тура жолды тапқаннан кейін ғана жүздеген әулие-әмбилердің хикметті істерімен және сопы ғалымдарымыздың жан сырын ашық айқын бейнелеген еңбектері қазақ халқының кітап берілген мұрагерлер елі екеніне анық дәлел болады. Онда неге қазіргі таңдағыдай біртұтас ұлттың түрлі топтарға бөлшектенуіне кімдер кінәлідесеңіз, бұл жағдайға алдын-ала пайғамбарымыз болжап өсиет қалдырыпты;  «Бірде- бір қауым жақсылыққа жеткеннен кейін жамандыққа кеткен емес, өзара ұрыс-керіске тек жетімсіздіктен ғана барған.» (704-өсиет) (11) Олай болса қазақ халқының ішінде бұндай арсыздықты туындататын екі түрлі «Ман» қуатының жетімсіздігі бар. Біріншісі; Ақыл-ой қуатының азуымен «Ғылым» кітабына жалғана білмеу мен билік орындарына надан басшылардың келуінен, жолдан адасуымыздың себебі пайда болған. Екіншіден; дүниенің жетімсіздігінен және дүние бар ел басқарушы, дін басқарушыларының қанағатсыздықтарынан өз арамызда көре алмастықтың пайда болуымен ата салт-дәстүріміздің жобасынан, «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген өзара садақа беріп, жылу жинап, артық хайыр жасаудан, дүние қоңыздық, европалық салттарға еліктеумен жалған заң шығарып, Құдайға ашық жала жауып бас тартуымыздан білімді қоғамның жүректері жабылып, құлақтары сырттан келген негізсіз білімдермен жүктеліп созылудан бүкіл қоғамды артқа тартушы шайтанның жамағаттарына айналумен, жолымыз — ұлттық намыстың да, жобамыз — адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік ұжданның да жоғалуынан пайда болғаны хақ.

Ар-ұждан-ынсап және жан бірлігі «Бір»-Жар туралы.

   «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан дегеніміз-ынсап, әділет, мейірім. Ұждан- екі өмірдің азығы. Құдай бар, ождан дұрыс, қиямет шын-Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асқан.» (Шәкәрім ата). Олай болса адам баласына керекті бір-біріне сүйіспеншілікті ұждан қалыптастырады екен. Біздің мемлекетімізге де керекті басты қазына, ұжданымыз болу керек екен. Ал ұждан қайда, қайдан іздейміз, қалай табамыз? Ұждан тарихының болашақта қалай өрбитінін Шәкәрім атамыз былай болжап кетіпті; «Қытай елі отырықшылыққа ерте түскен қауым. Ескі заманда қытайлар рахатты кеңшілік өмірде болған. Бай кедей өзінше бақытты еді, бірақ бір кездерде таң қаларлық науқасқа ұшырады… Әркім ұйқысы қашып тыныш ұйықтай алмайтын болды. Оның себебі; сол кездерде ұждан (ұят, ар) туды, яғни жер бетіне періште келді. Бұл ұждан періштесі бір нұрлы сұлу қыз кейпіне түсіп, түн болғанда қытайларға көріне бастады, күндіз көрінбеуші еді. Әркім қызметі, саудасы болғандықтан күндіз Ұжданмен сөйлесуге қолдары тимеуші еді. Бірақ күн батып, қас қарайып, көктегі жұлдыз жылтылдаған соң Ұждан шәһәрдің кең көшелерін аралай бастаушы еді. Халық жұмыс, шаруасынан босап тәтті ұйқыға кете бастағанда, Ұждан байлардың сарайына, кедейлердің балағына кіріп, төсегіне жақын келіп: «Ей кісі, маған қара!»- дейтін еді. Ол сасқанынан қызды көрген соң; «Ей, қыз, саған не керек?»- дегенде, қыз ақырын ғана; «Сен бүгін не істедің? Соны анық тексеріп ойла!» -деуші еді. «Мен не істеппін? Бөтен, бұзық еш нәрсе істегенім жоқ» десе, ол қыз; «Әбден түсініп ақылыңды жиып ойла!» — деуші еді. Ол кісі ойланып, ойына түскен бір ісін; «менің сүйткенімді айтамысың?» дегенде ол қыз көрінбей кетуші еді. Сонан кейін ол кісінің көңілі алаң болып, тиышсызданып түні бойы ұйықтай алмаушы еді. Ұждан қыз үйден үйге қыдырып, әлденеше мыңдаған қытайларды ұйқыздық дертіне ұшыратушы еді. Сол уақыттың дәрігерлері бұл ұйқысыздық оба науқасына қарсы неше түрлі дәрі жасап ем қылса да, не апиын, не наша, не көкнәрі сияқтылардың түк пайдасы болмады. Сол өлкенің ең ақылды адамы Син-Лу-Жи бай жақсы кісі болса да, ол бұл науқастан аман қалмады. Бұл байға әркім борышты болғандықтан, бірталай адам оған борышын төлеу үшін қызмет қылушы еді. Егер борыштылардың бірі харакет қылмай борышын төлемесе, не біраз бидайын ашыққандықтан ұрласа, бай оны мейлінше сабап қатты қинаушы еді. Әрине ол оны басқаларға Ғибрат (сабақ) болсын деп істеді… Бірақ түн бойы жалғыз жатқанда, байдың ойына әлдене ойлар келуші еді. Мысалы, «пәленше неге ұрлық қылды?» «жейтін тамағы жоқтықтан», «тамағы неге жоқ?» «Бар бидайын аласым үшін мен алдым», бай осындай ойларды ойлап жатып, кейде күліп те жіберуші еді; «Қызық-ау, ұрлықты ол қылады, ал оның аш қалғанының обалы менде сияқты!» — деп. Сүйтіп байдың да ойы бөлініп ұйықтай алмайтын ауруға ұшырапты. Қанша ойласа да бұған ем таба алмай, бір күні бай қатын-бала, туысқандарын жиып алып, елден жиған малдарын, жерлерін өздеріне қайтарып, садақа беретінін айтты. Мұны естіген қатын-бала, туысқандары зар жылап: «Ұйқысыздық дерті байды ақылынан адастырды»,- деп оны емдетуге қам жасады. Дәрігерлерге, қала бастығына білдірген соң, «Бай ұйқысыздық дертінен жынданып кетті» деген хабар әр жаққа тарайды. «Мен де ұйқысыздықтан өлетін болдым» деген бай, кедейлер саны көбейе бастайды. Қауым бұл науқастан қатты қорықты. Уақытындағы ұлықтар қызметін жөндеп бұрынғыдай жолмен жүргізе алмай жаман састы. Патшаның уәзірлері, бақсы- балшылары көп кеңесіп, бұл науқас түнде келіп әркімді тынышсыздандыратын Ұждан деген қыздан (жан, жар) екенін анықтап, амалын таба алмай отырғанда, сол қаланың ең ақылды қариясы ойларына түсті. Қарияға барып; «Ей, атамыз! Дүниенің бейіші қаламыз ойран болып барады! Бізге бір шара, жәрдем қыла көріңіз!» деп аяғына бас ұрып, патшаның жіберген сыйларын ұсынды. Қария бұлардың сөзін әбден ұғып, ойланып отырды да; «Қорықпаңдар балаларым! Мұның емі оңай. Ол қыздың жолын бөгеп, оны келтірмеу керек. Сонымен жұмыс бітеді»- деді. «Ұқтық! Бірақ ол қыздың жолын қайтіп бекітеміз? Ол қыз бекітулі есіктен, биік қорғаннан, көпірсіз, өткелсіз сулардан қалай болса солай өтіп үйге кіреді»,- дегенде қария; «Оның амалы тіпті оңай! Заң, закондар жазып, оны баптарға бөліп, әркімнің не істейтінін, не істемейтінін ақ қағазға қара сиямен жазып, бекіту керек. Ол заңда әр адамның қылар ісін дайындап, соған қарап іс қылуға міндеттендіру керек. Сөйтіп әркім қылар міндетін, әм қылмайтын ісін біліп қоюы керек. Көп қауымға мұны сөйлеп, оқып отыруға, басшыларға заңшыларға ерік беру керек. Олар қауымға үйреткені үшін ақы алып, сонан соң бәрі сол заң бойынша іс қылып рахат ұйықтайды»,-деді. Сонда олар молдасы бар, әкімі бар, ұлығы, ғалымы жабылып зәкүн дайындауға белсеніп кірісіп кетті.  Тағы әкімдердің басын қосып өздері қарар қабылдады; «Бұл жазылған заңды әркім білмейді, елдің қасиетті заңшыларына елдің ұлықтары білімділерге қаратып тұрсын! Қырық кітап тегін ақтарылмайды, білім ақысы немесе білмеу жазасы деп ақы төлейді. Сонан кейін Ұжданнан да, оның туысқаны Ынсаптан да тіпті қорықпайды, келсе сөзін тыңдамай; «Кет жоғал! Мен не қылсам заң жолымен қылдым деп, көрпені басыңа бүркеніп ұйықтай беру керек!».  Сонымен ол заң халықтарға таратылып күндердің күнінде Ұждан қыз тағы байға келсе; «Ол уақыттың өткенін білмедің бе сұлу қыз? Енді менің мал үлестіруге еркім жоқ. Заңның он алтыншы кітабының (шерік қосу) сексен екінші бабының (ашық түрде жалғастыру аяты) жүз бесінші бөлімінде (Кітап иелерінің сөзді өзгертіп қарсы болу аяты) не жазылғанын білемісің? Онда айтылған; «Мал, байлық аз-аздан азар ғана жиналады. Атадан балаға қалады, әр адам малды сақтауға міндетті, ысырап қылу заңға қарсылық болады; әркімнің малында қатын-бала, мирасқорларының үлесі бар» делінген. Егер малымды садақа беріп кедейлерге үлестірсем, онда мирасқорларға қиянат қылған боламын. Ол заңға қарсы, естідің бе қызым? Және заңның жүз алтыншы бөлімін (заман жетістіктеріне қарай аяттардың, сөз ұғымдарының ауысу аяты) тыңда: «Малын заң бойынша ұстамай ысырап қылған адамды тұтқынға алу керек, малына ие қою керек»,- делінген. Кет, қызым! Мұнан былай маған келме! Мен заңға қарсылық қылмаймын.» деп бай көрпесін бүркеніп рахаттанып ұйқыға кетіпті.

      «Тегінде ұждансыз жан өлікке есеп. Адамның кеселі жоқ мұнан кесек, Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды Қате қылған болмаспыз хайуан десек». Сіздерге ертек, біздерге шын, осыдан 10-14 жылдар бұрын жаратушымыз берген егемендігіне қоса, сыйға қазақ жеріне ұждан періштесін түсіріпті. Ата-бабасынан кіндігі ажырай қоймаған асылдың сынықтары, жан анамыздың ақ бастауы ұждан қыздың берген тапсырмаларын орындауға белсеніп кірісіп те кетіп, көктен келген батамен талайының ожданы оянып, ынсапты болып, әділетті істер істеп туысқандарына, еліне деген мейірімдері оянып, ұйқыдан ояна алмай жүрген қандастарын да, жаппай ұждан қызды тыңдауға шақыра бастады. Бірақ бұл жетістік қолдан жазылған заңға да, арғы беттен көшіріп алған дін заңына да, дін басшыларының халықты өздеріне ұйытқан жолдарына да қайшы келіп, әрі иемденген байлығынан айырылып қалуға қорыққандардың мазасын әбден алып болған соң жоғарғыдағыдай үкіметіміздің ел, дін басшыларының жабылып кеңесіп шешуімен ұжданымызды, ынсаптылығымызды да соттаған заң шықты. Сонымен жеңдік деп діншілеріміз де, ел басшы, заңшыларымыз да ұйқымыз тыныш болатын болды деп, әкім қараларымыз да тыққандарымызды құпия қазына сырларымызды да білмейтін болды деп, онымен бірге байларымыздың да қаражаты үнем болып, қайта терең ұйқыға жиналғаны сол екен, енді ұждан қыз өзінің туысқаны ынсаппен бірге күйеуін «тоқтыны», шындықты-ақиқатты да ертіп күш жинап және көк әскерін артынан ертіп қайта келді деген хабар келді. Сондықтан басыңыз мұздап, шаншып ауырып, екі шекеңізден қысып, ұйқыңыз тынышсыз болып немесе жауырыннан ұстап, білектен сыздатып, жүректен қысып, желкеден түртіп, тізеден сырқыратып ауыртып және түсіңіз шым-шытырақ қорқынышты жағдайларды көрсетіп, ұжданыңыз түрткілеп жүрсе, онда бабаларымыз әдет-ғұрыпқа айналдырып кеткен жазылмаған заңды жобаңызды қайтадан іздегеніңіз абзал ағайындар. Ең қауіптісі тізеден ұстап, тобықтан белгі берсе, онда «Арыстанның» аузында тұрғаныңызды, онан қашып құтылар ешқандай жер жоқ екенін де есіңізде мұқият ұстаңыз. Сондықтан бұндай жағдайларда белді бекем буып, сүйген, қимайтын дүниеңізді дорбаңызға салып алып, жаман да болса өз ағайындарыңызға таратып беруге, әулие-әмбилер басына барып, құрбан шалып, жаратқаннан кешірім сұрауға дереу жолға шықпасаңыз, арты кеш болып, зұлымдыққа тап боларыңыз да хақ. Ал шариғат ісін Құдай ісіне яғни жолға, заңға айналдырып қақпан қылған молда мен европадан үлгі алған ұлық пен әкімдерден 16-бап, 82, 105, 106-шы бөлімдерін оқып «шерік қосу, серік қосу, жалған тәңірге табыну» деген ойдан шығарған заңын тықпалаған ақылын  көрсеңіз, тыңдамаңыз да; Кет деңіз! Енді осындай елімізде ойдан жазылған заңға қарсы Ұждан қыздың  жазылмаған заңы, көрсететін шындығы да, ашық хикметі де бар екенін де білгеніңіз жөн. «Ұждандыны мақтайды тамам адам, Мейлі ғалым болса да, мейлі надан. Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылдым дейтін Құдайы жоқ. Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған… Ел түзеуге құрбанмын деп-ақ айтар, Өзі қалай пайда алар онысынан? Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не?-деп сұра зұлымдықтан». Артында азап та жоқ, рахат та жоқ. Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзеп тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған. Жоқ, шырағым! Жанымыз жоғалмайды. Екі өмірдің  азығы — осы ұждан! Әйтпесе оған бұл өмір төлеу емес, Төлеуі: түпсіз рахат, тозбас заман. Ар, ынсаптың пайдасын жан сезеді, Өлген соң бәйге аларын біліп тұрған. Ақ жүрек, адал ниетті бола алмайды, Ұжданның бұл сырына шын нанбаған. Шын нану-ақылменен қабылдауы, Қалады зұлымдықтан сүйткенде аман. Әйтпесе өлген соң де мақтанбақшы, Жорымасқа жолым жоқ солай тамам. Ақ — арам, ұждан — зұлым деп не керек. Сый алмай, не қиналмай жоғалса жан. Шолақ ойлы дәлелсіз шолтаңдаған «Фанатик» діншілсің ғой дер-ақ маған. Тамам, дерттен сау ақыл, менің сыншым Мың айтып ұқтыра алман деймін саған!». «Адам өз ұжданы алдында адал шыншыл болуы адам өзіне-өзі ізгі қасиетті болуында, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.» (Әл-Фараби) Ізгі қасиет махаббатың жетілуі де тек өз жаны-ұжданың алдындағы адалдықтан, жүректің тазалығынан, ақ ниеттілігінен ғана пайда болатынын ескертіпті атамыз. Онда адам баласының барлық қасиеттілік, тектілігі, парасаттылығы да «Ман» қуаты И-манның сарайы жүрекпен ғана нәтижеленетіні даусыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *