Аруақтан келген ақ бата уахи.

Бөлім: Аруақтан уахи-бата-аян 250

      Жоғарыдағы мысалдармен келтірген; «Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ, Насыр» деген барлық жаратылыс негіздегі тәңірлік қарекеттік қуат-күштердің адам өмірі, жаны, рухы арқылы бейнеленіп, егер дүние қызығына және азғындыққа түскенде жүрек арқылы басқарылмай және бір қолға, істерге, аруаққа айналмаған жағдайда ақирет өмірінде осындай шеріктік сапаларға өтіп, адам тіршілігіне түрлі жындар, перілер, шайтан сияқты жаратылыс себептеріне қосылумен, дүние қызығын және әлемде болып жатқан ойын-сауық, күлкі, арсыздықтың неше түрлі теріс шабыт өкілдерін, шығармашылық, теріс діншілдік азғындықтарға, тіпті ғылымды зұлымдық істерге пайдалануға да себепші тәңірлік қуаттарға түрленеді. Сондықтан осы бес негізден жаратылыстағы қаракеттік істерге байланысты құдайлар, пұттар жасап алып шоқынушылықтың да пайда болуына себеп болған. Енді осындай жалған тәңірге табынушылық, яғни пұттарға шоқынушылықтың көмес білінбейтін бірақ әсері пұтқа табынушылықтан да зор болып, адам тәнін де, жанын да, рухын да тозақтық хайуандық дәрежеге дейін төмендетіп, сезім, түйсік қуаттарын қараңғылыққа түсіретін түрі бар. Бұл жағдай европа және ислам елдеріндегі түрлі жағдайдағы әйел, еркектеріміздің әуреттерін түрлі дәрежеде ашып, киім жыртықтарымен бейнелеп немесе тіптен жалаңаш тән сұлулығын адам баласының ең бір жетістігі, байлығы қылып және еркектерге бас киімнің, әйелдерге жаулықтың ескіліктің қалдығы, ұятсыздық, артта қалғандық, мәдиниетсіздік болып есептелетін шоқыну түрлерінен туындайтын азаптардың, аурулардың, сынақтардың белгілерінен аз ғана мәлімет бере кетейік;  1. Ер азаматтардың үнемі жалаңбас жүруінен; Түрлі уайым, күйікке, күйзеліске түсетін рухани дерт пен бауырдың бұзылуы мен баста май құрамының жетімсіздігімен және төбеден келетін періштесінен, ақирет кітабынан айырылады. 2. Жалаң аяқ және балтырын ашып жүруден; Қуық бездеріне кері әсер беріп және қатерлі ісіктердің пайда болу себептерін туындатады. 3. Әйел, қыздардың еркек киімі шалбармен жүру әдетінен; Төс маңындағы жеті түрлі аналық бездерінің қатайып, тас емшекке айналып, көбінесе бала сүю қасиеті тоқтап, ал бала сүйген жағдайда да ана сүті мүлде болмайды, болғанның өзінде балаға болашағына теріс азғындыққа түсуіне себепші болады. 4. Әйел затының қолды иыққа дейін жалаңаш ұстауынан; Асқазанда қышқылдың артуымен түрлі жараларға және ішек ауруларына, басқалай түрлі ауруларға себеші болады және көп жағдайларда бұндай әйел, қыздарымыздың тоқ ішектерінің іріңдеп, түбінде қайғылы жағдайларға да апарып соқтырады. 5. Әйел, қыздарымыздың тырнақ өсіру дағды сәнінен; Өңеш ауруларының пайда болуына себепші болады және ондай әйелдердің қолынан тамақтанатын еркектер де осындай жағдайға душар болуы ғажап емес. 6. Бүкіл әлем әйелдері мен қыздарымыздың «жұлдыздарымыздың» ең бір мақтаныш сәні, кеудені түрлі жағдайлармен төске дейін ашып, үйлену тойларында да осындай киімдердің міндетті болуы да; Негізінен барлық 62 тамырға теріс әсер беретін қуаттардың пайда болуымен жүрек, қан тамыр ауруларының басты себепшісі болады. 7. Еркектердің шет елден келген сән дағдысы және арап діншілерінің де дағдысы басқы жағы жабық болып жалаң аяқ және шалбарын тізеге дейін қиып тастап немес «шайтан дамбал» киіп жүруден; Омыртқа сүйектеріне, сирақ, тобық тағы да басқа буындарға келіп майлап тұратын сұйықтардың тоқтап керісінше осы буындарға тұз жиналып, арты түрлі дерттерге ұласады. 8- Әйел халқының шашты түрлі жағдайда қиып, қысқартып бояуынан; Жүрек қан тамырларының солып, тарылып, қан ауруларының түрлі себептерімен өмір жасының да қысқа болуын, ұрпақ, ұрық ауруларын туындатады. 9. Қазіргі кездегі қыздарымыздың да, ақыл тоқтатқан халыққа ақыл айтушы үлкен әйелдеріміздің де шашын жайып жүруінен; Ұрпақтың ауруы және ұрықтарының да жетілмеуі пайда болады. Бұл жағдайлардың бәрі тәнді аздырып, жан өсуін тежеп керісінше семіздік және тәндегі «паразит», кенелерінің артуымен ондай пенденің ойлау қабілеті тек көрген және білген, алған білім дәрежесімен ғана шектеліп, көктік несібесі тоқтауымен түрлі арсыздық қылықтардың, жамандықтардың, хайуандық істердің орындаушысынан айналады.

      «Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.» (27-48) Адамды арынан жұрдай қылып тозаққа түсіретін осындай 9 түрлі шоқыну мен жалған тәңірге дүние қызықтарымен, тылсымның жеке қуаттарынан, пұттарға табынулардан туындайтын арсыздықтармен, теріс қылықты әйелдер мен еркектердің де неке арқылы жұбайлық өмірінде бір-біріне көңіл суы және ата шауқаты арқылы жан, рухани азғындыққа ұшырап, болашақ ұрпақтарының өмір ағашына кері әсерін тигізіп, бірін-бірі жанын, рухын өлтіріп жатқан белгілерін білгіңіз келсе алдағы 7-басылымда әуелі жан, рух сырларынан, ғылымынан аруақ заңдылығының, Құдай патшалығының насихатын көрсету арқылы көрсетіп жазамыз. Аруақ қуатының жоғарыда қолдағы жеті сүйекпен байланысты екенін ескерттік, бұдан шығатын қорытынды тіптен қолды жалаңаш ұстауда мысалға шынтақ арқылы қара қуаттардың, күн сәулесінің жатырға өтуімен ұрпақтың ауру, жетімсіз немесе рухани жынды, мастығынан айықтыратын, ми, бас құрлысы жетілмей тууына да себепші болмақ. Қолды күте білу мен қол өнері, шеберлік істері және жыныстық ерекшеліктерінен кәсіптік ерекшелік қимылдарды меңгеру адам тегінің азбауына және намаз орындау, хайыр жасау арқылы қолдың теріс ақпараттардан тазарып, өрістік, реңдік бағыттағы  ағаруы діннің яғни Тәурат нұсқауларының, Мұса пайғамбарымыздың орындаған намаздарының негізгі шарты да болып саналады. «Сабыр түбі сары алтын» атты бірінші басылымның тарауында «Момын шалмен сұхбат» туралы жазған едім.

       Енді сондай бір ғалым шалмен де болған сұхбаттан үзінділер беріп отырамыз, Осындай жағдайды үнемі дін, ғылым туралы пікір таласып сырласатын ғалым шалыма аруақтардан келген осындай уахиларды айтып берген едім; «Бұларды енді дәлелдеу керек болмаса негізсіз» деп ескертті. «Бізге дәлелдеудің түкке де керегі жоқ» дедім мен. «Онда сендердің бұл пәтуаларыңа ешқандай ғылым адамы сенбейді» деді ол. Міне енді гәптің де, қазақ елінің нанымынан келген надандық пен бейтараптың қасіреті де осында тұр. Бұл жағдайды Абай атамыз да ескерткен екен; «Қазақ жаттың бір жақсысын көрсе құлдық ұрып, өзінде барды менсінбей және «Әуелі-бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.» «Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын кісіден (аруағынан) қашық жүретұғыны қалай?» «Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?» деген түрлі ескертумен бұл рухани дертімізді алдын ала болжап кеткен. Сондықтан әзірге бір адам баласы да болса мүмкін үгіт алар деп өз қазағымыздың оқитын қауымына ғана таратып жатырмыз. Ал, алда осы жағдайдың жаппай індет болып, әрбір «білдіманның» басына, жан-ұясына, ең аяулысына айықпас дерт болып жабысатын және оны енді өзінен көрмей сіздерден, дәрігерлерден көріп және ондай жалғандықты жақтайтын  осындай әділетсіз заңымыз барда талай жазықсыз жандар да жала арыздармен қараланып, жазаланатыны даусыз.

      Қазіргі таңда қазақ елінде 14 жылдай уақытта, яғни ата жолының алғашқы үкімі түскеннен бастап  адамдардың сәулелену дәрежесі де артып және құдай ісін меңгерген, зияраттап өз шежіресіне, ата-ана рухына жалғана білген, тылсымнан таңбаланған адам баласының «гелий» қорғаныс, імүндік балшықтарының да жетілуімен байланысты, енді шамалы уақытта бұл жағдайдың нәтижеленетін кезі де келіп, яғни ешқандай дәрі-дәрмектің әсері болмай, тек Құдай құдіретіне ғана жүгіну арқылы азаптарынан сауығатын мезгіл де жақындап қалғаны хақ. Және ең өкініштісі «аруаққа яғни Алланың себебі, Құдай ісінің өзіне табынуға болмайды» деп Құдай ісіне де жала қойған дін қандастарымыз, имамдарымыздың, дін ғалымдарының да жан ұяларына қасқыр шауып, түрлі ессіздік, кемістік рухани ауруларының да белең алары сөзсіз. Бұл жағдайдан Құдайдың сотынан осындай Аллаға қарсылық, аяттарына ортақ қосу істеріне басшылық жасап, шайтан жамғаттарына айналған ел басшыларының да құтылып кетуі де екіталай. Өздерін де, ұрпақтарын да өз қолдарымен  жаратқанның баураушы азабына ұсынып жатқандарын мүлде мойындар да емес. Сондықтан да осыдай қазақ еліне ғана емес, әлем жұртына түскен ғасырлық дәрежедегі дін сынағы мен індет, аурулардың әлем ғалымдарының басын қатырып, амал жоқ дін мен ғылымның тұтастығын мойындап және шешімін таппаған індеттердің шипасын алдын ала аруақтар арқылы жаратушымыздың түсіргенін, оны да болашақта жариялап және нақты шипалық шаралармен дәлелдеу арқылы әлем ғалымдарының да назарына қазақ халқының мұндай  рухани байлығының хикметінің көрініс беруімен көптеген өзге ұлттық ғалымдардың зерттеп, дәлелдеп ғылымда ірі жаңалықтар ашуына себеп болатынын түсіндірдім. Ал ғалым шалым; «Бізге осындай Құдай ісін зерттеуге ұлықсат беретін үкіметіміз заң шығарса дәлеледеп, баяғыда–ақ  діннің хақтығын ашып беретін едік»-деді. Осындай жалтақтық, намыссыздық пәтуадан енді менің ойыма Міржақып Дулатов атамыздың өлең шумағы ойыма түсті. Шындығында осындай Құдайдың жіберетін азабынан кейін және ақиқаттың ақталып, аруақ заңдылығын, аталарымыз меңгерген тура жолды әлем қызығып, үлгі-өнеге алып үйренуге топтап қазақ еліне зияраттайтын заман келетіні хақ. Сол уақыттарда мен осындай білетін едім  және мен бастан туғаннан «аруақ» деп сенуші едім дегендей кешегі желтоқсан уақиғасынан кейінгі түрлі ұлтшыл, жанашырлардың, ел басшыларының кенеттен пайда болғанындай, қазіргі үндемей тым-тырыс жатқан, басын күйттегендер немесе миллиондаған халықты ашықтай азғырғандар да, түрлі кітаптар жазғандар да аяқ астынан діншіл, аруақшыл, халықтың жанашыры болып шығары даусыз. Олар өзінің дәрежесін, тақтарын сақтау мақсатында нағыз сенімін жоғалтпай, аз болса да өз пікірін ашық айтып жүргендердің дәрежесі көтерілуінен қорқып, тағы да баспасөз, ақпарат бетіндегі мүмкіншіліктерін, жинаған дүниесін де аруақ жолына, Құдай ісінен аямай шашулары да ғажап емес. Сондықтан ондайларды Раббымыз пайғамбарымызға; «Мұнафықтарды сен білмейсің, олар араларыңда жүр, тек Алла біледі» деген ескертумен және ондай адамдардың белгісі Алладан ашық аяттардың яғни хикметті мұғжизалардың келуін «жын, шайтаннан» деп аяттарды мазаққа алатынын: «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де (64) ..Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімдерің күнәкар болғандықтарың салдарынан азапқа ұшыратамыз. (66) Мұнафық ерелер мен әйелдер бір-бірінен, Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. (Аруақ батасынан) Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Құрбан шалудан, Алла жолында зияраттап, ақша, дүние жұмсаудан бас тартумен бірге өзгелерді де азғырып, тосады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар.» (9-67) Міржақып Дулатов атамыз осындай мұнафықтардың қандай болатынынан құран аяттарын ашып көрсетіп кетіпті де; «Қайда едің?» деген сауал қойыпты.

Кешегі қара күндерде,                             Ақыл таппай дағдарып,

Жұлдызсыз, айсыз түндерде,              Жанашыр таппай сандалып,

Жол таба алмай сенделіп,                    Барарын қайда біле алмай,

Адасып Алаш жүрегенде,                     Жүрген күнде сан ғаріп,

Бұл күнгі көп көсемдер,                         Есепсіз көп шешендер,

Сұраймын сонда қайда едің?                Жөніңді айтшы қайда едің?

                      ********    ***************

Сарыарқа  сайран жерлерім,            Атадан бала айрылып,

Көкорай  шалғын  көлдерім,          Қанаты сынып қайрылып,

Асқар тау-биік белдерім,                Қасірет толып жүрекке,

Бәрін жауға алдыртып,                     Тұрған бір кезде қайғырып,

Қысылып қазақ тұрғанда,                 Толып жатқан қамқорлар,

Данышпандар қайда едің?                 Елде жоқ едің қайда едің?

      ***********       **********************

Құландай үркіп елдерің,                   Кедейдің сорын қайнатып,

Қалдырып мекен жерлерін,           Майданға жасын айдатып,       

Жаяу-жалпы, жалаңаш                 Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,

Қатын-бала, ерлерің                      Өлімге басын байлатып

Аштықтан қырғын тапқанда,      Жіберерде жаным –ау,

Сыпыра жомарт қайда едің?         Жанашыр жақын қайда едің?

       ***********     ****************

Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ? Шешен емес жоқ адам. Бәрі білгіш, бәрі ер, Жеткіздің, Алла тағалам. Атамыз қазіргі таңдағы әлем философтары, психолог ғалымдары және дін ғалымдарының да жоғалтқан жан сырын, нәсілдік белгілерінің замандар өте қайта тірілетін, жүректердің осындай нәтижесінен болатын дін сынақтарының пайда болуын алдын ала ескерткен екен. Қазір халық арасында «Пәлен деген атақты кісі айтты немесе хазірет, имам айтты, аруақ бар, құран бағыштау керек»-деді деген жүрегі жарылардай қуанып жүрген қазақтың қарапайым шаруасын күйттеген ағайындарымыздың риясыз қуанышын көргенде,  «Бұрын сен қайда едің?» деген атамыздың сауалын, солардың әрқайсысына да, ел басшыларына да, партия құрған ақыл, сөз сатушы саудагерлерге де қойғым келеді. Бірақ амал жоқ жеті-сегіз жыл болды есіктерін қағып, аруақты есіңе ал дегенмен мүлде нәтиже де шықпады, керісінше баққан иттерін қосып қуғандар жеткілікті. Осыған байланысты мынандай мысалды ғибрат алар деп ескерте кетсем;

      Бір үнемі жарыста бәйгенің алдын бермеген тұлпар әбден қартайып бір күні  арыққа жығылып үйелеп қалса керек. Сонан оған әбден бауыр басып, жаны ашыған егесі бауыздауға қимай ең болмаса қораға барып өлсе екен деп халықты жинап, жабылып көтергенмен, аяғын бастыра алмай қойыпты. Сонда оның қасынан өтіп бара жатқан бір көпті көрген ақсақал: «Сендер оны көтеріп несіне әуре боласыңдар, ол енді өзін өлімге ұсынып жатыр, оның дауасы алдынан дүбірлетіп, қиқулап, аттандап бір топ жылқыны айдап өтіңдер, сонда өзі атып тұрып қорасына барып өледі» деген екен. Сонымен әлгі ақсақалдың айтқанын бұлжытпай орындағанда, тұлпардың атып тұрып жылқылардан қалмай қорасына барып жығылып өлгеніне куә болыпты халық. Мүмкін бұл мысал жүректерінде екі беткейлік бар мұнафықтарға емес, жасынан көк жиекті көріп ауылдың топырағын кешіп, жер емшегін де шал емшегінің де дәмін татқан бауырларымызға жүректеріне қозғау салып, аруағы оянып, ақылына шипа болып, дәстүрлі дінімізге иман келтірсе еңбегіміздің де босқа кетпегені. Шыңғысқан бабамыз елімізге қызылбастан келіп; «шерік, серік»деп дінді азғырған, еліміздің ағайындар арасына от жағып, дау туғызған арамыздан шыққан сатқындарды да  Мекке қаласына дейін қуып барып мүлде тұқымымен қоса құртып жібермек болыпты. Бірақ, Шыңғысқан бабамыздан араптардың 90 хафизы құран ұстап, алдынан шығып кешірім беруін сұраған екен. Бабамыз әскерін тоқтатып Мекке қаласына  аз ғана нөкерлерімен кіріп, қағбаға тәуап етіп, халыққа жаудан түскен садақаларын тартып беріп; «Өздерің біліңдер, бұлар болашақта дін шапанын жамылып әлемді қайта азғыратын болады» деп ескерткен екен. Және пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде ғалымдардың қадірі түседі, себебі екінің бірі құранды өздері оқып тәпсірлейтін болады.» деп ескерткен екен.

       Қазір ғылымнан суаты, жүрегінің қуаты жоқ тәпсірші, шариғатшыл имамдар түгіл, атақты ғалымдарымыздың өзі сананың сезіммен ара жігін ажырату түгіл олардың өлшемі және қайдан, неден пайда болатынын, түйсікпен арадағы өзара байланысты, пайда, зиян шектерін және ақыл мен естің ара қатынасын, өлшемін де мүлде қарастырмайды. Сондықтан ақыл, білім жетістігін яғни түйсіктік «Ман»-дық қуаттармен шатастырумен, «Ар», «Уақ» қуаттарын меңгеру арқылы пайда болатын парасаттылық өлшемімен шатастырып, жастарымыздың сана-сезімі жетілген деп түсіндіреді. Сана-сезім қуаттары ақылдың жетіліп, 40-тан асып кемелденуімен, яғни дауыс, үннің 8 жыл сайын 5 рет өзгерумен және от басы, неке өмірінің ыстық суығынан өтіп, ұрпақ тәрбиелеу арқылы адам баласының кәсіптік, өнерлік, жыныстық іс- әрекеттерінен туындайтын, қолдың ағаруымен және соған байланысты жалпы тән еттерінің тазарып, қанның, жүректің тазалығының көрсеткіші мен қандағы 11 періштенің тіріліп кеңістікте бейнеленуімен белгілі болатын, жоғарыда көрсеткен; 13-11 санды аятқа діл білімі болып, ол тек тақуа, әулиелерге тән көрініс екенін дәлелдедік. Ал бұл жағдай ниеттің таза, толық намаз орындау көрінісіне айналумен және  сезім тазалығы «АР», «Уақ» және түйсіктік білімді меңгерумен «Ман» қуаттарының ұлттық, жыныстық, халықтық, замандық және білімділік, парасаттылық дәрежелеріне сай қалыптасуымен, тәрбиесімен ғана дұрыс бағыттағы ниеттің пайда болатынын да білген жөн. Ал жоғардағы дін өкілінің; «Шыраққа табыну, отқа табыну, ондай ниет қазақта жоқ» дегендей ойдан шығарған сандырағы өзінің аруағының, жүректің бейнеленіп, ана құрсағынан шыққанда «Шыр» етіп дауысын көрсетіп, «Ақ» -қа оралып, «шырақ» болып әлем есігін ашқанын да мойындағысы келмейді. Бәрібір тәннің «У»-ға айналып, аққа оралып, шырың-қан, су-үнің буға айналып, аруақ болып кеңістікте орнын алып, шырылдап тозақ сатыларынан өтетінін, сонан кейін уыңды, бейнеленген ағашыңды ұрпақтарыңа үлестіріп өз аруағың нұр, май — шырақ болып жанатынын да білген жөн. Өлім, ауру кәріліктің ғана еншісі емес, жан шырағыңның, шамыңның сөз майы-нұры жоғалса да келетінін білген де жөн. Сондықтан «Шырақ»-аруақ, жүрек қуатының бір сипаты. Және әлемдік шырақ-жүрек нұры болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың бастапқы нұры Иерусалим қаласында жылына бір рет өзінен-өзі жанып, оған табынған бүкіл басқа діндегілердің шипа алуын, шындығында бұл ислам дінінің бір ғана бөлшегі екенін түсіндіретін де мезгіл болды. «Шыр» әйел затының 40 түрлі әурет ошағына қоныстанып, «Ақ» еркектен келетін шауқатпен, әйел қуатымен бірігіп 7-ге айналанып бейнеленіп, «бес торғайды екі теңгеге сатып алумен», «Шырақ-Жан» болып, қазақтың қыз баланы «Шырағым» деп аялап, келіннің өтеуінен 47 санды қалың мал беріп, отқа май құйып, шырағың сөнбесін деп тілек тіліп, сондықтан  жанның нұры 47-саны «Мұхаммед» және; «Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Сонымен бірге Пайғамбарымызға; «Мен сендердің іштеріңде өмір бойы болдым, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деген аяттың сыры осыны ескертіп тұр.

     Сондықтан; «Ханафи масһабы тура жолға шақырушы шырақ» деп және «Масһаб-жол» яғни Алла Тағаланың құдірет қолы, қияметке дейін жалғасатын ғылымы, елшілік істері деген ұғым пайда болуымен және ап-ашық үкім түріндегі  аяттарға, Аллаға, пайғамбарларына, елшілеріне серік және ортақ қосып, аруақ және Ата жолына қарсылық білдірген барлық жер тұрғындары кәпір болып, жуық арада азаптармен жауабын алатындарың да сөзсіз. Осындай арсыздық қылықтармен  нәсілдердің жүректерге шерік болып қалай еніп, сатқындық, намыссыздық «Ман»-сызықтардың, қасиет бездері, жан үйлері — құлақтардың тіліну және пайда болу сырын алда баяндаймыз. Және жан ғылымына жасалған негізгі ислам, масһаб ғалымдарының негізгі зұлымдығы мен надандықтарын баяндауға осы басылыммен қысқаша есігін ашып кетуді көрсеткен Раббымызға мың да бір шүкіршілік! Әзірге осымен қысқаша аруақ туралы мағлұматымыз бітті! Басылым бетінде жүздескенше мал-жандарың түгел, шырақтарың жарық, ділдеріңіз таза болу үшін жыныстық ұят сезімдеріңіз қуатты, әйелдеріңіз май жаулықты, арлы, етекті, сәукелелі, киіз қазығы мықты болып, ұлттық намыстарыңыз арлы, жарық болып, «Ман»-ой бақшаңыздың бәйшешектері іштеріңізде сана қуаты болып көктеумен бірге жұпар иіспен гүлденіп ұлтқа, діл білімімізге тән сана-сезімдеріңіздің рухани ұйқыдан оянуымен, жинаған білімдеріңіз, түйсіктеріңіз ақ төбе болып ағарып, бөрікті, ақ жаулықты, малды, жанды, балалы, бақуатты және өздеріңіз дін аман болыңыздар!  (Байтасов. Тоқберген. Кескір ұлы.)

Алғабас ауылы. Ақпан- Наурыз-Сәуір айлары,  2012 жыл.

Дін көш басшыларының керуенінен кейінгі көкірекке келген ой-түйін.

      Ел басымыз әлем халқының «ар» қуатының негізгі сарбаздарын жинап алып, жер әлеміндегі адамзатқа төніп тұрған рухани қауіп-қатерден шығу жолын бірге шешуге ұран тастап, оған әрбір өз елінің дін ахуалына бей-жай қарай алмайтын дін басшыларының бір төбенің басына жиналуға және оған неге қазақ елін таңдауына келісім берді? Не шешті, не тапты? Әрине жаратушы иемізден бір белгі болмаса қайдан бұндай өз ұстаным ар білімін өзгелерден тиімді санайтын рухани ұстаздар бастарын иіп қазақ еліне жиналды дейсіз? Бұған себеп қазақ халқының өзге елдің әлем тарихында кездеспеген аяқ астынан шаруашылық істері дамып, әрбір бастаған істерінде Құдайдан қолдау тауып асығы неге алшысынан түсіп жатқан себебін, шындықты, ұлттық рухымызды біліп көрмекке де келгені сөзсіз. Бірақ қандай үлгі және қандай дін жетістігімізді немесе ата салт-дәстүрімізді көрсете алдық? Ел басының ортақ шешім іздеуге қойған ұсыныс ұранынан басқа ешқандай да рухани тағлым алмай, қазақ еліне неге Құдайдың нұры түсіп тұрғанын біле де алмай кеткені де хақ. Бұдай қарапайым ұлт жанды еліміздің тұрғындарында тек әттеген-ай деген өкініш пен ұйымдастырушы ел басшыларына деген өкпе ғана пайда болғаны да сөзсіз. Енді осы көкірекке шемен болған, алдағы баяндалатын кітапқа да тақырыпқа айналған жайсыз көріністерден хабар бере кетейік;

     Ашаршылық құрбандарына арнап қазақ салтына жат көрініспен басын, қолын жалаңаштап, ұяттан аттап көкке неге қол созып тұрғанын білмеген әйел бейнесі мен жалаңаш баланы артына қазақ дәстүрін сақтаған ата-анасын, аруақтарды ергежейлі кейпінде бейнелеп, соған гүл шоқтарын қойып, біздің ендігі дініміз осындай кәпірлік шоқыну еді деп, оған амалы жоқ дін басшыларына бір-бір гүлден ұстатып қойып тағзым еткізген жалған тәңірге шоқыну амалына ислам елдері ішінен күліп те, бастарын шайқап, мазақтағандары да болуы мүмкін. Бұл біздің ел басшыларының ислам дінін тәрк етіп және ата салт-дәстүрлі дінімізге ашықтай жала қойып, аруағын мазақтаған көрініс болды. Қай атамыз аруағына шөп салып шоқынып еді? Керісінше гүлді жұлып, ысырапқа айналдырмақ түгіл, мал жаюға да тыйым салмаушы ма еді білімсіз қазақ? Бұл жағдай сол күндері бүкіл қазақ елінің зиялы, оқымысты қауымының табыну дәстүрі болып, барлық облыстарда және Алматыда да қайталанғанын сөз қылудың да керегі жоқ. Сондықтан сол күні 3 және 22 минутта 4-баллдық жер сілкінумен 31 санына және құпия кітаптық есебімен 10; 31; 41 сандарымен үлкен ескертудің дін ошағы Алматы қаласында болып, бұрын болмаған шайқалмалы жер сілкінудің ірі белгісі Құдайдың ашық ескертуі берілді! Бұрын да екі рет таң намазында осындай жер сілкінуді жайнамаз үстінде қарсы алып, тербелмелі және дірілмен келетін толқымалы (секіртпелі) түріне куә болған едім. Бұл жолғы бейне теңіз үстінде тұрған кемедей ешқандай дірілсіз айналмалы шайқалғанына куә болдым. Әлем көш басшылары қазақ елінен Құдайдың хикметін іздеп және оның жан сырының бар екенін түйсініп, бірақ керісінше діннің азған өздеріндегі қалыпты әдеттерін ғана көріп, ештеңе түсіне де алмай артынан неге жартушының қаһарланғанын да біле алмай көкіректеріне шемен байланып кеткені де даусыз.

    Санасы ашық, діннен, құраннан сауаты бар болған әрбір парасатты адамның 41;3;10;22;31;4 санмен берілген ескертуді, аят  сандардың құпиясын шешсе жаратушымыздың қандай үкім бергенін білер еді? Болмаса «Санды білмейтін санасыз» еліміздің дәстүрлі діні деп дінін сатқан, аруағын мазаққа айналдырған қауым мүшелеріне жуық арада ірі сынақтардың осы сандармен келетіні де хақ! «Ман» және «Уақ» қуатын «Ар» қуатына қоса алмаған соның шешімін, хикметін іздеп келген дін көш басшыларына құстың тілін, «құс ілімін» меңгеру арқылы ғана мүмкін болатынын түсіндіретін өз тобынан, бағытынан адасқан аққу, сүңқарлардың білімдерін жетілдіріп, «Ар» қуатын меңгеріп, әлемге үлгі болып, әлем дін көшін бастайтын уақыт жеткенін көрсетіп «Оян қазақ!» деп жаратушымыз халықты таң намазына тұрғызғанын көкірегі соқыр, көзі бар көрмейтін, құлағы бар естімейтін, ішіп-жеуден басқаны білмейтін хайуанға айналғандар ғана сабақ алмасы сөзсіз. Ақ ұлымыздың біріншіден Шапырашты руының аруақтарының рухын шаттандырып, қазақ елінің рухани жалауын көкке көтеріп, сондықтан қазақ аруағының елесі әлемді кезіп, оның жемісі Абай жолы болып, Мәскеуліктерді де ұйқысынан оятқанына да куә болдық. Бұл жалаудың негізгі иесі қазақ екенін көрсететін уақыт туып, ар-намысты аққу, сұңқарлар қайта керуенге шығып, халыққа Құдайдың кереметі мен хикметтерін көрсетіп, алдағы қазақтың көптеген қауым мүшелеріне төніп тұрған зұлымдықтардан құтқаруға шығу керек екеніне осы дін сұхбаты дәлелдеп және көрсетті. Сондықтан ата жолының неге зияраттаудан басталып, аққу, сұңқар аталып қасиеттілікті меңгерумен және Құран үкімдерінің  қазақ дәстүрлі дінінің әлемнің бар діндерінің үлгісі, көш бастаушы екенін дәлелдеу үшін ғана әлі алда талай асулар мен шығаратын кітаптар бар. Халқымыздың оқыған қауымының діни сауаты жоғалып, ел, дін, сөз көш басшыларының сөз астарын түсінетін философиялық қабілеттерінің әлсіреуінен ұлттық даналығымыздың өлуімен байланысты көптеген дін басшыларының және ислам әлемінің Құран аяттарына жасаған зұлымдықтарын және қарапайым шариғат ісі масхабты жол қылып, бүкіл ислам әлемі адасқанын дәлелдеген жазбалаларға әзірге әулие бабаларымыз халық арасына таратуға, өзге тілдерге аударып, өзімізді-өзіміз әлем алдында масқаралауға ұлықсат бермей отырғанынан-ақ ел тыныштығының, береке бірліктің күзетшісі аруақ білімі арқылы ғана қазақ елі жаратушы алдында абырой-беделге еге болып тұрғанын білгеніңіз де жөн. Ал өз уәзірлеріне риясыз сеніп, асыл дініміздің өз елінде өгей баланың күйін кешуге де себепші қылып қойған ел басымызды қолында таяғы жоқ Сүлеймен пайғамбарымызға да ұқсатамын.

      Сүлеймен пайғамбарымыз жер бетіндегі өнерлі, жынды адам балдарын жинап алып, қалалар, керемет құрылыстар салдырып, тынысы жоғалып дұрыс дем алуды білмейтін, елді теріс жолға азғыратын шайтан адамдарды зындандарда ұстап, түрлі суға сүңгіп істейтін істерді беріп шаруашылық, жаңашылдық істерді меңгерткен еді. Бірақ пайғамбар бабамызға жаратқаннан «Адамдардан, жындардан, құстардан» хабар беріп, дін соғысын атқаратын, хикмет көрсететін әскер көмекшілері бар еді. Біздің ел басымызда да осындай жынды адамдар мен ақылы сау адамдардан да іс басқаратын, хабар жеткізетін көмекшілері жеткілікті, сондықтан еліміздің шаруашылығы қарыштап алға басуда. Тек әттең-айы ел басшымыздың ғайыптан болжап білетін қожалығы, бақсылығы, қолында таяғы жоқ. Сондықтан да құс тілін меңгеріп рухтан хабар жеткізіп, дін ісін өркендететін әскерді Раббымыз өз туысқаны, інісі және тынысы болсын деп арамыздын Ақ ұлды тағайындап еді, бірақ оны шайтаннан болған әскерлер басшыларының көмегімін соттатып, жанына жинаған құс тілін меңгерген әскерлерін таратып тынды. Бірақ Ақ ұлдың аттандап қазақты иманға шақырған оншақты жылғы ісінің жемісі де беріп, көктен түсіріп, жерден өндіріп беретін себепшінің орындаушы тек Шапырашты аталығы ғана емес қазақ халқының аруақтардың әлем алдында рухтарының шаттануына жүз мыңдаған құрбандық қанымен көптеген сынақтардың, күнәлардың жуылуына бірден -бір себеп болып, еліміз бұл жағдайдың жемісін де көріп жатыр. Оның негізгі жемісі осы сауатты аталған қауым арасына мүмкіндігіміздің жеткенінше «Ленин» саясатынан көп үлгі алып өскен қауым болғандықтан, білімділер, қаражатты қалталылардың жүрегіне жақпай, ұлттық ар-намысын оята алмағандықтан қолдау болмай, әйтеуір үнпарақтар болса да ұлттық намысы тірілердің жүрегіне иман болып тама берсін деп тылсымнан ашылған бабалар меңгерген асыл дініміздің үлгісі мен әлі құпия жазылмаған жарғылары да нақты дәлел бола алады. Сондықтан бұл еңбектерді де менің ойымнан шықпаған, аруақтар жетелеуімен жазылып жатқан Ақ ұл бастаған істің жемісі деп біліңіз. Бірақ көре алмастық діндегі ақырет саудасын ақшамен бағалаған надан қауымның  қазақ ағайындарының арасына; көктей солғыр деп сөзбен «гүл шоғын» қойып, от салып, дінді бөлшектегендердің  кесірінен елімізге қайғы-қасірет бұлты төніп, «Ақ»-тың нөсер жауыны да көп күттіре де қоймас. Егер менің бұл пікірімді бұндай ел, дін басқарушылары дұшпандық деп қабылдаса онда; Үмітсіздік пен күмәншылдық кеселіне ұшырап, су орнына у ішкізген, халықтың төл өнерін ақылсыздық, дінсіздікке бағалап, өз дәстүрін намыс көріп, өзгенің ескісін, азған-тозған дінін қызғыштай қорыған ұлтсыздардың өз араларынан көш бастайтын, хикмет көрсететін дана шықпағандықтан, шайтан жамағаттарының халықтың жауына айналдырған аққу, сұңқарлардан діни сауатсыз атанған біздерден де шындықты, құранды, хикметті, аян, уахиды, құс ілімін меңгеруді үйренуге болатынын және Ескендір Зұлқарнайын атамыздың мына өсиетінен өнеге алса демекпін; «Барлық достарымнан пайда көрем, дұшпандарымды одан да көбірек пайдаланамын. Өйткені жаман істерімді достарым жасырады, жақсылығымды асырады. Сондықтан да өз кемшілігімді білмей қаламын. Дұшпандарым дұшпан болғандықтан, айып істерімді жасырмай айтады, ал мен болсам, ол кемшілігімді тез жою үшін әрекет жасаймын.»

Қарасай ауд. Алғабас ауылы Бейбітшілік көшесі №6-үй; Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *