Қарыз(68)

Бөлім: Зікір өлеңдер 110

Қарызды өте тірлікте,

Қарызбын деп есепте

Ата менен анаға

Келтірген сені дүниеге.

Қарызсың ата-бабаға,

Жұрнағысың жалғанда.

Жалғасы тектік ағаштың

Әке мен ата басқаға.

Қарызсың және Аллаға,

Жаратқан оны басында.

Он екі мүше буындар,

Құлшылық етсін Раббыңа.

Жетеуін алып сүннетпен,

Ата жол дәстүр дін етсең.

Бес қуатты өнерге,

Әр заманнан үлгі өткен.

Бәрінде өзім дәлелің,

Өзімнің арқам демегін.

Таудан биік тастардан,

Мықтымын деме пенде шын.

Өткеннен алып керегін,

Бәрі де дұрыс демегін.

Бір Құдайдан басқасы,

Күнәмен тірі өлетін.

Өткендер сұрақ жауаптан,

Құдайдың өзі тазартқан.

Мирасын кейінге жалғантар,

Өтесе қарыз ұрпақтар.

Таза ақыл, білім иманнан,

Ізгілік, сауап жиғаннан.

Қарызын өтеп ата-ананың,

Ризалығымен өлі жалғанған.

Дәстүрмен ата ар жолы,

Сынақпен өтпек барлығы.

Жеті ата тегің бір ағаш,

Жете, сана қазақ нанымы.

Төртеуін түгел теңгермек,

Жетеден сана меңгермек.

Төрт кітапсыз әлемде,

Болмайды ислам бір демек.

Армен ғана бірленбек,

Заманның ісі түрленбек.

Күйлесең босқа заманға,

Арсыздық қана көбеймек.

Ата тек ардан басқа ма

Ар, ұят, ұждан болмаса.

Шықтым деп текті атадан,

Сөз қылып босқа мақтанба.

Ардан биік аттама,

Адамдықты даттама.

Үлгі болар артыңа,

Іс жаса, өзіңді ал қолға!

Өзге ұлттан келді нәсілің,

Алмасқан қуат бұл сының.

Ақылдың болып талабы,

Жын қуатпен қосылдың.

Тарихтан өткен уақиға,

Айналар қылық жаңбырша.

Сыртың қазақ тегіңнен,

Күнәң бар ұқсас басқа ұлтқа.

Жамандап жүрсең өзге елді,

Тарихтан тағдыр үзілді.

Еліктеп кетсең өзге елге,

Нәсілден күнәң өскені.

Дін исламның бірлігі,

Әлемдік қуат көктегі.

Рахметі, шипа құраннан,

Бір Алла- бір дене, тектері.

Құдайсыз қурай сынбайды,

Жансыз тек өсіп жанбайды.

Аспанда тұрған жұлдыздар,

Біздерден тектік жалғайды!

Аманат тегін танымақ,

Адамдық қарыз жалғанбақ.

Адам мен Хауа тегіңмен,

Махаббат болып саналмақ!

(Шілде 2018 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *