Оятып жалғар рұқын Құнанбайды,
Өсірген адал аспен ұлы Абайды.
Шәкәрімдей әулиені үлгі қылған,
Қазақтың ата жолы құламайды.
Оятып жалғар рұқын Құнанбайды,
Өсірген адал аспен ұлы Абайды.
Шәкәрімдей әулиені үлгі қылған,
Қазақтың ата жолы құламайды.
Көп болды тылсымға сауалдарым,
Уахи, аян кітабына жалғанғанмын.
Шәкәрімдей әулиенің ізіне еріп,
Сопылықтың құпиясынан сабақ алдым.
Әкесіз өсіруге шайтан құмар,
Әйелді ұрысуға арандатар.
Әр сөзінің байының іліп алып,
Баласын әкесінен ажыратар!
Құдай өлді қазақтың ұрпағында,
Ақылы жоқ жарық берер саналыға.
Құдайсыз құрай сынбас, деген нақыл,
Аманаты қалдырған қазағымда.
Талай жылдар жұмаға,
Құлшылық қылып Құдайға.
Ұйыдық көп жамағат,
Келу үшін тәубаға.
Нәпсінің қызуына кім төзерін,
Қыз дүние қызықтырған Жаңаөзенім.
Мал ашуын баса алмай төбелескен,
Адайдың ұрпағына жын енгенін.
Өмірден талай көп халық,
Көбейтпей жанын арды алып.
Төмендеп қайта кеткенді,
Тозаққа түсіп құлданып.
Қазақтың ел билігі, ғалымдары,
Жоғалған құдайшылық нанымдары.
Таңбаны өзгертумен дүние ісін,
Меңгеруге жарыспақ болып алды.