Ата жолы және Масһаб

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 98

Тағдырыңды танып ал,

Біреу емес екеу ал,

Жалғыз аят хадиспен,

Масһаб деген тажалдың,

Жанға берер қаупі бар.

Тура жол қылған өздерін,

Майдалап қазақ сөздерін.

Улаған қазақ санасын,

Үлкенін де баласын.

Құдайдың берген парасын,

Шайтанға санап данасын.

Алладан басқа атаумен,

Қазағым қайда барасың?

Масһабшыл болған заманнан,

Дін мұсылман аманда,

Шариғатты жол қылған,

Құдай ісін қор қылған

Уахи алмай, түс көрмей,

Елшілер келіп іс білмей,

Тоқтап құран оқылған,

Тура жол сонан тосылған,

Қайта айналып тарихтың,

Ескірген білім дәуірдің

Дініңді қайта қосудан.

Көрдің бе пайда осыдан?

Адамзаттың үлгі баласы,

Исламның болған данасы.

Пайғамбар шығып Мекеден

Намазын оқып Ақсадан,

Жіберілген пырақпен,

Тура жолға Алланың

Көтерілген көкке емес пе?

Меккеге түскен құранның,

Басы болса жолыңның,

Намазыңның дәл ортасы

Ыбрайымның болған ордасы,

Тәураттың мінбер тақтасы.

Мәжсід Ақса аталаған,

Сүлеймендей пайғамбар,

Тұрғызған деген ат қалған.

Ғисада оқып намазын,

Көрсеткен ісін пайғамбар.

Раббтан түсіп аяты,

Осыларды білмесең,

Шариғатым жөн десең,

«Мәйданы» оқы сенбесең,

Түк емессің деген бар.

Исламның ақ бұлақ,

Түркіден алып бастауын.

Құран түскен Меккеден,

Пайғамбардың сүннетін,

Сахаба болып, міндетін

Үйреніп, біліп жалғаған

Укашадай көз көрген,

Пайғамбарлан бата алған.

Басында болған бұлағы,

Жалғанып Зәм-зәм тұрады.

Отырар Тұран ұраны,

Өлімнің түскен шуағы,

Жәбірейілдің де тұрағы.

Арыстан баба қонақ боп,

Түркістанға тағзым ет,

Ахмет Сұлтан Әзірет.

Жолға шығып жерді кез,

Жер есігін іздеп тап.

Қырық Шілтен болып тез,

Ғайыпқа шығар болса кез.

Күміс саты сол жерде,

Көтерілер баспалдақ.

Тура жолдың жалғасы,

Пайғамбарлар айнасы.

Аналар жаны жалғасы,

Тағзым етіп Айша ана,

Періштелер беріп батасын,

Уахимен көріп пайдасын.

Әрбір үммет елі үшін,

Ата баба жер үшін,

Досын іздеп Құдайдан,

Жалғансаң, аруақ жұртына.

Тағдырын көріп аянмен,

Күнәңді біліп баянмен.

Құраның  сыры көрінер,

Тылсымның да жеті үні.

Сөзсіз, харіпсіз, берілер

Жүректі тербеп әр түрлі.

Ақталу жолы ақ бата,

Түсіне білсең бақ бата.

Қонды емес пе қазақа?

Намазбенен бес парыз,

Орындалмай жол қарыз.

Мешітте құтпа оқумен,

Болды қалай тура жол?

Құранды оқып парасыз,

Қазағым қайда барасың?

Парыз болса борышың,

Аманат деген сол үшін.

Атаң қазақ болғалы

Құлшылық болып Құдайға,

Ақиретке өліп барғанда,

Бес парыз ғана ғана сұрай ма?

Жерге төгер тер қайда?

Елге сіңген еңбегің,

Ата берген сөз қайда,

Жарың қайда алғаның?

Қатынды бастан ардақтап,

Тәрбиесін жөнге салғаның?

Қадірле, сыйлап мәпелеп,

Мұқтажын өтеп ғашық қып.

Жерін өртеп майдалап.

Ат алсаң  көктен рухыңа,

Тазарған өскен жанына,

Рухыңмен егін салғаның?

Балаңның болған намазы,

Тәрбиемен білім тоқытып,

Өнердің тілін шоқытып.

Ризалығын Құдайдың,

Ата-ана болып алғаның?

Табиғатың, жерің бар,

Қоршаған орта көлің бар,

Бақшасын күтіп Құдайдың,

Ризығын Алла тердің ба?

Ана тілін біліп ардақтап,

Ата сөзін естіп салмақтап,

Атадан қалған уәде, аманат

Ұрпаққа беріп көрдің бе?

Еліңді қорғап жаулардан,

Құдайдың бір нұсқасы,

Халқыңның болып тұтқасы,

Жетім жесір, жарлының,

Мұқтажын өтеп бердің бе?

Кем болса, осының бірі де,

Аталсаң да дінің пірі де,

Оқысаң намаз мың жылдай.

Ораза тұтып, қажы боп,

Аталсаң тақуа, хазірет.

Жанаттан болмас үй жайың,

Келерсің қайта түзеуге,

Жаныңда қалып уайым.

Тағдырда қалып кедейлік,

Азапты көрер жарым ес.

Ойласаң болашақ артыңды,

Болсын десең риза Құдайың.

Қызмет қыл халқыңа,

Ата-анаға жасап шүкірлік,

Аруағыңа қылмай күпірлік

Тәубе қылып толайым,

Қылсаңшы бүгін уайым!

       

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *