Ата жолының және масхаб ұстанымының шерік қосылу қағидалары.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 118

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Енді жалпы шерік қосу дегеніміз шариғат ұстанымы бойынша; арам тамақ жеуден, некесіз жыныстық қатынас жасаудан және түрлі жағдайда жаратылыс түнек күштеріне, жалған тәңір қуаттарына табынудан пайда болады. Бірінші жағдайда тән бұзылып, еттердің өліп, иістеніп сасумен бірге жараларға айналумен түрлі ауру, азаптарға душар етсе, екінші жыныстық қатынас арқылы рухани азғындық пен ақыл-ойдың жетілмей қалуын, әйел жатырынан пайда болатын теріс қуаттары арқылы еркек санасының жабылуын туындатса, керісінше еркектің белдік тазармаған теріс жыныс қуаттары арқылы әйел сезімінің қараңғыланып, нәпсі күш алып, шайтандық қылықтарының жетілуімен, алақаннан пайда болатын сенім қуаты, алақан жылуы да жоғалуы, керісінше мұндай некелі әйел затының қолының улануы даусыз. Ал жыныстық тазалықты, бойлық, арлылық тақуалықты меңгермеген әйел затының ұрпақтарының да мәңгүрттенуін туындатып, аруақтық серігіне де зиян келтіреді. Және барлық рух пен тән, тән мен жан, жан мен сезім аралық перделердің де қараңғылануымен, өзара қуат алмасу арналары (натрий жолдары) жабылуымен, әйел затында құйрық майлардың қоңырланып жетіліп, ал еркектерде іш майлары өсіп арамдануы, ұрығының азуы болып, сондықтан жалпы пенделердің семіздіктерге де ұшырап, қан суы көбеюімен түрлі ауруларға себеп болып, жан қараңғылыққа түсіп, жүректерге мөр түсіп, сана жабылып, жалпы адам баласының ұрпақтарының да өсіп-өнуіне де, тағдырына да кері әсерін тигізеді.

Адам баласының мұндай жағдайда қандай да бір намаз оқушы немесе өзін тура жолдамын деп тілмен иман келтіруші дінші болсын, екіжүзділіктің қақпанына түсіп, ақылы азып, естілік, сана қуаттары жоғалып, нәтижесінде ой мен тілдің арасы қосылмай, түрлі жағдайда кедергілерге де түсуі даусыз. Яғни мейлі аққу, сұңқар болсын  сөз мінезінде, батада да түйсік, сезім қуаттарының араласуымен шерік қату, яғни Алланың үкімдерін, аяттарын теріске алу, қағыс есту сияқты оқиғалары жиі кездесіп, солай түсінгендіктен; «Аруақ былай көрсетті, атам айтып тұр» дегендей ақпараттарды бұрмалап, шайтанның сыбырын аруақтан деп түсінетін шерік қату басталады. Енді қандай да бір дәрежелі сопылық жолдамын, дін танушы ғалыммын немесе қазіргі таңдағы хазірет, шейхтар болсын, мұндай некелік екі жақты да тазалықты, тақуалықты сақтамай «Ман» қуатының негізгі 31-әуреттік сипатын тазартып алып, жеті атаға жалғанып; «Лұқмандық» дәрежесін меңгермеуден де шариғат білімін жаттап алып, масхабты қанша жақсы меңгерсе де, егер сөз ғылымын меңгеріп, тілін тазарта алмаса, онда тарихаттық, мағрипаттық дәрежедегі шерік қату деген адам ойы мен тілінің арасын бөлінуін, жан өсімін тежейді. Яғни қазіргі таңдағы хазірет, дін ғалымы болып аталғандар қандай дарынды, қасиетті болса да иманның 60 бұтақты дәрежесін меңгергенмен, тіл мен ойдың арасын бір рет бұзумен де 70 бұтақты иманның бірінші сатысын, яғни намаз-хандықты, абыздықты меңгеру мүмкін емес.

Бұндай аталарымыз меңгерген қарапайым дін білімі, ашық құран философиясы біздердің муфтияттық  масхабымызда қарастырылмайды немесе әдейі шайтаннан қарсылық, теріс көрсетілумен ұмыттырылған. Себебі, сөз атауларын, үнді бұзып сөйлеу, жан ғылымына сәйкес пәтуа бермей, білімсіз құран аяттарын теріске алу сияқты және арап тіліндегі күрделі сөз атауларын сол қалпында аудармай пайдаланып, ана тіліндегі сөз астарын да меңгермеуден пайда болатын атаулар ұғымын жойып, сөз, тіл ғылымына кері әрекеттерді шерік қату деп атайды. Ал шерік қату болған жерде жан өнімін беріп, сезім қуаттары да толық жетілмейді, көк мүліктеріне жаннатарға, кітаптарға жалғану да болмайды.

Алда, болашақ басылымдарда да бұл ұғымды жиі пайдаланып, тереңдетіп отырамыз, сондықтан негізгі белгісін жадыңызға тоқып алыңыз. Бұндай тәсілмен хазіретімізден бастап, барлық имамдар да, дінші ғалымдарымыз да тұрақты түрде айналысатын кәсібі болғандықтан, бұл жағдайды талқылауды кейінге қалдырғанымыз да жөн.

Сонымен Ақ ұлымыздың жағдайына қайта оралсақ, жанның қосымша білім алуымен болатын және кейбір ерекше мықты тағдырмен де берген таңдаған құлдарына Алланың үкімін тойтарушы болмайтынын ескерсек, мұндай қуаттың келіп енуінен тәннің екінші рухани негіздегі еншісін алып, үй-жанның дайын болмауынан үшінші дәрежелі өліммен кездесу арқылы жаннаттан келген жоғарғы қуатқа, сәулеге жанның жанып өртенуімен не ажал жетіп, не арпалысқа түсіретін сынақтың келуі де тағдыр ісі болмақ.

 Мұндай жағдайдағы тағдырдың міндетті хикметтерін меңгеруші болып елшілікке тұрғандардың жанындағы шәкірттерінің де, жұбайларының да тақуалығының,  тазалықтарының да болуы міндетті және жанының күзетшісі, етінің тазартушысы болуға, жанына қосымша азық, төменгі жіңішке жиіліктегі әйелдік қуат беріп дайындауға тиісті  жұбайларының өзін-өзі күтіп, өзгелерден де тақуалығы әлдеқайда жетілген болу керек. Бірақ Ақ ұлға аруақтар тарапынан жәрдемге шақырылған, некелі жұбайларды былай қойғанда, таза ақпараттарды жеткізіп отыруға тиісті аққулардың да уақиды алып, келген аяндарды, батаны қадағалап, жорып түзетіп отыратын көмекшіге тұрған сұңқар, сарбаздардың мөрдің үшінші дәрежесін, мағрипатын алмақ түгіл, ата жолының негізгі міндетті бірінші, екінші қағидасы болған ғұрып-ғұмырлық, шариғат ұстанымдары мен тақуалық намаз орындау мен тұрмыстық әрекеттерді де толық орындай алған жоқ. Керісінше бастарына шүберек орай салған, келте етек, болмаса шалбарланған, тырнақтары өскен, иіссумен тәнін улап, кәпір жындарды шақырып, европалық барлық зейнеттерін мақтанға айналдырған, тілдері мүкіс шұбарланған, керісінше қасиетті жұбайының жинаған кісілік, бойлық иман қуатын, қасиет, сезімдік қуаттарын ұрлаушы жын, шайтандық көріністерінен Раббымыздың  пайғамбарымызға ескерткен аятта; «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарынының арасынан жала жаппауға және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде сертін қабыл ал. Олар үшін жарылқау тіле. Өйткені Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (60-12).

 Енді бұл аяттағы пайғамбарымызға абай бол деп ескерткен әрбір әйелдің етегін жаппай, немесе әурет жерлерін көпшілік жерде көрсетіп жүруінен, жан зинасы болып, жатырдағы рухани несібе еркекке беретін көңіл суы да өліп және керісінше некелі жұбайына аяқ арасынан қанға берілетін, шайтандық өріс «жала» теріс қуаттарымен «хараммен» жанын азықтандырып және басын, қолын күтпегенде барлық дастархандас болуға қонаққа шақырып дәм татырған еркектерге де тамақ арқылы теріс қуат шеріктердің қосылатынын ескертеді. Мұқағали атамыздың өлеңінде; «Қарасазда шыбығын жел тербеген..Тағдырымды мен сонда табыстаппын.Сезімі бар сенімі жоқ алақанға..» дегендей өзі баптап өсірген шыбықтардың енді талға айналып, керек емес бұтақтарын, шайтан мүйіздерін кесіп, орнын тазартып, баптап күтпегендіктен жыныс тоғайға (нәпсілік сезім қуатына) айналған жарларынан да, аққулары мен сұңқарларынан да таза сенім қуатын таба алмай, онымен өзі де бірге азықтанумен және «Жау жағадан алғанда, ит етектен тартадының» кебі келіп, осындай жағдайда Ақ ұлдың ата жолына үстін-үстін келіп жатқан сынақтардың шешімін іздеп, торға түскен арыстандай арпалысқан уақыттарында; аруақтар тарапынан «Айша ананың батасы жүрегіне жетпей жатқан жайы бар» деген ескертуді естігенмен, бұл жағдайды өз басым жорып, толық түсіне алмағандықтан, барып ескертуге де талпынбағаным рас. Осы кездерде ғана белгілі болған жағдай; мұндай тақуалық жолда, Алла жолында мал-жанымен соғысқан; мейлі пайғамбар болсын, ібіліс әскері әйелдер арқылы торуылдап, шеріктерін ендіру арқылы ақпараттарды ұрлап, кітабын оқу үшін де; тамақ, төсек арқылы қанға өтіп, тура жолынан құлатуға әрекет етуіне, осындай әйелдердің тәнін жалаңаш ұстап, жынмен өрістік дәрежеде тылсыммен жаны  зина жасап, қанындағы өсіп жатқан шайтанмен қосып, түсінде бөтен еркектермен төсектес болуымен және оның белгілері жанына өтіп, сонан тәнінде бейнеленіп, иістеніп, еркекке жын-шайтан түріндегі сөздің теріс қуаты, иісті  «жала» түрінде енуіне қызмет жасайды екен. Сондықтан мұндай әйелдердің шариғатты бұзбақ түгіл, сөзі ғана бұзылып, үгітке көнбегенінде; «Сабаңдар, яғни қамшымен тазалаңдар, болмаса төсекте қалдырыңдар.» яғни ондай әйелді төсекке де жолатпаңдар деп ескерткен жағдай ата жолында керісінше кең өріс алып, мұндай зинақор, жалақор «аққулар» әлі де талай қасиетті өз отағасының санасын жауып, шайтандық теріс сенім, сезім қуатымен азықтандырып, төрдегі басын есікке сүйреп және рухани көлеңке балаларын өлтірумен бірге әулие бастарын да арамдап, жаратқанның лағнетін елімізге шақыруға жәрдем беріп жүргендері жеткілікті және дін жолында, ел, көш басқарушылардың, шабыт егелерінің, жазушы қауымның  арасында да.

Сондықтан тек ата жолындағы жағдай екен деп қуанбаңыз, керісінше ата жолында көпшіліктің терең құзға құламауына жасаған жалпы сауап амалдары, көтерілген аруақтары қорғап, жеңіл сынақтармен әйтеуір жалпы жағдайымыз мүфтияттық та, тарихаттық та діншілерден де, ел басқарушы, зиялы аталған қауымнан да рухани өлімнен өту дәрежесі әлдеқайда жоғары тұрғаны даусыз. Ал шындығына келсек; білімді, ғылымды және ел басшыларының біздердің арамыздағы мектеп білімі де жетімсіз қатындардан да төмен, аруақ заңдылығын, тылсым хикметін және аянмен берілетін анық білімін меңгеру тарапынан әлдеқайда төмен, тіпті алғашқы тәубелік сатысында қалған ел, көш басқарған мәңгүрттеріміз елбасшылары арасында да жеткілікті. Ондайлардың негізінен ақылы, ары жетіп, өз қатындарының басын жабу түгіл, шалбар кигізіп қойып, қолының да, аяғының да арасынан келетін жаламен азықтанатын және аз болса шайтан қатындарды дүниемен, ақшамен сатып алатын, өздері бөріктің қасиетін біліп, басымен дос бола алмай, мүйіздері қарағайдай өсіп кеткенін аңғармай жүргендердің қайдан аян мен аятқа жалғанып, ақ өлімге жолығып жандары ұйқыдан оянып таза білім ала алады? Бұндай пенделер көбіне імүндік жетімсіздікпен қан ауруларының белгісімен және қуық, жыныстық бездерімен бүйрек ауруына міндетті түрде ұшырап отырады. Бірақ дүниесі барларға мұндай ауруларды жасырын түрде қымбат дәрі-дәрмектермен емделуін қолдары ұзындығына байланысты біздер оны біле бермейміз.

Осындай жағдайларға душар болған қандайда қасиетті, білімді, ілімді, тақуа, намаз оқушы еркек болсын, терең сырлы құпия, қара күштерді жеңуге бағытталған жанмен және мал-жынымен соғыс қағидалары болған, ғайыптан келетін, құпия сырлы уақидың тоқтауымен немесе терең құпиялануымен, оның шешімін жорып, білу өте қиынға соғып, жоғарыдағы Айша ананың батасының Ақ ұлға жүрекке енбей жатқан себебі де осыдан пайда болады. Яғни, тақуа бес уақыт намазын үзбей, бөтен еркек көзінен тәнін, абыройын, зинадан қорғаушы әйел заты ғана мұндай елшілік істерін меңгеруші еркектің жанының жартысы және азығының қорғаны бола алып және жын қуаты болып үнемі енетін еттерін де, қанын да теріс ақпараттардан үнемі тазартып, санасын ашып, уақидың аян болып көрінуін қамтамасыз етеді. Егер оқыған болсаңыз Пір Бекет атамыз бен әжеміздің арасындағы астарлы әңгіме де осындай біздерге сабақ болсын деп қалдырған атамыздың мағрипаттық білімі еді. Және мұндай тақуа әйелдің малдық қуаты қашанда тылсыммен арадағы ақпараттық көпірі және еркек жанының көлігі болып қалана алады. Болмаса бұрынғы сопылардың өмірден баз кешіп, христиандық дінде «монахтық» үдістердің пайда болуы мен Інжілді теріске алуы да, осындай іс-шараға байланысты қорғанбақ ниеттен пайда болған. Дәуіт пайғамбарымыздың жұбайы, Сүлеймен пайғамбар анасы өмірі еркек көзіне көрінбеген екен деген де сөз бар. Ал, Ясауи бабамыздың жер бетінен қашып, нәпсісін шауып, тірідей өліп, тек екі айда бір рет қана тамақ ішумен сопылықтың жоғарғы дәрежесін көрсетіп, ақиқатқа жетуі де осы жан сырының тылсым құпиясына көк мүліктеріне, қанатты періштелерге тікелей жалғанумен, жер бетіндегі мал-жандық қуаттық ақпараттардың кері әсер тигізу ажал қаупінен қашумен байланысты болды. Бұл жағдайды да жетік меңгерген Шәкәрім атамыз; «Надан шал қайдан білді деп, Езуіңе күлкі кеп. Мақтаншақ деп өкшелеп, Сезе алмассың сырымды. Қатыным кәрі, балам жас, Қасымда тұрма, бәрің қаш. Балалар емес замандас, Болады қайтып ол мұңдас. Кемпірімнің жоқ қуаты, Не ғылымнан суаты, Тірі деген құр аты, Кәрі шалды күте алмас...» Бұндай жағдайда абайламай сұлулығына қызығып жас деп тоқал алып, оның тақуалығы болмаса, мүйіз шығып, өзің де шайтанға айналасың деп Абай атамыз да ескерткен екен.

Бұрынғы қасиетті кісілерге тоқал болуға өз еркімен басын ұсынған аналарымыз тақуалықты меңгерудің, жанын тазартып, қасиетті еркек ұрығы арқылы жан сезімін таза біліммен қуаттандарып, ар сауытын киюімен жанының бақшасын жетілдіріп, тағдырын күшейтумен, біреу болса да  қасиетті ұрпақты өмірге әкелумен мәңгілік жаннаттық болу тәсілін жетік түсініп, меңгерген де екен. Сондықтан ондай аналарымыз; «Жаманның қойнында жатқанша, жақсының аяғында жатайын» деген өсиетін қалдырған екен.  

Ал қазіргі надандықтың заманында, әйелдердің жаппай арсыздық жағдайында мұндай әйел тәні, алақаны арқылы ғана  қандай қасиетті тақуа еркектің де өмір жасын тез қысқартып, ажалына жолықтыруға болатынын ібіліс әскерлері жетік меңгеріп және жетістіктермен жеңіске де жетіп жатқанын ұмытпағаныңыз абзал.

 Бірақ, ата жолында бұл жағдай басқаша болу керек еді, себебі мұндай еркекке жәрдемге тұрған әйел затының да жүрек пердесі ашылып, тылсыммен сырласу еркін, ғылымнан қуат алу қасиетін алғандар еді, ал ондай қасиеттілігі болмаса да ер азаматының жағдайына байланысты сыйға алу еркі де айқын беріліп қойылған еді. Сондықтан мұндай жағдайда ата жолында бір-бірінен таза үлгі-өнеге алып, аяндармен жетеленіп, дұрыс пайдалы жағын меңгерсін деген ниетпен де жамағат қағидасын қалыптастырып, алдыңғы топтағыларға екінші әйел алуға да аманат тапсырылғанымен, оны аянмен ақиреттен көрсетумен, жаратқанның ұлықсатымен емес, керісінше ой жорып, ғашықтық пен машықтыққа, құмарлық пен құштарлыққа салынып, соқыр аттар мен қотыр аттардың бірін-бірі іздеп тауып неке құруымен ата жолына түсіп тұратын негізгі уақидың, әйел заты арқылы келетін ата жолына ортақ болған мағрипаттық мөрдің үшінші сипаты ғылым қуатының көзі жабылып, көктен түсіп жатқан қосымша ақ бұлақтың тоқтауына ғана себепші болды. Яғни, оларға да қол, аяқ арасынан  жала жабылды немесе өздері керісінше тақуалық жасаған жұбайларын, жындылық істерімен, боқтық, шала сөздермен рухын былғап,  шылым шегіп көкірегін улап, жалаң бас, жалаң аяқ европалық салтты ұстап, дінді ойын-сауыққа алумен жұбайларын «су сұрағанға у беріп» аздырды. Бұл жағдайды да Шәкәрім атамыз: «… Жалынға (жынға) сен шыдасаң, қыз шыдамас, Өлтірсең өзің өртеп, тіпті ұнамас. Еркектен қайда көрсең әйел нәзік, Қаңғырған соны көріп мен қу бас. Бар еді менің де бір сүйген жарым, Көрмесем құрушы еді ынта зарым...». Әйел тақуалығы болмаса, жын мен шайтанның бірігуімен жұбайлық өмірдің, нәпсінің екі жаққа да үлкен сынағы болатынын, «Ондай әйелді (шайтанын меңгермеген) төсекте тастап, қалдырыңдар.» деген аятты да астарлы түрде баяндаған.

Міне, пайғамбарымыздың жұбайларының Құран түсірудегі өздерін үйден шықпай, перде артынан ғана еркектерге көрінбей, абыройын қорғап, ар сауытын қалыптастырып, жан ғылымын жетілдіруге пайғамбарымызға неге көп әйелдің жар болып, қызмет жасаған құпия сыры да осыдан пайда болады. Яғни, пайғамбарымыздың жұбайлары құран аяттарының үсті-үстіне оқылумен, мұндай қуатқа қарсы тұратын жанға тақуа әйел жанынан келетін азықтың және пайғамбар рухының әлемге нұрын шашқан егіні болуымен бірге жаны қорған болатын киім, ар сауытының зейнетімен де қамтамасыз ете алды. Болмаса құраның құпия аяттары оқылмас еді. Ал, пайғамбарымыздан кейінгі сопылық жолын қуғандардың әйелдерін перделеп, нәпсілерін өлтіру мақсатында қара жамылдырған арап әйелдер ғұрпының қалыптасуы да осындай тақуалықты меңгеру жолындағы өздерін 2-рухани өлім сатысынан өтіп, 60 бұтақты иман қуатын меңгерумен ғана хазірет, шейх аталып, ой жүзінде сопылық жолға өтіп мұғжиза, хикмет, кітап алушы елшіге теңеп адасушылықтан болған. Бірақ қазақтың, бұрынғы аналарымыздан қалған тақуалық киімдері, түрлі күміс білезіктермен, кимешекпен, қамзолмен үлде мен бүлдесін жапқан, балтыр, тобық түгіл білегін де ашпаған, мәсі, кебісіз жер баспаған ғұрпымыз, әйелдік ұяттылық, арлылық қалпын сақтау салтымыз, осы жағдайдың бәрін қалыптастыруға, ар сақтап, абыройды қорғауға, діл білімінің тазалығын сақтап, біздердей бақытты ұрпақтардың өмірге келуіне себепші және болашаққа да жетілген үлгі қалдыра білгенін де мойындағанымыз абзал.

Бұл жағдайды алдағы басылымдарда терең ішкі жан сырын талқылауға, дәлелдеуге қайта орала жатармыз, әзірге ата жолына келген негізгі сынақтың осындай ел азаматтарының, дін жолында тақуалық қылған барлық еркектер мен тіпті ел басшымыздың толық кемеңгерлікті, сезіммен көк мүлкінің, жолдарының арасындағы пердесін ашып көретін шындық уақидың келмеуіне де әйел затынан сезімге қуат болатын, тамақ арқылы алақаннан да алатын, дәтке қуат әйелдік ар қуатының болмауынан және ондай пенденің өзі де нәпсі жанына қожалықты меңгере алмағандықтан, тек рухтың білімнің ғана күшіне сүйенгендіктен; өзі сенген ел басқарушы қауымның ата-баба аруағын да, ата салт-дәстүрлі дінін де соттатып, болшақ алдында үлкен айыппен тарихта қалатын сынаққа жол беруіне себебші болды. 

Жалпы қоғамдағы әйел заттарымыздың, нәзік жандылардың азғындау себебінен, еркек қанын тазартатын, санасын ашатын, ғылым қуаты мен малын, етін тазартып, күш-қуат, шабыт беретін ғылым суаттарының, ақтың бұлағының мүлде жоғалып, өздерінің рухани білімі болғанымен, бірақ жансызға айналуынан, жалпы халықтық азғындық, лағнеттелген қан азуы ауруларының да бүкіл халықтың да мәңгүрттенуіне жол берген «гендерлік» заңымыздың қалыптасуына да себепші болды.

 Егер ел басымызға қанын тазартып, кітабына жалғануды қамтамасыз ететін 3 жүзден тақуалығы толық жетілген, бой ұсынушы, намаздарын толық орындаушы 3 тоқал аққу болғанда және осындай ел, көш басшыларымыздың, әйелдеріміздің болашаққа, ұрпақтарына жаны ашып, ата ғұрыптарын толық меңгере білгенінде, мүмкін діндегі рухани салада мұндай өрескел қателікке жібермей, кітаптарымызды өзімізше оқып түсінумен, баяғыда әлем көшін бастайтын әлем философиясын, заңдарын түзетуші ақылшы елге де айналар  едік.

Бұрынғы замандарда осындай қателіктерді болдырмау үшін де, ел басқарған хандарымыздың ешқашанда жалғыз ғана әйелі болып және де жын-шайтанның ықпалына түсіп, жыныс қуаттары тазармай,  тылсымнан аяны мен кітабы үзілмес үшін де  тоқал алуға міндетті болғаны да осы жан ғылымынан кітап берілген қожалар, тектілер елі болғандығымызды көрсетеді. Сонымен енді мұндай жағдайда Раббымыздан тағы жәрдем келіп; Ақ ұлдың маңындағылардың бәрін әулиелер тарапынан Арыстан баба басына жинап алып; «Телпектеріңе тышқаннан басқаның бәрін істедіңдер, енді ақпарат жүзінде халыққа кең насихаттап, ел басшыларына ата жол хикметін түсіндіріңдер» деген үкім түскенімен, баяғы жартас, сол жартаспен жарты жыл өткенде де ешқандай қозғалыс болмағандықтан және тағы да мұндай жағдайдан олардың надандық пиғылмен; Ата жолын сынақтардан  Ақ ұлдың бір өзі-ақ алып шығады деген сеніммен әрекет етуге де тырыспағандықтан, арты қайғымен, қазамен ата жолына үлкен сынақ түсті. Бұл ескертудің өзінде талаптансаңдар, осы қазіргі кездегі жазылып, айтылып жатқан ақпараттар сол кезде тылсымнан оқылатын да еді және жаппай жабылып ата жол хикметтері мен кереметтері де жазылып, халыққа таратылғанда мүмкін көптеген сауатты қоғам мүшелеріне және ел басымыздың өзіне де тылсым арқылы, Ақ ұлдың аян беруімен жүрек көздерін ашуға мөр түсетін де еді.

Ол кезде ата жолының өз басылымы және тегін тарататын басылым шығаруға да мүмкіндігі болған еді. Мен өз басым да ол кезден сәл ертеректе аян арқылы Ақ ұлдың алдынан жүрек ашу хикметінен өтіп, бірақ оған онша мән бермей, әйтеуір бір алдына барармын, соған шақырған белгі шығар деп жүре бердім.  Ал, шындығында жүрек ашудың үшінші мағрипатты дәрежесі болып және өзін дін жолында жетілдіруге тырысқан барлық қазақ елінің азаматтарына аян арқылы берілетін нығмет ортақ несібе болғанын кім білген?

 Ата жолының мұндай терең сырлы ғылым түгіл, қарапайым білімін зерттеген ел басшылары, дін басшылары тарапынан саусақ ұшын да қозғалтпаудан, осындай өздеріне берген ірімшікті мақтаған түлкіге бере салған мақтаншақ, надан қарға елі болып шыға келдік. Ата жолында тылсым арқылы жүрек ашылып, мұндай мағрипат дәрежесін меңгергендердің қаншалықты саны бар екені әзірге беймәлім, бірақ ондайлардың арамызда жеткілікті бар екені де хақ.  Негізінен ата жолының тарихат дережесін, яғни тарихты, шежірені, өткен өмірді жанымен барып, көзімен көріп, түрлі көріпкелдік істерді меңгеріп ел шаруашылығының бар саласында өз қол таңбасын қалдыруға тиісті болған аққу, сұңқарлардың да болғаны хақ, бірақ санмен өлшегенде көпшілік мұндай қасиетті меңгеруге тиісті болған 6 мыңнан аса жүрек көзі  ашылғандардың сырттай бақылағанда, барлығы ата жолына жанашыр болып, халықты керуенге шақырып, зияраттатып үлкен сауап жасап жатқан сияқты болғанымен, шын мәнінде басым көпшілігі осындай істермен шайтан жамағаттарына айналып, ата жолының негізгі терең сырлы хикметтерінің әлем діндерінің алдында үстемдікке жетуге тиісті болған ізгі шараларын жоғалтуға әулие бастарын дәретсіз, яғни арсыз киімдермен арамдаумен, ақ бұлақтың көздеріне шөп-шалам салып көмумен айналысып кеттік. Яғни, өзінің екіжүзді тіл, сөз, ой және қылықтық мінезін жеңіп және сыртқы ар-сауытын толық жетілдірген әрбір тура жолға түсіріліп, аяғы мықтап бекіген, мүмін аталған адам баласына берілетін кітаптарды, хикметтері мен құпия ғылымына тосқауылды өз қолдарымызбен қайта арттағы ерген жастар өте алмайтындай қорған кедергі салдық. Алланың қазақ жеріне ерекше берген бақ нығмет, түрлі ем-шипа және көріпкелдік қасиеттердің кез келген ата жолына немесе басқалай да ата ғұрыптық салт-дәстүрімізді сақтауға талпынған, дін жолына алғаш қадам басқандарға да оңды, солды сый қылып, аруақтардың жеңілдікпен және сынақ қылып таратуын дұрыс түсінбей, мәңгілік осындай болып қала беретіндей адасушылықтан да пайда болды.

Бұл нығметтердің көп жағдайда дін-жанымызда, тағдырда белгіміз де болмаса да, біздерге күнәлі болмасымызды ақтауға жәрдемге берілгенін қаперге де алмай, оны дүние табуға, өзіміздің дәрежемізді өзгеден биіктен көрсетуге: «мен сені қорғаушымын, сендердің күнәларыңды көтерушімін» дегендей тәкаппарлықпен дүние байлығына айырбастаумен, жасаған қызметіне ақы сұраумен, ақырында тағдырға қасиетті бекітіп, Раббымыздан жалақысын алу  түгіл, басымызға қайғы-қасіретке айналдырып алып, онсыз да шошып, үркіп жүрген туыстарымызды, таныс ағайындарымызды ата ғұрпынан қашықтатумен тұрмай,  масхаб діншілерінің қуанышына, масайрап шайтан болып қолдарын шығарып мазақтауына ұшырағандарымыз да сөзсіз.

Негізінен ата жолының өнегесін, үлгісін қалыптастыруға тиісті «аққу, сұңқар» аталғандардың шариғатты меңгеруден, намаздан, масхаб білімін жетілдіруден бас тартқан арсыздық, сауықшыл ескі европалық әдеттерімізбен көптеген сауатты арлы адамдарды ата жолына жиіркеніп қашатындай тосқауыл қойдық. Мұндай жағдайда елімізге жаппай адамдар өлімімен келетін үлкен апаттың орнына, тағайындаған елшісіне және ата жолына  ғана сынақ салуы, бұл жаратқанның жалпы халыққа берген нығметі болып, аталарымыз бұндай жағдайларды; «Еркек тоқты құрбандық» деп атаған екен. Яғни Інжіл оқиғасы Ғиса пайғамбарымыздың қағаз жүзінде тәурат ілімінің, жалпы тіршілік білімінің жетілген жағдайында келген, өз біліміне мардамсыған ел басқарушыларының ашық қарсылығымен ашық хикметпен аяқталған оқиғаға ұқсас жағдай қазақ жерінде де 2000 жыл өте қайталанғаны да даусыз. Сол кезде тауратты меңгерген діншілер, сопы болып «Парызшылдар» аталуымен, тек таураттың парыздарын дін ісі шариғатын ғана орындап, Құдай ісіне қарсы шыққанын біздің масхаб діншілеріміз де асыра сілтеумен қайталағаны сөзсіз. Бұл әрине Абай атамыз ескерткендей; «Қазақ тұрмас қызықтап, қызық пенен тыныштыққа» деген әулиелігі орындалғаны да рас.  Және де мұндай сынақтың ата жолындағы ақпарат, насихат, білімнің жеткіліксіздігінен, өзара тәжірибе алмасуының мүлде болмағандығынан,  әлі толық меңгермеген, рухани жетілмеген екіжүзді иманның жетегінде жүргендердің; «Осы жүрісіміз дұрыс емес шығар, масхаб діншілері, жазушы, тілші қауымдары осы ата жолын бекер жамандамаған шығар, болмаса Ақ ұл неге мұндай қасиетпен өлуі керек?» дегендей ата жолының сарбаздарының, аққу, сұңқарларының да енді масхабшылар мен өз бетімен намазбен жетілуші; «Сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деген жалқылық пәтуалармен негізделген масхабтық қағиданы ұстаған «намазхандар» қатарын толықтырғаны да даусыз.   

Осы сәтті жіті бақылап отырған масхабшыл діншілеріміздің іздегенге сұрағандай, енді негізгі мұғжиза тоқтап, хикмет жоқ болса, онда аруақтар тарапынан келетін қорқыныш та жоқ деген шайтандарының сыбырлауымен, ашық қарсы шығып, үкіметтің өздері  сияқты жүректері мөрленген мүшелерін айдап салуымен, арты не болғанын бүкіл халыққа аян. Бірақ енді көпшілік ата жолын уақытша болған құбылыс деп, ал діншілер жын-шайтаннан деп қабылдағанмен және кейбіреулерінің әлі баспасөз, теле арна беттерінен «Әлі зиратшылар тыйым салған заңға да қарамай, істерін тоқтатар емес, қалай түп тамырымен құртамыз? Шерік қосушы, аруақтан бата, ақылын алу арам!» деген пікірлердің де қайта-қайта көрініс беріп жатқанымен, арамызда батамен көгеріп-көктеп Ақ ұлдың негізгі бастаған жолын тақуалық арқылы терең меңгеруге тырысып, бұл жағдайда жоғары топқа берілген, бірақ олардың меңгере алмаған, қолдарын созуға да ерінген, түрлі дарындылық, әулие бабаларымыздың сопылық намаздарын меңгерген, текті асылдың сынықтары да 9 жылдық сынақтардан сүрінбей өтіп, қосымша аманаттар алып, оны орындап жатқандарымыз да азшылық болғанымен бар. Және олардың арасынан озық шығып, жаратқанның нағыз сыйы мен нығметін, тұрақты хикметі мен жалақысын  алуға өз мәресіне жақындап қалғандарымыз да бар арамызда.

Сонымен енді ата жолының негізгі мағрипаттық, ғылымдық, діни жолдық, ілімдік кітабын да ашық жариялайтын кезең де келіп, бұл басылымдар тек бір адам тарапынан ғана болып жатқан қысқаша үзінділер ғана. Артта, біздер үшін алда, болашақта әлем халқын да мойындатып, ғылымда, шығармашылықтардың барлық саласында және діндегі тақуалық жетістіктермен «ихсандық»-хикметтерін көрсетумен таң қалдыратын, тылсым үнін тыңдай білген, жүрек көзі бар, қанында тектілігі бар аққу, сұңқар аталған жастарымыз да, көк жиекті көре білген үлкендеріміз де жетіліп, толысуға жақын да қалды.

Бұрын мөр ашу мұғжизасы бір адам арқылы атқарылса, енді әрбір қасиетті адамның, елшінің өлімінің нәтижесі, керісінше рухани жемісінің жер бетіне тарап шашылуымен, қайта өніп-өсіп өркендейтін жан ғылымының тұрақты аруақтық заңдылығы, інжілдік рухтың бұжымас заңдылығы деп біліңіз. Сондықтан енді Ақ ұл аруағының жетелеп, қолдауымен қасиеті қонған, 3-ші дәрежелі рухани өлім сатысын меңгерген  жеті Ақ ұлдың арамыздан шығуымен, мұндай жаратқаннан түскен ерекше бақ-мөр ашу мұғжизасына қазақ елінің ілімді-білімді ел, көш басшыларының, ғалымдар мен заң, құқық қорғау қызметкерлерінің де амал жоқ келуі түгіл, әлем халқының да қызығушылығы артып, қазақ жеріне зияраттап, жүрек көзін аштыруға, таза ақ бұлағынан иман суын ішуге  ағылатыны да хақ және негізгі кітап иелері қазақ елі түгіл, әлем халқының да көріпкелдік, бақсылық қасиеттерінің көздері ашылуымен оны өз мақсатына пайдаланатын шала иманды пенделер мен ібіліс жолына түскендердің де артуымен ақ-қарасын тақуалық, ілім-білімді терең меңгеру арқылы ажыратпаса, ғылыми тұрғыдан, психология ілімімен зерттеп, бағалап, қара күштердің де қандай пайда зиянын ажыратып, санасып меңгермеген жағдайда қазақ елі ғана емес, әлем  халқына да келген қасірет те болары даусыз. Сол кезде ғана кәпір жынның кез келген ойын-сауық орындарында, арсыздық істерде, жалаңаш жағажайларда дем алып, суға түсіп, доп теуіп ойнап жүргенде де немесе түнде ұйықтап таңертең көзі қызарып не өзіңді, болмаса көшедегі біреуді жарып тастайтын болып оянған ұрпақтарыңды көргенде «шерік қосудың» қандай болатынын барлық халық та ашық түсінетін болады. Сол кезеңде қыздарымыз бен қатындарымызды еркіндікке жалаңаш көшеге шығарып, енді дүниемен бәрін сатып, бәрінен оздық деген ел, көш басшыларын да біреудің жалғызын, біреуінің жалбызын солдырғанда естерін жинап ата жолын естеріне алатындары да хақтық. Ал жалқы пәтуамен шерік қатушы діншілердің «Анау шайтаннан, мынау жыннан» деген пәтуалары, енді өздеріне «намазхан» жамағаттарына, жанұяларына үлкен надандықтың, білімсіздіктің сынағы болып, өзі мазақ қылғандардың ықпалына түсіп, бастарын қайда тығарын білмей азаптарға ұшырай бастайтыны да хақ. Сондықтан әулие аталарымыз ескерткен; «Ұстасаң бақ болып қонар, ұстамасаң азап, ажал болып орға құларсың» деген батасының жалпыға бірдей үкімі жүре бастайды.

Бұндай сынақтардың әуелі ел басшылары және ата жолы, аруақпен қарсы күресушілердің бастарына, жанұяларына, жинаған мал, бала, бақшаларына келуі даусыз. Ал, енді мұндай Алланың қалауына келіп, әрбір тура жолға түсіргендердің жаратқан тарапынан берілетін ерекше сыйы болып, жеті түрлі керемет ем шипалы ата жолының бұлағының қазақтың жеті жерінде көзі ашылып, бұл ата жолының тура жол және жеті көктегі жолмен байланысты екеніне берілген, әлем діндерінің алдында да тура жолға берілген Алланың куәлігі болмақ. Бұл жағдайдың да болатынын Ақ ұлымыз көріпкелдікпен болжап; «Адамзаттың мәңгіліктің бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы, ниеті, Аруақтың бастау алар бұлағы… Пайғамбарға құран түскен ақ таңда, Ай туыпты нұрын шашып аспанда. Мұсылманның мөрі болып табылған, Мөлдір бұлақ адамзатқа ашылған. Бұлақтардан өзендер де құралған, Теңіздер де өзендерден су алған. Кірін шайып, адамзатты тастайды. Мөлдір бұлақ тазалыққа бастайды.»

Ақ ұлмен келген мөрдің хақиқатын растайтын ақ бұлақтың ата жолында хикметпен көруінен бастап, қазақ халқы амал жоқ, жүрек  кірін кетіріп тазалануға лап қоятын мезгілдің туатынын армандап жете алмай, 2-ақ сағат, яғни екі өмірді ғана көріп, қыршын кеткен Ақ ұлымызға дұға жасап қоюды да ұмытпаңыз. Мүмкін түсіңізге еніп, болашаққа бағыт, жол көрсетер. Бұндай «Таза бұлақ» ақ бастауы болатын ірі белгінің де біздерге Ақ ұлдың тірі кезінде түсіп, ал әзірге екеуінің орны екі облыста белгіленіп, көктен үкімі түсіп, алатын қызметшілері сынақтан өтуде, ал қалғанын әзірге өз басым білмеймін, бірақ болатыны да  даусыз.

Бірін (біріншісін) қоршап қойып, туысқан, таныстарымызға жынды атанып, сонда да сенімімізді жоймай күтіп отырғанымызға 5 жылдай болып қалды, құдай қаласа ашылған күні хабарын жаза жатармыз. Бұл хикметпен бірге мөрдің көзі ақ бұлақ болып, көк жолдарымен тікелей байланысты және ем-шипа рахмет болып шашылары да даусыз. Ал енді қандай да бір діни топтың үмметтік ерекшелігіне қарай, Құран арқылы бекітілген заманына қарай жетілдіріп отыратын, бекітілген нұрландырушы мағрипаттық білім кітабы болу шарт. Енді бұл кітаптар Ясауи бабамыздың сәни дәптері десек, оған бүкіл түркі халқы таласары да сөзсіз және ортақ мұра екені де даусыз. Ал Абай-Шәкәрім атамыздың құран насихатын айтатын болсақ, онда оған өздері әлі түк түсініп меңгермесе де, ата жолына қарсы болумен бірге масхабшылар да, тарихатшылар да, барлық философтар, дін топтары да бізге де ортақ деп таласары сөзсіз. Онда не істейміз? Ата жолының осы кітаптардың жалғасы болып табылатын осыдан 5-6 жыл бұрын да белгілі болған, аталарымыздың тылсымнан халыққа баспасөз ақпараттары арқылы таратып, ата жолы мағрипат білімін насихаттауды ұсынған, бірақ оған Ақ ұл қасындағы жоғары топ өкілдерінің алмаған кітабынан аз ғана үзінділерді, негізгі жарғыларын енді жариялауға да кезі келеді.   

Құран негізінен «Фатиха» сүресі барлық сүрелердің бастауы ақ бұлағы, рухани анасы, сан ғылымының негізі болып, сондықтан осы сүренің философиялық насихаты негізінде түсірілген, болашақ қазақ елінің рухани жалауының алғы шарты және ата заңымыздың да философиялық негізі болуы да сөзсіз. Енді әулие аруақтарының тылсымнан жетелеуімен, болашақта үкімет басқарушыларының арасынан  7 ел басшыларының осы жарғының философиялық білімінің негізінде тылсымнан жетектеліп, тәрбиеленіп шығуымен тура жолын тауып, иманды толық меңгеруімен,  әділетті заңдарды қалыптастыруға  ата заңымыздың негізі болып қаланатын: Ата жолының нұрландырушы кітабының алғы шарттары яғни;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *