Атаңның жолы ақ бастау

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 105

…………………………………….

Сүндетсіздер санамызды суарғандарын
Көре жүріп кіжініп қуарған жанмын.
Сүндеттелген ұлдарыңа өмір берші,
Ей, Тәңірім,
Тілеп жүрген бір арманым.

Шүметейлер қазақта көп дейсіңдер ме?
Арыстан Бапқа түнегендер жоқ дейсіңдер ме?
Сүндеттерің көбейсе көктейсіңдер де!
Ат шаптырып ауылға той жасатқан,
«әтпішаудан»
Айналып қана кетпейсіңдер ме!
(М.Ахм.)

****   ***

Арыстан бапқа түнетіп,

Түркістаннан тілетіп

Ғайып ерен қырық шілтен

Тұрсын деп сені күзетіп.

Қанымен құрбан тазару,

Пайғамбардың да еді сүннеті

Ақ бастау боп — ата жолы

Талай қазақ басына,

Болған еді бақ жолы.

Құдайдан түсіп хикмет,

Исламдық тура жол салу.

Ақ ұлға берген керемет.

Жүректерден мөрді ашу.

Тазарып қазақ арамнан,

Іздеп жерден есікті

Жібіне Алла жалғанған.

Дәстүрмен бірге сүннетті,

Тура жолдың намазын

Орындап ер мен әйелдер

Алған; түбек, шүмекті.

Ата жолда емделіп,

Бесігі жатыр тербеліп.

Дүстүрін, салтын меңгеріп,

Қазағым қалған жөнделіп.

Арамза, сұм молдалар,

Көре алмас қауым және бар

Сүннеттелген шайтан  қулар бар.

Садақамен байлық жинау деп,

Заңмен тоқтам салды олар.

Тажалдар болмай, кім болар

Әулиесін Алла достарын,

Басқа деп шайтан атаған.

Кітабына құран жалғанған,

Ясауи данадан сөз қалған

Тарихат боп еді аталған.

Дәстүрін қазақ бата алған,

Жындардан деп хикмет,

Құдайдың ісін мазақтап,

Қазаққа келді қиямет.

Өлгенмен Ақ ұл іс қалды,

Көрсеткен үлгі, сөз барды

Ата жол өлмей жалғанды

Сүрінгенмен талайлар,

Керуені қазақ тоқтамай

Ата жол қайта қозғалды.

Тазартып аруақ жұртында

Текті ұрпақтар ұлтыңда,

Көкжиекті де көргендер,

Уахимен кітап білгендер.

Ақылға тұсау салғанмен,

Көнбей кісен үзгендер

Ар білімін жалғайтын,

Елімде көп кемелдер.

Батасын алып әулиенің

Тәрбие көріп, ұл қыз да

Келеді өсіп ағайын,

Батамен ерлер көгеріп,

Шүмекпен, түбек теңеліп,

Түспей оттан қазаның,

Шариғат болып базарың,

Тарихаттан татып жемісін

Гүлденер рухы бақшаның

Жағып мағрипат ақ шамын

Надандықтың бұл түні де

Өтер де кетер қас қағым,

Жан берер өлген рухыңа,

Отырар билік тұғырға

Жетіліп өсіп жастарың,

Салдырған  шайтан қамалын,

Бұзамыз ұнтап тастарын

Орындап ата жол намазын.

Тура жол Ясауи баба амалы.

Көтеріп  ақ жол туында

Әлемге қазақ үлгі боп

Жаңадан өмір бастармыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *