Оқыдым нәзік жырын ұрпақ көрген,
Ұл туып, тәрбиесін жетік білген.
Ғашықпын, деп ұлына жыр жазыпты,
Еркек жоқ, деп, оған енді тең келетін.
Оқыдым нәзік жырын ұрпақ көрген,
Ұл туып, тәрбиесін жетік білген.
Ғашықпын, деп ұлына жыр жазыпты,
Еркек жоқ, деп, оған енді тең келетін.
Қыз жүректің болатын гүлі рас,
Гүлдің де, гүл болуы тағы талас.
Еркеке берген Құдай бағбандықты,
Қай еркек меңгерді бұл мамандықты?
Атамнан менің ауыл түгел жасқанады.
Ал, атамды үйдегі әжем басқарды.
Ауылдың саясатын шалдар жасап,
Тұрушы еді, оны әжелер түгел қолдап.
Жаратқан істердің меңгерушісі адамзатты,
Қасиеттердің басы, тегі атамыз Адам атты.
Адам атамызға бейнелеп, біздің сұлбамызды.
Бар істі ақылмен меңгеруші тұлға болды.
Заң керек, жоспар керек, билік керек,
Биліксіз халық қалай өмір сүрмек?
Халық, ел көбейетін өңшең нөл ғой,
Еденица, бірліксіз болар дүрмек.
Қазіргі заман, бөлек бұрынғыдан,
Ер мен әйел теңдігі, деген заман.
Әйел- жан, еркек- рух теңдік емес,
Ал, білім бұл теңдікке кепіл емес.
Жазып едім, аталар ұлағатын,
Ар білімін қазақтың дін тағатын.
Мәдениетсіз, деген маған айып таққан,
Қатындардың естідім сын бағасын.
Ертеде бір ел, құдайлық ата дінін,
Қабылдауға қайтадан құрды жиын.
Патшасына өтініш айта барған,
Даналары ойлаған көптің күйін.
Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ.
Жақынынан басқа қасы жоқ,
Лағынет қамыты мойнында,
Қолдарының босы жоқ.
Жаратқан махаббатпен адамзатты,
Сүйсін деп ол Алланы жанан тәтті.
Жартысын бар нәрсенің сыйға беріп,
Жалған, деп жалқы сөзді және атапты.