Бақыт-өмір өзені

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 120

Өмір өзен арнасында тасыған,

Болар бала қалыптасар жасынан.

Сен отырсың ескек ұстап қайықта,

Жетер жерің жақын ба екене, алыс па?

Кейде баяу, кейде өзенің сарқырар,

Бір жағадан, бір жағаға кезі болар лақтырар.

Саспа бала, тең ұстағың ескекті,

Ақылға сал, суға батып кетпекті.

Бір ескегі аруақтың қолдауы,

Екіншісі-күш, жігерің бойдағы.

Бір ескегің бабаң берген ақ таяқ,

Екіншісі –заманыңның ырғағы.

Бір ескегің-бойыңдағы қасиет,

Екіншісі-бабаң айтқан өсиет.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал»

Бәріне баға берсіне намыс пен ар.

Алдамшы өмір арпалыссыз бола ма?

Сын көз салып бабаң тұрар жотада.

Ақ пен қара айналңда көпшілік,

Қара қылды қақ жарсын бабаң салған тектілік.

Тарам-тарам арнасында өзенің де бөлінер,

Бірі таяз, бірі терең болып саған көрінер.

Соққан кезі осы болар сынағыңның сағаты,

Адаспасаң, қорғасын боп құйылады

бақытыңының бағыты.

Бір ағының құм далаға жетелер,

Бір ағының ойпаң қыр мен төбелер.

Бірі келіп саз балшыққа шыланар,

Бірі келіп дария көлге айналар.

Жетсең егер жағасы кең көлге сен,

Орын алар бабаларың жұмағының төрінен.

Риза болып ел-жұртына ақ батасын төккенде,

Бақ жұлдызың көтерлілер көкке де.

Түпкі ниет, арман биік талап та,

«Бақыт» деген ұлы сөз бар қазақта.

Бағың үшін күрескенің азап па?

Бағың үшін күрескенің мазақ па?

Жеңіс туын тіксең егер мақсат деген биікке,

Ұмыт болар кешігі күн, қиыншылық, күйік те,

Жеңісіңнің кілті болса қайсарлық пен тапқырлық,

Деп білерсің бағың үшін күрескенің батырлық.

(2000-жыл 30-шілде Қыдырәлі Момбайұлы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *