Киім көркі тәніңнің,
Жарығын рухтың қорғайтын
Зейнеті болар жаныңның.
Бақыт деген құс емес,
Шақырсаң келіп қонатын.
Ол бір тағы емес,
Ойды қырды шолатын.
Бақыттың үйін Қаб деген,
Оқысаң теріс «Бақ» деген.
Орайтын сені Алла ғой,
Қыдырына жақ деген.
Бақыт байлық қашаннан,
Мирасы қалған атаңнан.
Анаңның келіп ақ сүтпен,
Бейнеленген қан текпен
Нағашы болған атаңнан.
Анасыз пенде бола ма?
Еркексіз қатын оңа ма?
Жарсыз еркек жалғанда,
Бақытты болып оңа ма?
Жұбын таппай әр нәрсе,
Жалғыздан үн шыға ма?
Жұбын тапса ұл мен қыз
Бақ қонғаны осы ғой,
Күтуін оны білсеңіз.
Рухы дәннен өседі,
Бабын тауып, күтсеңіз.
Бұл бақшадан өседі,
Көбейіп енді ұл мен қыз.
Бақтың да болып жұптары,
Байлығың болып толады.
Үш байлық бар адамзат,
Бірінші бағың — ден саулық,
Екінші бағың — ақ жаулық,
Үшінші бағың -он саулық.
Ер мен әйел табысы,
Бірінсіз-бірі болмайтын
Бұл өмірдің ырысы.
Екеуі тұрса бақшаң боп,
Он саулық мал, ақшаң боп.
Қызыр боп Ғиса беретін,
Рухтан келсе кие боп,
Мұхаммедтей Қыдырдан,
Жүрекке енер иманнан,
Жеті жолға жалғанған.
Бақшаңды күтсең бақ қонар,
Күте алмасаң сор болар.
Құлшылықтан жалықсаң,
Жібінен құдай айырылсаң
Қонған бағың жоғалар.
Алдын ала қам қылсаң,
Дәстүріңді қадірлеп,
Анаңның тілін ардақтап
Ата сөзін салмақтап,
Атаңның жолын, дәстүрін,
Ұлтыңның біліп жан сырын,
Сақтайтын тектің, діл гүлін
Өсірсең бәйшешек бақшасын
Бағбаны бақтың өзіңсің.
*** ***
Әйелсіз бақ қона ма?
Зейнетің өсіп тола ма?
Несібе саған жарыңнан,
Жаулықсыз еніп тола ма?
Ар деген еді ақ сауыт,
Тәнді жапқан бұл жарық.
Ұят түртіп ішіңнен,
Ар көрінер киіммен.
Ұят геннің кенінен,
Ар ағаштың тегінен
Ерлі-зайыпты жұбайдай,
Некеленіп бекіген.
Ар өседі сенімнен,
Иманды ұят өсірген.
Ұятты әйел етекті,
Жабатын түгел әуретті.
Киіммен адам көрікті,
Жалаңаштан бақыт та,
Тұрар қашып қашықта.
Арман деген қиял ғой,
Оны табар таза ой.
Бойың таза жетілмей,
Махаббатты өсірмей,
Рух егінін өсірмей,
Сүресің өмір жетімдей.
*** ***