Отыз үш мың шариғатта қайран болып,
Отыз үш мың шариғатта сайран болып,
Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып,
Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар, — деп Әулие бабамыз жер мен көк арасындағы қүпия өмірді 3–ке бөліп отыз үш мың белгі, ол ғылым көзі, ғылым деректері және ақиқат шындыққа тірелетінін ескертіп кеткен.Енді Құран Кәрімде де осы 33 мың белгіні ескертіп кеткен жаратушымыз. Бәрін бірдей білу мүмкін емес! Себебі Яссауи бабамыз екі өмірді қатар көріп барып дәлелдеп кеткен. Енді біз соның жүзден бірін ғана біліммен өлшеп көрсек жер жүзінің ғалымдарының әлі талай жылдар басын қатыратын құпиялардың бар екендігі даусыз!
Белгі-өлшем тегі. Құрылысына, пішініне, ішкі құрамына, қимылына, көлеміне, дыбыс шығару, иіс шығару, көрінбейтін, білінбейтін, көмес, ғайып, тек ақылмен өлшей білетін және ерекше бір хикмет (терең білімімен) білінетін т.б. болып салыстырмалы, өлшемді болып келеді. Жоғарыда Әулие атамыз ескерткендей біз өмір сүретін әлемдегі бүкіл көрінбейтін болмыс 3-ке бөлінеді. Бәрінің де белгілі бір жер бетінде белгісі бар. Соған қарап қайдан шыққан, неден пайда болғанын біліммен, ғылыммен анықтау міндеттелген. Әр пендеге жаратушымыздан берілген тапсырма жоспар. Осы белгілерді өз орнына ретті түрде тепе – теңдігін сақтап пайдалана білуді, онда да Алла берген үкімдер, парыздарды орындаумен ғана шектеліп нәтиже шығарудың жауабы Рух–таза ақыл болып табылады. Өмірге шыр етіп өмір есігін ашқаннан бастап есту, көру, сөйлеу сезімдері қалыптасып, ыстық, суық, денеге тиген қатты, жұмсақ т.б. белгілерді анықтай бастайсың. Ең бірінші қоршаған ортаны тану сол білімнің басы болып саналады. Сыртқы мәніне байланысты анықтық белгілерін табиғат құбылысымен салыстырып анықтаймыз. (өсімдік, тау, тас, т.б.) Екінші қозғалыстағы белгілері болып жануарлар, жәндіктер, т.б жаратылыстар арқылы айқындалады. Үшінші саты өз бойыңдағы құпия жаратылыс белгілеріңді анықтау. Ұлтың неге бөлек, басқалардан айырмашылығың, жынысың, өнерің,сөзің, шашың, көзің, түрің т.б. Осындай мыңдаған белгілер туындайды. Бұларға қоса көрінбейтін белгілер бар. Дәмін білу арқылы ащы, тәтті, қышқыл, т.б. ішкі дүниесін анықтау тіпті көзіміз көрмейді, бірақ сеземіз, тітіркенеміз, шошимыз, қорқамыз, тоңамыз, ыстықтаймыз, бұл да белгі. Оны қандай дәрежеде екенін білмейміз.Кей жағдайларда тек құралмен өлшеп анықтаймыз. Өлшенбейтін әлі ғылымымыз жетпеген сан мыңдаған нәрселер де бар емес пе? Тіл, көз, сәулелердің түрлері (радиация) дұға, түсіңде ақылға сыймайтын жағдайларға түсіп жатасың, өміріңе сәйкес келіп жатқаны қаншама? Бұны ахирет өмірі деп атайды. Белгі өзімізде сол өсімдіктерде, жануарларда, жәндіктерде, тіптен ішіп жүрген судан басталатынына көзіміз жетпейді, құлақ естімейді, бірақ кейде жүрек дүрсілдейді. Сонда да сене қою қиын. Шайтан кім, қандай болмыс? Жындар қалай өмір сүреді, тіптен балаңа дейін туа сала бәрін білуге құштар болып тез меңгеріп жатыр. Қайдан үйреніп оқып келді? Осы жұмбақты қарапайым күнделікті көріп жүрген, үстінен өтіп жүрген нәрселерде, денелерде, жан-жағымызда тұр. Тек белгілерді ажырата білсек болғаны. Сондықтан әуелі жаратылыс белгілерін анықтау керек, сосын тарихты.
Тарихты білу үшін өзіңнен бастау керек, өзіңді тану үшін ата – анаңды тану керек,ол үшін тіліңді білу керек, осы уақытқа дейін Құранды меңгере алмай жүргеніміз осы тілдің астарын, мәнін жоғалтып алғанымыздан болып шықты. Себебі жаратушымыз сол кішкене ғана ақыл кітапқа біздің 200 мың жылдық өмірге жететін ақыл да, жол да, нұсқау да, ғылым да, бәрін де сыйғызған. Тек жүйелей оқи біл, сөз астарын ізде. Біздің бар өміріміз, өзгерісіміз жер – анамыз түйеге келіп тіреледі. Ол ірі белгі. Домалақ деп қарамай мойнын басын өз орнына қойыпзерделесек, екі бөлікке бөліп қойған көлденеңнен. Яғни жердің жалғауы дәнекер ортасы тауларда тұр. Ол екі теңіздің қосылуымен шектеседі. Бұл бір белгі. Енді «Жерде 444 рахмет дариясын ағызды» — деген Сани дәптерде,яғни 222-сі жоғарғы бөлікке, 222-сі төменгі бөлікке келеді. Енді түйеде 12-і ішкі, 12-сыртқы мүше бар десек тәуліктің 24 сағат болуы осыдан шығады. Күн мен түннің де жігі осыдан бар. Оны «Сақар» уақыты деген Яссауи бабамыз. Ғылымдар пайдалана білсе медицина, астрономияға келер пайда бар. Жалпы адамзат тіршілігі 2-ге бөлінсе Адам ата Хау ана болып бірінші сатысы Нұх пайғамбардан кейінгі өмір екінші жартысы. Даму 3 кезеңнен келеді.Оның белгісі адамдарда. Әуелі аяғын байлап жүрген, сонан белін, қазір мойнын байлап жүреді. Түйеде із белгісі тұр. Адам ата дәуірі де 3 кезеңмен дамыған. Енді жалпы өмір жатырдан басталса, жүрек соңғы дамудың өлшемі болу керек. Жер бетін екіге бөлу тегін емес. Адам ата Хау ана жатыр тұсында кездесіп, адамзат даму сатысында ұрпақтар тарап, өмір сүру қажеттілігімен бүкіл түйе денеге тараған. Өмірді тежеу әуелі жүректен басталады, сондықтан Нұх дәуірінде де апат жүректен басталды. Бір мезетте, бір жылда жер бетін су алып кету қисынға келмейді. Оған да жүздеген мүмкін ондаған жүз жылдар өтті. Себебі оның белгісі Құранда бар. Нұх баласына ескертуі: «Кемеге мін, ер жүзін су басады» егенде баласы Кенған мен биік тауларға тығыламын деп кетіп қалады, ол тауларды да су басты деген. Кейіннен Нұх пайғамбар Аллаға жалбарынып жер жүзінде маған ерген қауымнан басқа пенде қалдырма, себебі олар кейін басқаларды аздырады – деген аят бар.
«Басында Қазықұрттың кеме қалған ,
Болмаса ол Әулие неге қалған»
Кеме Құранда Жуди тауына тоқтады делінген. Ешқандай қирамаған, соғылмаған, ол Алланың әмірімен сол жерге барған.Түйенің жатырына маңына барды. Қазықұртта алғашқы судың ізі бар. Соған қарағанда алғашқы кеме Қазықұртта жасалып Кап тауында екінші рет қайта жасалды. Әуелі жердің бір бетін су алып, ескерту беріліп, адамдар екінші бетке өтті. Онда да түсінбегендіктен кейін қалған ерген қауымды алып, екінші кеме жасалған немесе сол кеме үлкейтілді. Нұх пайғамбардың алғашқы кемесі Қазықұртта жасалған деген аңыз содан тараған. Оның орны да бар. Яғни Адам ата қауымынан қалған деректерде табылып жатқан қазбалар т.б сол дәуірдегі өркениет іздері. Сонан болар ғалымдар басы қатып, дамуды жаратылыс белгісін Адамнан бастап миллиондаған жылмен есептегендіктен тарих бұрмаланған.Түріктің негізгі тегінің қайдан пайда болғаны Құранда белгі бар. Нақты деректер де көрсетілген. Бірақ Адам ата қауымынан кейін Нұх қауымы түрден де, денеден де өзгертілді деген Құранда. Қалай? Ол үшін «Жан» белгілерін, жалпы жанның қалай пайда болып, қалай өзгеріске ұшырап, тәнге берер әсерін білу бірінші қажеттілік. Айта кететін тағы Адам ата қауымынан қалған белгі ол Қазықұрт тауындағы белгі тас. Жердің кемітілмей тұрғандағы алғашқы бейнесі, көрнісі Пілге, өгізге келеді. Құранды тасқа бергенде қабылдамады деп ескерткен аятта. Адам ата қауымы да пілдер, өгіздер сияқты аса күшті үлкен болғандығы сонан белгі қылып қалдырған Алла тағала. «Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық.» (Таһа-55). Төзімсіз адамдар жаны тасқа айналады деген де аңыз бар халықта. Тастың да жаны бар. Сондықтан Құранда жазылған белгілерде әлі талай адамзат өміріне жетерлік құпиялар бар екендігі сөзсіз. Сол белгілердің енді кейбір танымал болған аянмен көрсетілген ерекшеліктеріне тоқталып көрейік.