Бес алыптың басталуы

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 120

1997-ақпан айы болатын,

Таңға жуық аян алдым, алдыма жол салатын.

Нөсер жауған шелектетіп көк аспаннан төбеме,

«Сыйын»,-деді бес атаңа көтерді көгіне.

«Сыйн»,-деді қоңыр дауыс көрінбейтін ғайыптан,

Сенім арты бір өзіңе тылсымнан бес атаң.

Алла жолын қазағыңа «Ақ жол» қылып бастайсың,

Бе атаңның аруағын ұран ғылып ұстайсың.

Аманты бес атаңның болсын саған бұрық,

Күш-жігерің, ақыл-ойың бұсын қамал қиындық.

Түктібайдай әулие атаң, ақылына ілескің,

Сүйінбайдың ақ ниеті, ақтығымен жүрерсің.

Сарыбайдың батыр бабаң, тектіліктің ұраны,

Сабыр сақтау, тоқтам салу батрлықтың нышаны,

Қызыр шашып, Жамбыл атаң кеңдігіне төріне,

Қайназардың қайсарлығын қару ұста өзіңе.

Оянған кез, есте қалды барлығы да тізбектей,

Қуаншым кернеп кетті ақ мамықтай, жібектей.

Түйсігімде осы жолда мен де жаман болмаспын,

Қолдап жүрсе аруағы бес алыптың бабамның.

Мақтан тұтам бес атамның қасиетін, атын да,

Жатқан жердің топырағын, ұстап кеткен затын да.

Тарихы бар, аңызы бар артындағы ұрпаққа,

Бесеуі де дара тұлға заманында ұмытпа.

Тірлігінде бір-бірімен жүздес болған бес атам,

Ол жақта да жиналыпты аруақ болып бір тұтам.

Бес саусағың құралғанда болады ғой жұдырық,

Торға түстім, жұдырыққа жүрген менде құтырып.

Түктібайдай әулие там ақ батасын жаудырды,

«Таяқ-еттен, сөз-сүйектен» қан сорпамды ағызды.

Өткен-кеткен пендешілік тірлігімді сілкілеп,

Санамды ашып, ақыл айтты жүрегімді тілгілеп.

Шыр етіп дүниеге келген кезің есімде,

Бата жасап, аруақтар тұрған едік біздер де.

Аян беріп есіміңді Қыдырәлі атадық,

Еліне «Алла жолын бастар ұл»,-деп бата ғып.

«Үш мүшел жасың келді, ақылға кел, балам»,-деп

«Алла алдында міндетің бар, тереңірек ойлан»,-деп

Аруақтың айдауында жүресің де, көнесің,

Шыдап берсең екі дүние қызығын да көресің.

«Әумин» деген батасымен әулие атам қолдады,

Қобызының үніменен сезімдерді қозғады.

Ауыр ойдан шыға алмастан қабіріне қол қойдым,

«Болмасам да ұқсап бағу міндетім»,-деп ойладым.

Жол нұсқады батасымен ақ иық ақын Сүйінбай,

Ақ сөздері жүрегіме қоғасын боп құйылды-ай.

Адалдық, ақылдылық, кең пейіл мен қайсарлық,

Жолдас болсын бір өзіңе жауаптылық, тапқырылық.

Жауың болсын қара ниет, армдылық, сатқындық,

Қызғаншақтық, көрсоқырлық, надандық.

Ой-өрісті, үлкен шыңның бигінен саларсың,

Сонда балам аруаққа ниетіңмен жағарсың.

Текті елдің ұрпағысың, нықтап қадам тұр, балам!

Деді,-дағы Сарыбайдай  бабам тәспі тақты құрмадан.

«Әумин»,-деді «Болғың сен еп екі дүние сүйіктісі, елшісі»

Қасиетті құрма болар екі өмірдің жемісі.

Жақсылықтың бастамасы-бастау болар қиынан,

Бес атаң да тіршілкте аруаққа сиынған.

«Сиын»,-деді дүбірімен қозғап өткен тау мен сай,

Рухына батыр бабаң Нарызбай мен Қарасай.

Атам Жамбыл жыр-дастаның кеңінен бір сапырды,

Өткен өмір елестерін көз алдыма лақтырды.

Бала болып алма, алмұрт ұрлап өскен бағыңда,

Есімде әлі жігіт болып қыз бен келген шағым да.

Домбырасын, аруақтың туын қолға ұстатты,

Қатаң айтты, «кеңге жай»,-деп қанатты.

«Тік қара»,-деп мазарыма, көзіме,

Шумақ айтты түсіндіре өзіме.

Ашуменен келіп қасқанда,

Ақылды бізден тосқанда.

Мыныу бір тылсым дүниеден,

Бос қалам, балам, бос қалма.

Артымдағы тұяғымсың сыналатын шақ келді,

Жігіт болсаң аянбастан күш, жігерді, төк терді.

Шірік болсаң, теріс бата алатының сыбағаң»,

Айтқан сөзі осы болды Қайназардай, өз бабам.

Содан бері жылдар жылжып, айлар өтті біртіндеп,

Сабырлықпен, мен де жүрмін еңбек етіп еркелеп.

Шыңдап өтті, сынақтар сап, бұйрықпенен тылсымнан,

Оқытыпты әліпесін, ақ жолымның хикметті қыр-сырлар.

Ақ жол болар заңғар биік алып таудың елесі,

Шыңыраудан биіктерге жолды салып береді.

Әр баспалдақ бабалардың сынағының белесі,

Ақ ниетің, адалдықпен төкен тердің елесі.

Ұрпағының шыңда тұру әр атаның арманы,

Орналасу сол биікке әр пенденің ақ жолдағы ұраны.

Жақсылық та, бақ құсы да сол шыңдарда болады,

Болашақта сол биікте болсын қазақ тұрағы.

Жұдырық боп түйіліп тұр бүгінгі күн бес атам,

Қалыптасқан заңдылық бар аруақта ол қатаң.

Батасымен жақсылққа жол сілтейді ұл-қызға,

Баспалдақтан тайып кетсең лақтырады жар-құзға.

Бас иемін бес атам биіктерге жол салған,

Бүгінгі күн басқа адаммын, өзгертілген ой-санам.

Замандастар, құлақ салсын сенімсіздік болмасын,

Аруақтар осы жолда ұрпақтарын қолдасын.

«Алтының қолда барда қадірі жоқ», халайық,

Келген»бақты» мықтап ұстап қалайық.

Шыңда тұрып, қазақ біткен әлемге жар салйық,

«Алла» атымен аруақтар салған жолды ғажайып.

(23-қазан 2000-жыл. Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *