Бес қуат-бес қару

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 187

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

                      

          Қазақ тілінде кең тараған «Ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. «Бес уақыт намаз», «Пешене бесеу» дейміз. Бес саны негізінен Қуатқа байланысты айтылады. Қуатты қазақта «арқау» деген. Аятта; «Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық» (18-95) (113). 18 саны рухани бастауды, Інжіл нұсқауларын меңгерудің белгісі болып, тәңірлік  бес қуатты толық меңгерумен  және соған байланысты рухтан келетін хабардың көмегімен Зұлқарнайын патша әлемде теңдікті және діни тәртіпті қалыптастырған және өлім періштесі Әзірейілдің қызметінде тұрғанын сандар тағлымы көрсетеді. Олай болса інжілдік діннің христиандарға Ғиса пайғамбармен кітап келмей тұрып-ақ нұсқаулары елшілер арқылы түсіріліп, соңынын Ғиса пайғамбарымыз толық бекіткенін де насихаттайды. Бұл бес қуатың көрінісін аятта; «Әрине егер сабыр етсеңдер, сақсынсаңдар, сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың  сендерге 5 мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді» (3 -125). Бүкіл қуат көздерінің 5-ке жинақталатынын және жаралыс басы негізгі қозғалыс тегі 3-пен басқарылатынын, 3-ші сүремен Алланың құдірет қолының 8 сипатының өзара қарекетін ескертіп кетіпті жаратушымыз. Аятта; «Мұхаммед сол уақытта Бәдірде мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»,-деуде едің.» (3-124) Және бұл жәрдем негізінен сана қуаты арқылы атқарылатынын аятта; «Алла (Т) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.» (3-126) .

          Бұл жағдайдың хикметті істердің Алланың қасындағы яғни жанындағы құдіретті қолынан, Алланың сүйген құлдары шапағат етуге ұлықсат берілген періштелер арқылы атқарылатынын ескертеді. Мысалы; Ғиса пайғамбарымыз бес күлше нанды, екі балықты 5000 адамға бөліп беріп қарнын тойдырғаннан кейін қалғанын жинап алғанда 12 дорба азық қалған. Сонда жеті санды ризықтың 5000 періштемен қатынасынан, пайдаланғаннан кейін шығатын тағы 12 несібе бар екенін көрсетеді. Бұл белгілер Тәуратта, інжілде де баяндалған, сондықтан болар ислам ғұламалары, Европа ғалымдары беске келіп тірелетін ұғымдардан басын ала қашқан. Парсы, Индия, Грек, Арап, Қытай ғұламалары негізінен 4 бөлікке бөліп ауа, от, су, жерді негізге алып, адам ағзасындағы қуат ерекшеліктерін осы тұғырдан қарап отырған. Тек тибет ғылым  дәрігерлері ғана 5 қуат көзі бар деп, яғни темірден пайда болатын адам жанының өнімдерін де ескеріп, онан кейін европа ғылымдарының да қоштағанын медицина  тарихынан білуге болады. Негізінен бес санының ғылымнан өзінің ерекше орнын, маңыздылығын алуы Әл-Фараби атамыздың музыкаға бұрынғы ғұламалардың 81:64 қатынасын 5:4 қатынасына айырбастап «терция гаммасы» ноталық атауы «Ми»-ді музықалық үндердің үйлестік, үйлесімділік заңдылығына енгізумен өз орнын алады. Осы еңбегімен үндердің аспаптарда «дәл» және «таза» шығуын пернелеу әдісін жетілдірген.

         Бұрынғы Ибин Сина тағы көптеген шығыс ғұламаларының еңбегінде бес қуаттың әсері туралы ескертілгенмен нақты қандай жағдайға және оның атаулары мен сипаттары туралы кездеспейді. Бұл қуаттардың неге Алланың достары, пайғамбарлар мен әулие-әмбилер арқылы шапағат күші пайда болу керек?- деген сұраққа нақты жауапты адам жаны, рухының бейнелену сатыларын ақирет заңдылығынан, тылсым сырынан іздеу керек. Сондықтан бұндай дау тудыратын сұрақтарға жауапты 15-ғасырда өмір сүрген Өтеубойдақ  Тілеуқабылұлы  атамыздың «Шипагерлік баян» атты кітабында жан өнімдеріне байланысты пайда болған 5 қуаттың нақты аты мен бағытын, алмасу жолдарын сызықтық бейнелерімен  көрсетіп дәлелдеп  кеткенінен мысалға алуға болады. Енді сол  атамыздың ғылыми негізіне сүйенсек: Қандай да бір  қуат күштерінің соңғы нәтижесі де түрленіп бейнеленуі де адам тіршілігінің тіршілік қимыл-қарекеттің, ой толғамның түйіні болып, адам жанының өнімдерінің келесі бір көрінбейтін кеңістікте өз орнын алып бейнеленуімен белгілі бір денеге, рұқ қабына ие болумен нәтижеленеді. Сондықтан бұл нығметтердің сипаты тек Алланың жанынан, құдірет қолынан түсірген несібе мен нәсіптік  ризық терімнің  ұштасып жарасуы болып табылады. 5 қуат періштелерінің қазақша танымы: 1.Жандық қуат;  2.Қарсылық қуат; 3.Ғарыштық қуат; 4.Ғайып жасырын қуат; 5.Баршылық қуат; Енді бұл қуаттардың адам жан дүниесіндегі атқаратын жұмыстарын тергеп көрсек;

          1.Жандық қуат– ана жатырында пайда болған мезеттен бастап пайда болып, жетіліп туылып, есейіп  ер жетіп, ғұмыры қанша болса да, жер бесікке түскенге дейін табиғи жаратылыстық денелік, тұлғалық, бітістік қуатының түйіндік қисаптық, сандық айқындығы болып, ол Алланың несібелерімен адамзаттық нәсіптік өзегіндегі туылмалы, шешімді қасиетті қуат – жан қуаты болып табылады. Бұл қуаттың негізі діл білімінен яғни ана қанындағы 11 жұлдыздың ата шауқатымен келетін 5 сезімдік қуаттардың өзара байланысып араласуымен пайда болады. Негізі тәндік бейнелеуі; ауыз, белгісі – екі көз болып табылады. 2.Қарсылық қуат – ризықтық несіптік жиналатын, толатын, толықтырылып тұратын қуат болып жан қуатын іркіліксіз, толассыз толықтырып, молықтыратын нәсіптік ризықтың адамға бұйырған мөлшерінде сақталатын, сақтаулы тұрған көлемде болады. Бұдан тыс қарсылық жан қуатына кейде тірек, кейде зиян болғанымен сырқаттың қарсыласуын, науқастың қорғаныс қуатына ықпал етіп пенденің тәуелділігінің аурудан қорып, науқастан айықтырып тұратын игілікті, ізгілікті жаралыс арқауы болады. Негізі — көз, белгі – тіл болып табылады. 3.Ғарыштық қуат — әр күнде пенделік нәсіп теріп өмір сүру дәрежесінде жойылып, жоғалып отыруы шарт болған шығындық жазымға ұшырауы шарт болған, жойылып кетуге тән қуат болып табылады. Ол адамзатты пенделік тіршілікте несібелік іс-әрекеттер, қимыл, жан үшін жан таластағы барлық қуаты, желеп -жебей отырып тозатын сипаттағы қуат болып табылады. Ғарыштық болмаса пенденің тіршілік іс-әрекеті болғанмен мәнісін жоғалтып, өмірде жол байланып бақытсыздыққа ұшырайды. Бұл қуат Алланың жазуы. Адамзат әбден шаршап шалдыққанда, тығырыққа тірелгенде өзін құрбандыққа шалып Алланың жазуымен жандық қуатты өз дәрежесінде сақтап қалуға тырысады. (Нұрдың өшуі) Негізі — көз, ауыз. (Белгісі — соқыр болу. Тәбет жойылу). 4. Жасырын (ғайып ) қуат — адамзаттың Алла әр пендесіне жасырып, бітістік тұлғасына қарай біткен және пендеге өзі білмейтін көмес, жасырын бұғып тұрған қуат болады. Ол  адам ерекше шошып жол таба алмай немесе төтенше кектеніп кеткенде, бөлекше ыза болғанда, өзі осылай істеп кете аламын-ау деп ойламаған, көрген адам таң қалып жағасын ұстап, әр қандай адам пендесі істей көрмеген, істей алмайтын істі тындыратын қуат көзі. Қазақта арқасы бар дейтін осы жасырын қуат. Негізі — көз, белгісі — құлақ. 5.Баршылық қуат— әр адамда шама-шарқына қарай болатын қуат. Тән бітіміне қарай болатын қуат. Тек бір кісілік қимыл-қарекетін айқындайды. Тұлғалық қуат, мүшелік қуаттардан қосылады, шегі бар. Бұл қуаттың шегі іс-қимылға байланысты. Дене шынықтырумен шұғылдану, өнер білім осы қуатта белгісі болады. Көп қимылдап еңбекпен шұғылданатын пенде мен көп ұйықтап тек тамақ жеумен шектелетін пенде тең емес! Оны өсіріп тежей отыратын несіптік ризықтың іс-қимыл қарекетіне тәуелді болып табылады. Алда әлі талай қайта оралып отырамыз осы бес қуат көздеріне.

          Енді осы бес қуат көзі әр пенденің оң қол саусағымен белгіленген; Бас бармақ – баршылық қуат; Сұқ саусақ – қарсылық қуат; Ортаңғы саусақ – жандық қуат; Кіші саусақ – ғарыштық қуат; Шөмекей саусақ – жасырын қуат; «Бесік баласы бес түлейді» деп қазақта баласының саусағын санап ойнатқан. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан түйнек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек деп сосын алтыншыдан алақан ортасын басқан. Әр саусақтың саулығын да астарлап;  шөмекей саусақ (5)- сен тұр жылқыңа бар, кіші саусақ (4)-сен тұр қойыңа бар, ортаңғы саусақ (3)-сен тұр түйеңе бар, сұқ саусақ (2)-сен тұр сиырыңа бар, бас бармақ (1) –сен қария, үйде жат. Енді осы төрт түлік малдың қуаттық шамасы мен сандық мәніне келсек тағы құран ғылымы шығады.  Бала ғайыптан өз мінезі ерекшелігімен келеді, Алла береді. Ғайыпты көре білген дана қазақ, қарапайым теңеулермен тылсым құпиясын да бала бойына санмен сіңіре білген. Құран үгіті бойынша төрт түлік малды құрбанға шалудың да осы қуаттарға тәуелділігін көрсетеді. Қазақ елінде жасырын төртінші бақсылық қуат ерекше дамыған. Сондықтан әулиелер де, бақсылар да халқымыздан көп шыққан. Бұл қуаттың төртінші саусақпен байланысты көктік несібе деп европа халқынан келген үрдіс неке жүзігін салу яғни жұптасумен жыныс-жын қуатын меңгерумен байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан бұл қуатты меңгеру үшін қойды құрбандыққа шалу және інжіл жазбалары, хаж, зияраттау бойынша қой құрбандығы мен шопандық қазақ салт-дәстүрлі дінінің негізі 4-ді түгелдеу болып саналады. Тәураттықтарға біліммен қарсылықты жеңу үшін сиырды бұйырған. Арап елдеріне намаз оқып жанды өсіруге және жаратылыс нәсілдік мирас болып келе жатқан жындылық мінезді тәрбилеу, жер анамен көкті жалғастырумен негізінен түйені бұйырған.  Бесінші қуат жылқымен байланысты Алла жолында соғысу және өлген адамның асына арнаулы жылқының құйрығын кесіп, құрбандыққа шалу қазақтың бір салт-дәстүрі, діні болып ерекшеленеді. Сондықтан жер жүзіндегі халықтардың ішінде бесінші санды жылқыны ерекше қадірлеген, адам баласының ішкі сезімдерімен байланысты қасиетін де біліп қадірлеген тек қазақ халқы болар.

          Енді саусақтардың көрініп тұрған буындарына назар аударсаңыз негізінен 4 саусақ 3 бастапқы қозғалыстың жаралыс басы 3 негізді қуатпен  байланысты болса, ал бас бармақтың екі буыннан тұрып және жүрекпен байланысты болу себебінен екі негізді дәрежеленуші иман қуаты яғни сана қуатының негізін құрайды да сондықтан оны Адам атамызбен тікелей байланысты «қария» үйде жат деген ішкі екі «Мен»-нің яғни «АҚ»-тың белгісі болып табылады. Енді бұл қуаттардың барлығында тырнақ арқылы қанмен байланыстылығын әшкерелеп тұрғанынан негізгі жан сыры пайда болады. Сондықтан аятта: «Алла сендерді тірілтіп, саусақтарыңның ұшына дейін жинауға құдіретті!» деп ескерткен. Әрбір жаратылыс нәрсесін жұп қылып жараттым деген жаратқанның үкімін үнемі естен шығармай бұл бес қуаттың сол қолмен байланысты жұбы ақирет әлемінен  келетінін ескеріп, осы негізгі ислам әлеміндегі, әсіресе арап елдерінің басын ала қашып «серік, ширик» деп айдар тағып, өздерінің меңгере алмағанымен тұрмай мыңдаған жылдар әлем елдерін азғырған масһаб т.б. діни топтардың негізгі жалауына айналып, оны қазақтан шыққан өз арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз ұлттық ата салт дініміздің тажалдан да қауіпті дұшпандарына айналып, елімізді рухани надандыққа тәрбиелеуде үлкен соғыс ашып, бұған сырт елдерден жәрдем беріп миллиондап қаражат жұмсап, том-том кітаптар жазып жатқаны даусыз. Бұл қуаттардың адам баласына жаратылыстан бастап кәмелеттік жағдайға жеткенше тәрбие, тәлім және еңбек арқылы сіңіріп қалыптастыратынын, зейнеттелетінін жоғарыдағы аяттағы «Бес артық» (18-95 (113) болып саналып, барлық жаратылыс әлемімен тығыз байланысты болатынын Шәкәрім атамыз; «Анадан алғаш туғанымда, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кеттім алыстап. Ақ бұйымға орап алғанында, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғанында, Денемді әбден арулап. Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүттімсорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда? Бір түнде жылап дамыл бермей, Ояттым неге анамды? Емізген мені қиын көрмей, Алды ғой демей мазамды. Ақ сүтке әбден тойғанымда, Аштықты ұмыттым анықтап. Жылауды мүлде қойғанымда, Ұйқыда күлдім шалықтап. Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын. Аспанда көріп жұлдыз бен ай, Ер жетсем дедім: соны алам. Ата-ана қалды аһ, дариға –ай, Күн болды Жер мен ата-анам. Жылылық, жарық нұрын беріп, Сездірген атам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер.» Осылай Күн мен Жер қуаттарының, ата-ана мен ананың ақ сүті арқылы қалыптасатын осы қуаттық ерекшелікті суреттей келе; «Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды, Көрсетер мұқтаж, азап саған, Тартқызар өмір жазаңды. Кәрілік жетсе аяу білмей, Жас өмір келмес қайтадан. Бұзылмай өлмей, өзгерілмей Қалады дейсің кім аман?»Сондай әлемге үсемдік еткен Зұлқарнайындай патшалардың да түбі тозып, бұл қуаттардың өлімнен аман қалуы екі талай деп ескертумен: «Еңбекке шыда, ебін тап та, «Сабырдың түбі – сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім, әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы, Бір күні ол дәурен солмай ма?».

        Осындай адам баласын бақытқа да, бақытсыздыққа да апарып соқтыратын басты себеп осы тәңірлік бастауды ерте замандарда да адам баласына себептік әсерін біліп, анықтап сонан түрлі пұттарға табыну әрекеті де қалыптасқан. Енді осы сыртқы әсерлер мен ішкі қуаттар арасындағы қатынастардан белгілерін және бұл періштелік бастаулармен ара қатынасымызды анықтап көрсек; (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *