Бояулы суыр  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 181

Бір суыр адасыпты оттап жүріп,

Кез болды бір ауылға көп қаңғырып.

Ит қуалап тыққан соң иесіз үйге,

Бояу толы шелекке кетті кіріп….

..Біраз ұйықтап, оянды демін алып,

Байқады ол үстіне көзін салып.

Қараса тамам жүні құбылып тұр,

Ойланып жүнін көріп қайран қалып…

…Бұл суыр түрін көріп, көп ойланды,

Бейшара түкті білмей неге ойлады.

«Құдайдың сүйген аңы мен екенмін,

Болдым ғой қасиетті»-деп ойлады.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Жәндікке ұқсас десем көп пенделер,

Қате емес қысқа ақылды сезімділер.

Ит қуған суырдайын бояуға түсіп,

Қыз, қатындар бүгінде көп сыртын түзер.

Суырдай еркектер бар сәнқой болған,

Сыртын бояп, шайтандықты әдет қылған.

Құдай сүйсе деп бүгінде іс қылмайды,

Жәндік мінез шет елдің салтын алған.

(Б.Т.К)

***   ***

Шақылдап шақырған соң дыбыс беріп,

Көп суыр жиылыпты мұны көріп.

«Батыр-ау, қалай болып қалғансың?»-деп,

Таңырқап, таң қалады бәрі келіп.

-Бір құс бар Тауыс деген жүні асыл,

Беріпті құдай маған сондай нәсіл.

Болыппын бүгін түнде мен де Тауыс,

Ақ бар ма бұ дүниеде менен асыл?…

..Суырлар, шын қорқып, жөн көреді,

Түрі жат, бұған қайтіп тең келеді?!

Ін түбінде бар екен кәрі суыр,

Аяңдап ең соңында сол келеді:

-Жаным-ау, маза бермей шақылдадың,

Мақтанып, өз сөзіңді мақұлдадың.

Жүнің асыл болғанмен, өзің суыр,

Қалайша Тауыспын деп тақылдадың?…

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Қазақта көп ішінде бөтен нәсіл,

Қылығы шайтан-жынды болмас ақыл.

Суыр боп шақылдайды тектімін деп,

Әке мен атасының есіміне болып масыл.

Мақтаны бүгінгі жас суырдайын,

Ән салып, қызық-думан асы дайын.

Ет ауыртып еңбек етіп қан тазартпай,

Тегі азса да қылмаған бұған уайым.

(Б.Т.К)

***  ***

Тауыс деген сайрайды, ән салады,

Дауысын естіген жан таң қалады.

Қане, сен де сайрашы, Тауыс болсаң,

Әйтпсе бұл сөзіңе кім нанады.

Сайраймын деп қарады шақыл қағып,

Терге батып, көзінен сорасы ағып.

Келітре алмай, сілесі әбден қатыа,

Суыр үні ұқсасын құсқа нағып….

…Жетпей, сірә, қойман деп осы сертке,

Суыр байғұс ілінді мақтан дертке.

Мен де ұшам деп бір тасқа шығып алып,

Пәрменінше қарғыды арғы бетке.

Бояуына мақтанып босқа шатып,

Құс болып ұшамын деп құдай атып.

Арғы бетке жете алмай, жолға түсіп,

Ағын суға күмп етіп кетті батып.

Жігіттер, бұл суырды қылма мазақ,

Осыдан естілерің болады аз-ақ.

Бояуды да бағым деп күн өткізген,

Қол жетпеске ұмтылған көп қой қазақ.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Дінші көп мақтанда тегім қазақ,

Дәстүрім болған деген діні масһаб.

Масһабпен бояу жағып сыртын түзеп,

Суырдай қылық шықты дінге мазақ.

Әулиесін Алла досын басқа атап,

Ғұмыры, кітабы жоқ қызыл аруақ.

Ақталып, өзенге берік көпір салмай,

Арғы бетке намаз оқып өте шықпақ.

Суырдай мінезді көп ел басқармақ,

Діннен қашып, жаны өлі есті аталмақ.

Қатын, қызға арсыздықты теңдік атап,

Үш тіл біліп, ғылымды тез тауып алмақ.

Аттарын тарихта елдің деп қалдырсақ,

Суыр мінез жәндіктер жүр өзін мақтап.

Мәңгілік ел болмақшы құдайын аттап,

Дүниенің бар шаруасын түгел қамдап.

Дүниенің ісін білсе тұлға аталмақ,

Дегендей менен артық кімдер болмақ?

Ата-баба аманатын артқа тастап,

Арғы бетке барғанда кім қарсы алмақ?

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *