Қазақ еліне қияметтің ашық белгілерінің түрлі жағдайда хикметті көрініс болып түсуінің екі жарым жылға созылып, бірақ оған білімді қауымның қарсы тұрудың себебінен, халықтың Раббымыздың ескерту белгілеріне сеніп, иман келтіріп, құдайдың азабынан қорқып, рухани ұйқыдан оянуына кедергі болғаны хақ. Сонымен қияметтік белгілерге, құдайдың патшалық үкімдеріне ел билік пен зиялы, дінші қауым өкілдері ашық қарсылық жасап, ақырында мамыр айының аяғында ақырзаман үкімінің түскені де хақ. Бұл үкімнің түсу белгілерінің сипатын да және оның бекуін маусым айындағы көктен ерекше хикметті жеті түрлі белгі түсуі де жарты жыл бұрын ескертілген еді. Бұл хикметтердің жағдайын жүрегінің көзі барлар аңғарып, санап та жүрген шығыр. Оны анықтауды елдің өзіне қалдырайық.
Қандайда бір Раббымыздан берілген хабарлар, түскен белгілер халықты босқа шығынға батырып, азаптау үшін емес, керісінше мұнан қорқып, дұрыс амалға келгенде рухани өлім сатысынан өтуге, тағдырын ата-бабаларымыздың ғұмыр-аруақтық кітабына жалғауға және мұндай уақиғалардың адамзаттың өзінің құлшылығы арқылы жаратылыстың себептерін, қозғалысын басқаруға, керісінше жақсылыққа айналдыруға болатыны да тарихта дәлелденген. Бір мысал берсек; Жүніс пайғамбарымызға «Ниневи» қаласының жер сілкініп, опат болатынын хабарла деп, үш күн бойы көше кезіп жариялап шықан екен. Сонан мұны патша естіп, жаман киімін киіп алып, көшеге шығып күлге отырып алып, құдайға жалбарынып кешірім сұрап, халықты да тәубеге келуге шақырған екен. Үш күн өтеді, бірақ жер апаты да болмай қала халқы аман қалады. Сонда бұл қалай енді мен елге, патшаға да өтірікші болдым деп, құдайға наза қылған екен бабамыз. Сол кезде оның лашығының жанына ағаш шығырып, оны су құйып баптағанмен ертеңіне солып қалғанына ренжіген екен. Сонда құдайдан уахи келіп; «бір ағаштың өлгеніне соншама жаның ашыды, ал жүз мың халқы бар қаланың аман қалғанына қалай қуанбайсың?» деген екен Раббымыз. Қазіргі таңда құдайдың ескертулерін таратып жүрген біздің жағдайымыз да осы сияқты.
Сонымен, қазақ халқының қияметтің сын сағатының ашық белгілерінің түсіп, оның да 2,5 жылын өткеріп үлгірдік. Қаншама белгісіз ажал болып жатқан апаттар мен от, су апатының Астана және көптеген облыс, ауыл, қалаларға да ашық қауіп төндіріп, ел тұрғындарының, мал-жануар, хайуандардың қырылуымен де белгісі түскенімен, бұған бұл құдайдың бізге ескертуі, сөзі деп түсінуден бас тартып, дүниенің қызығына айналып, мастанған ел билеуші, зиялы, дінші қауымдар да енді қайталанбайтындай, енді мұндай оқиға болмайтындай тез ұмытып және құдайға қарсылық сөздерді әрі қарай жалғастырумен айналысып кеттік. Сонымен мүлде мұндай белгілердің себебіне амал қылып, жоюға амал қылғанымыз жоқ деген де бекер болар. Көкжиекті көріп өскен талай ел азаматтары да ел басшымыз да жақсылыққа қарай шаралар жасап жатқанымен, бұл жеткіліксіз болып жатқаны да хақ. Себебі біз әлде қашан құдайдың біздерге берген шегін, жол-жобасы мен ұлттық дәстүрімізді терістеп, оны ұстанғанның өзінде ардың ісін меңгермей, шайтандықты араластыруды арсыздық арқылы дәріптеуді әдетке айналдырып алдық.
Сонымен біздер әлемнің бар білімін алып, өнерді меңгеріп, ал дін тұрғысында масһабпен мәңгілік ел боламыз дегенмен біздердің ата-бабамыздан қалған мирас жүктеріміз күннен-күнге артып жатқаны, ал оны меңгеруге біздің тек бізге ғана негізделген «әділ заңымыз», дін масһабымыз, ұстанған салтымыз түгелдей қарсылықпен байланып, ұлттың жан қуатының әлемге қосар үлесі де күннен күнге азайып, өнім бере алмай құрдымға қарай құлап келе жатқан ел екеніміз де хақ. «Басқа бәле тілден» деген даналар мұндайды. Ата жол жазбаларында қазақ сөз ғылымнан оған қарсылықтарды және Раббымыздың ашық белгілерімен жан, рұқтан біздерді әлемде теңдесі жоқ бабаларымыдың меңгерген білімін жеткілікті түрде баяндап жатырмыз. Алда әлі баяндалмаған қаншама құпия сырлар да жеткілікті.
Енді бұл білімдерді халық ізденіп, оқып, түсініп жатқандары да жеткілікті. Және мұндай оқырмандар да күннен-күнге артып, құдайдың азабынан, ескертуінен қорқып, мойынсұнып, өздерін ата дәстүріне қарай түзеп жатқандар да күн санап артып келеді де. Бірақ бұл мұндай қияметтік мезгілде мүлде жеткіліксіз де. Себебі халықтың басым бөлігі ел билеуші мен білімді қоғам өкілдерінің, дін ғалымдарының шығармашылығына сенеді, заңға бағынады да. Бұл жерде; «Елді залым билеуші мен арамза ғалым, надан дінші бұзады» деген заңдылық жүзеге асып тұрғаны да хақ. Қандайда бір сынақтың, азаптың адам бойында, тәнінде қорқыныш өлім арқылы імундік қарсылығы пайда болатынын білімді қауым білмейді және ел билеушілер де керісінше халықты ештемеден қорықпауға, өздерін елдің қазынасының жеткіліктігіне, білім жетістіктеріне сенуге шақырады. Сондықтан рухани оятуға құдайдың білдірген ашық хикметті белгісін, ескертуін, сынақтарын білім арқылы анықтап, оны бір табиғи болуға тиісті құбылыс деп қабылдауға шақырады. Яғни әлемдік тұрғыдағы ақылдың негізделіп, бұртұтас халықтың бейтарап топастану жүйесіне, сол арқылы ішіп-жеумен, семірумен, дүние қызығына мас болып хайуандануға қазақ ел билігінің сяасаты да салты да негізделіп болғаны хақ.
Бір ғана мысалға жүгінсек; Қалачи ауылы мен Березовка ауылындағы болған жағдайларды ел басымыз қалайда білім тұрғысында анықтап, құдайдың бұл ісін дереу түзеуге тапсырма берілді. Сонымен жарамсақтар іске кірісіп кетті де, түбінде хақиқаты анықталатын, болашақ ұрпақтар алдында масқара болатын, өз бастарына бәле болып жабысатын шешімдерді де шығаруына себеп болғаны хақ. Франция ғалымдарына 319 млн. ақша төлеп, құдайды дұрыстауға шешім шығарылды. Онан не тауып, не ұтамыз? Жуық арада құдайдың лағнеті артып, бүкіл халықтың несібесіне ауыл шаруашылығына да қауіп төніп, от апаты және қара су апатымен күйзеліске түсетін боламыз. Мұндай қаражатпен ата жолы қазақтың дәстүрі арқылы халықты өлімді еске алуға рухани ойпаттардан өтуге шақырып, қасиетті ұрпақтарды тәрбилеуді ақпараттық тұрғыда жолға қойып, мектептерін ашып, қазіргі таңдағы қазақ еліндегі болып жатқан рухани сынақтарды 50 пайызға бір жылдың ішінде-ақ төмендетуге болар еді. Және қазақ елі әлемнің рухани тазаруға керуенге шығатын елі болып танылар еді. Сонымен бірге қазақ дәстүрінің негізінде әлемдегі барлық зұлымдыққа жауап беріп, әлемнің бейбітшілік өміріне жол ашатын, ақырзаман уақиғасынан алып шығатын қазақ халқы екенін дәлелдеуге де болады.
Қазақтың дін дәстүрі арқылы ең басты табиғат апаттарын тоқтатып, елдегі халықтың мамыражай күн кешуіне, ауа-райын да әулие-әмбилер арқылы басқаруға, жер ана рұқының өзін, Алла тағаланың сөзінің нығметінің артуына да «Рахмет және ем шипасының» хикметіне де жол ашуға болар еді. Мұндай жағдайда әлем халқы қазақ елін ақылдың кені, рухани көш басшы ретінде қабылдап, басқа шаруамыз да өзінен-өзі өркендер еді де.
Енді бұл жағдайдың қазақ халқының рухани дағдарысқа түсу себебін білген оқырмандар көптеген сауалдар қойып жатады. Соны бірі; «Сіз ел билікті құтқармақ болып сынағамен, ел басшымыздың жағымды да жағымсыз мінезі өз ойынан қайтпайды, қалайда қар, су басып, теріс ағып жатса да ол өз ойын ешкіммен де санаспай, заңмен күштеп орындатуға тырысады, құдайды да тыңдамайды» дейді көпшілік. Бұл әсіресе ана тілін меңгермей, үш тілмен елді білімді қыламыз, шет елден артық боламыз, масһаб ұстаныммен тура жолдағы және шаруашылықты жетік меңгерумен, өнер білім арқылы, махаббат, ғылым, ақылсыз-ақ мәңгілік ел ел боламыз деген пәтуаларға байланысты да.
Бірақ ақырзаманның үкімі түсіп, өлім деген құдіретті күшке есік ашылып, ал өлімнің алдында қандай да мықты қорғандарың, зәулім сарайларың, балаларың, малдарың да жәрдем бере алмай, әлемді қалтыратқан ел билеушілердің өзі тізе бүгіп, пенде болып жаратылғанын мойындайтыны да хақ. Мұнан асып артып кеткен ешқандай адам баласы болған емес, бола алмайды да. Сондықтан ел басымызға өлім туралы осыдан екі жыл бұрын шамасында ескертілген еді. Өз басына мұны алып бірақ қауымнан, ұрпақтарынан ол үкім алынуы мүмкін емес. Бір өлімді өз қауымында жеңіл сынақпен өткерді. Ал, енді «Жұт жеті ағайынды» деген қағиданың үкімі ел басшымыздың да тағдырында басталып та кетті. Қалған алтауы қашан, қалай болады, оны құдайдың өзі ғана біледі де. Сонымен ең құдайға жақынымыз, әлемнің де алдында беделге ие бола алған ел басшымыздың халы осындай болғанда қалғандарымызға не сөз? Ал шынында бүкіл ел билеушілерге «Қараң келді» деген үкімнің орындалуы басталып кетті. Әлде де болса бұл сынақтарды жеңілдетуге де болады. Құдай рақымды, шексіз мейірімді де!… (жалғасы бар, Шілде 2015 жыл)