Даналық және ата-анаға шүкірлік!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 144

Бұрынғы Харун Рашид заманы ма?

Әлде дінің тура жол амалы ма?

Бір шаһардың әкімі басшы болған,

Баласы ол пашаның өсіп толған.

Меңгеріп түрлі ғылым, елдің салтын,

Тақуалық қылыпты ілімнің біліп парқын.

Атымтайда жомарт болып, ораза ұстап,

Намазхан аталғанды мешітке ұйықтап.

Бір күні  намаз үсті жақсы ой келіп,

Жанатың тұрғыны боп, болды өлмес.

Қиялмен өзін солай бағалапты,

Мен сияқты тақуа дүниеге қайдан келмек?

Сол күні ашық аян түс көреді,

Япырымай мұндай істі кім білгені.

«Сенің енді шүкірлік ата-анаға»

Даналығың жетпейді сен балаға.

Және айты ақсақалды шал боп келіп,

Елі бар түркі жұрты, дінге берік.

Сол елде іздеп барып алсаң көріп,

Шүкірліктің үлгісін болмаған серік.

Тақуалық шарты болған дін парасы,

Үйренбек қандай істі дін тазасы.

Орындаған бар пайғамбар нұсқауларын,

Білмек болды тура жолда қандай қауым?

Көп сапар азап көріп іздеп жетті,

Ескі тамға аянмен көрген тұрған шетте.

Алыстан дауыс беріп шақырғанда,

Бір жас жігіт ол үйден жүгіре шықты.

Сақалы өскен, тырнағы сояудай боп,

Таң қалды тақуамыз бұл қалай деп.

Шүкірлік құлшылығы қылған артық,

Кірді үйіне бұл сырды сұрамақ боп.

Үйінде көрді тұрғанын екі шошқа,

Таң қалып шүкірлік пе әлде мазақ па?

Осындай сан сауалмен отыр қарап,

Жігітке шошқа баққан, үйге қамап.

Баяндап құпия сырын бұл жағдайдың,

Бергісі байлап қойған әкем еді,

Артында бос қойғаным шешем деді.

Ұшырап қарғысқа хайуанға айналғанын.

Тастаймын мен әке-шеше қайда деді,

Осылай тығып бағып  сайда енді.

Кейде анам сағына ма, сүймек боп бетті,

Мен қалай арамдап сүйгізбекпін, таза етті

Сондықтан сақалды өсіріп ерік беріп,

Тосамын сақалымды сүй деп бетті.

Әкемде кейде маған қарап наздандады,

Қасы деп бала арқамды паңданады.

Арамға қалай тигізім таза етті,

Тырнағым осы іске де арнап өсті.

Құлшылық бұл аманатым дәстүр болған,

Жынды болса ата-ананы байлап баққан.

Қонағым шаршап кепсің кешір деді,

Бұл жайды есіңнен енді өшір деді.

Қонақ қып мен сені де күте алмаспын,

Бұл жерден сенде ас іше алмасың.

Құдайым құтқар деп бұл азаптан,

Әке-шеше қатесін білмей тартқан.

Құлшылық шүкілігім осы деді,

Ай жүріп бұл қалай деп іздеп тапқан.

Мысалмен түркіліктің ізі болған,

Құранда шүкірлікпен даналықтың,

Насихатпен ұрпақтарға аманаты

Лұқмандай дана әулие сөз қалған.

Себеппен себепшінің жартқан иесіне,

Табынып саған себеп болған киесіне.

Рахметпен ақтау парыз махаббаттың,

Аруағы болған себепшісі адамзатың.

Махаббатпен құлшылығың адамзатқа,

Болсын деген Абай дана сөзі қалған.

Ендігі намазымыз Масһаб болды,

Шүкірлігін ата-анаға тастап қойды.

Сәзждемен қызылыбастың жолы болды

Оқымағана намазын кәпір атап,

Әулие, дана аруағын шерік атап,

Құдайдың діл-жан, рухы басқа болды.

Шүкірлік жақсылық жасау мағынасы,

Өсиеті болған пайғамбардан ер данасы.

Үш рет анаңа шүкір жақсылық жасап,

Және әкеңнің рухын ескер тұрар қорғап.

Атаң Адам рухың ол көкте тұрған,

Есігі жеті жолдың қасиет болған.

Анаңның жаны жер мен судан келіп,

Ұлтыңның ділі менен тұрған бекіп.

Төртеуің түгел болмай, есің толмас,

Оқумен бес парызың шүкір болмас.

Шүкірді ата-анаңа, туыстарға жасамасаң,

Құр сәзжде жасағанан аруақ қонбас.

Басыңа қайғы қасірет келіп түссе,

Қол екі істеріңді көрмей түспен,

Дегені аяттардың жақсылық істер,

Менен деп, ал жамандықты  кетір іспен.

Осындай  жаратқаның белгі сынағына,

Оқығанмен намаз, шүкірлік тастап қойып,

Ала алмас Раббысынан белгінің  жауабын да,

Абыздар, хазіреті Ханафилік  сұрақ қойып.

Шоқынған мейлі пұтқа мейлі Масһаб,

Хазірет, шейх ғалым боп алған атақ.

Жауабын Раббысынан көре алмаған,

Тура жол деп атаған қандай надан?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *