Дат хазірет! Дін басына жолдау!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 125

Дербісәлі нәсілі атаның,

Әбсаттар болып жаралдың.

Білімін тоқып құранның,

Құдайдың берген несібе

Хазірет болып аталдың.

Елбасына жағынып,

Атақ пенен абырой,

Тірлі-түрлі шен алдың.

Айтарым саған бұл емес,

Лауызымды мазақтау,

Дін иманның сөзі емес.

Бар еді менің сауалым,

Хаттармен талай жазылып,

Алмай жүрген жауабын.

Қазаққа келген масһабың,

Тура жол емес құр елес.

Дәлелмен болсын сауалым,

Сопылық ілім тура жол

Мағрипат білім бір белес.

Пайғамбар алған құраны,

Болғаны жоқ деп атадың.

Түркілік үммет шырағы,

Әзірет Сұлтан Хазірет

Исламның болған тұрағы,

Дінде болды ма құр белес?

Әулиені, шірік боқ дедің,

Шапағат нұры жоқ дедің.

Құрбан шалып әуре боп,

Көтеріп, кітап шариғат

Ондай намаз жоқ дедің.

Құдайдың берген сөзі боп,

Бейнелендің түрлі аруаққа.

Ата шауқат тегі боп,

Анаңның қаны ділі боп.

Боқтан шықпай өзіңде,

Рухыңда қазақ нәсілі,

Аталарыңда жоқ па еді?

Дедіңдер ислам болған жоқ,

Әулиелік шыңы исламның,

Кеңістік болған дәуірде,

Намаз оқымай надан боп.

Иісі қазақ жұртына,

Дін нұры шуақ  болған жоқ.

Сендірдің аңқау еліңді,

Оқусыз білімсіз жастарды.

Дін білмеген басшылар,

Дүние қоңыз мастарды.

Оқымысты, ілімді зиялы,

Сөз меңгерген жақсылар.

Ақындық өлең жыр қылып,

Ясауи ілімін тастаты.

Ұмытылды әулие даналар,

Тура жол атап, Масһабты.

Жалаңбас, қажы бақсылар,

Ғалым болған тақсырлар.

Әдет ғұрып, салт дәстүр,

Қазағыма артқа тастатты.

Аруағына тас атып,

Ата жол дінін сотатып

Болдыңдар дінші Құдайсыз.

Аз ғана діннен сөз қылсам,

Қалмасын жауап сұраусыз!

Арапша оқып құранды,

Сөз емес ислам жатанды.

Қанға жазған тағдырың,

Дін айнасы діл болды.

Бауыржандай батырдың,

Әулиелігі де сол болды.

Қарсы тұрған дұшпанға,

Хикметін білдіріп Алланың

Көрсетті аруақ киесін.

Берік болып салтына,

Ана тілін ардақтап,

Ата сөзін салмақтап,

Себептің біліп киесін,

Үлгі болған артына.

Қалдырса үлгі ғибрат

Сәзждесіз енді дін болмай,

Ол Алладан басқа ма?

Дінмұхаммед Қонаев,

Болды атына лайық.

Намазын сәзжде тастамай,

Парамен елді басқармай,

Ел басшылық тақуалық,

Құлшылық қылған халқына.

Шариғатқа болып лайық

Меңгерсе де әулие қасиет,

Масһабта өзге басқа ма?

Тізе берсем түріктен,

Шежіремізден үріккен.

Дінің шыңы тура боп,

Әулиелікпенен бекіткен.

Исламдық бейне хақтығын,

Аруақтың бейне растығын,

Көрсеткен әулие және көп.

Мысалға алсам хақтығын,

Мұсадан мирас бақсылық.

Құлақ естіп, көз көрді,

Сыр өзені бұрқанып,

Мұз ерімей құрсанып,

Халыққа қауіп төнгенде,

Обкомнан келген кеңесші,

Беркімбай атты қалпені,

Шақырып құран оқытып,

Құтқарып елді қалғаны.

Өрік айтқан елесе пе?

Хикметі болған исламның,

Болмады деген дін кеңесте,

Тура жолы осы емес пе?

Басқа дедің Құдайдан,

Ырым қылып жындарды,

Әкең жынды болмаса?

Аты өсіп, тақым толмаса,

Шайтаны болған үш ағаш,

Атын әкең байламай,

Шешең жынға қанбаса?

Туылдың қалай білсеңші.

Қазынаңның бірі итігің,

Көңіліңе бұл сөз қонбаса,

Кесіп тастап көрсеңші.

Жын көбейіп толмаса,

Шайтаны семірер қатының,

Мұқтажын беріп тұрмасаң.

Тазарумен жынмен, қанағат,

Неке құру борышың.

Атаңды анаң азғырған,

Жемісін ағаш дәм алған.

Жаннатан түсіп сол үшін,

Иттігі де емеспе адамзат?

Артыңнан ерді жамағат,

Қылмадың сөзге қанағат.

Жабылып имам жаздыңдар,

Мазақтап Құдай ғаршысын.

Қойдыңдар деп Астана,

Дәуіттің сызған шаршысын.

Рух деген сөзді жан дейсің,

Құранан құпия кітабын,

Араптан оқып  біл дейсің.

Пайғамбар мен елшілік,

Ажыратып, білмей ал дейсің.

Құранды оқып араптан,

Парасы шықты санатан.

Атағың алған хазірет,

Пайғамбарлықтан із қасиет.

Жан білімі, рух сыры

Тарихат пен мағрипат

Қалдыма шығып сауаттан?

Ханда болар дегенді,

Қырық кісінің ақылы.

Атамыз қазақ болғалы

Қырық уәзірі жиналып,

Шешкен құпия нақылды.

Қырықтың бірі қыңыры,

Өзің болдың тым ірі,

Бердің де теріс ақылды.

Жолдауменен жар салып,

Ханафилік тура жол

Ел басшылар шатылды.

Қайраты болған Ламаның,

Өлшеп, білмей шамасын.

Мемлекет бөлек Масһабтан,

Заң шығып дінге қарсылық,

Қазаққа туды таршылық.

Сұрасаңшы білмес басшыдан,

Дін-жаны қашан бөлек боп,

Жазылған арап харіппен,

Білгенін Құран Шәріптен?

Ділсіз масһаб, дінсіз заң,

Бекітті билік  бұл заңды.

Қарсылық қылған жастарды,

Атасы Алаш бір туған,

Бір қазақты, бір қазақ

Қалайша итше атып тастады?

Басшыға айтып, дін иман

Міндеті хазірет имамның,

Ақ туын ұстап  исламның

Отырмай  мәз боп тамаша,

Түспедіңдер неге араша?

Исматулла бақсының,

Аз екен ісі мақсымның.

Исламдық үлгі жол ма екен?

Атаңа қастық қылғандай,

Бүлікші, сатқын болғандай,

Соттатырған қол ма екен?

Дін ізденген жастарды,

Жол көрсетіп бас болмай.

Қапасқа қамап итжекен

Айдатып неге тастадың?

Заңгерлер болып бүлікші,

Өз еркімен халықтың

Садақа берген мүлікті,

Көреалмас ішкі пайдамен,

Шайтаннан салған айламен,

«Маркетші» қылдың, сүлікші.

Пайғамбар көркем есімін,

Тербелген күннің бесігін,

Хижра аймен есептеп,

Айдан айға көшумен,

Мәуліті кетті неге секектеп?

Тәуліктің іші екеу боп,

Мезгілдің іші үшеу боп,

Көрмедіңдер неге есептеп,

Төртеумен жылға толғанын?

Сәзжденің намаз жұмасы

Күнтізбеде неге тұрағы?

Адамзаттың Ахмет жұмасы,

Намазы қалып күнтізбе,

Құлшылық істер сауабы,

Хижрамен қалай сұралды?

Білмесең құран есебін,

Пәтуа бермей тезінен,

Сұрамадың неге өзінен?

Мәдинеге неге бармадың,

Түйені құрбан шалмадың,

Орындап пайғамбар намазын,

Шапағатын сұрап алмадың?

Намаздың да пары жұбы бар,

Құранның да жұптық сыры бар,

Жұп қылып бәрін жаратқан,

Тажалдар ғана бас тартқан.

Тәңірлік себеп, бу қуаттың

Бейне болып аруақ суатпен,

Оқылған кітап тылсымнан?

Менсінбей, аруақ салтыңа,

Тастадың, тарих артыңа.

Құдайдың қолын шірік деп,

Мешітке ғана байлатып,

Тура жол, дәстүр иманды,

Мыңдаған жыл жиғанды,

Ғұрпымыз, әдеб сатылды,

Тура жол содан шатылды.

Шақырып аруақ лағнетін,

Көрсетсін деп бейнетін.

Белгісі түсіп  жаратқан,

Құдайдың оғы атылды.

Аруағымен соғысқан,

Ел қорғаны жауынгер,

Аруағын білмей саудагер

Жай оғымен атылды.

Мешіте намаз оқумен,

Артыңнан ерген имамадар,

Оқумен сенім жиғандар.

Дәстүрі дінінің салты бар.

Тура жолдың белгісі,

Иманды салып саудаға,

Халыққа түскен қасірет,

Құдайдан сұрап тыйған бар.

Отырсыңдар неге омалып,

Көрсетпей діннің тура жол

Пайғамбардан сұрап қол алып,

Жұтынан келген құтқарып.

Құран оқып, қолға алып.

Қажылар қайда, алып қол,

Ханафи масһаб иманның,

Көрсетсін жолын шығар сол.

Қайда хазірет, абыздар?

Өтесін хикметін қарыздар,

Масһабың болса, тура жол.

Табынуға аруақ тиғаның,

Масһабта болмай бір әулие,

Құлшылықпен шейх боп,

Бәрі де өтірік жиғаның.

Мың «намазхан» ішінен,

Соңыңнан ерген жамағат.

Таңдап неге алмайсың,

Құранды білген қырағат.

Дұғасын жасап Раббыңа,

Жауап бер, сұрақ халқыңа.

Көтеріліп таразы мизанға,

Несібесі ұлттың жиғанға.

Атадан  аманат үлгілік,

Кітабын тылсым оқыған,

Көрсетер белгі хикмет

Алған бар ма мүміндік?

Тура жол болса шариғат?

Масһабқа дәлелел болар ед,

Пайғамбар берсе шапағат.

Кітап жазып осылай,

Іздеп барып қосыңай,

Берсемде қойдың оқымай.

Күзетші дінсіз иттерің,

Кіргізбей ішкі қосыңай,

Қосшылар қоса жабылып,

Желкеден түйіп итердің.

Сабыр сақтап сонда да,

Жеті жыл күтім осылай!

Енді менде тұрыс жоқ,

Ата жол қайта айналды.

Қазақтың биік көгіне,

Ақ туы аруақ байланды.

Істейтін бүгін жұмыс көп.

Ақ бата алған сөзбенен,

Мұсадан алған таяқпен,

Сүлейменнің қамшысы.

Ғиса берді ғаршысын,

Мұхамед берген батасын,

Арыстан баба пірім бар.

Ясауиден алған тілім бар.

Айша анам болып айнасы,

Бес ата созған қолы бар.

Алаш қаһан найзасы,

Із бөрі болып анасы,

Қазақ, Созақ бір болған,

Әлемге үлгі пір болған.

Ыбрайымнан қалған жол,

Тектіден қалған үлгі ол.

Ер Дәуіт баба қайласы.

Өнер- білім, пайдасы

Бақсылық мақам және бар.

Әулиелер берер айласын,

Ұстаған шәкірт және бар.

Көптігім бар, көнген бар,

Аруақтың қолдық растығын,

Хикмет көріп сенген бар.

Тектіден қалаған тұяқтар,

Жабылып енді көрсетер,

Дәлел де бар, іс те бар.

Аруақ шақырып, ататын,

Керемет, хикмет іс те бар.

Амал да бар, намаз бар,

Қиямет дабыл қағылды,

Жолдарың Масһаб жабылды.

Сенебесеңдер үш ұйықтап,

Естіңдер қаққан дабылды.

Білмесеңдер оқыңдар,

Құранын оқып қазақша,

Кітабын көріп тоқыңдар!

Құранда тұр, хадис бар,

Құдайды өзі көрсетіп,

Жазылып қойған сөзі бар.

Осылай ұлтым жамағат,

Майдан аштым Ғазаббат.

Надандарға масһабтық,

Қазып жатқан көрім бар!

*   *   *    *   *

Ескертуі болған Құдайдың

Бәрі  бір жауап сұрайды.

Құлақтарға барып жетпей-ақ,

Ауысты Масһаб дін басшы.

Ел билігі мен жақсылар,

Осымен тыныш болмақшы.

Тағы да болмай дін басшы,

Атағын алған хазірет,

Тығылып қайда қашпақшы?

Ауысса да дін басшы,

Жеті жылда жеті рет.

Соғылған сағат қиямет,

Қазаққа болар дін тапшы.

Әзірет Әлі айдаһар,

Айтатын әлі сөзім бар.

Сенбесеңдер боп қарсы,

Сынағыңды іздеп сатып ал!

Масһабтың туып зауалы,

Құдайдан келді жауабы.

Атылмақ ол оқ қай күні?

Көрсетіп елге қайғыны,

Қазақта  әдет қапы бар,

Ескертусіз болған қаза деп,

Қалмаңдар игі жақсылар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *