Масһабшы дінші ғалымдар,
Сөз ұғымын аздырар.
Атаудан сөздер туатын,
Жұбы мен және пары бар.
Делдалдық деген ұғым бар,
Дәнекерлікпен жақындар.
Себеп бұл Алла жаратқан,
Тағдырға сын да жаздырар.
Сегіз сипат нұры бар,
Рахман, Рахим Ол болар.
Делдалың намаз періштең,
Салауат дұға сәлеммен,
Оңға, солға бұрғызар.
Алланың сөзі жалғанған,
Ғисадай туды пайғамбар.
Елшілік, делдал дәнекер
Сахабалар және бар.
Құранмен деген жалғанар,
Кітабын көмес алғандар.
Хикметінен құдай сый алып,
Делдалдық қылған қожалар.
Асылы адамзат пайғамбар,
Әлемге шырақ нұр болар.
Пайғамбарлық қасиет шапағат
Кітабына елші жалғанар
Аруағы болған бабалар!
Ібіліс деген делдал бар,
Біліммен адам азғырар.
Іліммен асып жеңгенің
Серік боп кісі қосылар.
Діншілер надан ғалымдар,
Айналған шайтан тажалдар.
Ұғымын сөздің қысқартып,
Атауға қайта бардыңдар.
99 көркем есім бар,
Махаббат нұры жаралар.
Есіммен жақсылық болмаса,
Раббысына қалай қосылар?
Медет бер Алла дұғам бар,
Досына Алла жақындар.
Сыйынып Алла өзіңе,
Достарға ізгі табынар.
(қыркүйек 2014 жыл)
**** ***