Дін сол өмір сүретін елдің Алла тағала тарапынан ішкі сыртқы өмірін табиғат қоршаған ортаға заң үндестігімен сәйкестендіріп, шаруашылық әдістерімен бірге дамытуға, соған байланысты несібелік ризықты өсіріп беруге, түсірілген ғылымдық, білімдік, өнегелік, қылықтық қуат-малдық жоспар-жоба және рухани азық. Және әрбір жеке пенде баласынан бастап дін ұстанымына қарай есінің шамасын анықтайтын белгіленген қағида сөздердің ережесі. Енді естің, естіліктің шамасын немен қалай өлшеп білеміз? Ол шаманы әр ұлттың қалыптастырған өз ішінен, өз тілінде кітабы және іс-әрекетімен артында із қалдырған данышпаны яғни Алла тағала тарапынан түсірген елшісінің еңбегімен ғана өлшенеді. Әрбір атаудың жұбы болу жаратылыс заңдылығы болса, сол елшілердің көрсеткен қалдырған мұраларын қайталап өмір сүру үлгісін көрсете білген адамды қазақта дана немесе зайырлы деп атайды. Ал қасиетті кітаптарда жалпы діндегі ортақ ұғыммен парасатты немесе тақуа деп аталады. Шығыс данышпандары өмір сүру үлгісін, ғылым, білім және мәдениет жағынан қашанда әлемге үлгі бола білген, оған тарих куә. Тек жалпы сауаттану мен техниканы және өндірісті дамытудан европа мемлекеттерінен артта қалумен байланысты, сол елдерден жаңашыл шаруашылық әдістерін үйренумен бірге мәдениет әдебиетін де қоса сөздер мен атауларын со қалпында түрлендірмей, мағынасын таппай сіңіріп алдық та, енді тақуа сөзін тек діннің рәсімдік сипатына байланысты қолдану әдетке айналды. Яғни дәстүрлік ұлттық естің дін тұтастығының арасына жік түсіп таза есіміз қулыққа, қылыққа айналды. Тіршілік, өмір ұстаным дініміз европаға еліктеумен, дін рәсімдерін ұстануымыз арап елдеріне еліктеп, әрқайсысымыз ақиқатты тарихтан емес бүгінгі күннің күн көрістік боялған, өңделген дәрежесімен өлшеп, сырттан келген ақылшы келімсектерге көшіміздің бұйдасын ұстатпасақ бағытымыздан жаңылып қор болатындай дәрежеге түстік. Әрине ұзақ уақыт орыстың боданында болып, ақпарат ағымы шектеліп, сонан барып шет елдіктерге деген сағыныш сезімнің әсері де болар.
Қош егемендік алдық, шет жұрттан не керектің бәрін артығымен алып болдық, енді осы қылығымыздың соңы немен аяқталуға тиісті екенін білгіңіз келсе онда тарихи тәлімдерге жүгініңіз. Ертеде данышпандар тарих дөңгелегі кері айналмайды деп түсіндірген, бірақ оқиғалар сол дөңгелектің тірегі болып дөңгелек айналса сол оқиға, белгілер қайта айналып келіп отыратынын және тербелісте болу орындарының ауысып тұру шарттылығы ғылымда беймәлім, себебі ол әлемдік қозғалыс тегі. Қазір заман сол қалпында дамып жатқанымен тарих өзгерісі кері қарай тербеліп, оқиғалар қайтадан түрленіп қайталанып келеді. Яғни осыдан мыңдаған жыл бұрын болған оқиғалар сол қалпында қайталанып жер бетінде ақыл ойдың да табиғат нәрселерінің, райлардың, ықылым климаттардың да ауысуымен өзгерістер басталды. Сондықтанда Жаратушымыз сол тарихи оқиғалар өркені мен дін-ниетін салт-дәстүрмен қалыптастырып толық еске айналдыру үшін үнемі өз араларымыздан ашық және құпия елшілер арқылы өзгерістер енгізу үшін сынақтардан өткізіп отырады. Тербеліс жүйесі ғасырлармен берілгесін, адам баласы болатын сынақтарды ақылмен немесе біліммен болжап ойлап таба алмайды. Сондықтан ескерту үшін қасиетті кітаптарды түсіріп, ортасын белгілеп, пайғамбарды сол елге үлгі қылған. Ал қалған халықтар өз нәсілдік ерекшелігін дамытып отыру шарт. Ал адамзат баласы үнемі бір ғылымның білімін жетілдіріп отырмай сол қалпында ұзақ уақыт пайдаланса онда ол елдің естік, қылықтық, мінездік ахуалының қалыптан ауытқуы болып азғындыққа ұшырайды. Сондықтанда сол өмір сүрген заманға, ортаға сәйкес аяттар түсінігі танымал болған ғылымға сәйкес түсіндіріліп, кейбір аяттар түсінігі қайта ауыстырылып, ғылымы ашылып және болашақ танымал болуға тиісті ғылым көздері ашылып отыру керек. Сол сияқты діннің негізгі киелі кітаптарында осы уақытқа дейінгі ертегі көрінген сөздер ұғымы жүйеленіп, ғылыми тұжырымдамалар жасалып, құпия ертегі сияқты ғылымға беймәлім құбылыстар аяттармен сәйкестендіріліп, пайғамбар өсиеттерімен салыстырылып, қайта түсіндірілуі қажет. Бұл қағида әр халықтың өз тілінде ғана түсінікті бола алады. Сөздің аясының кеңіп, сөз ұғымдарының көбейіп, соған байланысты ойшылдық қабілеттердің жетілуімен ғана адамзаттың ақыл-ойы, рухы дамиды, өркендейді. Енді бұл құбылысқа басты дәлелдің бірі; Қарапайым ғана орыс және қазақ тілін жеткілікті білген қазақ азаматына Халифа Алтай бабамыздың еңбегін орыс аудармашыларымен салыстырып оқыса, көп аяттардың мағына мазмұнын, сөз ұғымдарын жоғалтып алғанын байқауға болады. Бұған себеп тек таңбаның жетімсіздігінен. Таңба жетімсіздігінен ғылымы дамыған елге арап тілінен тікелей аудару мүмкін емес. Себебі үндестік жетпейді. Үннің жетілуін тек Алла тағала өзгертіп отырады.
Егер де үннің барлық тербеліс таңбасы болса жан-жануарлармен де тілдесер едік те тілдерін түсінер де едік. Сөз ғылымына жүгінсек жазу (орфография), айту (орфоэпия) және үндестік (музыка) заңдылығы бар. Жазып, дауыстап айту кеңістікте бейнеленетін көрінетін жұптар болып және үндестіктің де таңбасы болып ол біздерге көрінбейтін сандар тізбегінде өрістік, жарықтық сипаттары да болады. Сондықтан әрбір адам үнімен бейнеленген сөздің егесі аңдушысы бар. Енді бейнеленген үнсіз таңба арқылы да сіз менің ойымды оқып, үнсіз даусымды, сөзімді естіп және сөздердің ұғымымен, түсіну дәрежеңізбен мені көргендей болып, елестетіп баға беріп отырсыз. Яки түсінбесеңіз ертегі болып, мен көз алдыңызда жынды, мас, ақымақ сияқты елестесем, енді кейбіріңізге егерде ойыңызда жүрген сөзіңізбен, біліміңізбен сәйкес болып жатса, қышыған жеріңізді қасып бергендеймін. Оны адам ақылының көрінісі рухани ләззат дейді. Демек көңіл-күйіңіз көтеріліп сезімге қуат кірді, аты — жарық, заты — нұр. Қалай келді? Әрине таңба арқылы. Себебі сізге түсінікті арамыздағы Құдай берген сөз бен таңба арқылы. Себебі сіз бен бізге ұлтымызға сай құдайдан қазаққа арнап түсірілген заңдылықтарды сақтауға тырыстым, өз білгенімше. Сондықтан сіз бен менің Алла тарапынан түсірген тербеліс жүйеміз және түсінігіміз бір заңдылыққа бағынды және сақталды. Және Алла тағала бізді осы ғылым ерекшелігімізбен тербеліс үні, таңба арқылы естіп көріп тұрады. Ал егер де өзім білетін сізге беймәлім тілдің таңбаларымен өрнектеп, сол ұғымдарды дәл сол қалпымен пайдалансам онда жаратқанның қағидасына, ғылымына қайшы келіп, тек мақтану үшін бір білгіш, тәпсірлегіш екен деген оймен, дін-ниетіммен жазған болып шығамын. Ондай қателіктерді де шамасын өлшеп бір негізге тұрақтап бірін-бірі түсінсін деп әлемдер халқына ортақ түсінікті білімі болып, ғылымын таразыға салып ақиқат болмысын білу үшін сол үн таңбаларын, сөздерді, атауларды санға айналдыру керек. Онда да кез келген жалпы тілдерді емес үндестіктері, таңбалары, жазу әдістерімен нәсілдік тектері ұқсастардың қай жетілген таңбалысына бірленіп қалғандары сол арқылы ғана өздеріне аударуы тиісті. Сондықтан негізінен әлемге ортақ екі жұп төрт түрлі таңбадан жазу үлгісі қалыптасып, тек сандар ұғымы ғана ғылымда ортақ болады. Сондықтан дін танушылардың бақи өмірде, ақиретте өлгендер жаны арап тілінде ғана сөйлеседі екен деп түсіндіруі надандық болып және Алла тағаланың аяттарына ортақ қосу деп біліңіз. Жаратқанның тілі үнсіз, харіпсіз тіл деген Абай атамыз. Осындай сауатсыздықтан қазақ тіл ғылымын бұрмалаған, сізге беймәлім немесе мәлім болса да әлі толық түсінбеген тілдің үндестік заңдылығына қайшы, ғылымға ашықтан қарсы келетін, өзім ғана білетін көпшілікке беймәлім сөздермен жазсам, мысалға; (с.ғ.с, с.а.у, милят, жәһилят, дәжжәл, ақида,сахиқ, тасаввуф, һидаяға, сөйлее органдары, нәпсінің тәзикесі, хижап, һизар, тәуил жасау, ихтикафта болу, ақидаң дұрыс па, аршқа истиуа етті, тәсәуіл жасау, риуаят, ақаит, фиқһ, усул фиқһ, ихтилафтарды, тартилмен үйреткендерді, мәжжазбен сөйлеуге бұйырылдым ) сіздің қалай түсінгеніңізді қайдам, осындай діни құнды еңбектерді құдайдан қорыққаннан ғана астарын сызып ұғымын дұрыстаған болып, қатесін теріп оқимын, көп оқысам бас ауырады. Себебі әдеби ойды тербеу мен үндік тербелістік (музыкалық) заңдылық бұзылған. Негізінен дені сау адамның сөзі емес немесе ғылымыңа, ана тіліне түкірген надан пенденің сөзі. Бұл сөз ауруының белгісі болса, енді осындайдан туындайтын сөз надандығы бар. «(Мұхаммет пайғамбар) оларға: «Мейлі Алла деп немесе Рахман дап атаңдар. Қайсысымен атасаңдарда ең көркем аттар Оған тән де. Намазда жариялап та құпиялап та оқыма осының арасындағы жолды ұста.»( Ісіра-17).
Және тағы да Алланы қиғаш (тақ белгімен) атамаңдар деп ескерткен аятта. Енді қарапайым есеп жүйесіне үңілсек, Алла 4 санын беріп Рахман 6 санын беріп енді құлшылық істерінде зікірлерде айқайлап немесе мүлде үндемей қалуға да болмайтынын ескертеді. Енді толық мағлұмат түсінік алу үшін осы аяттың тағы жұбын табу керек. Түп негіз жаратушымыздың сипаттары көркем есімдер, мықты сөздер болып тек жұп санын береді. Ал Құдай сөзін қазақ бөлек айтпайды қаратпа, бұйрық, т.б жағдайда пайдаланады, қуат егесі деп ұқтырған. Тәңір сөзінің баламасы сандық мәні — 5 қуаттық шаманы көрсетеді. Тәңір деп біздердің бүкіл қозғалыстағы көріп, сезіп тұрған нәрселер тегін айтамыз. Сондықтан «Алла Тағала» деген сөзді пайдаланып сол қуат негізіндерін бастапқы және соңғы қуаттардың бірлігін ұлықтап сөйлеу қалыптасқан. Бәрібір он таңбадан яғни жұптан тұрады. Енді жалпы ислам елдеріне ортақ сөз есебін жүйелесек. Тасбихтағы қалыптасқан «Субхан Алла, Әлхамдулла, Аллау акбар» ұлықтау сөздерін айтсаң да жазсаң да 10 сан таңбасын береді, кездейсоқтық десеңіз арап тілінде де сол сандық мәні болса, «Сәни дәптерде» бар зікір жұп санын береді мейлі шағатай тілінде болсын. Ақиқат бастауы кітабымда есеп жүйесін көрсеткенмін. Ал енді қазақ дін танушыларының еңбегіне үңілсек «Аллаһ тағала» деп пайдалану ұсынылған. «Тағала» сөзі шүкір деген ұғымды береді. 5 саны болғандықтан қазақта «Құдайға шүкір» деп ұлықтап онда да 12 санымен жұп қыламыз. Алла тағала десек те 10 санымен шүкірлік қыламыз. Енді діндар қауымның ұсынған сөзі; 11 санын беріп дыбыстық, жазу, айтылу үндестігін бұзады, тағы зікірге де жатпайды. Екіншіден «Аллаһ» сөзі сандық дәрежемен аударылса шүкірлік мағынасын береді. Алла Ақ болып естіледі де тәңірлік сипатқа түрленіп, сондықтан «Аллаһқа» деп айту «Шүкірге» деп Алланың ұлы есімін, сипатын қиғаш айтып, ортақ қосу болып шығады. «Аллаһ тағала» сөзі «шүкірге шүкір» болып естіледі. Бұндай құбылыс арап тілін одағай сөздерге айналдырып қазақ халқының діншілерінің арап тіліне жасап жатқан қастандығы және аяттарды күшінен қалдыруға тырысыушылық деп біліңіз. «Аллаһым» деп сиыр сияқты ыңыранған дыбыс шығарып жүргендер қаншама. Қандайда бір қасиетті сөз болсын, басқа ұлттың тілінде үндестігі бұзылса мағынасы да өзгеретіні даусыз. (Қазақ сөзін орыстар бәрібір «Казак» деп немесе Жамбылды «Джамбул», біздер де Жуковты — Джуков, Ждановты — Джданов деп айтсақ не болады?) «Ит қапты деп мен де тістесем, аузымның не қадірі қалады?». Сол сияқты бедеуилердің бір ғұламасы айтыпты деп тілдік білімге өзгеріс енгізу қазақ тіліне дін танытушылар тарапынан жасалынып жатқан қастандық! Жаратушымызға ат қою және қиғаш атау Алла тағалаға ортақ қосу болып есептеледі. Жаратушымызды тек 11 қуаттың тәңірі деп қабылдау тағы да шерік қату болып табылады. Белгілі себептермен және түсініктілеу болсын деп мен де Алла атауларын ұлықтауды орнымен пайдаланып отырған жоқпын. Құранда нәрселік жерлік болса Алла деп, ғылымға ғайыпқа байланысты Рахман баламасы болса, біріккен түрін Алла тағала деп көрсеткен. Бес қуаттың көрінісін Тәңір деп атаған.
Құрандағы әрбір сөздің атаудың орны ғылымы және сызықтық сандық өлшемі бар. Сол өлшем бірлігі «МИ» заңдылығына және үндестікке бағынады. Оны ғылымнан хабары бар пенде 5-тің 4-ке немесе 61-дің 83-ке қатынасы деп түсінеді. Ұлттық ерекшелігіміз, намазымыздың бірі әулие бастарына зияраттауды қудалауды аятта; «Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қудалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін» (29) « Әй елім! Егер мен оларды қудаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» ( Һұд-30) Алла тағаланың қандай да болсын жер бетіндегі белгісіне құран оқып ұлықтап тілек тілеуді «Раббына жолығушылар» деп атайды, ал оны қудалау надандық болып Алладан құтқарушы болмайды. Пайғамбарымыз; «Дінде ашық және жабық ұғымдары айқын бөлінген. Жаныңа күдік ұялатын іске қол салма. (404.х) Шындап келгенде, Алла тағала жаман адам арқылы да мұсылманшылықты күшейтуге қабілетті.» (193.х) Жер жүзіндегі тербелістік ұғымдарын таумен бөлген. Биік таулармен қоршалған елдердің тербеліс дыбыстық жүйесі ұқсас. Христиан елдерінен біздерге үндік, дыбыстық тербеліс жүйесі араптан да жақыны орыс халқы. Түбі қазақ халқының артынан еріп ислам дінін қабылдайтын бірден бір ел орыстар болар. Бірақ оған дейін орыс халқын ірі сынақтар күтіп тұр. Ешқандай да ата салт-дәстүрін тапқан, ұстана білген қазаққа орыстан қорқыныш жоқ. Керісінше болашақта олардың түркіленуі ақиқат. Оған дейін қайта европа еліне еліктеп қосақ арасында қоса кетіп қалмас үшін орыс тілді ағайынымызды құтқаруымыз керек. Таудан мойын созғанмен аса алмайсың, себебі сол таулар үндестіктің қорғаны, ғылымы да бар. Құдай көрші Қытаймен де арамызды сөзін алма, тек ғылымын ал деп тау арасында азғантай тесік қалдырған. Түркі халқы үлгіні бізден алсын. Араптарға құран ғылымын кері қарай аударса ақылдылары бар түсінетін, үйретейік қайта, себебі тек қазақ халқында ғана өліктер дыбыссыз, таңбасыз сөйлеп жатыр. Және бұл құбылыс аяттармен үкім етіліп, құраннан рұхтық есебі, үгіті және насихаты бар. Болашақта есептік жүйесімен, нақты түсірілген ғылымымен таныстыра жатармыз оған дейін әуелі бар нәрсені, көрініп тұрғанды меңгеріп алайық. Қазақ халқында құдайға шүкір білімді меңгерген ұл-қыздарымыз жеткілікті, енді тек өтірік пен шындықтың арасын ажырату ғана қалды. Ол үшін әрбір есі кірген еркек пен етегін қымтап төбесін жаба білген ұяты бар ұл-қыздарымызға жоғарғыдағы ескерткендей құранды қазақша үнемі арасын көп үзбей оқи білсе сонда әрбір аяттың сыңарын таба білетін қасиет пайда болып, үгітін түсінер жағдайға жетер еді. Ал толып жатқан баспасөз бетіндегі кері тартпа дәстүрлі дін туралы ұғымдарды түсіну үшін сол берілген аяттарды Құраннан толық оқысыңыз-ақ жеткілікті. Өйткені сондай ескерту аяттары Алла қаласа басқа деп аяқталады. Тек қазақты қаламайды деп қарсылық білдірушілер ортада қалғысы келгендер деп аталады. Бар құпия да сыр да аятта; «Сол уаққытты еске ал! Ыбырайымды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол; «Ұрпақтарымнан да ете көр!»,-деді. Алла: (Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды, — деді». (Бақара-124). Осындай Раббымыздан келген сөз сындарының сынақтарынан өте білген ата-бабаларымыз абыз, би, шешен аталып қаншама бақсылық, емшілік, сәуегейлік қасиеттермен түрлі хикметтерді көрсетуімен әули-әмби аталып артында біздерге мұраға қалдырған аманаттарға қиянат жасап, намаздарымызды толық орындау, орындайтын ереже ата салт-дәстүрімізден бас тартып, тек дін рәсімдерін орындаушы ғана ағайындығынан, бірлігінен залымдығы басым елдерді үлгі тұтып біздер де залымдарға айналған жоқпыз ба ағайын? Сондықтан сөз құпиясын меңгеру ғылымын аталарымыз «Санасызға санды айтсаң білмейді.» «Есеп білмеген есек.» «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған (аян көрген) біледі.» «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.» «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді» деп білімнің негізінен сөз астарын білумен, шешендік, сәуегейлікпен байланыстылығын ескертіпті.
Қазақта сөз астарын іздеуді «Әліфтің артын бағу» деп атаған. Әліп негізінен 1000-санымен өлшенеді. Жалпы ислам дінінен және Құраннан хабардар адам баласына дін танушылар ғұламалар «Әліф лам мим» белгісін тек Аллаға ғана мәлім деген түсінікті келтіреді. Жаратушымыз адамзатты өзіне орынбасар ету үшін жаратса және тек өзі білуге тиісті, мәлім нәрсені біздерге білдірмеу үшін кітапқа түсірді деп, оның біліміне тыйым салып, Алла ғылымына шәк келтіру болмай ма? Енді құрметті оқырман сол құпия таңбаның сыры сандық есебі, Бақара сүресі- 124-ші аятта тұр, 124-ші санмен, аяттармен «Әліф лам мим» есебі шығады. Екілік дәрежемен оңнан солға, солдан оңға; 124=16=34 аят, сүре сандарын берсе; бірлікпен 1+2+4=7 санымен аяқталып отырған аяттардан іздеу керек. Сонда құлшылықтың ішкі есебі; 7-ші, 77-ші сандық мәндерден іздесек, онда 177 аятпен баяндалып, дәрежелесек; 1х7х7=49, 1+7+7=15 ішкі сандық мәндерге намаздың, тақуалықтың дәрежелері шығады. 16 саны тәндегі малдық қуатты және шеріктерге байланысты амалдарды, 34 саны негізгі жаратылыс тегімен, жанмен байланысты амалдарды 15 саны жүрек тақуалығының, 49 саны рухтың тәнмен қатысын, ақиретпен тұрақты байланысты, 77 саны адам денесіндегі нәсілдік буындардың, ал 7 саны азанның да сандық мәні болып табылады. Адам баласының қозғалыс қуаты жеті желден және тоғыз өрістің қосындысынан тұрады. Және 8 түрлі 8 қуаттық белгі болып 8+8= 16 санын 4 кітапқа көбейтсек 64 саны немесе 8х8=64 болып бес уақыт жерге маңдайды тигізу саны яғни «Алла-уақ-бар» шығады екен. Қалған сәждеге байланысты қарапайым есептерді шешуді әзірше атақ-дәрежесі арнаулы шенді, оқалы қазақ дін ғұламаларына қалдырдым. Тек абай болыңыз, Алла есепшілердің ең жүйрігі! Сондықтан осындай қарапайым есептерді ғана шешу үшін алдағы басылымдарда әуелі сөз астарын зерттеп барып қалай оқу керек және құранға байланысты қарапайым есеп жүйелерімен сандардың құпияларын көрсетеміз. Және құраннан қазақ халқының бүкіл діни салт-дәстүрінің негізі аяттармен бастан бекітілгенін, ислам ғылымымен сәйкестігін көрсетеміз. Және діншілеріміз тозақ, жұмақ ұғымдарының, ақирет өмірін, жан сырын (психолгия) тіптен ертегіге айналдырып, құран аяттарын күшінен қалдырып, дінді бөлшектеп жүрген кімдер екенін халық алдында әшкерелейтін уақыт жеткен сияқты. Ол үшін санамен достасу яғни көкірек көзін тазалап ашу керек. Сондықтан ана тілді меңгеріп, жақсылықты жаманшылықты, ақ пен қараның ара жігін ажырату үшін оймен тілдің, сөздің бірлігін табуға қам жасап, есімізді жиып, етегіміз бен төбемізді, әуреттерімізді жауып, мәдениет деген ақыл-ойдың кемесіне отыратын намаз орындарын табайық, жер кезіп іздеп бір-бір жіптен ұстайық. Барымызды базарға шығарып, асыл әдебіміз бен мәдинетімізді де көрінген жылтырға, арзан ақшаға сатып жібергеніміз тарихи шындық. Сондықтан етекті жабу былай қойғанда ақша берсе болды әйеліміз де, еркегіміз де көпшілік алдында ар-ұят қағидасын жинап қойып хайуанға айналып, бар дін-ниеттерін базарға саудаға салып жатыр. Тіл ғалымдары және мәдениет майталмандары ниеттің саны 88 екенін, ал тек қана ниетті қалыпты жағдайға келтіру үшін адам аталу үшін «Д» таңбасын былай қоя тұрып ӘР-ді ЕТ-іп, ЕТ-ті ЕК-іп, ЖАУ-дан ЛЫҚ— қылып тартып жүрсе иоД-тың әйелдер қауымында қалыпты тұрақтанатынын білер ме екен? Әзірше йод құрамының жан киімі «аура-бүлде» мен сыртқы тән киімінің жабық болуып әйел қанының тазалығын қалыптастыратынын білімі ертегі, бірақ ертегінің де шындыққа айналар күні болашақта туады.
Адамзат тәнінен екі белгі бөлініп тұрады; бірі иіс, екіншісі жарық қуаты-көгілдір от. Бірінің белгісі иіс сезу тек мұрынға ғана байланысты емес бүкіл тәндегі сол исті бөліп және қабылдап тұратын 4 мыңдай «ян» мен «ин» ге қатысты. Екіншісі адам баласының сөз қорының тазалығына тәуелді түрде дәм сезу болып; тілге, көзге, құлаққа және іш-құрылыс май қабаттары мен құйрық майларының бейнеленуіне, арамдануына да қатысты. Осы екеуінің теңдігінен айырылған пенде қашанда әйтеуір бір қылығы жындының әрекетіне апарып отырады. Немесе жыны, мастығы (ашуы) ақылынан басым болады. «Қысыла қысыла қыз болдым» деген екен жыртық киіммен қонаққа барған бір кедей. Қысылғаннан театрларға, көпшілік орындарға барғанды қойды көргенді қазақ. Ата-анасын, ұлттық ерекшелігін, ана тілін ұрпағына өнеге қылып көрсету үшін адам баласына өнер деген қасиетті берген. Сол өнерімен халықтың қалаулысы болып сері атанған халықтың болашағын, мұң-мұқтажын айта білген көргенді, зайырлы, парасатты қазақтарымыз бақилық болып, орнын ұясы мен шет жұрттың бүкіл көргенсіз қылығын үйрететін өзіне-өзі шексіз риза, жанұясын бұзар қылықты дәріптеуші, көргенсіздер, надандар жаулап алды. Біріне-бірі «жұлдыз» (әулие) деп ен салып марапаттап жатыр. Әр пенденің жұлдызын жағатын тек Алла тағала екенін кім түсіндіреді. Ондай ессіз сөз бұзарлар тек азаппен тозақтың отыны болып өмірлерін де қайғы-қасіретпен аяқтайды. Көп күліп қайғысыздықтың, дүниелік қызықтың соңына түскендер ешқашан бақытты болуы мүмкін емес, бола алмайды да. Ондай рухы әлсіз, жаны жалаңаш шіріген тәннен іріген сөздер ғана шығады. Ар-ұяты бар адам баласына ғана тәңірінен таза шабыт келіп бақыттың шарабын татар. Ал ондай шабытсыз, жаттанды өнер «Аңқау елге арамза молда» деген сияқты уақытша тірлік. Пайғамбарымыз «Көрсеқызарлық кедейлікке әкеліп соғады» деп жанның азуын ескерткен. Абай атамыз; «Бір күнгі жаман әдетің, өмір бойы жендетің.» «Өзің үлкен, қылығың бала-шаға». «Ар мен ұят ойламай, тәнін асырап, Ертеңі жоқ бүгінге болған құмар». «Дүниеде бар жаман көп те, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?». Қанша әлемдегі теңдесі жоқ байлықтың егесіне айналған ел болсақ та, қызық пен ермекке ар-ұятымызды айырбастап, қанмен берілген қасиеттен айырылған жеке пенде баласы да, халық та қашанда кедей, Рухани жетім!. Әрбір істердің нәтижеленетін, теріс қылықтарға көктен міндетті түрде жауабы түсіп тұрады. Енді болашаққа қасиетті кітаптан ой жүгіртіп көрейік.