Басшың болса без бүйрек,
Елдің жайын кім білмек?
Қосшысында жоқ қанағат,
Өзінде жоқты үйретпек.
Жегенге тоймас ашқарақ,
Әкім-залым, би-қорқақ.
Мақтанға болып құл,
Заңы тәңір ел бақпақ.
Сұрауы жоқтай алдайды,
Дүниеге ақыл байлайды.
Халыққа арнап тәтті сөз,
Амалы іске аспайды.
Ой жорыған болар ма,
Ісі қалар далада.
Білімді ақыл қылған соң,
Жол жабумен санаға.
Халықтың болар басшысы,
Әр елдің заман тағдыры.
Көлеңкесі боп ниеттің,
Халыққа бұл Құдай жауабы.
Жұтаса рухани ел, халқы,
Басшымен бермек азапты.
Берекетсіз дүние тірлікпен,
Халыққа түсер сынағы.
Рухани жұтаң бір бейне,
Есіртіп дүние ісіне
Іздегенге сұраған,
Ақылын байлар білімге.
Халықта болса естілік,
Ар, ұят пен дін білік.
Басшысын қылар иманды,
Ар, ұятқа қояр жүгінтіп.
Жындылар мас жаңашыл,
Өзінде жоқтың бәрі асыл.
Мақтан мен атақ асырмақ,
Ой жорумен болып жанашыр.
Көп оқыған бас болмақ,
Қулықпен сөзді асырмақ.
Сөз атауын бұрмалап,
Тектілігі деп, бұл қазақ.
Біліммен бәрін сезгіш боп,
Дін тәпсірмен көргіш боп.
Жасы өмірге мас болған,
Мазақтар үлкенін білгіш боп.
Түзу болса ел ниеті,
Ар, ұятпен болып киесі.
Құдайшылдық дәстүрмен,
Тағдырдан біліп себепті.
Құдайдың көзін оң қылар
Ар білімін төрге оздырар.
Арамдық, араздық, күншілдік,
Ата заң жазып тыйғызар.
Еркіндігін елдің сүйгізер,
Берекетін елдің кіргізер.
Ар, ұятты, иманды,
Басшылар келер ел түзер.
Құдайдың өзі түзейді,
Күштіні де өлім билейді.
Ниетіне қарай халықтың,
Заманды себеп билейді!
Салтына әлем күйлемек,
Жетесіз көп елді билемек.
Өзін-өзі танымай,
Шайтаннан жын ел түзетпек!
(Ақпан 2019 жыл)
**** ****