Ел билігі Перғауыннан үлгі алған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 88

Хақиқатты білмеген болмас Адам,

Хақиқат ғылым шындық Ол Алладан.

Үш тілмен ғылымды меңгеруге,

Қазақ тегін ажыратқан адамдықтан.

Абайдың насихатын теріске алған,

Ел басшымыз қалайша болмақ Адам.

Даналығын ұлтының түсінбесе,

Ділден білім саналығы жоғалғаннан.

Рухани жаңғыруға жолдау жазған,

Сананың қасиетін таба алмаған.

Ой жорыған шайтаннан жоба жасап,

Хақиқатсыз ел қалай ақыл тапқан?

Хақиқат ғылым тегі жарық болған,

Шындығы түпсіз терең жаратылған.

Ол Аллалық сипаты басқарушы,

99 көркем есіммен сипатталған.

Ақылдың бұл талабы Ол Алладан,

Әр пенденің ішінде Менің тұрған.

Менікімен Меніңді қосып алып,

Жындылықпен махаббатты жоғалттырған.

Адамзат махаббатын тастап қойған,

Қарсылығы бұл жарға ғылымсыздан.

Бұзықтыққа қарсылық жауап түсіп,

Қияметтің мезгілі боп қозғау салған.

Шілдеде хақиқаттан белгі болған,

Ескертуі ел билікке қайт деп райдан.

Сана түгіл жете жоқ пенде түсіне ме?

Жүрек жабық көңілдері соқыр болған.

Халықты арандатып заңдар жазған,

Ғылымын елге дәстүрімен алғызбаған,

Қарсыласып Раббысымен соғысқанмен,

Перғауын да жеңе алмай ажал құшқан!

Құдайдың лағнетін арттырғаннан,

Ел билікке сыны түсті аласапыран.

Оянып халық өзі қолға алмай,

Азап, апат сынақтарға болмас тоқтам!

(Шілде айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *