Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 641

      Адамзаттың жер бетінде қаншалықты өмір сүріп қандай сыйға еге болуы дұрыс еңбек ете білудің жемісі болады. Ал қайғы-қасірет те, ұрпақтың азуы мен жер бетіндегі халықтардың жоғалып кетуі де еңбек етудің мақсаты өзгеруіне байланысты. Сондықтан әрбір сынақ еңбекке беріледі. Сый да еткен еңбегіңе қарай зейнеттеледі. Бейнет етсең ғана зейнетке жетесің.
Еңбектің екі түрлі мақсұты болмақ, оны қалау деп атайды. Тән қалауына байланысты еңбек тәннің мұқтаждығын өтеу, шынықтыру, ыстық-суықтан әр түрлі ауру-сырқаулардан қорғану мақсатында қоршаған өмір сүрген ортаға, заманға тәуелділікте жетілсе, ал екінші жан қалауы әрбір адамзаттың өз ерекшелігімен жер анаға, ана тілімен сөз сөйлеу еңбегімен бірге ата-баба салт-дәстүріне міндетті түрде тәуелді болмақ. Негізінен адам баласың мақсұты; тәннің емес, жанның нені қалайтынын айқындығынан және өзін-өзі тану арқылы ғана белгілі болмақ. Өзің сенің өзегің – жаның, ішкі сарайыңның көрінісі, сырттағы өрістік көлеңкең, ұжданыңның бейнесі, жан өрісің — бақшаң. Сол бақшаның жемісі жаннаттағы ризығың ана сүті, жер ана, су анаға тәуелді. Сондықтан ана тілін меңгеріп, таза сөйлеп, ұлттық белгіңді, яғни «тіл алғыштықты» көрсете білу, өзіңе, ата-анаға құрметтің белгісі, жаратушыңа білдірген шүкірлік рахметің, жан бақшаңның жемісі. Ақыл-сол жан бақшасынан нәр алып, тән тазалығына, күтіміне тәуелділікте ғана өседі. Жанды түйсініп, соған байланысты мақсұт тұтып, еңбек етуді құлшылық деп атайды. Тәннің белгілі арнаулы мақсатын жоғалтпай, жанның қалауын да қамтамасыз етіп, белгілі бір мақсатта өз жыныстық, кәсіптік ерекшелігіңе сай ұрпақ өсіріп тәрбиелеу және өмір сүрген ортаңнан ерекшеленбей халыққа қызмет ету мақсатында саналы түрде еңбек ету, адам мен жаратушы ие арасындағы ең үздік және әдемі байланыс болып- ғибадат болмаса «құл»-«лұқ»-дана болу деп аталады.

    Ғибадат адамдық болмыс өнімі- рұхты тәрбиелеп, таза ақылды-рухты биікке көтеріп, табиғи қабілеттерді, жаратылыстан берілген ерекшелік қасиеттерді шыңдайды. Ғибадат- икемділіктер мен жан қалауын біріктіру мақсатында екшеп, електен өткізіп, түрлендіріп, реттейді. Ғибадат- нәпсілік сезімдерді тежеп, шек қойып, шамадан тыс тасытпай, жамандықтан қорғайды. Ғибадат- жынысына сай, жас ерекшелігіне сай қылықтарды қалыптастыру мақсатында ата салт-дәстүрден тәлім беріп, ішкі және сыртқы сезім ағзаларын қалыптастырып қорғайды. Ғибадат- көңіл татын кетіріп, өнерді шыңдап, ойды кемелдік шыңға көтеру барысында адам баласының ата-анасының аманатын орындап, қоғамның дамуына қосқан саналы еңбекті атайды. Ғибадат жасау –даналықтың белгісі. Ғибадат жасау даналардан және өмірден өткен әртүрлі теріс қылықтармен азапқа түскен елдер мен нәсілдерден қалған аңыздар, киелі кітаптардағы мысалдардан ғибрат, яғни өнеге алудан, оқиғалардан үлгі алып сақтану шараларын меңгеру тіршілігі бойынша намаз орындау болып табылады. Ал әйел затының ұлы ғибадаты- ана болу, ұл-қызына тәрбие беріп дана болу!
Даналық белгісін қолдан іздейді. Оң қолыңда ұзақ өмір, ғұрыпнамамен байланысты. Сол қолыңда атақ-даңқ, байлық, жан ұяңның өмір ағашы. Осы екі белесті меңгеріп, өз бойында сақтай білгеннің ғибадаты толық, ақылға да ие болған бақытты деп аталар. Әрбір адам баласының тағдырына жазылған ғибадат жасау ерекшелігі болады. Сол ерекшелігін сақтай отыра, өмір мектебінің өзіндік дінін меңгергенде ғана бақыттың бақшасынан өз үлесін алар. Оған апарар жол тек тынымсыз ізденістер мен еңбек қана. «Әлі ерте, тағы біраз ұйықтасам. Тағы да ерте, сәл қалғып тұрсам. Сәл-сәл ғана аспанға қарап төсекте жата тұрсам» десең, бүгінгі істелетін жұмысыңды ертеңге қалдырсаң; Жолаушы деген кедейлік әрі қарақшы, мұқтаждықпен бірге үйіңнің есігін теуіп ашып кіріп келеді! Саналы еңбек ете білу үшін де ынсап пен қанағатты меңгеру шарт. Жалқаулық — кедейлікті туындатса, кедейлік — пендені жолынан жаңылыстырады, адастырады. Ынсапсыз еңбек аздыратын байлыққа апарып соқтырады. Қанағат та, ынсап та жыныстық кәсіптік ерекшелігін меңгергенде ғана қалыптасады. Әйел еркектің артықшылығына немесе керісінше болса, екінің бірін, сыңарын, иманын жоғалтуы сөзсіз. Басшылыққа құмар әйел өзіне қанағаттанбаудан пайда болса, әйелдің ісін істейтін еркектер де ынжық әрі ынсапсыз болып келеді. Тарихтан бір мысал келтіре кетсек;

    Мұхаммед пайғамбардың алдына бір жігіт келіп: -Уа, пайғамбар, жұмысым алға баспайды, қарным тоймайды. Қатарымнан кем қалып жүрмін. Не істеймін? — деп арызданыпты. Пайғамбарымыз оның болашағына болжам жасай отырып, ата кәсіппен айналысуға кеңес беріпті. Ал жігіт атасының ұры болғанын айтады. -Егер ынсаппен айналыссаң бір мәнісі болар,-деген көрінеді Алланың елшісі. Жігіт сонымен ата кәсібі ұрлықпен айналысыпты. Әйтсе де, біреудің қойын ұрламастан бұрын, алдын-ала оның үйінде қанша жан болса, қойдың бағасын сонша жанға есеппен бөліп шығарып, садақаның есебінен ғана өзі қырықтан бірін ғана алып отырады. Сөйтіп, ынсап пен қанағатты қатар қойып ісін жалғастыра береді.
Бір күні базарға келсе бір қария дүкенін ашып, сауда жасауға кірісіпті. Бұл соны торуылдайды. Қас қарайғанда қария үйіне кетеді. Елдің барлығы ұйқыға жатқан соң ұры құлыпты бұзып, ішке кіреді. Онда көп ақша бар екен. Пайғамбардың ынсап жайлы сөзін есінен шығармаған ол, бұл жолы да барлық ақшаны санай бастайды. Әуелі қарияның жасы сексенге келгенін есепке алып, «шамамен» он-он екі баласы болу керек» деп ойлайды. Демек оның үлесін бөлектеп қою қажет. Осылайша ақшаларды реттеп, екі сыбаға дайындап, өзіне тиесілі ақысын шығарып отырғанда таң атып қалады. Есіне таң намазы түскен ұры жігіт, сол жердің өзінде намаз оқуға кіріседі. Осы кезде дүкенге ертерек келген шал қараса құлып сынған, есік ашық, ішінде біреу намаз оқып жатыр! Намазға кедергі болғысы келмеген шал шетке барып күтіп тұрады. Ұры намазын аяқтаған соң ақсақал сәлемдесіп, істің мән-жайын сұрайды. Жігіт сырын жасырмай айтады. Қария жігітке риза болып, ынсаптылығына тәнтілік танытып; -Менде он екі бала түгілі жалғыз перзент жоқ деп жігіттен өзіне бала болуын өтінеді. Сөйтіп ұры жігіт дүкенші шалға бала болады. Ұрлық кәсібін тастап, жақсы іспен айналысып, лауазымды дәрежеге жетеді.
Олай болса әкенің қойшы, шаруа немесе ұры болғанын кем, қор санамай сыйласаң, сонан дұрыс қорытынды шығара алсаң сені де сыйлы етеді. Дәреже-мансабыңды көтереді, жұмысың алға басады. Шежіре үнемі қайталанып сол мінезбен, қанмен келген қасиет, қабілеттерді игілікті шаралар жасауға тәрбиелегенде ғана ата-бабалар алдындағы аманатты ақтап; «Өлі разы болса» ғана тірінің ұрпағының рухани жетілуі, өніп-өсіп жемісін беруі тарихи салт. Қазақта өткен замандарда кедейлерді тонайтын ұры болмаған, керісінше байдың малын кедейлерге алып беруші барымташы батырлар болған. Қазіргі кезде де сондай аталардан тараған ұрпақтар бар арамызда. Ондайлар лауазымды әкімгершілік орынға құмар немесе көп пайда табатын «бизнеске» заманға қарай сыпайы барымташылар. Арасында ынсапты білетіндері, байдан барымталап, жоққа үлестіріп, кейбіреулері елдің қазынасын да барымталап, бірақ сондай жолмен тапқан «қаражаттарын» енді ел игілігіне, шаруашылықты дамытуға жұмсап жүргендер де баршылық. Ал кейбір ынсапсыз, шежіреден, дінінен ажырап, өзге жұрттың тәрбиесімен өскен қанағатсыздардың өз елін, жерін барымталап, түбінде жамандықпен аяқталып жатқанын әзірше шет жағасын ғана естіп те, көріп те жатырмыз. Бұл да біздердің әдет-ғұрпымыздан, дінімізден, елдік сырымыздан айырылғанның белгісі.

     Адам затының болмысында жасырын бұғып жатқан көптеген саналы сұлу сезімдер мен хикмет кереметтердің мыңдаған сырлары жатыр. Ол сырлардың да жібі кіндік арқылы ата-анаңа, салт-дәстүріңе, әдет-ғұрпыңа байлаулы. Адамгершілік парызыңды ту қылып, өзіңнің қабілет шамаңа қарай еңбек ете білу де сол сырлардың жетілуіне бірден-бір себепшісі болмақ. Қол өнері, жер өңдеу, диханшылық пен мал бағу қанағатшыл адамды қалыптастырады. Ынсап тәрбиемен, қанмен, ана сүтімен беріледі. Ана тілін барлық салада да өз орнымен жұмсай білу жанның кәсібіне айналса, онда ол еңбектің де биік шыңы. Оңай жолмен табыс табу ынсапсыздықтың белгісі болса, тіршіліктің қамымен өзгеден үстем, жақсы, білімді көріну үшін өзге елдің тілін кәсіпке айналдыру тек өмір қамы, тіршілік үшін ғана қажетті қару, құрал ғана. Ал түбінде қанды аздыратын уақытша байлық. Нәтижесінде үндік қуат кемуінен жан өнімін тежеп, қан бұзылып, әр түрлі иіс ауруы, сүйектің ауырлап семіздік, жамбас сүйектерінің қалыптан тыс өсуімен тексіздік белгілері қалыптасып, ұрпақтың шала ақыл кемістігі мен қауымның тұқымының түбінде жоғалуына апарып соқтырады.
Спортпен шұғылдану қимылдарды дамытып, тәнді ғана шынықтыратын ойын түрлері, еңбек болғанмен, негізгі жанға байланысты мақсаты жоқ. Ал спортқа шамадан тыс еліктеушіліктен ақыл азуына апарып, жалпы халық болып ойынқұмарлығын дәріптеп кетсе нәтижесінде табиғи апаттарға соқтырады. Кезіндегі ойын отын жаққан, қираған елдерден қалған ұзын діңгектерін ғана болашаққа ескерткіш етіп қалдырары даусыз. Ондай пенделер ойын ойнап, соған ақша талап етіп, өмірін ойынмен өткізген тек қу тамағы үшін адамның бұйырғанын істеген цирктегі хайуаннан айырмашылығы аз. Хайуанды да адамдарға мазақ болсын деп емес, белгілі мақсатта тіршілік қозғалысқа үлесін тигізіп жанды, сезім, түйсік қуаттарын шынықтырып дамытуға, өзі еңбекпен тамағын табуға жаратқан. Хайуандар әлемі адамзаттың өткен өміріндегі жандағы теріс ақпарат қателіктерін қайта қалыптастыруға жаратылған. Әрбір пенде қандайда бір алған қаражатына, малына, ақшасына қарай қайтарымы болатынын, болмаса түбінде өзі тозақта жатып, ұрпағы орнында қалып бәрібір жауап беретінін қайтаруға тиісті қуаттық шама екенін білуге тиіс. Алмақтың қашанда салмағы болар. Ал еңбексіз табыс парақорлықтың соңы да әр түрлі жүйке ауруынан бастап аты жаман аурулар мен бір үзім нанға зар болып, өлуге зар болып немесе хайуан өлімімен аяқтайтыны даусыз. Және ондай теріс ұрықтың нәтижесі ұрпақтарына қарғыс ақпарат болып, жеті атаға дейін қанмен жалғасуы да мүмкін.

     Ақылды жинау толықтыру барысында кәсіптік бағдарлар өз жынысына сай біліміне, қуатына, өнеріне сай қызмет ету жаратушыдан парыз етіп, әр елге тіліне сай пайғамбарлар келіп, бөлек кітап түсіріп, ғұрыпнамаға жазылған. Және Құранда; «Әйел, еркек кәсіптерің негізінде бөлек, бір-бірлеріңнің артықшылықтарыңа қызықпаңдар» деп қатаң бұйырған. «Гендер» дегеніміз адам баласының қабілеттік шамасын, ақпараттарды алып сіңіру, ұрпаққа қанға жазып, зердеде сақтап беру шамасын белгілейді. Ал «гендерлік теңдік» дегеніміз әйел бала тудыра алады, еркек бала емізуге болады деген ұғымнан бастап, еркек көгілдір, әйел «әтектің» шала еркектің қызметін істеу керек деген ұран. Қазақша түсінігі боқ ауыз сөз болатынын ескермеген тіл ғалымдары мен саясатшылар болашақ ұрпақтар алдында өздерін-өзі таңбалап, бар абыройынан айырылып жатыр. Бала туа білген әйелдің ұрпағына берген тәрбиесіне қарай, жаратушы тарапынан патшаларға да бермеген нығметті алатынын бабаларымыз; «Батырды екі қатынның бірі туар, биді жүзден бірі туар», «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетер» дегенін ақиқатқа айналдыру үшін еркектерді де, әйелдерді де өзара жынысына сай гендерлік тазаруға жарысқаны абзал.
Адам ата Хау анадан бастап адамзатқа берілген негізгі кәсіп көбею, өмірге ұрпақ әкелу, қызды шешеге, ұлды әкеге ұқсатып тәрбиелеу. Ұлдың ата кәсібі – жан ұясын азықтандырып, сол мақсатта жерін, елін қорғап сақтау. Әйел затының негізгі кәсібі – жан ұясының күзетшісі, шаңырақтың тірегі болып, баласына ғана емес күйеуіне де анасындай қамқорлық жасай білуінде.

5 thoughts on “Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.

    1. Рахмет Гауһар! Мені мақтасаң бұл Раббымның нығметінен, құдай сағнда нұрын шашсын!

  1. Өте керемет! Сізге рахмет! Осы сайттың жұмыс жасап, жабылмай тұрғанына мыңда бір шүкір! Аман болыңыз, аға!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *