Есіңді жи Нұрсұлтан!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 211

Ажыратып ақылдан

Жете, сана, нақылдан

Дүниенің ғана қыр-сырын,

Жиннаттың бар ғаламнан.

Бөлек болып халқыңнан,

Ажырап дәстүр салтыңнан.

Ата заңың жалғандық,

Тыймаған елді арсыздан.

Қарсы боп дінші жас шыққан,

Ажырамай жындық жастықтан.

Итше атып жеңдім деп,

Әлемге билік мақтанған.

Пайда болмай масһабтан,

Қорыққан билер қастықтан.

Іліммен білім ортасын,

Таба алмас дүние мастықтан.

Ой жорыған настықтан,

Күмәнданып халықтан.

Ауыстырса көш-қонын,

Тіркелуге заң шыққан.

Отанында жатсынған,

Өз елімен қас қылған.

Аузы қисық болса да,

Артық болды халқыңнан.

Қасқырға қойдай бақтырған,

Кім болдың енді Нұрсұлтан.

Өз еліңнен жау іздеп,

Ар, ұят, ынсап ұмытқан?

Мейірімді билік ұмытқан,

Заңына сеніп шоқынған.

Қонағын құдайдай сыйлайтын,

Жағасына елдің қол салған.

Дәстүрін ата жат қылсаң,

Махаббат жоқ Нұрсұлтан.

Сыйламаған өз елін,

Төрден орын ұсынсаң.

Қыз анасын ұмытқан,

Сақтана алмай құз, сұқтан.

Ұрпақтың тегін алдырмай,

Үш тілмен жанын аздырсаң.

Тегінде қазақ болмаған,

Лұт еліндей азбаған.

Киімін шешіп қыз, қатын

Сарайың төрін былғаған.

Батасынан әулие бас тартқан,

Масһабыңнан жын шыққан.

Дінсіз билік азғындап,

Діншілермен қас болған.

Өлісін аза тұттырған,

Қырық күн жатып туысқан.

Дәстүріңе тыйым салдырып,

Билерің болды жын соққан.

Шегінен шықтың Нұрсұлтан,

Қарғайды елді ұмытасаң.

Құдайдан сұрар «біздер» бар,

Ажалға себеп аттырған!

Тарт қолыңды жағадан,

Сұрау бар жете санадан.

Қайтарып бер еліңе,

Ақ жаулық кие анадан!

Құтылмас билер жазадан,

Екі күнін ұлттың ұрлаған.

Қайтарып бер дінін еліңе,

Ар, ұятпен жанын баға алған.

Тоқтығың қиын аштықтан,

Адамдық арды ұмытқан.

Табысың дүние бүгінгі

Қазынасынан бабалар жинаған.

Несібесі текке жалғанған,

Құдайды өзі қолдаған.

Әлемге қуат қостырмай,

Пірғауын болма Нұрсұлтан!

Қиында қыстау күн туған,

Құдайды билік ұмытсаң.

Аз ғана уақыт қалғанды,

Оянар қазақ ұйқыдан.

Ұлылыққа жол салған,

Өз қатесін көре алған.

Қайта бұзып көпірін,

Екі рет түзеп жаңғыртқан!

Ақ жол-Бата ант болған,

Тектіліктен салт қалған.

Ата мен Ел киесі,

Жағаң болар Нұрсұлтан!

Атаңа да тоқтамай,

Болма мәңгі ант ұрған!

(Қаңтар 2017 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *