Тереңнен терме адамның,
Кемшілігін бойдағы.
Өз мініңді тауып ап,
Ақылдың артсын салмағы.
Өз-өзіңмен алыссаң,
Болмаймын деп жарым ес.
Жақсыменен жұғыссаң,
Сынықтан басқа жұғар деп.
Ақыл айтып басқаға,
Өзіңді артық санауға.
Алдымен бойды дұрыста,
Аяқ басты қорғауға.
Киімге қарап қарсы ал да,
Ойын біліп қоштарға.
Сөз бағуды меңгеріп,
Қисығыңды сал жолға.
Көрсеқызар тым болма,
Еліктеме дүние мастарға.
Алды-артыңды бағып ал,
Не болды, болмақ болжауға.
Жұрттың мінін басқаға,
Жайып салып ағарма.
Өзіңді ақтап ақсынып,
Өзгеге күйе жақпа да.
Пайымдайтын ақылың,
Маржан терер болса егер.
Жылуын сезіп жақының,
Өзіңе сеніп артқа ерер.
Көп сөйлемей, жүректен
Құранның үнін сөз етсең.
Үлестірер едің қуатты,
Шығаруға жанды түнектен.
Сөз майданын үлгі еткен,
Жолында Алла күрескен.
Өзіңде болмас нәрсені,
Жарым ес болма сөз еткен.
Құпиясын өзгенің тергенмен,
Жақпассың Құдайға сенгенмен.
Күнәңнан ақтал алдымен,
Ағартып ішті нұрменен.
Көптен білім білгенмен,
Ақыл бермес ергенмен.
Көп адасар қашанда,
Алмаса ғылым бірлерден.
Ескіден қалған ізбенен,
Әулие тұтып пір деген.
Көпті түзеп бір өзі,
Бола ма дінді түзеген?
Құдайдың ісін білмеген,
Жалғыздық сырын көрмеген.
Біздерді көктен пір қылып,
Тура жолында пенде іздеген.
Көзбояушылық деген бар,
Сырты түзу іші қар.
Бас изесіп бәлсініп,
Иірген жіпті тарқатар.
Тарихтың үзіп арқауын,
Жақсыны өткен заманның.
Турасы осы ғана деп,
Білмейді естің азғанын.
Құрығына олардың ілікпе,
Құдайсыз жоба біліп пе.
Абай менен Шәкәрім,
Бекер зарлап өтіп пе?
Бұл бір елес қазақта,
Ескілік үлгі алмаққа
Ақылын елдің аулаған,
Надандықпен байлап қазыққа.
Ғылыммен болсын танымың,
Ата дәстүр нанымың.
Кісіге қарап сөз алма,
Абайдан біл сөз қадырін!
(Шілде 2018 жыл)
**** ****