Ғибратты әңгіме хикметтің көрінуі туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 173

       Сократ Аристодим шәкіртіне; -Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?-деді. Аристодим; -Толып жатыр, хазірет. Сократ;-Бірінің атын аташы,-дейді. Ол;-Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік, Зевсиске суретшілігі себепті таңырқаймын,-деп соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері  әшкере болған жандарды айтты. Сократ; -Олай болса, кім артықша ғажайыптануға, таңқалуға (табынуға) лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды (өнер адамдарын) жаратушы ма?-дейді. Аристодим; —Соңғысы лайықты,-дейді,-бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей (оқып, біліп, біреулерден үйренбей) басынан біліп (қасиет, қабілет беріліп) істеген хикметімен болса,-дейді. Сократ;-Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, біреуінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?-деді. Ол;-Әрине әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,-дейді. Осыдан кейін Сократ ғұлама шәкіртіне адам денесіндегі мүшелердің қалай орналасып, бәрі бір өзіндік құпия  пайда келтіріп тұрғанын және адам баласын жаратқанда құмнан, судан жаратып, сол көрінбейтін пайдадан жаратылған адамның қандай ғажаптарға ие болатынын дәлелдеп, хикмет деген құпия көрінбейтін, жасырын пайда келтіретін көркем заңдылыққа бағындырып жаратқан пайдаларды адам ақылымен білу екенін түсіндіреді. Аристодим; — Рас, сендім, бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екені мәлім, түсінікті болды. Ол құдайдың ұлықтығына қарсылығым, таласым жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?-дейді. Сократ; -Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек емес пе?-деді. Аристодим айтты; -Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білемін?-деді. Сократ хазірет әрі қарай жалғастырып, оның адам баласы жан-жанындағы жанды хайуанаттармен, жаратылыс иелерімен салыстырып, ақылмен өлшеп білуге, адам баласының өзін қалай артық жаратқан хикметін сезіп, сонан кейін адам баласын бастан құлшылық қылу үшін жаратқанын білу керектігін түсіндіреді. Бірақ жаратушы иеміз, адам баласының білімі жетіліп, толған сайын, жаратылыстың құпия сырын меңгеріп, табиғи жаратылыс күштерін өзіне білім арқылы бағындырумен, жаратылыс әлем күштерін бағындырып, үстемдік алған сайын, тәкаппарланып, өзін бәрінің егесі ретінде сезініп, наданданып зұлымдыққа ұшырайтынын ескерген. Сондықтан да біліміміз артқан сайын,  кітаптарын бірінен-бірін артық қылып түсіріп және ардақты достары арқылы сол, хикметін қалай көріп білуге арналған намаздарын үйретіп отыруын Раббымыздың құдіретті қолы-аруақтар болып көрінісін береді. Және жаратушымыздың хикметін, біздерге қандай қамқор екенін үнемі біліп, көріп, қандай құлшылық істерді ұмыт қалдырғанын, үнемі ескертіп  отыру үшін, сонымен бірге ілімде құпия болған білімді жетілдіріп отыру үшін бес уақыт намаз оқуды, барлық намаздарға апаратын есігін парыз қылып бұйырыпты. Бірақ осы істерді орындауда жаңылысып адаспау үшін, өз арамыздан даналар, ғұламалар, әулие-әмбилерді жаратып, өзінің халифалық сипатын осындай құлдары, достарымен көрсетіп, соларды ұстаз тұтуға бұйырғанын жалпы адамзатқа жұмбақ екені де даусыз.

        Мұсылманның намаз оқуы дегеніміздің өзі, нәтижесінде Алла тағаламен тілдесіп, яғни достары болған әулиелер арқылы хабар алу арқылы, яғни жаратушымыздың хикметін, ұлықтығын көріп білуге, көрсеткен тылсым сырының хикметтерін ажыратып, оқуға арналған және үлкендікті, естілікті меңгеруге ақылы толған пенделеріне ғана арналған сабақ деп түсінгеніміз абзал. Сократ хаким жаратқанның хикметіне табынып және оған қалай құлшылық жасап, рахметіңді білдіру үшін әрбір пендесіне оны көрсетіп, білдіріп тұратын ұстаз керек екенін де ескертеді. Ал енді біздің масһабтық дін ғалымдарымыз: «Адам-әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқіметті сол санадан (иманнан, құдай патшалығының елшісінен, аруақтан?) көреді. Өйткені, санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере алмайтын Әлемдегі әркімнің өз қызметі мақсаты бар. Бәрінің мақсаты адамға қызмет ету…Ол саналы бола тұрып, жақсы мен жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман. Жанның ең қатты қинағаны ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы… Адам баласының хал-күйі осындай…Адам баласы қашанда дінге зәру. Осы иләһи хабардан қалып қойған әрбір адам жаратылыстағы осы бір қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтырады…» (Ислам Ғалымхалы 12-бет) Масһаб дін ғалымдары да діннің негізі құдайлық хабарлардың көрініп білінумен басталып, сол хабарды жеткізуші Ұлы жаратушының өзі, ал «өзін», сөзі яғни рухтар арқылы танымай, құр біліммен (фиқһпен) дінді іздеген адам баласы түрлі топтарға түсіп адасып кететінін ескертеді. Сондықтан бұл дін ғалымдарына «иләһи»-шындықтың, хикметті хабардың, аруақ арқылы болуын мойындағандықтан осы пәтуасын, діни философиясының, барлық киелі кітаптар ұстанымын және інжіл құндылықтарын растап, пәту бергеніне тек рахмет деуге тұрарлық.  Бірақ ғалымдыққа, ақыл-ойдың жетістігіне де лайық емес, құр түйсікке жынның салғанына мойын сұнып, адам баласының санасының қайда тұрып, қандай болмыста болып, адам баласына қандай жағдайда сұрақ қойып, мазалайтынын және ол Жаратқаннан «басқа» ма әлде «Өзі» яғни бейнеленген «Сөзі» ме,  қандай жағдайда «илаһи»-шын болатыны да түсініксіз және әрі қарай осындай дұрыс пәтуа арқылы адам ақыл-ойын дайындап алумен енді өздерінің қалыптасқан әдеттері бойынша, «фиқһ» білімдерінің тұзағына түсіруге ақылыңды айдай бастайды. «Адам баласы Ұлы Жаратушыға бас игенде ғана пұт атаулыдан ада болып азаттыққа жетеді. Иман еткен(?) адам бодандықтан құтылып, бостандыққа жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені Аллаһ (?-шүкір) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу). Рухы сонда ғана жай тауып, арнасымен ағады. (Су сияқты) Иман-Аллаһ (?) Тағалаға ғибадат. Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы. Адам өмірі күрес… Құранда былай дейді: «Бәрінен бет бұрып, жүзіңді, Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30)  деген аятты мысалға алып, «Иманды етуге» яғни әйтеуір бір қимылдармен қолдан жасауға болатынын және рухтың, яғни Алланың әлі бейнеленбеген сөзінің қандай сипаты, біздердің амалымыз яғни ғибадатқа кіріптар болатынын толық түсіндірмепті. Демек кіріптар болу дегеніміз бала әке-шешесіне қандай жағдайда да кіріптар, өйткені Раббымыз баладан әке-шешені емес, керісінше, олардың жинаған иман жолдасынан, кітаптарынан, аруақтарынан ғана баланы жаратады. Ал атақты мазһабтық дін ғалымымыз ғибадаттан (амалдан) рухтың (сөздің) жаралатынын ескертеді.

        Негізінде біздің өмірге де келмей тұрғанда жаратылған, пайда болған және зұлымдыққа түскен, қара күшке бейнелеген рухтар сенің ешқандай ғибадатыңды да, оқыған намазыңа да қарамайтынын, тек Раббымыздың алды-артымыздан қойған күзетшілердің жағдайына ғана тәуелді түрде ғана пенденің сәл қателігін аңдып кіруге тырысатынын, масхаб ғалымдарымыз інжілді білмейтінін былай қойғанда, аяттарының астарлы ғылым, білімін құраннан оқымағаны көрініп тұр. Керісінше, адам баласы рухтан келетін қуаттарды өлшеп, тазартып алуға кіріптар болып, ғибадатымыз да сол мақсатта болуын інжіл өсиеттері ескертеді. Сонымен осындай «быды-быды» теңеулермен  әрі қарай табиғиндардан тәлім алған Имам Ағзам әбу Ханифа дінді меңгеруінен көптеген мысалдармен, дәлелдермен, масһабтың білімі ғана жетілген, ислам дінінің тура жолы деп көрсетіп, ендігі ислам әлемінің пайғамбары және Алланың барлық достарының орнына тек Имам Ағзамды ғана ұстаз етіп алуды және табынуды астарлап ұсына отыра: «..Бұл дүние мен ақырет үшін жұмсап, келер ұрпаққа өшпес жол қалдырды. Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!» дегені де осындай дара тұлғалар болғандығы сөзсіз.» (И.Ғ. 23-бет) деп әулие атамызды өз өтіріктеріне куәлікке тартады. Демек Абай атамыз да Ханафи масһабын мойындаған, табынып ұстанған және Ясауи бабамызды пір тұтпаған, керісінше Имам Ағзам әулиені ұстаз деп пәтуа берген деген пікірді тықпалайды. Абай атамыздың еңбегін толық оқымай, немесе оқыса да гүл тере алмағаны айқын көрініп тұрғаны хақ. «Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Диуани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.» Міне Абай атамыз кімнен үйреніп, кімге табынып, жетілгенін ашық көрсетіп және бұл білімнің де жасқа, кемелдікке келуге тәуелді екенін қатаң ескертеді.  Және діни ғалымдарымыздың тек Әбу Ханифа әулие ғана «өшпес жол қалдырды..» деген пікіріне Абай атамыз; «Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, мүнәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерін өлең қыпты жоқтан қармап..»  деп сөз қадірін дінші түгіл ақын, билердің өзі жоғалтып алғанын, тек сыртын түзеп кеткенін ескерте отырып;  «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап» «Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі.. Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. ..Бірінен-бірі бөлек пе Иемнің әділ пендесі?» барлық әулиелерді бір-бірінен ерекшелемей, әділдігіне, артына қалдырған еңбегі мен сөзіне қарап бағалауды есертеді.

        Сондықтан исламдық жолдың негізін қалаушы емес, барлық діндерді  және жаратылыс басынан бері бар мұсылмандық жолдарды жалғап, исламдық дінге бірлеуші  Мұхаммед пайғамбарымыз болып, қалған әулиелер сол жолды жалғастырушы болып, тек қалдырған ілім-ғылым құндылықтарымен ғана өз орнымен бағалану да дін шартына лайық болар.  Ал сөз, тәпсір туралы атамыз; «өзге елдің сөзін тасығанша мына менен жүрегіңді тазартып барып сөз үйрен» деп те ескерткен. Және ғасырлар бұрын, болашақта  өзге сөзіне табынып, намаздарын алып, бөтен елдің рухының көшін қамдап кететін діншілерімізге алдын-ала жауап беріп; «Сәулең (жүрек көзің) болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел….Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол, Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?.. Берекесі кеткен ел-Суы ашыған батпақ көл… Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақжем болма, жаным, кел!».  Атамыз діннің нәтижесі де елдің тыныштығымен өлшеніп, сондықтан елді тыныштыққа шақыратын рас сөз, шындық, уахи, бата қайда, әуелі соны ізде және тарихыңда дінніңнің, еліңнің амандығы, жеріңнің де берекесі қай уақытта орнаған, шежіреңді зертте деп: «..Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Дауани, солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.» Әуелі жастық, мастықтың қызығынан өтіп, сөз түсінетіндей кемелден, көкірегіңе иман зейнетін, сәулесін алып, барып, рас сөзді танисың. Ал менің дінді, сөзді қайдан алғанымды білгің келсе Ясауи бабамыздың хикметтерін оқы! Әулиелігіне жұрттың мақтағанына кісілігіне қарап сөзін алма, сөзіне қарап кісілігін, әулиелігін танып табын, деп ұстазды қайдан іздейді ескерткенде; «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?» деген өсиетін осылай түсіндірген. Ал Ясауи бабамыздың өсиетін алған, сөзін түсінген қазақ баласына; Мұхаммед пайғамбарымызбен бірге көптеген пайғамбарларды пір тұтып, сөзін ал деп ескерткенін білер еді. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың өздері тура аударып, мысалға келтірген (Рұм;30-30) аяттың жағдайына келсек, яғни Халифа Алтай аудармасының сөзімен салыстырсақ: «Мұхаммед бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.» (30-30) Ал енді атақты ислам білімімен кемелденген, ел басшыларының да мойындаған дін ғалымдарымыздың;  «Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?)», «Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы», ««Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30)  Сонымен аударма ғылымының өзі қандай адасушылыққа апарып соқтыратынын, тіл білімін, сөз астарын жасынан жетік меңгерген қазақ баласы ғана бұл бір ғана аяттың аудармасын өзара салыстыру арқылы ғана қазақ еліне келген қасіреттің дін надандығының себебін айқын түсінері хақ. Ал енді ғалымдық ақыл-ойдың, тәпсірлік діл білімінің нәтижесін;  «иманды адам өзіне келтіру үшін ғибадат жасамайды, керісінше рухты яғни жаратқанның Жәбірейіл періштесін ашықтырмау үшін ғибадат жасап және иманды жаратушыға ету-егу керек екен. Жаратушымыз олай болса біздерден «етілетін» иманға зәру болып шығады.» Дін ғалымымыздың бұл берген пәтуасынан не түсініп, қандай логикалық, (сәуегейлік) ділдік даналық гүл тердіңіз?  Ал мен үшін; Астапыралла, құдай өзің сақта, осындай ақылыңды аздыратын сөздерден! дегеннен басқа амалым да жоқ.

        Енді діннің мақсаты да адамдар ойын бір ұғымға, бір ақылға, сөзге келтіру болса, ал муфтияттық ғалымдарымыз жаратылыстан бастап Ханафи Ағзам діні бар деп түсіндіреді. Олай болса көк тәңіріне табыну да, тәурат, інжіл, зәбур де, тек Ханафи масхабынан тарайтын болып шығады. Өйткені; «Алланың жаратуында ешқандай өзгеріс болмайды.» Ал енді сан ғылымына құранның негізгі насихатына жүгінсек, 30 санымен берілген аяттар мен бұл санды сүре иман келтірудің негізі, насихаты және ғылымы болып табылады. Пайғамбарымыздың: Иман негізінен 60 бұтақ (аят), немесе 70 бұтақтан  (70-аят-сан) тұрады және ұят иманның жартысы дегенді ескерсек, Рұм сүресі 60 аяттан тұратын құран ішінде бұл сан енді қайталанбайтын болғандықтан, бірінші дәрежелі 60 бұтақты иманның ағашының көрсеткіші осы деп түсінгеніміз абзал. Ал бұл отызыншы аяттың жаратылыстан тура дін болып, жүзді ислам дініне жөнелтуді Абай атамыз 30-шы қара сөзінде «ҰЯТ» деп атапты. «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын «қырт» мақтан деген бір мақтан бар, сол не керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ…Ай Құдай-ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайлақ сертке тұрғұштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтін жомарттығы-әр түрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы.» Және атамыз; 13 түрлі адамдық қасиеттерден тұратын белгіні санап тұрып көрсетіп, иман келтіру, ислам дініне жүзіңді жөнелту дегеніміз осылардан тұрады деп, «Ұлыңды ұрымға (рұм сүресін меңгеруге), қызыңды «Қыр артылмайтын қырт мақтаннан сақтап» «Қырық үйден тиым салып» қырымға қондыр (40-шы сүре «ғыфыр») деген аталарымыздың мақалы осыны ескертеді. Онда иманның (30+40) 70 бұтағына тек әйел затының тақуалығы арқылы бірге жетесің дегенді білдіреді. Сондықтан да осы сүрелер ішіндегі аяттардың жиынтығы да 60+85=145 санымен Абай атамыздың 45 сөзін және өлеңдер жинағынан, 145 өсиеттен; «-Сырмақ қып астынан Байының тоқымын, Отының басына Төрінің қоқымын Бүксітіп, Бықсытып, Қоқсытып кетірді…Келді, ойбай, Салды айғай, Түк қоймай боқтады..» деген 145 санды жұбайлық өмірдің екінші жағы да бар екенін астарлап түсіндіріп өтіпті.

         Сонымен сандар тағлымынан (теологиясына) жүгінетін болсақ; Жалпы құран сүресі тек араптардың басына келген, бұрынғы адамзат басына келген оқиғалардың қайталануын ғана баяндап қоймайды да, бұл оқиғалардың бәрі адамзатқа қиямет-қайымға дейін жалғасып дәуірлердің қайталанатынын ескерткен «.. сынақтарды, уақиғаларды араларыңда жаңбыр сияқты айналдырамын» деп ескерткен аяттарда. Ал Рұм сүресінің сызықтық белгісі де жоғары қараған сызықтық бұрышты көрсетіп, оның мәні адам баласының рухының бір жағдайдан екінші жағдайға өтуімен және бұл жағдайдың сегіз бөліктен тұратынын Астана қаласындағы дін муфтияттары ғалымдарының қарсы болып үкіметке хат жолдап; «Еврейлер белгісі астанада неге тұр» деген дау көтерген «Звезда Давида» деген Құл Тегін бабамыздан қалған рухани кемелденудің, ғаршылық қуаттың белгісінен оқуға болады. Рұм сүресінің түсуінен кейін кәпір аталса да, мүшкірік діншінің Әбубәкір сахабамызбен шартқа отырып, 9 жылда ислам дінінің жеңіске жетуін ескерткен пайғамбарымыздың көріпкелдік қасиетімен және 100 түйені, егер өзі соғыста өлсе, баласына мұсылмандар жеңіске жеткен жағдайда беруді аманаттаған уәдеде тұру мәрттік, жомарттық адамдық парыздар мен қиямет-қайымға дейінгі иман келтіруге негізделген сынақтар мен дін қағидасын насихаттайды. Ата-жолының 9 жылдық сынағы да  осы сүренің ғылымына рухани сүннеттелуге негізделген. Алдағы басылымдарда нақты хикметті істер арқылы мысалдар келтіреміз. «Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген.» деген Абай атамыздың 30 санымен белгілеген қысқа ғана  өлеңнің астары «қоян жүрек» деген астарлы ұғыммен сананың сезімге тәуелді болып, естілікті қалыптастыру, дұрыс сөзді, көркем мінезді меңгеру арқылы ғана иман жүрекке «көжек сезім» болып енеді деп ескертеді.  Және де атамыз 60-шы өлеңмен иманның алғашқы шартын түсіндіріп, сынақтарды жеңіп, жардың ісіне мойын ұсыну деп түсіндірсе, ал 70 бұтақты иман қуатының; «…Мен бұрылып түзеле алман, Қайтсін дедің сорлыңды.. Атам, анам-қара жер, Сен аша бер қойныңды. Сенен басқа еш жерден таба алмадым орнымды..» деген астарлы өсиетпен ата-баба және жер ананың рухынан жалғанумен ғана нәтижесін беретінін ескерткен. Ал, Шәкәрім атамыз бұл тақырыпты жан сыры ғылымын жетілдіріп, тереңнен талдап көрсеткен: «Анамнан алғаш туғанда, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кетім алыстап… Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда?… Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын… Жылылық жарық нұрын беріп, Сездірген ағам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер…Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды. Көрсетер мұқтаж, азап саған. Тартқызар өмір жазаңды… Еңбекке шыда ебін тап та, «Сабырдың түбі-сары алтын», Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы Бір күні ол дәурен солмай ма?».

          Бұл имандылық шартынан келтірген үзіндіден иманға тек себептік қозғалыстардың өз иелері яғни әулиелер аруағы ғана қожа болып, әрбір пенде өз қожасын, Алланың досын, атын, көркем есімін танып білу шарт. Бірақ бұл қожалық та екі сиапатта болып, зұлымдық пен ізгіліктен тұрып қайсысын таңдауда адамзатты ерікті қылып жаратқанын да ұмытпаған жөн. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың; «. Өйткені Аллаһ (?) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсәз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу).» деген пәтуасын, Аланың өзі яғни адам баласымен достығының, белгісін хикметін; Аятта; «Әркімнің алды-артынан Аланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгерпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл аятпен барлық масхаб діншілерінің халықты азғырып «жын-шайтан» немесе Алладан басқа деп ата жолының өз қауымын түзетуге, күзетшілерімен, аруақтарымен жалғануға арналған намаз орындауларын теріске алған дін ғалымдарының Аллаға ортақ қосып, кәпірге айналғанын да ескертеді. Және Абай атамыздың да ескерткен 13 себебімен және Алланың өзі дегеніміз өзі әмірі, себебі екенін де білдіреді де; «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгерпейді.» деген үкіммен Алланың «ӨЗІ» дегеніміз 11;13 немесе 23 сандық мәндерден тұратын қауымдық жаратылыс себебін, адам жанының негіздерін ескертеді. Шәкәрім атамыздың осы қауымның тазалығына байланысты да;  Және бұндай адам баласына тағайындалған, Алланың өзінен болған, серіктері  иман жолдасының қалай жойылатынын; «Біреу сені мақтаса, қуанасың, Жамандаса, жабырқап, суаласың. Мақтаған кім, сөккен кім-онда ісің жоқ. Бәрібір сенде елірме дуанасың…Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Дұспан мақтар елірте бермек үшін. Есептемей есірік елін мақтар, Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін. Бұл үш мақтау берер ме саған пайда, Мақтаулыны білерлік адам қайда? Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік Жол тап-тағы ақылды солай айда… Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы, Мін болмайды наданның қорламағы. Білімділер сөгерлік ісің болса, Жоғалта бер айласын, ойла-дағы. Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау. Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау. Көп наданның сөзімен құйқылжытсаң, Сен де жынды боласың есі жоқтау.».

       Қазіргі иманды атанған қазақтың зиялы қауымы мен дін ғалымдарының көбінің үш түрлі мақтанға негізделген шығармашылықтары мен дінді теріске алған ессіз жындылықтарын Шәкәрім атамыз дәл көрсетіп және жолын да көрсетіп; «Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма?» деген ескертуі де осы аяттың тәпсірі болып табылады. Сондықтан әулие бабаларымыз Өзіңнен ілгерілерден, әулие-әбилерден үлгі алып, шәкірті болып жобаңды тапсаң ғана естілердің қатарына қосылып, иман келтіре аласың деп ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *