Ақиқат түбі ақталу,
Көкпен жерге жалғану.
Жасырын сырлар тығылған,
Жарыққа қайта айналу.
Ақиқат шындық астарлы,
Алланың сөзі кітабы.
Хақиқатымен нұр келіп,
Қияметпен түсер жауабы.
Хақиқат шыны Алладан,
Заманға ғылым жаңғырған.
Хикметімен керемет,
Шипа мен рахмет Құраннан.
Сауалға жауап келетін,
Мезгілі келер есептің.
8 жын күнә жасырған,
Ақталумен өлетін.
Қара аспанды жаудырған,
Ашумен қымтап жасырған,
Қымбат емес шындығың,
Ақиқаттан хабар алдырсаң.
Тазартып табан арамнан,
Жер ана рұқына жалғансаң.
Көкке Құдай жалғайды,
Басыңды қорғап жасырсаң.
Қол саусақты арамнан,
Тазарар өнер амалдан.
Жанның өсер өзіңнен,
Өріспен бойың жалғантқан.
Сақтаған жыныс әуретін,
Сұқтардан тосын енетін.
Парызын Алла орындап,
Киімің, егінің жеміс беретін.
Бір қуат жанды өсірер,
Сатыға шығып ентелер.
Бағынса сезім ақылға,
Сана боп хабар келтірер.
Шаң шығып қара түнектен,
Тазартуға бойды күрессең.
Үлесің нұрдан төгілер,
Естілер үні жүректен.
Жоғалтқан жанын «Меніңнен»
Қайратың кетіп сенімнен.
Қауышып қайта жан өнер,
Хақиқатың көктен келумен.
Хақиқат ғылым, өліммен,
Рухани өліп тірілсең.
Хақиқат Мәді жеріңнен,
Ғисамен бірлер дініңнен!
(Қыркүйек 2018 жыл)
**** ***