Қырағы көздің шалғаны,
Көкіректен ояу ой бары
Қалт жібермес баққанын,
Жеткізбес миға жалғанды.
Көрер көз, тыңдар құлақты,
Ұйқыдан оянса ұжданы.
Қол екі іспен тазартып,
Тағдырға қуат қоспағы.
Қараңғылық пен түнекті,
Таң жарық жеңіл жығады.
Алланың көркем есімі,
Біздер боп қолдау салады.
Жаратылған қайта басады,
Адамның болып ұрпағы.
Періштелік қуат баршасы,
Әруақ боп қолдан шығады.
Атадан қалған мирасқа,
Мұрагер келер ұрпағы.
Атағы оның жер жарса,
Өзіне тиер сауабы.
Садақтай ұшы жаралар,
Жанға бар өтер жарасы.
Сай дала тау ас аралар,
Қол екі істен шарасы.
Жетім боп рұқы қалмағы,
Шағылып таудай талабы.
Екі рет өліп бір қалу,
Тағдырдың бұл заңдары.
Өмірдің барлық тұрағы,
Үш кезеңнен тұрмағы.
Балалық, орта, кәрілік,
Тағдырға қуат жазғаны.
Үш түрлі сипат қараңғы,
Ішінде тегің жаралды.
Кітабы тағдыр жазылған,
Алладан келіп хабары.
Құпиясы Алла назары,
Құдайлық сипат сырлары.
Әр пендеге тек болған,
Ақыл, жын қуат жандары.
Құранның бар аяты,
Үш сыбдыр дыбыс болмағы.
Рұқтан қуат қосылып,
Іліммен Алла тұрағы.
Үш жүзбенен толыққан,
Қазақта ұлттық толысқан.
Адамдық үш асылды,
Сақтаумен тек танытқан.
Үш тегің баста қараңғы,
Жер, көкпен және арасы.
Үш қышқыл болып ағашың,
Тірлікке қуат болмағы.
Көріп, естіп ойланбақ,
Жұлдызың үшеу жалғанбақ.
Ақыл, ой киім зейнетің,
Киімге қарап қонар бақ!
Үш ағашқа ат байлап,
Төртінші тегің сөз болмақ.
Құдайдан таза ақылдан,
Төрт кітаппен жалғанбақ.
Көрнеу, көмес, ғайыптан,
Несібесі пенде жазылған.
Қатты, сұйық, бу болып,
Нұрымен Алла толысқан.
Үш жүз жыл жатып оянған,
Мәңгілік өмір жалғанған.
Тоғызын деген арттырып,
Құранда аят жазылған.
Тоғыз жолдың торабы,
Тоғысы дәуірлер болмағы.
Үш жүз жыл сайын қайталап,
Алмасар нәсіл, жандары.
Жүректің бар үш сипаты,
Үш сипатты жындық қуаты.
Үш байлықпен адамдық,
Жазылар жанға ғылым құпиясы.
Қызыл, сары, көкпенен,
Ғылымы Алла түсірген.
Үш тегімен дәрежелеп,
Тоғыз төре келтірсең.
Ер кезегі үшпенен,
Жанға бермек үш кезең.
Екі туып бір қалмақ,
Үш жүзбен қазақ көркейген.
Сопылық дәстүр амалы,
Тылсымға үшпен жалғауы.
Түн ұйқысын үш бөліп,
Оқыған үш рет намазды.
Меңгерген қуат қараны,
Ақ өлім болмақ ажалы.
Он бірмен үш өлшемі,
Қараның бар үш жұмбағы.
Сынағы адам баласы,
Күнәдан үшпен жаралды.
Соқыр, саңырау, жалаңаш,
Ақылға қарсы қуаты.
Насихат болар үшпенен,
Астарын сөздің түсінген.
Парын таппай әр жұптың,
Санадан қуат өнбеген.
Жүз жыл сайын өзгерген,
Ұғымы сөздің үнімен.
Отыз үшпен үш рет,
Бірлігі ислам түрге енген.
Үш рет рухани өлімнен,
Өту шарт дінде кезеңнен.
Шариғат, тариғат, мағрипат,
Дәстүрі қазақ ділменен.
Үш қарсылық жетімен,
Сәждесі ислам дінімен.
Миғражда Алла үкімін,
Елшісін таңдап түсірген.
Сәждесі жеті сүйекпен,
Жетеуі болар жүрекпен.
Басыңда және жетеуі,
Бақ болар 21 періштең.
Тазарып жүрек жетімен,
Үш түрлі жүрек бірленген.
Жүректі Алла қосады,
Құпия сыр білім хикметпен.
Исламда діннің бірлігі,
Яссы-қажыр бір белгі.
Мұхаммед боп сүйіспеншілік,
Інжілмен ақиқат діңгегі.
Әуретін жауып өлтірген,
Иісін арам нәпсіден.
Арамнан көзін қорғаумен,
Шайтаннан жанды өсірген.
Ет малын ақтап өргізген,
Төбе мен табаннан жегізген.
Үшін кезеңмен тақуалық,
Жеті жаны болар көбейген.
Үш жеті жұртын теңгерген,
Үш қатар періште жүйемен.
Жиырма бір көктен жұлдыздан,
Иманнан зейнет келтірсең.
Ақталар басың жетімен,
Жетелік болып жетілген.
Жеті атасын үш жұртын,
Оң, сол, артын теңгерген.
Сәждесі жеті сүйекпен,
Іштегі қарсыны меңгерген.
Үш сырлы болар адамдық,
Сыртыңда жеті өріспен.
Тағдырың үшпен меңгерсең,
Екі қол ісің жүктермен.
Маңдайда құпия жазуы,
Жолынан құстың үн келген.
Үш тостақ қамыр иленген,
Әйелдермен мысал інжілден.
Үш қараңғылықта өнетін,
Адамзат тегі ділменен.
Оқысаң Құран аятын,
Тақуалар білер насихатын.
Атау сөздің үш ұғымын,
Парасын ойдың табатын.
Уақытың болар төреші,
Күн, ай, жұлдыз есебі.
Үш күнін, жылын ойлайтын,
Ер, әйел сана өлшемі!
Адамдық, кісі, жаныңмен,
Үш ғылым негіз жарықпен.
Үш кезек жерді басуға,
Сыналар пенде арымен!
**** *****
Үш сүюмен болар иманды,
Алласын сүймек саналы.
Көбейдік, деп біз бір кісіден,
Махаббатпен барша адамды.
Махаббат Ол хақтың танымы,
Қасиеттің сыры нанымы.
Ұғымсыздар сүйген жалғанды,
Ғашықтығы шайтан қақпаны.
Әділдіқ хақтың деп жолы,
Қосуға тағдыр оң солды.
Құдайдан шындық білдірер,
Аруағың арттан Ол қолы.
Ортақ, серік, шерікпен,
Тәпсірге байлап сеніммен.
Үш аяттың басын қоса алмас,
Масһабшы, ділін кеміткен.
Ұғымы намаз үшеумен,
Орындау, оқу, білумен.
Құдайдан жол-жоба алмай,
Құлшылық болмас түгелмен.
Іліммен білім ортасы,
Нұрынан Алла болмағы.
Ортасын таппай ақылмен,
Ібіліске қызмет қылмағы.
Пайда, мақтан, әуесқой,
Сауықшыл, күлкі, өмірі той.
Жаңашыл, әсер, сезімшіл
Нәпсіге ерген хайуан ғой!
Бүгін, кеше, ертең бар,
Үш шында тарих сыры бар.
Үш кезең, жүз жыл өткенде
Теріс ойдан сөзің бұзылар.
Үш жүз жылда оралар,
Тоғыз дәуір тоғысар.
Қияметтің болып мезгілі,
Өзгеріп тағдыр ауысар.
Әлемнен бар құзғындар,
Еліне қазақ жиналар.
Аштық, апат, сынақпен,
Жақсы мен жаман ажырар
Ұғымсыздық дерті жайылар,
Қиянатқа діндер айналар.
Шындықпен түсіп хақиқат,
Бұзықтық түгел жойылар!
(Наурыз 2019 жыл)
**** ****